400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқының ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға да мұғалімдерге де қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т.Рысқұлов ауданы

Ақыртөбе орта мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Бозбаев Мадияр Кудайбергенович

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық ойындары.

Сабақ жоспары

Қазақ халқының зияткерлік ойындары

Мектеп: Ақыртөбе орта мектебі

13.12.2018ж


Мұғалім: Бозбаев М.

Сыныбы: 7


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


Қазақ халқының ұлттық ойындары.

Оқу мақсаты:


7.2.7.1 жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді түсіну және қолдана білу.


Сабақ мақсаттары:


Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және

ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді талқылау

және бейімдей білу

Жетістік критерий:

Қазақтың ұлттық ойындары арқылы патриоттық сезімді оятып, әділдіктің әсерін ойын арқылы көрсетеді

• Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ажыратады және балама ұқсас ойындарды құрастырады

• Қазақтың ұлттық ойындарының атауларын атайды және қандай физикалық қасиеттерді дамытатынын анықтайды

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

қазақ ұлттық ойныдарындағы өздерінің қозғалыс дағдыларын және стратегиялық ойлауын талқылай, салыстыра және талдай алады.

Мыналарды қамтиды:

• ұлттық, зияткерлік

• стратегия, тактика, жүріс

• «Тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау), «шахматтар»,

• рөлдер: ойыншы, төреші

• команда қарсылас, шабуылдау, қорғаныс

• ережелер, бағалау, адал ойын.

Құндылықты дарыту:


Бұл бөлімде оқушылар дәстүрлі қазақ ойындарындағы бірқатар стратегиялар мен тактикаларды оқып, жетілдіреді, сондай-ақ дәстүрлі қазақ ойындарының ережелерін, тактикаларын зерделейді. Оқушыларға әр түрлі рөлдерді кезек-кезен орындап, ойынды таңдау ұсынылады. Оқушылар адал ойын үлгілері мен бірлескен жұмыс дағдыларын талдайды және бағалайды.

Пән аралық байланыс:


Математика, физика


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, жүрек қағысын (пульсін) тексеру. Сабақтың мақсатын түсіндіру




Үлкен кеңістік, ысқырық.


Сабақтың ортасы

25 мин.

Топқа бөлу:

Оқушылар реттік нөмірі бойынша 3 топқа бөлінеді.

Оқушылар «Сокыртеке» ойынын ойнайды. Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әрбір топта көзі байланған (соқыр теке) бір оқушы болады. Осы топтағы басқа ойыншылар белгілі бір аумақта олардың айналасына жиналады және көзі байланған ойыншыға қол тигізуге, бірақ оған ұсталып қалмауға тырысады. Егер оқушы «жүргізушіні» ұстап алса, жаңа «жүргізушіге» айналады. Содан кейін олар өздеріне қол тигізуден қорғау үшін пайдаланған тактиканы, ал «жүргізушілер» бос оқушыларды ұстап алу үшін пайдаланған тактиканы талқылайды.


Оқушылар «Белбеусок» ойынын ойнайды. Сыныпты 5-6 оқушыдан топтарға бөліңіз және оларды радиусы шамамен 6-8 метр болатын шеңберге отырғызыңыз. Жүргізуші шеңберді айнала белбеумен жүреді және оны отырған оқушының артына қояды. Отырған оқушы тұрып, белбеуді қолына алып, шеңбер сыртындағы жүргізушіні қуа бастайды. Оқушылар жеңімпаз болу үшін белбеуі бар жүргізушіге қол тигізуі тиіс. Егер олар мұны жүргізуші бос орынға жеткенге дейін істей алмаса, онда олар жеңіледі. Қуғыннан соң оқушылар шеңбердегі әрбір оқушы «жүргізуші» болғанға дейін рөлдерімен ауысады.


Үлкен кеңістік, ысқырық.



Сабақтың соңы

5 мин.

Құрал-жабдықтарды тиісті орындарына қою. Бүгінгі өтілген сабаққа рефлексия жазу. Көкіректі кере демді реттеу.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады



Үлкен кеңістік


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы қойылған мақсатқа қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?











Жалпы оқушыларды бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)?

1:








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі