Қазақ халық музыкасы 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ халық музыкасы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Қазақ халқының халық әндері туралы түсінік қалыптастыру. Әннің қадір-қасиетін ұғындыру. Оқушыларды музыкалық ырғақты дұрыс меңгере отырып, әнді жүрекпен мәнерлеп, таза орындауға үйрету. Есту қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушылардың әнге деген қызығушылықтарын арттыру.Оқушыларды Қазақ халық музыкасының тарихымен, дамуымен оқушыларды ақпараттандыру. Оқушылардың музыкалық қабілеттерін ашу. Әндердің шығу тарихымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ 11.10.2018 ЖЫЛ


Бекітемін”

Е.Әуелбеков атындағы дарынды

балаларға арналған №4 облыстық

мектеп-интернатының

тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары А.Алпысова

“ ”_____________2018 жыл


«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Қазақ әндері» әлеуметтік жобасысы аясында өткізілетін «Қазақтың халық музыкасы» атты

Тәрбие сағаттың БАҒДАРЛАМАСЫ


ӨТКІЗІЛЕТІН ЖЕРІ: Е. Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған

4 облыстық мектеп-интернаты

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 11 қазан, сағ.18.30

ҚАТЫСАТЫН: 10 «Б» - сынып оқушылары

ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

I.ҰЙЫМДАСТЫРУ

  • Оқушылармен амандасу

  • Оқушыларды түгендеу

П. ОЙ ҚОЗҒАУ: «Халық әндері» туралы видеокөрсетілім көрсету

ӨЗ ПІКІРІМ – ӨЗ ОЙЫМ” стратегиясы. (оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою)

ІІІ. МАҒЫНАНЫ ТАНУ

  • «НАЗҚОҢЫР» ӘНІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

  • «БАЛАПАН ҚАЗ» ӘНІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

  • ӘН АЙТАЙЫҚ ҚОСЫЛЫП. (ән үйрену)

ҮІ. ҚОРЫТЫНДЫ















Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының халық әндері туралы түсінік қалыптастыру. Әннің қадір-қасиетін ұғындыру. Музыкалық ырғақты дұрыс меңгере отырып, әнді жүрекпен мәнерлеп, таза орындауға үйрету. Есту қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту. 

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, әуенді ойындар. 
Көрнекілігі: Домбыра аспабы, фортепиано, халық әндерінің жалғасуына үлес қосқан әнші-компазиторлардың суреттері,  ән өнері туралы қанатты сөздер. 

ОЙ ҚОЗҒАУ: «Халық әндері» туралы видеокөрсетілім көрсету

ӨЗ ПІКІРІМ – ӨЗ ОЙЫМ” стратегиясы

  1. Қандай халық компазиторларын білесің? 

  2. Музыкалық дыбыс қатары деген не? 

  3. Дыбыстардың ара-қашықтығы немен өлшенеді? 

  4. Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесің? 

  5. (Оқушының даусына жаттығу жасап, үйге берілген әндерді сұрау)

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

МАҒЫНАНЫ ТАНУ

Халық әндері дегеніміз- осы уақытқа дейін ауыз екі айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әндер. Халық әндері- тұрмыстық, жағдаяттылыққа байланысты айтылады. Атадан балаға ауысып келе жатқан халық әндері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, ән айту шеберлігі барынша жетіліп классикалық үлгіге дейін жетті.

Халықтық әншілік өнер сан ғасырлық тәжіриенің нәтижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік шеберлігін шыңдап, әннің жоғары көркемдік деңгейіне орай тыңдаушы халықтың биік талап-талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді. Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы мен өмірі, тұрмы тіршілігі, қоғамдық әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көрініс тапқан.

Өнерлі ортада өскен жас талапкер, ұстаз жанында айлап-жылдап жүріп, шеберлігі мен бірге тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болған. Дәстүрлі әншілік өнер айтылуы және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөлінеді. 

Қазақ халқы әнші халық екенін жақсы білесіңдер, яғни әнші ата-бабаларымыздың әлем халықтарына таратып жүрген әнінен үлесімізге көптеп алып, әнші халық атанғанбыз. Енді, халық әндерінің шығу тарихына тоқталып өтсем.


ХАЛЫҚ ӘНІ «НАЗҚОҢЫР» ӘНІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ


«Назқоңыр» әні Омбы қаласындағы ауқатты отбасынан шыққан Мүкарамма атты сұлуға арналады. 1833 жылы жаз айларында Мұхамедқанапия Омбыға, үйіне қайтады. Жасы 21-ге келіп қалды, сөйтіп өзіне тең келетін жар іздемекші болады. Осы уақытта Ахметқали деген ауқатты кісінің Мүкарамма атты қызын бір көргеннен-ақ сүйіп қалады да, Қызылжарда оқып жүргенде шығарған өлеңінде сипаттаған сұлудың бейнесін танығандай болады. Мүкараммаға ғашықтық сезімін «Арман» өлеңімен білдірмекші болады. Сөйтіп олар жиі кездесіп, тату-тәтті ғұмыр кешеді. Әрине, Мүкарамма ауқатты отбасынан болған соң әкесі оған Мұхамедқанапиямен кездесуіне тыйым салады да, кедергі болудың бір жолын қарастырады. Сөйтіп Мүкарамманы туысының үйіне жібереді. Бірақ Мукарамма оны қатты сүйеді, сондықтан қай жерге бара жатқанын айтып кетеді. Мұны естіген Мұхамедқанапия Мүкараммаға барар жолда «Назқоңыр» әнін шығарады. «Назқоңыр» әнін тыңдап, бірге шырқап көрейік.


НАЗҚОҢЫР

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,

Кел десең неге аяйын аттың терін.

Сарағаш сазға біткен секілденіп,

Қай жерде отыр екен бұраң белім.


Базардан алып келген күміс құман,

Жігітті адастырған қалың тұман.

Арадан қыл өтпестей тату едік,

Біздерге қастық қылған қай антұрған.


Һә лә ләкү лиләй !

Лилә ләку лилай!

Һә лә ләкү лиләй!

Лилә ләку лилай!


Мінекей оқушылар, «Назқоңыр» әнінің шығу тарихы мен әннің таңылымен сонымен қатар, әннің орындалуын үйрендік. Ендігі кезекте, халық әндерінің бірі «Балапан қаз» әнінің шығу тарихымен танысатын боламыз.

ХАЛЫҚ ӘНІ «БАЛАПАН ҚАЗ» ӘНІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

"Балапан қаз" әні туралы жалғыз ғана дерек Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында қарасты Пугачев ауылының тұрғыны, домбырашы Қилыбаев Арғынбек ақсақалдан жеткен. Арекеңнің айтуында "Балапан қаз" әнін Найман еліне келін болып түскен керей қызы шығарған. Бұл қыз ата-анасының оң жағында отырғанда сүйген жігітінен екіқабат болып қалса керек. Ол кез құдандалықты кие тұтып қалыңдыққа ие болатын заман ғой, керей қызы аяғы ауыр қалпында ұзатылады. Кейін перзентті болған керей қызы көкірегіне қамалған мұңын бесік жыры етіп айтады екен. Содан, былайғы жұртқа жайылған. Өкініштісі, әннің сөзі ұмыт болып, ел есінде "Е-е-й, ахау сабаз, Ұшырдым ұясынан балапан қаз" деген қайырмасы ғана қалған.Ел жадындағы жақсы әннің қайта жаңғыруына өзіндік үлес қосып, жаңадан сөзін жазып, "Балапан қаз" әніне екінші өмір сыйлаған адам — көрнекті ақын, драматург, Моңғолия Жазушылар одағының лауреаты Арғынбай Жұмажанұлы 1929 жылы Моңғолиядағы қазақ аймағының Тұлбакөл деген жерінде туып, 1994 жылы Қазақстанда, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние салды.1973 жылы Тұлба сұмынның Баян-Өлгийдегі мәдени күндері өтеді. Бұл шараның ойдағыдай өтуіне Арғынбай Жұмажанұлы белсене атсалысып, концерттік бағдарламаларға тікелей бас-көз болады. Жаңадан арнайы ән-күйдің шығарылуына, драмалық қойылымдардың көрсетілуіне күш салады. Осы жолы ел жадында сақталған "Балапан қаз" әніне салып айту ұшін арнайы төрт шумақ өлең жазады. Сөйтіп, мәдени күндердің беташары ретінде "Балапан қаз" әні Арғынбай шығарған жаңа мәтінмен алғаш рет айтылады. Әнді киномеханик Қапсөк деген жігіт айтады. Әннің де, мәтінінің де жұрт көңілінен шыққаны сонша, сол күндердің өзінде-ақ бүкіл Өлгий қаласы жастарының сүйіп айтатын әніне айналады.

"Балапан қаз" әнінің Арғынбай Жұмажанұлы шығарған мәтіні бұл кісінің 1979 жылы "Меңдікөл" деген атпен Өлгийде жарық көрген жыр кітабының 12-13 беттеріне басылды. Өлеңге "Бұл өлке" деген тақырып берілген. Тақырып астында "Халық әні "Балапан қаз" әуенімен" деген тақырыпша бар. Енді, әнді тыңдап, орындап көрейік.



БАЛАПАН ҚАЗ

Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай,
Желіге асау құлын байлаған жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Тебісіп құлын-тайдай ойнаған жер-ай.

Ей, ақау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.

Оқушылар, Екі әннің мазмұнына мән берсек, екі өлеңде қыз баланың тағдырын сипаттаған. Диаграмма сызып, әннің ұқсастығын, айырмашылығын әр топ бойынша айтып шығайық.


Үйге тапсырма: Халық әні «Назқоңыр», «Балапан қаз» әнін жатқа мәнеріне келтіріп орындап келу.

«Қазақ әндері» жобасы аясында қазақ әндерінің алтын қорындағы «Назқоңыр», «Балапан қаз» әндерінің шығу тарихы жайлы тың ақпараттармен таныс болдық.


















«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Қазақ әндері» әлеуметтік жобасы бойынша 10 «Б» - сынып оқушылар арасында өткізілген

«Қазақтың халық музыкасы» атты дөңгелек үстелдің хаттамасы


Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Қабат Жайна сөз алып, тәрбие сағатының мақсаты мен жоспарын таныстырып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ халқының халық әндері туралы түсінік қалыптастыру. Әннің қадір-қасиетін ұғындыру. Музыкалық ырғақты дұрыс меңгере отырып, әнді жүрекпен мәнерлеп, таза орындауға үйрету. Есту қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту. 

«Ой қозғау» бөлімінде «Халық әндері» туралы видеокөрсетілім көрсетілді. Бейнебаянды пысықтау мақсатында «Өз ойым- өз пікірім» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылды.

Күн тәртібінің кезекті мәселесі бойынша «Назқоңыр», «Балапан қаз» әндерінің шығу тарихына тоқталып өтті. деп сабақты қорытындылады.

«Назқоңыр» әні Омбы қаласындағы ауқатты отбасынан шыққан Мүкарамма атты сұлуға арналады. 1833 жылы жаз айларында Мұхамедқанапия Омбыға, үйіне қайтады. Жасы 21-ге келіп қалды, сөйтіп өзіне тең келетін жар іздемекші болады. Осы уақытта Ахметқали деген ауқатты кісінің Мүкарамма атты қызын бір көргеннен-ақ сүйіп қалады да, Қызылжарда оқып жүргенде шығарған өлеңінде сипаттаған сұлудың бейнесін танығандай болады. Мүкараммаға ғашықтық сезімін «Арман» өлеңімен білдірмекші болады. Сөйтіп олар жиі кездесіп, тату-тәтті ғұмыр кешеді. Әрине, Мүкарамма ауқатты отбасынан болған соң әкесі оған Мұхамедқанапиямен кездесуіне тыйым салады да, кедергі болудың бір жолын қарастырады. Сөйтіп Мүкарамманы туысының үйіне жібереді. Бірақ Мукарамма оны қатты сүйеді, сондықтан қай жерге бара жатқанын айтып кетеді. Мұны естіген Мұхамедқанапия Мүкараммаға барар жолда «Назқоңыр» әнін шығарады. "Балапан қаз" әні туралы жалғыз ғана дерек Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында қарасты Пугачев ауылының тұрғыны, домбырашы Қилыбаев Арғынбек ақсақалдан жеткен. Арекеңнің айтуында "Балапан қаз" әнін Найман еліне келін болып түскен керей қызы шығарған. Бұл қыз ата-анасының оң жағында отырғанда сүйген жігітінен екіқабат болып қалса керек. Ол кез құдандалықты кие тұтып қалыңдыққа ие болатын заман ғой, керей қызы аяғы ауыр қалпында ұзатылады. Кейін перзентті болған керей қызы көкірегіне қамалған мұңын бесік жыры етіп айтады екен. Содан, былайғы жұртқа жайылған. Соынмен қатар әннің орындалуын тыңдап, оқушылар қосылып бірге шырқады. Келесі кезекте, әннің әр тармағындағы сөздерге тоқталып, екі әнді салыстырып, қорытынды жасалды. Үйге тапсырма реттінде әннің сөзін жаттау берілді.



Хатшы: Д.Ағайдар





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
688
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі