Материалдар / ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ХАндар тарихы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
342
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ НЕГІЗІ

– Өкінішке қарай, нақты деректің болмауынан ғалымдар әр түрлі болжамдарды алға тартып жүр. Мысалы, 1990 жылдары «Қазақ тарихы» журналының ұйытқы болуымен қазақ хандығының құрылған жылын анықтау жөнінде мәселе көтерілген болатын. Міне, осыған байланысты тарихшы ғалымдар әр түрлі пікір білдіріп, Қазақ хандығының құрылған жылын дәлелдеуге тырысты. Айталық, тарихшылар Қазақ хандығы 1428 жылы, 1445 жылы, 1456 жылы, 1490 жылдардың соңында құрылды деген болжамдар жасады. Тіпті, кейбір тарихшы ғалымдар Керей мен Жәнібек хандар ХVІ ғасырдың 30-40 жылдары жеке отау болып шықты деген пікірлерін алға тартты. Мен, осы жылдардың әрқайсына жеке-жеке тоқталып, жоғарыда аталған жылдарды «неге ғылыми орта қабылдамады» деген сұраққа жауап іздедім. Мысалы, Қазақ хандығы 1428 жылы құрылды деген көзқарасты менің өмірден өткен ұстазым Әбдікәрім Қасенов айтқан болатын. Оның қолында нақты дерек болмағандықтан қисынға сүйене отырып, өзінің тұжырымдамасын жариялаған-ды. Яғни, ол Ақорданың ханы Барақ хан қайтыс болғаннан кейін «оның ұлы неге хан болмасқа» деген пікірде болып отыр. Әбдікәрім Қасеновтың тұжырымы қисынды болғанымен оны біз нақты дерек ретінде пайдалана алмаймыз. Иә, әкесі өмірден өткеннен кейін оның баласы мұрагер ретінде хан болуы заңды құбылыс. Алайда, ғалым бұл оқиғаның дерекке ілінбей қалуына Жәнібек хан кінәлі емес деген пікір айтқан болатын.

Ал, енді Қазақ хандығы 1445 жылы құрылды деген дерекке тоқталып өтсем. Аталған жылы Алтын орданың ханы Ұлық Мұхамед Қазанға қашып барып, Қазан хандығының негізін қалаған болатын. Ұлық Мұхамедпен қатар Ноғай ордасында1598 жылы қайтыс болған Ораз Мұхамед деген би болған. Кейбір тарихшылар аталған екі тұлға бір адам деп «Орманбет би өлгенкүн,он сан ноғайбүлінгенкүн»деген ауыз әдебиеттегі деректі алып, қазақтар осы кезде жеке бөлініп шықты деп жүр. Алайда,Қазақ хандығы 1445 жылы құрылды деген тұжырым ғылыми ортадан қолдау таппады. Содан кейін 100 жылдай бойы Қазақ хандығы құрылған жыл деп айтылып келген 1456 жылды талдадым. Өйткені, қазақ хандығы дәл осы жылы құрылды деген деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхамеджан Тынышбаев сынды алаштың мүйізі қарағайдай азаматтары айтып кеткен болатын. Алайда, мен тарихшылардың бұл тұжырымдарына күмән келтіре отырып, өзімнің дәйегімді алға тарттым. Айталық, қазақ хандығы туралы деректерді ең алғашқы парсы тілінен орыс тіліне аударған Вельяминов-Зернов болатын. Міне, осы шығыстанушы ғалым аударма жасағанда қателескен деп есептеймін.Себебі, ғалым «Ол кезде Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан басқарған болатын»деген сөзді алдына жақша ашып 860-1456 жыл деп жазып кетеді. Шынында да, 1450 жылдары Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан басқарған. Дегенмен,1856 жылы Ресейде жарық көрген көп томдық әскерилерэнциклопедиясында «Қазақтар» атты көлемді ғылыми мақала жарияланады. Аталған мақалада жоғарыдағы жақша алынып тасталып «1456 жылы Әбілқайыр ханнан Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кетіп, жеке отау тікті» деп жазылған. Кейін осы дерекке сүйене отырып, тарихшылар 1456 жылды Қазақ хандығының құрылған жылы деп көрсете бастайды. Өкінішке қарай, бұл дерек өткен ғасырдың 50 жылдарына дейін ғылыми ортада тарихшылардың бірден бір пайдаланатын дерегіне айналады.

Сондай-ақ, ғылыми ортада 1456 жылы Қазақ хандығы құрылған деген деректі ең алғаш өзгерткен шығыстанушы Семенов болды. Оның айтуынша, Керей мен Жәнібек ханның ордадан бөлініп кетуі үлкен маңызды оқиға емес. Сондықтан, ол нағыз хандықтың құрылуы Орда Ежендік әулеттің Дешті Қыпшақ жерінен Шибан әулетін қуып шығарғаннан кейін орнады деп есептеді. Ал, Дешті Қыпшақ жерінен Шибан әулетінің өкілі Мұхамед Шайбани хан 1490 жылдың соңында қуылып кеткен болатын. Тіпті, өзіміздің тарихшымыз Ибрагимовтың айтуынша Қазақ хандығы ХVІ ғасырдың 30-40 жылдары құрылған. Өкінішке қарай, нақты деректі болмауы салдарынан ғалымдар әр түрлі жылдарды қазақ хандығының құрылған жылы деп есептеп отыр. Алайда, осы деректердің бәрінің нүктесін қойып, өзінің нұсқасын дәлелдеген менің ұстазым Клавдия Пищулина болатын. Ол барлық болжамдарды зерттей келе М.Х.Дулатидың жазып қалдырған деректерді негіз етіп алды. Ал, Дулати «қазақ сұлтандарының билік ете бастауы Һижраның 8-70 жылдары басталады» деп жазады. Бұл біздің жыл санауымыз бойынша 1465-66 жылдарды көрсетеді. Менің ойымша қазіргі таңдаКлавдия Антоновнаның пікірі үстем болып отыр. Өйткені, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл осы дерекке сүйене отырып, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы шешімге келді.

Негізі, Қазақ хандығы болсын немесе қазақтан шыққан игі жақсылардың туған және өмірден өткен жылдары туралы нақты бір тоқтамға келе алмай отырмыз. Мәселен, кейбір тарихшылар Абылай ханның 1711 жылы, ал екінші бір азаматтар 1773 жылы дүниеге келгені туралы айтады. Тарихшылар нақты бір тоқтамғанеге келе алмай отыр...

– Біздің тарихымыздың басым бөлігі деректі халық ауыз әдебиетіне сүйене отырып алады. Өкінішке қарай, жазба деректер аз, тіпті ол болған күннің өзінде жойылып, өртеліп кеткен болуы мүмкін. Өйткені, қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласы бірнеше рет жаудың қолына түскен болатын. Ал,кезкелген жаулап алушы ел сол елді бағындыру үшін оның тарихын бұзуға әрекет жасайды. Нақтырақ айтсақ, мұрағатты өзімен алып кетеді немесе өртеп жібереді. Біздің елімізде осындай жағдайға тап болғаны белгілі. Сондықтан да, біз жазба деректер аз болғаннан кейін ауыз әдебиетінде көрсетілген деректерге сүйенеміз. Ал, ауыз әдебиетінде мезгіл, мекен сияқты категориялар айтыла бермейді. Сол себептітарихшылар Абылай ханның туған жылын Бұқар жыраудың артында қалған жырларына қарап айтамыз. Сондай-ақ, орыс зерттеушілерінің деректеріне сүйене отырып, нақты бір тоқтамға келеміз.

Керей ханнан Кенесары ханға дейін Қазақ хандығын 22 хан басқарған екен. Осылардың әрқайсына жеке-жеке тоқталып, олардың тарихта қалдырған іс-әрекеттеріне баға беріңізші...

– Егер қазақтың алғашқы ханы Керей, ал соңғы ханы Кенесары хан деп есептесек, онда қазақты 22 емес, 100-ге жуық хан басқарған болып шығады. Себебі, олардың ішінде белгілі бір ру өздеріне хан көтеріп алған ондаған хан болды. Осы конференцияға Керей ханнан Тәуке ханға дейін Қазақтың 17 ханы туралы арнайы ғылыми танымдық кітап алып келдім. Мәселен, Керей мен Жәнібек хандар қазақ хандығының құрылуына атсалысса, ал Бұрындық пен Қасым хандар аталған хандықты күшейтуге үлес қосты. Одан кейін қазақ хандығының әлсіреуі кезеңінде елді Мамаш хан, Тахир хан, Бұйдаш хан, Тоғым хан, Ахмет ханбасқарған. Өкінішке қарай,орталық билік әлсіреген кезде соңғы аты аталған үш хан әр жүздің ханы ретінде жеке-дара билік құрады. Бір қызығы, Тоғым хан мен Ахмет хан1537 жылдары болған соғыста бір мезгілде қайтыс болады. Ал, Бұйдаш хан қырғыздардың арасына кетуге мәжбүр болып, кедейшілікте қайтыс болды деген дерек бар. Ал, қазақ хандығының қайта өрлеу дәуірі Хақназар хан 40 жыл тақта отырған тұста болды. Сондай-ақ, Хақназар ханнан кейін билік басына жас кезінде мықты қолбасшы болған Шығай хан келеді. Сондықтан да,ол қартайған шағында екі жылдай қазақтың ханы болып, елді басқарады.

Шығай ханнан кейін оның баласы Тәуекел хан билік басына келеді. Тәуекел хан қазақ халқының этникалық территориясын біріктіруге күш салды және оны сәтті аяқтады. Әйтсе де,Тәуекел ханның ізгі ісін заңдастырған Есім хан болатын. Өкінішке қарай, ол Ташкент билеушісі ТұрсынМұхаммед хан қарсыласып, ақыр аяғында оныТұрсынМұхаммед хан елден кетіреді. Содан не керек,Есім хан 7 жылға жуық Шығыс Түркістан аймағын мекен етіп, кейін ол Тұрсын ханмен қайта татуласады. Алайда, бұл антты Тұрсын хан 1626 жылы бұзғаннан кейін Есім хан оны қан майданда өлтіреді. Есім ханнан кейін оның ұлы Жәнібек хан, содан кейін Жәнібек ханның інісі Салқам Жәңгір қазақ хандығын басқарады. Салқам Жәңгір1652 жылы жоңғарлармен болған соғыста қаза табады. Одан кейін 28 жыл бойы қазақ хандығында белгісіз кезең болды. Кейбір тарихшылар аталған жылдары Батырдың хан болғанын айтып жүр. Алайда, 1680 жылдан 1715 жылға дейін Тәуке хан билік құрып, билердің деңгейін көтергені анық. Өкінішке қарай,Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ хандығы қайта әлсірей бастайды. Өйткені, Қайып ханның билігін исі қазақ мойындамады. Одан кейін орта жүзді Болат хан, Сәмеке хан, Әбілмәмбет хан, Абылай хан басқарды. Ал, кіші жүздің ханы бұл кезде Әбілқайыр хан, ал Ұлы жүздің ханы Жолбарыс хан болатын. Жалпы, тарихшылар қазақ хандығын екі кезеңге бөліп қарайды. Оның біріншісі бір орталықтан басқарылған кезең деп аталса, ал екінші кезең бытыраңқы кезеңі.

Өзіңіз де жақсы білесіз, қазақ хандарының ішінде атын қарапайым халық біле бермейтін хандар көп. Мәселен, Момыш хан, Тайыр хан, Бұйдаш хан, Тоғым хан, Ахмет хан, Шығай хан, Батыр хан, Қайып хан, Болат хан сынды. Аталған хандардың ел назарынан тыс, елеусіз болып қалуының себебі неде?

– Егер де қандайда бір хан артында айшықты іс қалдыра білсе, оның есімі ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ұмытылмас еді. Өкінішке қарай, қазақ хандарының барлығы бірдей тегеурінді болды дей алмаймыз. Мәселен, Тоғым хан, Бұйдаш хан, Ахмет хан, Тахир хан, Мамаш хан сынды хандар тарихтан елеусіз болып өтті. Есесіне, оларға дейінгі немесе олардан кейінгі хандар өзінің ерлігімен тарихтан ойып орын алды.

Қазақ халқы Абылай ханның көреген саясаткер екенін айтып, төбесіне көтереді. Алайда, Абылайдан кейін Қазақ хандығы әлсіреп, қиын жағдайға тап болды ғой. Осы ретте Абылай хан ұлы хан бола тұра артында мықты мұрагер неге тастап кете алмаған деген сұрақ туындайды?

– Абылай хан даңқты хан бола тұра, артында неге мықты мұрагер тастап кете алмады деген сөз қате түсінік. Өйткені, Абылай хан ең алғашқы жылдары тек қана орта жүздің сұлтаны болды. Себебі, ол кезде Әбілмәмбет орта жүздің ханы болатын. Ал, Жетісу қазақтары жоңғарға тәуелді болса, ал кіші жүз Ресейдің боданы болып жатқан тұғын. Сондықтан да, Абылай хан Әбілмәмбет хан өмірден өткеннен кейін 1771 жылы таққа отырады. Ал, бұл кезде Қазақ жеріне Ресейдің ықпалы күшейіп, жағдайымыз ауырлай бастаған болатын. Сол себепті Абылай ханда исі қазақтың басын біріктіретін мүмкіндік те, уақытта болмады. Егер Абылай хан болып 25-30 жылдай билік құрған кезде іс жүзінде қазақтың басын біріктерген боларма еді. Оның үстіне Ресей Абылай ханды 7-8 жылдай хан деп мойындамай, тек 1778 жылы ғана оны ресми түрде хан деп таниды. Ал, бұл кезде кіші жүздің басым бөлігі Ресейдің бодандығына бой ұсынған болатын. Өкінішке қарай, Абылай ханның мұрагері болып саналатын Уәли хан көп сұлтандардың бірі болып қалды.

Егер Абылайханның мұрагері Уәли сұлтан емес, Кенесары хан болғанда, қазақ хандығы тәуелсіздігін сақтап қаларма еді?

– Менің ойымша, Абылай ханнан кейін билікке мұрагер ретінде тікелей Кенесары келсе, онда ол Уәлихан сияқты сылбыр саясат жүргізбес еді. Өйткені, Кенесары мүмкіндігінше қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалып, дербес мемлекет болуға ұмтылар еді. Алайда, сол кездегі халықаралық жағдайға қарасаңыз, Ұлыбритания Үндістанды жаулап алып, Ауғанстанға басып кіріп жатқан болатын. Осыны біліп, көріп отырған патшалы Ресей қазақ жерін басып өтіп, ағылшындарды Орта Азияға кіргізбеуге әрекет етер еді. Бір қызығы, 1820 жылы ағылшындар Ауғанстаннан тас-талқан болып жеңілді. Әйтсе де, осындай кең масштапта қарасаңыз, қолында садақ пен найзадан басқа қаруы жоқ қазақтардың от қаруға қарсы тұруы екіталай болатын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!