Сабақтың тақырыбы: Халқымыздың қаһарман ұлы
Бауыржан Момышұлы.
Сабақтың
мақсаты:
А). Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан
Момышұлының өмірі, шығармашылығымен
таныстыру.
Б). Оқушыларды ерлікке, елжандылыққа, Отанын
қорғай білуге
тәрбиелеу.
В). Б. Момышұлының еңбектерін, ерліктерін
оқыту арқылы ой - өрісін, сөйлеу мәнерін білім – білік дағдыларын
дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ –
жауап
Көрнекілігі: слайд, кітаптар, суреттері,
бүктемелер
Барысы: 1. Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
Өткен сабақты
пысықтау.
Ә. Нұршайықовтың өмір тарихы мен жазған
кітаптары жайлы
баянда.
Сабақтың
жоспары:
Б. Момышұлының
өмірі
Елдік пен
ерлік
Тіл
жанашыры
Бауыржан –
жазушы
Бауыржанның
ақындығы
Жазушының кітаптарымен
таныстыру
Ер есімі – ел
есінде
Жаңа сабақты
түсіндіру:
Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен
заманда жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды,
ер жүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші. Осындай батыр
болмысты, қайсар рухты биік тұлғалардың бірі - Кеңес Одағының
батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы,
жазушы - Бауыржан
Момышұлы.
Жырламай тұра аламын қалай
мұны,
Жеріме жолатпаған мұң –
қайғыны.
Қаһарман, жазушы, ақын дана
азамат,
Бауыржан Момышұлы – ел айбыны. Батыр
атамыздың батырлық, ерлік, қаһармандық істеріне, шығармашылығына
арналған «Батыр – Бауыржан» атты сабағымызды
бастаймыз.
Қазақ халқының аты аңызға айналған батыр ұлы
даңқты қолбасшы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл
облысы, Жуалы ауданының Көлбастау елді мекенінде дүниеге келген. 7
жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалімдік қызмет
атқарды. Сонан кейін бір жарым жыл әскери міндетін өтеп, запастағы
командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң қаржы
мекемесінде қызмет атқарып қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып,
түрлі әскери бөлімдерде командир болады. 1941 жылы Бауыржан
Момышұлы даңқты генерал – майор И. В. Понфиловтың басшылығымен
Алматы маңында
жасақталған
316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға
аттанады. Майдан даласында ерен ерліктің, қаһармандықтың үлгісін
танытқан
Бауыржан Момышұлы ерекше көзге түседі.
Соғыстан кейін Кеңес әскери - бас штабының жоғарғы әскери
академиясын бітіреді. Содан кейін Кеңес Әскери академиясында сабақ
береді. Қан майданда ерлік көрсеткен батыр болмыстың жарқын үлгісі,
жазушы халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы 1982 жылы 72 жасында
қайтыс болды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ
қаламгерлерінің ішінде өз ұлтын Бауыржан Момышұлындай сүйетін
жазушы жоқ» деген болатын. Қолына 18 жасынан қалам ұстаған
жазушының күнделіктері естеліктері, танымал шығармалары, хаттары
жинақталған 30 томдығы Бауыржантанушы ғалым Мекемтас
Мырзахметұлының басшылығымен жарық көрді. Бауыржан Момышұлы мен
жазушымын, ақынмын деп ешқашан айтпаған. Оның шығармаларының
оқиғасы өз өмірінен алынған, басынан өткен оқиғаларды
жазған.
Бауыржан Момышұлы – тіл
жанашыры
Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілінен ажырап,
азғын ел атанбасын, аты өшіп ұрпақтарымыз тарыдай шашырап, қардай
еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалмасын, анамыздың ақ сүтінен
бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – баба тарихымызды
ұмыту» деген еді.
Бауыржан айтқан даналы
сөздер:
1. Именіп жүріп көрген
игіліктен
Қарсыласып жүріп көрген бейнет
артық.
2. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу –
сатқындықтың
белгісі.
3. Мұратыңа
жеткенше,
Дос – дұшпанға сыр
берме.
4. Үміт өрге
тартады,
Үмітсіздік көрге
тартады.
5. Әділдікті мойындау – адал кісінің
ісі.
6. Тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт
мақтанышының белгісі
Ер есімі – ел
есінде
«Жақсының аты өлмейді» демекші елімізде де
Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер ашылып, жас ұрпақты ұлттық
патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.
Елімізде батырдың ерлігін насихаттауға арналған орталықтар,
мұражайлар жұмыс жүргізіп, кітаптар жазылар, көшелерге батыр атының
берілуі де ердің атының ұмытылмайтындығының айғағы. Сонымен қатар
2007 жылдан бері елімізде «Бауыржан Момышұлы» атындағы нөмірленген
Құрмет белгісі беріліп
келеді.
Батыр ұл – есімдері
сақталады,
Жыр болып жүректерде
жатталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз
етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи
мақтанады.
Бауыржан –
жазушы
Бауыржан Момышұлы мемлекеттік сыйлықтың
иегері. Жоғарғы наградалармен марапатталған. Әскери жазушы
жазушылықпен 1956 жылы нақты айғақпен бастады. 1928 жылы «Өлеңдер»,
1940 - 1941 жылы «Ұшқан ұя», 1944 жылы «Қанмен жазылған кітап» 1955
жылы «Москва үшін шайқас» шығармалардың әрі көптеген повестер мен
әңгімелер, эсселер, естеліктер, мақалалардың авторы. Екі тілде
еркін жазған жазушы.
«Аңызға айналған ғұмыр» атты кітаптарымен
таныстыру.
Бауыржан атамыздың өмірі, ерлігі – бізге
үлгі. Ол кісі туралы жазылған шығармаларды оқи отырып, өмірде
ештеңеден қаймықпаған, әділ бірбеткей, туған халқын шексіз сүйген
адам деп танимыз. «Ақиқат пен аңыз» туындысында Ә. Нұршайықовтың
сұхбат түрінде жазылған. Осы шығарманы оқи отырып, атамыз туралы
ақиқат пен аңызға көз жеткізуге болады. «Ұшқан ұя» кітабында
балалық шағынан туған жеріне деген махаббаты жайында жазылған.
«Москва үшін шайқас» атты еңбегінде Москвада көрсеткен ерліктері
Отанға деген ыстық ықыласын білдіре отырып жазған. Атамыздың келіні
этнограф – жазушы Зейнеп Ахметованың жазған шығармасы – «Шуақты
күндер». Бұл шығармадан ата мен келін арасындағы сыпайылық, тәлім –
тәрбие, салт – дәстүр сияқты көптеген құндылықтарды білеміз. Ж.
Егембердиеваның өмірінің өзі – дастан шығармасы Бауыржан атамыздың
өмірінің соңғы кезеңдерінде бірге болған жары Жәмила апамыздың
естелік шығармасы.
Қорытындылау.
Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсеттіріп
артына өшпес із қалдырған ердің ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып
отыру – бүгінгі ұрпақтың парызы. Елім деп туған ерлердің есімі бір
ғасыр өтсе де, ел есінде сақталары
сөзсіз. Қазақтың
Бауыржандай дара да дана батыры ешқашан да ұмытылмақ
емес.