400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы екі әлеуметтік топтан – «ақ сүйектер» мен «қара сүйектерден» тұрды. Олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды.Ақсүйек қауымын Шыңғысхан ұрпақтары құрады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ – ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, төрелер мен Мұхаммед пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана жатты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ

ТЕКСЕРІЛДІ

ПЦК төрайымы

______________Алменова Ф.Б.
"____" ___________2022ж.

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Модуль /пән атауы

ЖБП 05 Қазақстан тарихы


Сабақ тақырыбы

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері



  1. Жалпы мәліметтер


Курс

Оқу жылы

Тобы

Күні


1

2022-2023

ББн-22-1к

04.11.2022


1

2022-2023

ҒСн-22-1к

04.11.2022


1

2022-2023

ДТн-22-4к

07.11.2022


1

2022-2023

ББн-22-2к

08.11.2022


1

2022-2023

ДТн-22-3к

09.11.2022


Сабақ түрі

Жаңа материалды меңгеру сабағы


2. Мақсаты, міндеттері


10.2.2.6 – қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану;


Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі


1.

2.

3.

Барлық оқушылар: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарды жіктеп, қоғамдағы қызметін талдау

Оқушылардың басым бөлігі: қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерін анықтау

Кейбір оқушылар: Жеті атаны білу неге маңызды екенін білу.


3. Қажетті ресурстар


Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Қазақстан тарихы. З.А Джандосова. Мектеп, 2019.


Техникалық құралдар, материалдар

Таратпа материал, лекция


4. Сабақтың барысы

Уақыт (мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл-күйлерін сұрау.

Сабаққа дайындығын тексеру.


5 мин


Үй тапсырмасын тексеру


Алдыңғы білімін жаңғырту

1. «Шежіре» дегеніміз не? (белгілі бір адамдардың, рулардың, тектердің шығу тегі, кейінгі ұрпақтары, туыстық дәрежесі туралы мәліметтердің жүйелі жиынтығы)

Что такое «шежіре»? (систематический набор сведений о происхождении, последующих поколениях, степени родства тех или иных людей, племен, родов)

2. Орыс зерттеушісі Н.А.Аристов пікірінше «шежіре» сөзі қандай мағына білдіреді? (түркі-моңғол түбірі бар және «есте сақтау, жатқа білу» дегенді білдіреді)

По мнению русского исследователя Н.А. Аристова, что означает слово «шежіре»? (имеет тюрко-монгольский корень и означает «помнить, знать наизусть»)

3.Ру дегеніміз не? (қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірдің негізгі бірлігі болды)

Что такое «ру»? (ру - была основным звеном общественно-политической, экономической и культурной жизни)

4. Жүз дегеніміз не? (белгілі бір шаруашылық және мәдени тип негізінде қалыптасқан тарихи-экономикалық аудан)

Что такое «жуз»? (жуз - историко-экономический район, сформированный на основе определенного хозяйственно-культурного типа)

5. Ұлы жүздер Қазақстанның қай аймағын мекендеген және оны картадан көрсетіңіз? (Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысы – Түркістан, Жетісу аймағы)

В какой области Казахстана обитали «Старший жуз» и покажите ее на карте? (Юг, Юго-Восток Казахстана - Туркестан, Жетысуйская область)

6. Ұлы жүзге кіретін қандай руларды білеміз атап беріңіз? (үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр, албан, суан, шапырашты, ошақты, сіргелі, шанышқылы)

Расскажите, какие рода входят в Старший жуз? (Уйсин, Дулат, Канлы, Жалаир, Албанский, Суан, Шапырашты, Ошхы, Ширгели, Шанчкылы)

7. Орта жүздер Қазақстанның қай аймағын мекендеген және оны картадан көрсетіңіз? (Ортаңғы, Солтүстік, Шығыс Қазақстан)

Какой регион Казахстана населяли Средние жузы и укажите его на карте? (Центральный, Северный, Восточный Казахстан)

8. Орта жүзге кіретін қандай руларды білеміз атап беріңіз? (арғын, найман, керей, қыпшақ, қоңырат, уақ).

Расскажите, какие рода входят в Среднюю жуз? (аргын, найман, керей, кыпчак, конурат, вак).

9. Кіші жүздер Қазақстанның қай аймағын мекендеген және оны картадан көрсетіңіз? (Батыс Қазақстан)

В каком регионе Казахстана населяли младшие жузы и укажите его на карте? (Западный Казахстан)

10. Кіші жүзге кіретін қандай руларды білеміз атап беріңіз? (әлімұлы, байұлы, жетіру

Какие роды мы знаем, принадлежащие к младшему жузу? (Алимулы, Байулы, жетиру)

11. Қазақ жүздерінің қандай ерекшеліктері болды? (ішкі аймақтық бірлік; этникалық бірлік; мәдени-экономикалық қоғамдастық; ортақ саяси көшбасшылық).

Какие особенности былу у казахских жузов? (внутреннее региональное единство; этническое единство; культурно-экономическая общность; единое политическое руководство).

12. Қазақ жүздері туралы нақты құжаттар қай кезеңдегі әдебиеттерде кездеседі? (18 ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиеттерде кездеседі)

В источниках какого периода есть конкретные материалы о казахских жузах? (встречается в литературе первой половины 18 века)

13. «Қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, дәлірек айтсақ: Ұлы жүзден, Орта жүзден және Кіші жүзден тұрады» деп хабарлаған кім? ( А.Тевкелев)

Кто сообщил, что "Кыргызско-Кайсакская Орда состоит из трех частей, а точнее: Старший жуз, Средней жуз и младший жуз"? (А. Тевкелев)

14. XIX ғасырдың аяғында ұлы жүз қазақтарының жалпы саны қанша болды? (700 мыңға жуық адамды құрады)

Какова была общая численность старшего жуза в конце XIX века? (в конце ХІХ веке они составлял около 700 тыс. человек)

10 мин


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы екі әлеуметтік топтан – «ақ сүйектер» мен «қара сүйектерден» тұрды. Олардың экономикалық

жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері  жағынан да айырмашылығы болды.Ақсүйек қауымын Шыңғысхан ұрпақтары құрады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ – ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, төрелер мен Мұхаммед пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана жатты.  Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа – қара сүйекке жатқызылды. Олардың қатарында билер, ру басылары, ақсақалдар, батырлар, дін басылары және қарапайым халық бар. Қарапайым халық қатарына - шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала тұрғындары, ұсақ саудагерлер, т.б. кірді.

 Ақсүйектер — Аристократ сөзінің қазақы мағынада айтылуы. Ақсүйек деген арғы атасынан қаракөктің тұқымы дегенді білдіреді. Қазақта Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған

Төрелер. Шежіре бойынша қазақ халқының «асыл текті» болып саналатын бөлігі төрелерден (Шыңғыс ханның ұрпағы) және қожалардан тұрады және үш жүзге енбейді. Қожалар кейбір жорамал бойынша, Мұхаммед пайғамбардың ең жақын серіктері, төрт әулие халифтің (Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли) оның Мухаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қызы Фатимадан туған балаларынан басқа) ұрпақтары деп саналатын адамдарға берілген.

Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.

Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:

Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.

Байлар-Қазақ қоғамында мүліктік жағдай бойынша жіктелу орын алды.Мал мен мүлікке ие болған ықпалды, дәулетті адам бай деп аталды. Ең бай адамдар ондаған үй, жүздеген түйе, мыңдаған қой мен жылқыны иеленді. Бірақ олар ерекше тапты құраған жоқ. Тек беделін анықтады.

Батырлар- (парсы тілінен аударғанда бәһадур — ержүрек, батыл, батыр) — әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан.

Көшпелі халықтарда бүкіл өмірі соғыста өтетін, соғыс ісі атадан балаға жалғасқан негізгі кәсібі болған, мемлекет билікті қолына ұстаған қоғамдық топ — әскери ақсүйектер болды.

Ақсақал — ауыл-аймақтың жасы егде тартқан құрметті адамы. Өзінің өмірлік тәлім-тәжірибесін, халықтық игі дәстүрлер мен салт-сананы үйретуші, үлгі-өнеге көрсетуші. Әрқашан аталы сөз айтып, туыстықты, бірлікті, елдікті сақтау жолындағы уағызшы. Ақсақал тек отбасының емес, барша ауылдың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығына басшылық жасап, ізгі ықпалын тигізеді.Ақсақал айтқан аталы сөз ешқашан аяққа басылмаған.

Қарапайым халық-қазақтардың ру тайпалық жүйесі қатардағы көшпелі адамдарды біріктірді. Олардың арқайсысы құқықтары бар ерікті адам болды. Ол мұраға қалдыруға, куәгер болуға жиындарға қатысуға және т.б құқықтарды иеленді. Қарапайым адамдыайыпсыз өлтіруге болмайтын еді. Алайда жекетұлға бостандығын қорғау ру мүшелерінің ынтымақтастығымен ғана қамтамассыз етілді. Өлтірілегн адамның туыстарында кек алу ал тоналғанны барымта жасау құқығы болды.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың ең төменгі дәрежесінде құқықсыз құлдар тұрды. Ешқандай құқықтарға ие болмаған құлдар өзбетімен сотқа бара алмаған сондықтан, оның мүддесін иесі қорғаған. Құл мен күң – ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ қоғамында жиі кездесетін әлеуметтік топ болған. Құлдар өз иелерінің толық меншігі болып саналған, ең ауыр, жеткілікті түрде маманданбаған кезкелген жұмысты жасаған. Құл сату, оларды сыйлыққа, құнға, жасауға қосып беру қазақта кең тараған. Мәселен қазақтарда құда түсу қалыңмалсыз және жасаусыз өтпейтін. Қалыңмал – малдан құралды. Ірі феодалдар, хандар мен сұлтандар қалыңмалмен, жасаумен бірге құл немесе күң беретін [1].Бұл дәстүр ХІХ ғасырдың аяғына дейін сақталды құлдар мен күңдер жасаумен бірге қыздың меншігі болып есептелетін. Олар сол қызға қызмет ететін. Сондай-ақ ат жарысында құлдарды бәйгіге тіккен. Иелері құлдарды жазалай да, өлтіре де алатын. Бұл үшін иелері ешқандай жауапқа тартылмайды. Сонымен бірге өлген адам үшін құн төлегенде айыпты адам малмен бірге құлды немесе күңді қоса берген.

Сұрақтарға жауап беру:

  • Қазақ хандығы дәуірінде қазақ қоғамы қандай екі негізгі топқа бөлінді?

  • Шыңғыс хан ұрпақтары сұлтандардың құқықтары туралы әңгімелеңдер. Сұлтан құқығы оның мүліктік жағдайына байланысты болды ма?

  • Қазақ даласында сотты кім жүргізді? Әскерді кім басқарды? Бітім жасасу кезінде кім бітістіруші болды?

  • Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    8 ұстаз жүктеп алған
    1 ақпан
    1452
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі