Қазақ халқының музыка өнері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ халқының музыка өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының музыка өнері»


Сабақтың мақсат-міндеттері: Білімділігі: Қазақ

халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін

аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері

мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.


Дамытушылығы: Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелілігі: Рухани құндылықты құрметтуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, жетондар, суреттер.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың әдіс-тәслі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.


Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка


Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а/ оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

ә/ оқу-құралдарын реттеу.

б/ сабаққа назарын аудару, дайындығын тексеру.

в/ оқушыларды топқа бөлу.


Оқушыларды үш ауылға бөлемін:

І топ «Абай» ауылы.

ІІ топ «Жамбыл» ауылы.

ІІІ топ «Ыбырай» ауылы.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:


1-тапсырма: Наурыз мерекесі қалай тойланады?

2-тапсырма: Наурыз көже қалай жасалады, құрамы қандай, қай кезде дайындалады? Басқа қандай ұлттық тағамдар әзірлейді?

3-тапсырма: Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар өткізіледі?


ІІІ Жаңа сабақ:

Жоспар:


  1. Дала әуендері.

  2. Ұлттық музыка аспаптары.

  3. Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй» - деген Абайдың өлеңі, қазақ халқының жақсы ән мен тәтті

күйді жанға азық етіп ардақтаған көңіл – күйін бейнелейді.


Топтардың аттарын жаңа тақырыпқа байланысты өзгертемін. Тақтаға ұлттық аспаптар бейнеленген суреттер ілініп тұрады. Топбасшы шығып біреуін таңдап алады. Топтың аты сол суретке байланысты өзгереді.

«Домбыра», «Қобыз», «Жетіген».


Қазақ халқының дәстүрлі өнерінде ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері мен күйлерін жатқызуға болады.

Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері:

Арқа әншілік дәстүрі

Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі

Жетісу әншілік дәстүрі

Сыр өңірі әншілік дістүрі


Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайды. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Қазақтың фольклортанушылары мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс – салтқа байланысты ғұрыптық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр.

Ғұрыптық әндердің өзі- бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері-халық әндері және кәсіби халық композиторларының әндері болып саналады.

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. ХІХ ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыкалық мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.

Қазақтың ақын, жырау, өлеңші және әншілері өлеідер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтады. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайырылатын баяу әндері болады, лирикалық әндер көтеріңкі айтылады, неше түрлі сарынға соғып құйқылжиды. Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыптарына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана орындадалы.



«Домбыра» тобына тапсырма: Қазақ халқында домбырамен ән орындайтын майталмандарды ата.



«Қобыз» тобына тапсырма: Қазақ халқының қобызбен күй орындайтын күйшілерді ата.



«Жетіген» тобына тапсырма: Қазақ халқының би, шешен, жырауларын ата.



Тапсырмаларды қағаз бетіндегі суретке тірек сызбалар арқылы жазып шығады.



ІV Қорытындылау:



Білемін

Білдім

Үйрендім









V Сабақты бекіту:

  1. Қазақтың музыкалық аспаптарының жасалу жолы.

  2. Қай ғасыр қазақ ән өнерінің алтын ғасыры болып саналады?

  3. Төкпе күйдің майталман шебері.

  4. Ән өнерінің өкілдері.

  5. Күй өнерінің өкілдері.

  6. Қобыз атасы болып кім саналады?

VІ Оқушыларды бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2023
592
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі