Тақырыбы: Қазақ
халқының қолданбалы өнері
Мақсаты :
1) Оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу.
Ою өрнек туралы мақал – мәтелдер жаттау, сөздік қорын ,
дүниетанымын байыту. Қалық өнерін қастерлеуге үйрету
2) Қиындылардан ою құрастыру, атын атау
3) Қолөнерге баулу, ою ойып, сырын
ашу
Көрнекілгі: суреттер , оюлар түрлері, үй
жиһаздары, ат әбзелдері.
Барысы:
1. Кіріспе.
2. ата- баба еліне саяхат
3. қорытынды
Мұғалім:
«Өнер таусылмас азық, жоғалмас байлық» дейді
халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы
– ою - өрнек туралы , шығу тарихы жайлы қариялардан
білеміз.
«Қарты бар үйдің , қазынасы бар » дейді қалқ
даналығы. Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып
келе жатқан тұрмысқа қажетті бұйымдар өте көп. Әдемі киімдер тігіп
, оны өрнектеген шеберлер де аз емес. Қазақ халқы өз қолөнерінде
ою- өрнекті кеңінен райдаланған. Ертеден тұтынатын заттарын ою-
өрнекпен безендірген.
Халқымыздың өлең – жырында, ән- күйінде ою-
өрнегінде аққудың әні , тоты құстың тілі жүретіні сондықтан.
Қолөнерде халықтың дүнйетанымы, оны қоршаған орта мен сұлулық
туралы түсінігі бейнеленген.
Ою - өрнектің түрлері:
-
өсімдік тектес оюлар
-
жан – жануарлар дүниесіне қатысты оюлар
-
геометриялық оюлар
-
аспан әлеміне қатысты оюлар
Ақ найзасы болмаса,
Ерді қайдан танырсың.
Ен таңбасы болмаса,
Малды қайдан танырсың. – дегендей еліміздің көк
байрағына , ел қорғаған батырдың иығы мен қалқанына , дуалы ауыз
билердің жауырыны тұсына «Тұйық оюы» бақыттың, достықтың , мәңгілік
айғағы.
Мақал- мәтелдер:
1. өнерлі елден өнерлі бала туады.
2.Өнерлі баланың он саусағы кем,
3.өнерсіз баланың бір саусағы кем.
4. қыз еркем, кестесімен көркем
Ұл еркем , өнерімен көркем.
-
Алын балдақ – қол сәні
-
Әшекей кесте қол сәні
-
Ақыл көпке жеткізер
-
Өнер көкке жеткізер
-
балаңды өнерлі болсын десең ұстаға қос
-
оқушы:
Саусақтары майысып
Түрлі ою – ойысып
Шебер болар ма екенсің
-
оқушы:
Аңыз болған жоғалған сан ғасырға
Салт- дәстүрі халқымның жалғасуда
Бұғымүйіз оюы сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға жалғасуда
-
оқушы
Ою- өрнек дегенде ою - өрнек
Қошқар мүйіз оюы болсын өрнек
Кел, жолдастар, көңілді ән салайық
Кешке келген қонақтар қане төрлет
Қазақтың зергерлік бұйымдары:
Сырға, сақина, шолпы, жүзік, білезік,
алқа.
Қорытынды:
Тасқа , сүйекке , ағашқа қашап ойып , сол арқылы
өзі көрген табиғи ортасына ойын жеткізуге құштарлық ежелгі заманнан
қалыптаса бастады. Олар тектен - текке тумаған, өмір қажеттігінен ,
тариха қоғамдық болмыстан туып, халықтың тапқырлық ой- парасатын
бейнелейтін өрнектер. Ал, алаша , киіз, кілем, текемет, үй
бұйымдары арқылы бізге жеткен ою-нектердің өз мазмұны
бар.