"Қазақ халқының ұлттық ою - өрнектері" сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ халқының ұлттық ою - өрнектері" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйрету, ою-өрнек туралы білім беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері


Мақсаты: ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйрету, ою-өрнек туралы білім беру

Сабақтың мазмұны: Қазақ халқының қолөнерінің саласында кең қолданып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі-ою-өрнек өнері. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, дамытып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай жақсы сақталған ірі мәдениет.

Халықтың географиялық ортасына, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты, ою-өрнек үлгілері әртүрлі жағдайда дамып, түрленіп отырады.

Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына. Ою-өрнек тұрмыста бұйымның бетін әшекелеу үшін қолданатын нақыш, өрнек. Қазақ халқы қолөнерді, ою-өрнекті өте кеңінен қолданады. Жалпы қазақ қолөнерінде кездесетін ою-өрнек төрт топқа бөлінеді.

Бірінші топ: жан-жануарлар дүниесін білдіретін ою-өрнектер. Бұл көбінесе киізден жасалған бұйымдарды көркемдеуге болады.

Екінші топ: өсімдік тәрізді өрнектермен әсемдеу. Өсімдік тәрізді өрнектер сырмақ, түскиіз әсемдеу кезінде кеңінен қолданады. Олар – жапырақ оюы, шырмауық оюы, қияқ оюы т.б.

Үшінші топ: геометриялық ою-өрнектер. Олар- ирек, айшық, төртбұрыш, үшбұрыш оюлары т.б.

Төртінші топ: аспан әлемін, жер-дүние сырын суреттейтін ою-өрнектер. Текеметке жан-жаққа күн сәулесі секілді тармағын жайған шеңдерлі ою жиі салынады.

Асыл мұрамыз, яғни ұлттық өнеріміздің жоғалтпаудың ең тиімді жолы - оқушыларымызға өз мәдениетіміздің, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді дәріптеу отыру.

Shape1

17

«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» деген халқымыз. Ендеше, осы өнерімізді ұмытпай жалғастыру біздің міндетіміз.

«Кен асылы жерде, сөз асылы елде» дегендей, өнер түрлері елде мол, халықпен бірге жасап келеді және жасай береді.

Оқушы білімі

Сұраққа жауап

        1. Оюдың төрт құпиясы туралы не білеміз?

        2. Ою-өрнек сөзі қай тілден аударылған?

        3. Оюларды қай бұйымдарда қолданады?

        4. Сырмаққа қандай ою салынады?

Оқушы ой - өрісі. Бұл бөлім «Ойын тапқырлық» деп аталады. Жұмбақ шешіп отырып соған байланысты ою табу.

Жұмбақ

          1. Дүниеде бір молда

Уақытында намаз оқиды

Мезгілінде айқайлап

Қайтып кеп жер шоқиды

Жауабы: ҚОРАЗ

  • Осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін ата?


2. Таптым, таптым тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға.

Жауабы: ТҮЙЕ

  • Осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін ата?


3. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт сылдармағы бар,

Бір шыбықтысы бар.

Жауабы: СИЫР

  • Осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін ата?


Сарамандық жұмыс: Ою қиып үйрену.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
2628
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі