Материалдар / Қазақ халқының ою-өрнектері тақырыптарын балабақшада және бастауыш мектептің кіріктірілген көркем еңбек сабақтарында
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ халқының ою-өрнектері тақырыптарын балабақшада және бастауыш мектептің кіріктірілген көркем еңбек сабақтарында

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ою өрнек танып біліу .ою өрнек туралы түсінік қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2021
572
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі»
МКҚК


Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасы









ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ ТАҚЫРЫПТАРЫН БАЛАБАҚШАДА ЖӘНЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ КІРІКТІРІЛГЕН КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҒЫ




Мамандық атауы:

Пәні: «Көркем еңбек»



Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Курстық жұмысты қорғаған бағасы ______________

Кафедра меңгерушісі ________________ п.ғ.м. Амиржанова Г.Қ

Хаттама № ____ ____ ____________ 20___ ж.












Көкшетау, 2021

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ...........................................................................................................6


І ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ ТАҚЫРЫПТАРЫН БАЛАБАҚШАДА ЖӘНЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ КІРІКТІРІЛГЕН КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯСЫ


1.1 Балабақшадағы «Шығармашылық» саласындағы қазақ халқының ою-өрнек тақырыптарын қарастыру теориясы............................................10

1.2 Бастауыш мектептің кіріктірілген көркем еңбек сабақтарындағы қазақ халқының ою-өрнектері тақырыптарын қарастыру.......................32


ІІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ ТАҚЫРЫПТАРЫН БАЛАБАҚШАДА ЖӘНЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ КІРІКТІРІЛГЕН КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ БӨЛІМ


2.1 Қазақ халқының ою-өрнектері тақырыптарын жас ерекшеліктеріне сай үйрету жолдары............................................................................................37

2.2 Қазақ халқы ою-өрнек тақырыптарын сабақтастықпен өткізудің иновациялық ұсыныстары...........................................................................57


ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................61


ХАТТАМА
















КІРІСПЕ



Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында заманауи тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, сондай-ақ, аймақтар мәселесі жайлы айтты. Өзінің сайлау алды бағдарламасының негізі болған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, жүйелі реформалар жүргізетіндігіне сенім білдіріп, еліміздің дамуының жаңа сапалы кезеңіне шығу мүмкіндігі туралы сөз қозғады. Мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі туралы айтты. Білім беру сапасын жақсарту, оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету, отбасы мен бала институтын, инклюзивті қоғам құруды қолдау, медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту, отандық зейнетақы жүйесін дамыту мәселесі айтылды[1]. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы өзінің
жалғасын тауып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Ежелгі халықтың қолөнері қазіргі
заманғы озық үлгілерімен ұштасу арқылы жалпы халықтың игілігіне айналуда. Алайда ұлттық қолөнеріміздің кейбір түрлері ұмытылып, немесе ескіріп қолданылудан қалып барады. Бұл түсінікті де. Ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда бұрын қолмен жасалатын көптеген бұйымдарды фабрикалар мен арнайы шеберханаларда станоктар шығара бастады, шығарып та жатыр. Бұл – біріншіден, екіншіден мәдениеті артып өркениетке ұмтылған халқымыздың эстетикалық талғамы өсіп, уақыт талабына сай жиһаздар жинап, киім киіп, дегендей өмір сүріп жатыр. Осыған байланысты қолөнердің бірсыпыра салаларының, олардың туындыларының тұтынушылық сұранысқа қажет болмай қалуы құбылыс. Десекте назар аудара кетелік, Кеңес өкіметі құлағаннан кейінгі жылдары еліміздің экономикасы ешқандай сынды көтере алмайтын жағдайға жетті, тиісінше халықтың да әл-ауқаты күрт төмендеп кеткені белгілі. Осындай қиын-қыстау жылдары дүкендерде халықтың тұрмыс тіршілігіне қажетті тауарлар жоғалып кетті, ал бола қалған жағдайда оларды сатып алуға кісілердің көпшілігінің қаражаты жетпеді. Нәтижесінде жер-жерлерде қолөнер қайтадан жандана бастады, әсіресе орталықтардан шалғай жатқан ауылдарда бұл үрдіс бүгін де жалғасып келеді. Мұның өзі халқымыздың қолтаңбалы өнері саласында жинақталған мол тәжірибесін зерделеп, оның қыр-сырын қолөнермен шұғылдануға ниет білдірген жас шеберлерге ашып берудің маңызы зор. Тақырыптың өзектілігі де осындай жағдаймен сабақтасып жатыр деп ойлаймын. Халықтың қолөнері мен ою-өрнек творчествасын ғылыми негізде арнайы жетелеп зерттеу ісі басталғанына бір жарым ғасырға жуық уақыт өтті. Бұл іске ең алдымен Ресейдің ғалымдары, олармен қатар, Батыс Европа мен Америка зерттеушілері де кезінде қызыға кірісті. XIX ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты мақалалар мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австралиялық ғалым В.Куррердің бояу және бояушылық өнері жайында, Ф.Т.Куглердің, советтік ғалым С.В.Ивановтың, В.В. Стасовтың, Ф.К.Волковтың, С.А.Давыдовтың, Н.Ф.Сумцовтың, А.А.Богалюбовтың, В.Чепелевтың, А.Н.Берниеталеның және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Ә.Масановтың, М.Мұқановтың және тағы басқаларының шығармалары жарық көрді (31,17(. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромба тәрізді өрнектер) тағы басқа қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе басқалары жан жануарлардың ішкі-тысқа көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Үшіншілері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді бір зерттеушілер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты олардың ойлап, қиялдауынан туған дейді (31.17-19(. Демек ою- өрнектің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді. Рас, бұл мәселеге С.Қасымов сынды ғалым елеулі үлес қосты. Автор өзіне Қазақ халқының қолөнері атты монографиясында ұлттық қолөнерінің ою-өрнек, киіз басу, ши орау, ер қосу, зергерлік сияқты түрлері төңірегінде сөз қозғайды. Кітапта ою-өрнектердің 200-ге жуық түрлері қамтылған және ою- өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшінде түсінікті болу жағы қарастырылған. Автор қазақ халқының қолөнері өзінің тамырларымен тас ғасырын байлап кетеді деп орынды тұжырым жасаған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде
Т.К.Бәсеновтың Орнамент Казахстана в архитектуре деген кітабы көптеген
құнды материалдарға қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі
қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған. Ғалым ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр –түрге ажыратады. Мысалы, арқар мүйіз, қырық мүйіз, сыңар мүйіз, қарнақ, ырғақ, қошқар мүйіз, күлте, жапырақ, гүл тағы басқа. Автордың
архитектуралық өрнектерді егжей-тегжейлі зерттей әкеліп, қазақтың ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытындының дұрыс екеніне көз
жеткізуге әбден болады. 1977 жылы Әбдіқас Тәжімұратовтың Шебердің қолы ортақ атты шығармасы жарық көрді. Онда қазақтың қолөнерінің басқа түрлерімен қатар ою-өрнек, киіз басу, кілем және ши тоқу мәселері де көтерілген. Монографияның 7 бетінде зерттеуші қазақ халқында өрнек тоқу, алуан түрлі кілем басу, басқұр, алаша, қортын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, түс киіз жасау сияқты өнері кең тараған дей келе мынадай орынды пікір айтады: халқымыздың осындай мәдени мұрасына көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз керек. Ұлтымыздың қолөнерінің әртүрлі салаларын зерттеуде Ш.Әбдуалиева,
Н.Әмірғазин, Х.Арғынбаев, В.В.Восторов, Н.А.Оразбаева, М.С.Мұқанов,
Ж.О.Артықбаев және тағы басқалардың қосқан үлесі зор! Олардың құнды
еңбектерінен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық
қолөнерінің үздік үлгілері жайында қызықты деректер, маңызды мағлұматтармен қатар қолөнерімен шұғылданушыларға қажетті кеңестерді де кездестіруге болады. Сонымен, жоғарыда айтылғандардан және бітіру жұмысының соңында келтірілген қолданылған әдебиеттер тізімінен байқайтынымыз: қазақ халқының қолөнеріне қатысты жарияланған азды-көпті еңбектер баршылық. Олардың барлығын өз жұмысымыздың негізіне алдық.

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты: Қазақ халқының қолөнерінің әр-алуан екені белгілі. Оның барлығын көлем жағынан шағын еңбекте қамту мүмкін емес. Сол себептен тақырыптың аумағын кішірейтіп, алдымызға қазақтың ою-өрнек өнерін зерттеуді мақсат етіп қойдық.

Дипломдық жұмыстың міндеті:

1) ұлттық ою-өрнектерді зерделеу; 2) өрнек және ши тоқу өнерін талдау; 3) киіз және текемет басу тәсілін сараптау; 4) кесте және көркемдеп тігу мәселесін қарастыру.

Зерттеу пәні – Көркем еңбек Зерттеу әдістері - жұмысты баяндау, сипаттау, салыстыру, тәжірибені байқау, ой–пікірлерді жинақтау, қорыту; шығармашылықты дамыту барысындағы тапсырмаларды орындау дәрежесін тексеру, теориялық және пратикалық бөлімін қорытындылау. Ғылыми болжамы - егер, балабақша үрдісінде шығармашылықты дамыту жолдарын тиімді қолданылса, онда, балалардың шығармашылық дамуының ерекшеліктері анықталып, белсенділіктері артады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес,ұмыт болып бара жатқан немесе қолданыстан қалып бара жатқан халқымыздың ұлттық ою-өрнектерін қайта жандандыру. Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы: Мектеп жасындағы балаларда ұлтжандылық, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін халқымыздың ою-өрнектері арқылы ояту. Дұрыс, әрі сапалы білімді ұсыну. Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.






































І ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ ТАҚЫРЫПТАРЫН БАЛАБАҚШАДА ЖӘНЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ КІРІКТІРІЛГЕН КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯСЫ


    1. Балабақшадағы «Шығармашылық» саласындағы қазақ халқының ою-өрнек тақырыптарын қарастыру теориясы


Қазақ халқының сан-алуан түрлі әшекейлеп жасаған қолөнерінің, өрнегінің түрлері мен атаулары аса мол. Соның ішінде халық арасында көбірек тарағаны ою-өрнек өнері. Ою мен өрнекті бір-бірінен ажыратып айтуға келмейтін бір мағыналы сөз. Бұл сөздің ұғымына бір нәрсені ойып, қиып алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып басқа бұйым жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ халқының қолөнерінде бір өрнекке салып қиып алған үлгімен кескен сан алуан түрлі өрнектерін ою деп атайды. Өрнек дегеніміз-әртүрлі ою, бедер, бейнені күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап жасаған көркемдік бейнелердің ортақ атауы. Ою-өрнек біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрын пайда болғаны мәлім. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы сүйек ою өнері, ағаш ою өнері деген сөздер-сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Демек, бұдан қазақ халқының ою-өрнек өнері де осы тұста басталғанына көзімізді жеткіземіз. [9,6.46]. Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге,
алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі, таңбалар
арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрып салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан бір қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде- алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеден қыздың ата-анасы жат жұртқа ұзатылған баласының отырса опақ, тұрса сопақ болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа бір ретте күйеуге ұзатылған қыздан құсмұрын бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған. Сондықтан ұзатылған қыздан сәлемдемеге құстұмсық жүзік келсе немесе құстұмсық ою-өрнекті тұс киіз,
басқұр сияқты зат келсе, ауыл-аймағы қуанып, той жасап, атап өтуді әдет
еткен. [45,6.46]. Бұл әдеттің жұрнағы қазір де сақталған. Зайсан ауданындағы Қаратал ауылының тұрғыны Қазиза апамның айтуы бойынша, ел ішінде құстұмсық жүзік көрсе көптеген қыз-келіншектердің құштар болатыны тегін емес. Бұл сонау ертеден басталған ою-өрнек белгілерінің жоғалмай, бүгінгі дәуірге жетіп, халық қажетіне жарап отырғанының айғағы. Оның үстіне ою-өрнек үлгілері әр түрлі мағыналарды білдірген. Мысалы, әлгі құстұмсық жүзікте салынған сыңар дөңгелек, күн белгісі, қос дөңгелек әділеттіліктің, мейірімділіктің белгісі болып есептелген.
Сондықтан да қос дөңгелекті құдағи жүзікті қыздың шешесі өзінің жақсы
көретін, яғни келінін өз қызындай тәрбиелейтін қүдағиының қолына салуды
ерте кезден әдетке айналдырған. Осы мысалдардың өзінен халқымыз ерте
замандардан ою-өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне пайдаланып,
іске жаратып келе жатқанын көреміз. Демек өткендегі әдет-ғұрып дәстүрлерінің бәрі бізге жат емес. Оның ішінде тәрбиелік маңызы барларын, керектілерін бүгінгі күні де пайдалана біліуіміз қажет. Мысалы, құдағи жүзікті қазір де пайдаланудың ешбір сөкеттігі жоқ. Бұл адамдар арасындағы сыйластықтың, жақсы адамға көрсетілген ілтипаттық құрметтің белгісі дерлік. Оның үстіне ел ішінде көптеген егде адамдар қолында құдағи жүзігі бар қайын енелерді көріп, оның үй-ішіне, жақын-жұрағатына сыйлы, қадірлі кісі екенін бірден білетін болады. Ою-өрнек белгілерінің тұрмыста кеңінен қолданылатындығына тағы бір мысал, қазақтың бұрынғы салты бойынша, жаңа туған нәрестеге құтты болсын айтуға барғанда, оған апаратын бала жинағы деп аталатын бұйымдарға малдың, аңның бейнелері салынатын болған. Мұның себебі-балаға айналадағы дүниені таныту. Бұйымдарда бейнеленген нұсқаларды бала есейгенше бірте-бірте танып өседі. Қазақ даласына тараған ислам діні тірі бейнені түсірген өнер атаулының жауы болғаны мәлім. Бірақ ою-өрнек өнері дін шырмауына шырмалып қалмай, жазу- сызудың шыққанына қарамастан, дамып өсіп отырды. Бұрын белгілі бір ұғымды, түсінікті білдіретін ою-өрнек таңбалары бертін келе сәндік, салтанат белгілеріне айналды. Әйтсе де кейбір ою-өрнек
үлгілерінің бастапқы мағына ұғымы сақталып қалған. Мәселен, ою-өрнек
өнерінің көптеген шеберлері қазір күн белгісі ретінде сыңар дөңгелекті,
молшылықтың белгісі ретінде қошқар мүйізді, құстұмсықты, құсқанат, арқар
мүйіз тағы басқа белгілерді қолданады. Адамзат баласы ертеден-ақ өзінің жағдайна, талғамына, тұрмысына сай киіне, сәндене білген. Табиғи сұлулығын, көркемдігін көркейтіп, түрлендіріп
көрсететіндей әдемі зергерлік бұйымдарды орнымен пайдалана да білген. Оған біздің күні бүгінге дейін табылып жатқан көне мұраларымыз бен музейлерде сақталған экспонаттар, сол дәуірдің суреттері, т. б. куә. Тағы бір мысал ретінде білезікті алайық. Ол ерте дүниеден бері бір ұрпақтан, бір ұрпаққа ауысып, әр дәуірде, әр қоғамда әр түрлі сипат алып, күні бүгінге дейін жетіп отыр. Білезікті дүние жүзіндегі барлық елдер де салған. Бір
таңғалатын нәрсе, ол кезде адамдар білезікті кездейсоқ бәлекеттен, тілден,
көзден, бақытсыздықтан сақтайтын құдірет деп санаған. Бізді осындай ойға
жетелеп, өз тарихынан хабардар етуші көне суреттер сол құдіреттің өте
арзанқол темірден, қаңылтырдан, қола, ағаштан жасалғанын да жасырып қала
алмайды. [30,6.23]. Халық ою-өрнектерінің пайда болуын екі топқа бөлуге болады. Бірінші - халықтың өзіне тән, ертеден жалғасып келе жатқан ұлттық оюлары. Екінші - басқа халықтардан ауысқан және интернационалдық сыпаттағы ою- өрнектер. Осы күнгі көп жапырақты гүлдер мен геометриялық ою-өрнектер, жазу, сызуды бейнелеген өрнектер, крестеп, бүршіктеп, машинамен тігу әдісі, өрнектеп тоқу, өрнектеп ойып тескен үлгі бойынша торлай тігіп әсемдеу сияқты қолөнердің көптеген жақсы үлгілері қазақ халқының ұлттық ою- өрнектерін байыта түскендігі белгілі. Сонымен қатар қазақ халқының әлеуметтік салт-санасы өсіп, мәдени дәрежесі,
дүниеге көз қарасы, ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып көрмеген
дәрежеге жетуінің нәтижесінде, халық шеберлерінің творчествалық ізденуі мен қабілеті де шындалып жетілді. Соңғы кезде қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерін өркендетуге едәуір көңіл бөліне бастады. Мысалы, бесаспап шебер оюшыларымыз өз туындыларында жердің картасын, алып құрылыстардың бейнесін, халық шаруашылығының өркені мен табыстарын, жұлдыз, көгершін бейнесін-бейбітшілік, бейбіт еңбектің символы ретінде космосқа ұшқан ракета белгісін тағы басқаларды оюға түсірсе, қылқалам иелері мен қолөнер шеберлері қазақтың байырғы ою-өрнек үлгілерін творчестволарына кеңінен пайдаланып келеді.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері. Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақгұнүйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі. Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.) Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған. Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады.


































1.2 Бастауыш мектептің кіріктірілген көркем еңбек сабақтарындағы қазақ халқының ою-өрнектері тақырыптарын қарастыру


Қолөнер - өркениеттің мәдени мәйегі. Өркениет дегеніміз – қоғамның материалдық әрі рухани дамуының белгілі бір әлеуметтік экономикалық деңгейге сай өркендеуі. Ал мәдениет болса адамзат жинаған, материалдық, рухани байлықтың әлеуметтік дамуының белгілі бір дәрежесіндегі жиынтығы. Олай болса қазақ қолөнерінің өркениеттегі алатын орны, маңызы мен мәні жөнінде жан-жақты қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге байланысты осы салаға анықтама беріп өтсек: Қолөнер ғасырлар бойы дамып, жетіліп, уақыт санынан сүрінбей өтіп,
қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі,
халқымыздың мәдениеттің айнасы. Олар талай ғасырлар елегінен өтіп,
түрленіп, жаңарып, атадан балаға қалған мұра ретінде бізге саф таза күйінде
жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер. Қолөнер адамның әсемдікке, нәзіктікке деген сезімін тербеп, сол салада
табиғатты өзінше таңбалап бедерлеп, сұлулықты қабылдау қабілетін
арттырады. Ол арқылы біз зор эстетикалық рухани тәрбие алып, әлемдік өнер
шыңына қанат қағамыз. ХІХ ғасыр - әлемдік өркениеттің шарықтау шыңына шыққан шағы. Қазақтың ұлттық рухы қайта түлеп, ең алдымен мәдениеттен, рухани мұрадағы, тарихымыздағы жалпы адамзат құндылықтарын бағалап, қайта жандандырып, икемі бар ұрпақтарды игі іске баулып, әрі қарай жалғастыратын уақыт келді. Ендігі мәселе осы көне мәдениетәмізге тереңірек үңіліп, өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау үстінде көптеген игілікті істерді бастап, жүзеге асуына ат салысу. Игілікті істің бастамасы ұрпақ тәрбиесі. Ж

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!