№63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы
музыка жетекшісі: Қадыр Жандос Қадырұлы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары»
Мақсаты: түрлі аспапта ойналған музыканы естіп, қабылдап, салыстырып, ажырата білуге үйрету, ырғақпен ойнай білуге дағдыландыру.
Оркестр туралы мағлұмат беріп, аспаптарда ойнау тәсілін үйрету, шығармашылыққа баулу.
Музыкалық аспапқа деген қызығылушығын арттыру.
Көрнекілік: оркестр, дирижер суреттері, ұлттық музыкалық аспаптар .
Сөздік жұмыс: дирижер, оркестр, концерт.
Билингвальді компанент: біздің-наш, сырнай-дудочка, даңғыра-барабан.
Мотивациялық-қозғаушылық
Балаларға «Қазақ маршы» (Е.Затаевич) әуеніне шеңбер бойымен жүруді ұсынады.
Шеңберден шықпай, тізбектеле жүруін, тұлғаларын түзу ұстап, бастарын көтеріп жүрулерін қадағалайды.
Асығып жүгіріп саспайық,
Көңілді жаттығуларды бастайық! «Жаттығу»
(А.Райымқұлова, А.Асылбек) әуеніне шеңбер бойымен тұрып, ән мәтініне сай аяқ топылдатуды, қол шапалақтауды көрсетіп, үйретеді.
Балаларды екі топқа бөліп, кезекпен жаттығуды орындауды ұсынад
Балалар тізбектеле шеңбер бойымен, әуен екпінімен жүреді.
Бастарын көтеріп аяқтарын нық басады.
Балалар шеңбер құрып тұрады.
Жаттығу көрсеткендер – ішкі неңберге, шапалақтап тұратындар – сыртқа шеңберге тұрады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балаларға оркестрдің суретін көрсетіп, әртүрлі аспаптар туралы түсінік береді. Балалардан таныс аспаптарды атап, көрсетулерін сұрайды.
Барлық аспаптардың қосылып, үндесіп, әсем әуен шығаратынын жеткізеді.
Дирижердің суретін көрсетіп, атқаратын қызметі туралы ұғындырады.
Бірнеше оркестр суретін көрсетіп, мәлімет береді.
Музыка тыңдау: «Сарыарқа» күйін (Құрманғазы оркестірінің орындауында) үнтаспадан тыңдатады. Күйді сезіне тыңдап, әңгімелеулерін сұрайды.
-Балалар, әнді әдемі айту үшін, даусымыз жарқын шығуы үшңн не істейміз?
Дауыс жаттығуы: «Керней» (Д.Ботбаев, А.Асылбек) айтылып,
«та-ра» буындарын анық айту үшін бірнеше рет қайталатады.
Біз өнерпаз баламыз,
Біз де билей аламыз.
Аспаптарды ойнаймыз,
Ән де шырқап саламыз!
Ән үйрену: «Біздің оркестр» әнін балаларға орындап береді. Әнді зейін қойып тыңдатып, не туралы айтылатынын сұрайды.
Әннің 1-шумағын орындап, балаларға қосылып айтуды ұсынады.
Әуенді-дидактикалық ойын: «Сырнай мен даңғыра». Ойын шартын түсіндіреді.
Балалардың имитация түрінде аспаптарда ойнау қимылын бірге көрсетулерін сұрайды, әнді ырғағымен, әндете айтуларын қадағалап, ескертеді.
Рефлексиялық-түзетушілік
«Еркем-ай » әнін оркестрде ойнауды ұсынып, балаларға өздері қалаған аспаптарын таңдауға мүмкіндік береді.
-Оркестрде қандай аспаптар ойнайды?
-Дирижер деген кім?
-Біздің оркестрімізде қандай аспаптар бар?
-Жаңа әннің сипаты, екпіні қандай? Сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін бекітеді. Балаларды мадақтайды. Үйде қатты қағазға домбыра суретін салып, қиып әкелуді ұсынады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұлттық ұрмалы аспаптар түрін, дыбысын ажырата білуді, ән ырғағын сезінуді.
Игереді: аспаптарда еркін ойнап, үндестікті сезінуді және өз шығармашылықтарын көрсетуді.
Меңгереді: оркестр, дирижер туралы білімді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары»
«Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары»
№63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы
музыка жетекшісі: Қадыр Жандос Қадырұлы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары»
Мақсаты: түрлі аспапта ойналған музыканы естіп, қабылдап, салыстырып, ажырата білуге үйрету, ырғақпен ойнай білуге дағдыландыру.
Оркестр туралы мағлұмат беріп, аспаптарда ойнау тәсілін үйрету, шығармашылыққа баулу.
Музыкалық аспапқа деген қызығылушығын арттыру.
Көрнекілік: оркестр, дирижер суреттері, ұлттық музыкалық аспаптар .
Сөздік жұмыс: дирижер, оркестр, концерт.
Билингвальді компанент: біздің-наш, сырнай-дудочка, даңғыра-барабан.
Мотивациялық-қозғаушылық
Балаларға «Қазақ маршы» (Е.Затаевич) әуеніне шеңбер бойымен жүруді ұсынады.
Шеңберден шықпай, тізбектеле жүруін, тұлғаларын түзу ұстап, бастарын көтеріп жүрулерін қадағалайды.
Асығып жүгіріп саспайық,
Көңілді жаттығуларды бастайық! «Жаттығу»
(А.Райымқұлова, А.Асылбек) әуеніне шеңбер бойымен тұрып, ән мәтініне сай аяқ топылдатуды, қол шапалақтауды көрсетіп, үйретеді.
Балаларды екі топқа бөліп, кезекпен жаттығуды орындауды ұсынад
Балалар тізбектеле шеңбер бойымен, әуен екпінімен жүреді.
Бастарын көтеріп аяқтарын нық басады.
Балалар шеңбер құрып тұрады.
Жаттығу көрсеткендер – ішкі неңберге, шапалақтап тұратындар – сыртқа шеңберге тұрады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балаларға оркестрдің суретін көрсетіп, әртүрлі аспаптар туралы түсінік береді. Балалардан таныс аспаптарды атап, көрсетулерін сұрайды.
Барлық аспаптардың қосылып, үндесіп, әсем әуен шығаратынын жеткізеді.
Дирижердің суретін көрсетіп, атқаратын қызметі туралы ұғындырады.
Бірнеше оркестр суретін көрсетіп, мәлімет береді.
Музыка тыңдау: «Сарыарқа» күйін (Құрманғазы оркестірінің орындауында) үнтаспадан тыңдатады. Күйді сезіне тыңдап, әңгімелеулерін сұрайды.
-Балалар, әнді әдемі айту үшін, даусымыз жарқын шығуы үшңн не істейміз?
Дауыс жаттығуы: «Керней» (Д.Ботбаев, А.Асылбек) айтылып,
«та-ра» буындарын анық айту үшін бірнеше рет қайталатады.
Біз өнерпаз баламыз,
Біз де билей аламыз.
Аспаптарды ойнаймыз,
Ән де шырқап саламыз!
Ән үйрену: «Біздің оркестр» әнін балаларға орындап береді. Әнді зейін қойып тыңдатып, не туралы айтылатынын сұрайды.
Әннің 1-шумағын орындап, балаларға қосылып айтуды ұсынады.
Әуенді-дидактикалық ойын: «Сырнай мен даңғыра». Ойын шартын түсіндіреді.
Балалардың имитация түрінде аспаптарда ойнау қимылын бірге көрсетулерін сұрайды, әнді ырғағымен, әндете айтуларын қадағалап, ескертеді.
Рефлексиялық-түзетушілік
«Еркем-ай » әнін оркестрде ойнауды ұсынып, балаларға өздері қалаған аспаптарын таңдауға мүмкіндік береді.
-Оркестрде қандай аспаптар ойнайды?
-Дирижер деген кім?
-Біздің оркестрімізде қандай аспаптар бар?
-Жаңа әннің сипаты, екпіні қандай? Сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін бекітеді. Балаларды мадақтайды. Үйде қатты қағазға домбыра суретін салып, қиып әкелуді ұсынады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұлттық ұрмалы аспаптар түрін, дыбысын ажырата білуді, ән ырғағын сезінуді.
Игереді: аспаптарда еркін ойнап, үндестікті сезінуді және өз шығармашылықтарын көрсетуді.
Меңгереді: оркестр, дирижер туралы білімді.
шағым қалдыра аласыз













