Қазақ халқының салт – дәстүрлері
Салт – дәстүрлердің түрлері.

Діни әдет- ғұрыптар
Отбасылық той – томалақтар мен жиындар
Маусымдық халықтық мерекелер
![]()
-
Ырымдар 1. Үйлену тойы 1. Жалпы халықтық тойлар
мен 2. Бала тәрбиелеу 2. Кәсіптік мейрамдар
нанымдар дәстүрлері
3. Жерлеу салты
-
Діни рәсімдер
мен мейрамдар
Ырымдар мен нанымдар.Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.
Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.
Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт
Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой
(мизам), Соғым басы.
Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек
байлау, шашыратқы, уызқағанақ және т.б.
Қазақтың төрт тойы.
Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды..
Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.
Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.
Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз
түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға
сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады.
қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса,
ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.
Дәстүрлі үйлену тойы.
-
Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке – шешесіне сездіреді.
-
Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
-
Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.
-
Құда түсу тойы. Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.
-
Есік – төр көрсету тойы. Қыздың туған – туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады
-
Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі.
Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу
қашырар, желі тартар, ит ырылдар,
бақан саларо, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек
салар, қыз құшақтатар, шаш сипар,
көрпе қимылдатар кәделері алынады.
-
Қыз ұзату тойы. Ат байлар,құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі
қиылады.Түрлі ойын – сауық өткізіледі, жар – жар
айтылады.Қыз аттанарда «сыңсу» айтады
-
Келін түсіру тойы. «Беташар» айтылады. Той негізінен қыз
ұзату тойымен бірдей өткізіледі.
Қыз таңдау дәстүрі.
|
№ |
Қызға қойылатын талаптар |
Талапқа сай ұлттық түсінік |
|
1 |
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы |
Жеті атасын білмеген жетесіз. Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын ойлайды. Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық. |
|
2 |
Қыз бен жігіт арасындағы жас үйлесімі болуы |
Отау тігер жас – жігеттерде 19 бен 25, ал қыздарға 16 мен 19. Жиырмаға жеткен қыз сары болар, өңі кетіп, шырайы сары болар. (Шал ақын) |
|
3 |
Қыздың ақылдылығы |
Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол сенің ақыреттік жақың кісің. (Шал ақын) Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата – ананың қызынан қапы қалма (Абай) |
|
4 |
Қыздың тектілігі |
Тегіне қарап қызын ал Соғуына қарап қау ас. Көріп алған көріктіден, Көрмей алған текті артық. Аяғын көріп асын іш, Шешесін көріп қызын ал. |
|
5 |
Қыздың сымбаты мен көркі |
Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу, Махаббаттың отына күйген сұлу. Ақылына көркі сай |
|
6 |
Қыздың іскерлігі |
Өнерсіз қыздан без. Өнегесіз ұлдан без |
Ер жігітке қойылатын талаптар.
|
№ |
Халықтық талап |
Талапқа сай түсінік |
|
1 |
Кескін келбеті |
«Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі т.с.с» |
|
2 |
Қадір – қасиеті. |
«Қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді т. с. с» |
|
3 |
Қабілет икемі. |
Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын. |
|
4 |
Зерде - зейіні |
Тылсым сырды ұға алмайтын. |
|
5 |
Өнер - өрісі |
Өмірден әперер сыбағасын |
|
6 |
Тапқырлық - ерлігі |
Дұшпанға найза сұға алатын |
|
7 |
Қайрат - қаруы |
Аяқтан шалғанды жыға алатын |
|
8 |
Жігер - күші |
Қиындықта сыналатын. |
|
9 |
Білімі. |
Биікке бастап шыға алатын |
|
10 |
Адалдығы |
Туған елі мен дос – жарандарына адал болатын |
|
11 |
Әділеттігі |
Қара қылды жаратын |
|
12 |
Шыншылдығы |
Қаймықпастан, турасын айтатан |
Құдалардың түрлеріне байланысты атаулар.
|
№ |
Атауы |
Түсінік |
|
1 |
Құда |
Күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға – інілері мен туған туыстары |
|
2 |
Құдағи |
Қарама – қарсы жақтың, әжелері, шешелері, апалары |
|
3 |
Құдаша |
Қарама – қарсы жақтың сіңілері |
|
4 |
Бел құда |
Туылмаған (белдегі) балаға ниет құдалар |
|
5 |
Бесік құда |
Құданың бұл түрі ел ішінде «Қызылдай құда», «қарын құда», «құрсақ құда» деп те аталады. |
|
6 |
Қарсы құда |
Ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар, кейбір жерде «бесік кертпе құда», «бесік кертті құда» делінеді. |
|
7 |
Бас құда |
Бір – бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат – қабат құдалар |
|
8 |
Жанама құда |
Екі жақтың сөзін сөйлер құдалар. |
|
9 |
Бауыздау құда |
Мал бауыздағанда бата берген құда. |
Кіндік кесу дәстүрі.
|
Р/с |
Кіндік шешенің атқаратын міндеті. |
Кіндік кесуге байланысты салт – дәстүрлер |
|
1 |
Жүкті болған әйелді күту |
Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік шеше болуды қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарханынан дәм тарттырады. Осыдан кейін екі үй арасында да қарым – қатынас жиілеп,, жарастық орнайды. Жүкті әйелді күтімге алады. |
|
2 |
Босану кезінде басы- қасында болу |
Толғақ мерзімі жақындағанда жеке үй дайындалады. От жағып, су жылытылады. Үйдің іші – сырты дүние мүлкі мұнтаздай тазаланады. Осы істердің, басы – қасында кіндік шеше ұйтқы болып, жүреді. Жүкті әйелді толғақ үстінде кіндік шеше демеп тұрады және олай – бұлай жүруіне де рұқсат етіледі. |
|
3 |
Кіндігін кесу |
Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қойған. Ер баланың кіндігін ырымдап «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырған. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. Оқымысты болсын днп кітаптың, ат құлағында ойнасын деп аттың жалына байлайды. |
|
4 |
Балаға қамқорлық жасау. |
Дүниеге келген сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырған. Бала ер жетіп ел қатарына қосылғанша кіндік шеше өз назарынан тыс қалдырмай әрдайым қамқор болып жүрген. |
Балаға ат қою дәстүрі.
|
№ |
Балаға ат қоюдағы салт – дәстүрлер |
Түсінік. |
|
1 |
Артық саусағына қарай ат қою |
Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен. |
|
2 |
Балаға тіл – көз тимейді деген ниетпен ат қою. |
Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай т. б |
|
3 |
Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. |
Тасболат, Тастемір, Шымырбай. |
|
4 |
Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. |
Аман, Амангүл, Есен, Жүрмін, Тұрсын, Тұрсынгүл, Тоқтар. |
|
5 |
Бала – шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. |
Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжаса, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай. |
|
6 |
Бұрын – соңды болған қару – жарақ аттарына байланысты. |
Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т. б |
|
7 |
Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. |
Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Сәкен, Сәбит, Сырым, Төлеби, Ыбырай, Махамбет, Қазыбек т. б |
|
8 |
Ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай ат қою. |
Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Сүндет т. б |
|
9 |
Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. |
Ғали, Жамая, Зылиха, Иса, Мұхамбет, Омар, Оспан, Хадим, Сүлеймен т. б |
|
10 |
Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың қымбат металдың нәзік өсімдіктердің атын қою. |
Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т. б |
|
11 |
Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. |
Лекер, Шалабай, Шалабек. |
|
12 |
Мұрат – мақсатыма жеттім – ау деген ниетпен. |
Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат |
|
13 |
Соңғы балаға ат қою. |
Кенжебай, Кенжетай, Кенжегүл |
|
14 |
Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты. |
Арыстан, Алабай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш. |
|
15 |
Ұлы жоқ үйде қыз туғанда |
Болған, Тойған, Ұлболсын, Ұлжан, Ұлту, Ұлтуған т.б. |
Шілдехана тойы.
|
№ |
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Амирова Эдина АбдуллақызыШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Тақырып бойынша 31 материал табылды
Қазақ халқының салт-дәстүрлеріМатериал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды..
Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.
Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.
Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз
түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға
сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады.
қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса,
ертегі айтып, жұрт
Материалдың қысқаша нұсқасы Қазақ халқының салт – дәстүрлері Салт – дәстүрлердің түрлері.
Діни әдет- ғұрыптар Отбасылық той – томалақтар мен жиындар
Маусымдық халықтық мерекелер
мен 2. Бала тәрбиелеу 2. Кәсіптік мейрамдар нанымдар дәстүрлері 3. Жерлеу салты
мен мейрамдар Ырымдар мен нанымдар.Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.
Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару. Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой (мизам), Соғым басы. Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек байлау, шашыратқы, уызқағанақ және т.б. Қазақтың төрт тойы. Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды.. Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі. Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.
Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады. Дәстүрлі үйлену тойы.
Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу қашырар, желі тартар, ит ырылдар, бақан саларо, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қыз құшақтатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері алынады.
қиылады.Түрлі ойын – сауық өткізіледі, жар – жар айтылады.Қыз аттанарда «сыңсу» айтады
ұзату тойымен бірдей өткізіледі.
Қыз таңдау дәстүрі.
Ер жігітке қойылатын талаптар.
Құдалардың түрлеріне байланысты атаулар.
Кіндік кесу дәстүрі.
Балаға ат қою дәстүрі.
Шілдехана тойы.
|













