Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ халқының қалыптасуы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ халқының қалыптасуы
Жоспар
1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. Қазақ халқының шығу тегіндегі антропологиялық және этникалық жақтары.
3. Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы.
Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран тілдес болғандығы айтылады.
Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі.
Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері “Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп көрсетеді.
Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн.
Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д. III-I мың жылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. II ғасырдың бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.
Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды.
Б.з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 – XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.
Қыпшақ хандығы (XI – XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды, “Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда болды.
Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың (қарақытай- лардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. XIII ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдейді.
Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол – шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.
XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстан- ның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа – рулары бар. Кіші жүздің мекені – Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, төлеу, рамадан). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.
Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV ғғ. көпте- ген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды.
XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.
Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық торабы болды, мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда- ғы үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады.
XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді.
“Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс.
XV ғас. 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр хандығын Жетісудің Шу мен Талас өзененің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың бұл жерге қоныс аударуының себебі: Әбілхайырдың қол астында қанаушылардың күшеюі болса, екіншісі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру. Ол кезде жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462) бұл қазақтарды Әбілхайырға қарс пайдаану үшін қарсы алып, қоныс берді. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді».
Қазақстанның алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-73 ж.) одан кейін Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ хандығының шекарасы кеңейді.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады.
Негізгі әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. Очерктер. 123-148-бб.
2. Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1-бөлім, 5-6 тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
4. Шежіре: қазақтың ру тайпалық құрлымы. А. 1991
5. Шәкәрім. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991.
Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген қандас-туыс ру-тайпаларының өзара экономикалық,мәдени және саяси қарым-қатынастары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектері нәтижесінде дүниеге келген тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылу тарихы оқушылардың білімдік сапасын арттырады. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман-тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
2.Дамытушылығы: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ барысында көрнекі құралдар пайдаланылып,пікір сайыстар ұйымдастырып отыру қажет.
3.Тәрбиелігі: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу,өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек-Керей портреттері, түрлі кестелер,карточкалар.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ (пікірсайыс,баяндама)
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу.
б) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?
ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы өмір сүрген.Олар жер және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты.Оған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтарыда қазақ жеріне шабуылдар жасап жағдай мүлде нашарлады.1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді.Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетеді.Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолыга алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген.Ал Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін мойындамады.Сұлтандардың алдарына қойған басты мақсаты өздерінің жеке ұлттық мемлекетін құру еді.Міне,Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы елдегі саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болды.
2.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?
Біртұтас ұлттық мемлекеттің құрылуының басты бір белгісі оның халқының этникалық құрамы бірыңғай болуы тиіс.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі,ділі,діні,әдет ғұрпы,салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет.Хандықтар арасындағы талас тартысқа ру-тайпалар қарсы болып,елде наразылық туа бастайды.Олар өзара бірігіп,ел болуды көздеген жағдайлар жиі-жиі көрініс табады.Оны Әбілқайыр хандығындағы саяси бытыраңқылыққа қарсы болған ру-тайпалардың Жәнібек пен Керей сұлтандарға бірігіп, Жетісу аумағына ауып кеткен жағдайдане анық байқауға болады.Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы (қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын, қоңырат, үйсін, дулат, жалайыр, албан, суан т.б.) басты үш аймаққа шоғырланды.Олар Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағы, Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағында орналасты.Көрсетілген ру-тайпаларды ХҮ ғ. өмір сүрген Фазлаллах Ибн Рузбихан қазақтар,олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған.Аталған аймақтағы негізгі үш этникалық топ қазақ халқын құрады.
3.Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары жөнінде әңгімеле.
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті.Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас тартыстар тоқтамады.Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін (хандығын) құрудың негізіг себептері мен алғышарттары еді.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың жоспары:
а) Керей мен Жәнібек сұлтандырдың Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.
б) Қазақ хандығының аумағы мен халқы.
в) Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.
Отан тарихын игеру барысында оқушының тарихи танымын арттырып,отаншылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа тақырыптың маңызы зор.
1.Қазақ хандығының шаңырақ көтерудің негізін қалаушылар кімдер?
Осы жайында әңгімеле.
1-оқушы. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді.ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде,өз мақсаттарына шебер пайдаланды.Сөйтіп Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды.Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталықжәне Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне,Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.
Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей,Жәнібек сұлтандарды құшақ жайа қарсы алады.Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып,Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп,1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
2. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағы жөнінде не айтасыңдар?
2-оқушы. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша Қозыбасы мен Шу аймағы еді.Бұл аумақ Жетісудың батысы,Қозыбасы тауы,атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін.ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген.Әбілқайыр ханығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хндығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ.Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.
3.Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды.
3-оқушы. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға,Қараталдан Сырдарияға,Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ,жазық даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшақ,найман,керей,маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды.Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі,ділі,наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті.Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына,оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты.Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік – мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.
4.Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатиқан елдермен қарым-қатынасы туралы не білесіңдер?
4-оқушы. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жайа қарсы алды?ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқада аудандарын мазалай бастағңан ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.
Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты.Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады.Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын,қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасаауға бет бұрғандығын байқатады.Қырғыздар мен қазақ ханы Тақырдың кезінде достық қарым-қатынас нығайды.
Міне,жаңа құрылған Қазақ хандығының алғашқы
кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастарының
дамуы осындай дәрежеде еді.
5.Жаңа құрылған
хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды?Елді кім
басқарды?
5-оқушы.Жаңадан құрылған ҚАзақ хандығының тағына Шыңғысқанның ұрпағы болғандықтан,Керей,Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқылы болды.Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша,хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар,жасының үлкендігі де ескерілген.Сондықтан хан тағына Керей отырып,билік тізгінін қолға алады.Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел бласы, Керей хан болса Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы,яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырды. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып, ойдағыдай жүргізген.
6.Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?
6-оқушы. ХҮ ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, Орда тіккен Жетісу жеріне 200 мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:
1)Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;
2)Шығыс және батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;
3)Қазақ тайпаларының басын қосып, Қазақтың этникалық аумағын біріктіру.
7.ХҮ ғ. соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?
7-оқушы.ХҮ ғ. аяғында – ХҮІ ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саясим өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер – Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Астрахань хандықтары тарих сахнасынан орын алды.ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандары Сырдария бойымен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлде қайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп, қосылып жатты. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті-қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарға жол бермеді.
8. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіңдер?
8-оқушы. Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды.Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат,еркін елге айналды.
ІҮ. Бекіту сұрақтары.
а) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?
ә) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?
б) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?
в) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?
г) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды.Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.
Сұрақтары: 1. Қазақ хандығына енген рулардың бірі. (Жалайыр). 2. Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр). 3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі (Асан қайғы). 4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу). 5. Қазақ хандарымен 30жыл соғсықан Орта Азиялық билеуші (Шайбани). 6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей). 7. Қазақтың қаласы (Түркістан).
Тест алу. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылуы тақырыбын қалай меңгергенін тексеру.
Ү. Қорытындылау.
Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнеібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіз идеясы мен оын жеңісті жолдары дәлел бола алады.Қазақ хандығының қалыптасу, даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ішкі сыртқы саясатымен, парламентаризм жүйесімен ұштастырса, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың жүзеге асары сөзсіз.
ҮІ. Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. 35-36 параграфты оқып келу.
Қазақ хандығының құрылуы мәселесіне жаңа
көзқарас
Қазақ хандығының құрылған уақытына
байланысты пікірлер, оларды
талдау Қазақ хандығының құрылуы мәселесіне жаңа
көзқарас XIV – XV ғғ. Дешті Қыпшақ аумағындағы
этноүдерістер. XVI ғ. 20-30 жж. қазақ халқының
қасіреті.
Қазақ хандығының құрылуы – ортағасырлық Қазақстан
тарихындағы ұлттық сипаттағы мемлекет пен этносты тарих төріне
шығарған аса маңызды оқиғалардың бірі. Соған қарамастан мәселемен
айналысқан зерттеушілер хандықтың құрылуын өте тар көлемде
қарастырып, оны бір оқиғамен және бір уақытпен шектеп
көрсетеді. Ал бұл мәселемен терең айналысқан Т.И. Сұлтанов
осыған байланысты мынадай тұжырым айтқан болатын: «... Қазақ
хандығының құрылуы бір оқиғамен жүзеге асқан жоқ, ол сипаты жағынан
күрделі, уақыты жағынан ұзаққа созылған көп астарлы процесс болды,
атап айтсақ, саяси процестер этникалық процестермен қатар дамып,
бір-бірімен астасып жатты» [1, 238 б.].
Біз өз кезегінде зерттеушінің пікірін қостай отыра, Қазақ
хандығының құрылу барысы 10 жылдан астам уақытқа созылып, бірнеше
кезеңнен тұрған деп санаймыз. Бөлініп кету – хандықтың құрылуындағы
алғашқы және маңызды қадам болса, Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан
кейін көп ұзамай Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығының
билігінің толық және түпкілікті орнауы - хандықтың
құрылуының аяқталғанын көрсетеді.
Бірінші кезеңге – Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлініп,
Моғолстанның батысындағы Шу өңіріне келуі және Керейдің хан болып
сайлануы жатады. Хронологиялық тұрғыдан алғанда бірінші кезең –
1457 жылдың күзінің соңыне қысының басы мен 1458 жылдың
көктемі аралығын қамтиды.
Тарихи әдебиеттерде Сығанақ қаласының түбіндегі Көке Кесене деген
жерде Әбілқайыр хан мен қалмақ билеушісі Үз Темір тайшы арасындағы
ұрыстың 1457 жылы өткендігі толық анықталған [2, 17 б.; 3, 65-66
бб.; 1, 230 б. Шайқастың салдары Әбілқайыр хан үшін ауыр болғаны
белгілі. Қалмақтардан жеңілу, шибанилық әулеттің белсенді өкілдері,
әрі «көшпелі өзбектердің» әскер басылары - Бахтияр сұлтан мен Ахмед
сұлтанның ұрыста қаза табуы, ханның Сығанақ қаласына тығылуы,
қалмақтардың жергілікті өңірдегі тұрғындары емін-еркін
тонаушылққа ұшыратуы - Әбілқайыр ханның жеке басының беделін күрт
төмендетеді. Шибанилық деректердің көпшілігі Әбілқайыр ханның үш
жасар немересі Махмуд сұлтанның қалмақтарға аманат ретінде
берілгендігі жөнінде ештеңе айтпаса, тек «Тарих-и гузида –йи нусрат
намеде» ғана хан немересін қалмақтарға тұтқынға түсті деп баяндайды
[2, 17 б.].
Б.А. Ахмедов бұл жағдайды, яғни хан немересінің аманатқа берілуін
Әбілқайыр ханның қалмақ тайпасының жоғарғы билігін мойындауымен
түсіндіреді [3, 67 б.]. Біздің ойымызша Б.А. Ахмедовтың бұл пікірі
асыра айтылған пікір. Егер шынымен де жағдай Б.А. Ахмедов айтқандай
болса, онда ол туралы деректер шайбанилық шығармаларда айтылмаса
да, жағдайдың барлығын жіті бақылап отырған темірлік деректерде,
әсіресе Абдарразак Самаркандиде айтылған болар еді. Ол туралы
шағатайлық шығармаларда да ешқандай мәлімет жоқ. Соған қарағанда
Әбілқайыр хан Үз Темір тайшының саяси билігін емес, оған белгілі
бір көлемде салықтар мен төлемдерді жыл сайын төлеп тұруға
міндетттенген секілді. Ал соның кепілдігіне үш жасар немересі
берілген. Жеті жылдан кейін Махмуд сұлтан өз еліне үлкен құрметпен
қайтарылады [2, 17 б.]. Жалпы алғанда, 1457 жылғы шайқас -
Әбілқайыр хандығындағы барлық қайшылықтардың бетін ашады, «көшпелі
өзбектер» мемлекетінің саяси тарихында бір кезеңнің аяқталып,
келесі кезеңнің яғни, күйреу кезеңінің басталғандығын көрсетеді.
Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған ордаежендік тайпалардың бір
бөлігінің бөлініп кетуі – соған дәлел бола алады.
Хандықтың құрылу барысындағы алғашқы және өте маңызды оқиға –
бөлініп кету болғандықтан бірден соған ауысайық.
Үз Темір тайшы бастаған қалмақтар жорығы 1457 жылдың жаз айларында
болғандықтан, Әбілқайр хан секілді Керей, Жәнібек және ордаежендік
басқа да сұлтандар өздерінің қол астындағы ру-тайпаларымен бірге
сол тұста күндерін жайлауда өткізіп жатқан. Дерек мәліметтерінде
баяндалғандай, Әбілқайр хан қалмақтар жорығы туралы хабардың
растығына көз жеткізгеннен кейін, жарлық шығарып, Бахтияр сұлтан
мен Ахмед сұлтандарды әскердің басшысы етіп бекітеді. Кухистани Көк
Кесене түбіне аттанған шайбанилық сұлтандар мен шибанилық ру-тайпа
басшыларының тізімін көрсетеді, бірақ онда ордаежендік әулет
өкілдері мен ордаежендік әулетті қолдайтын тайпа атаулары
кездеспейді [4, 168 б.].
Шайқастың нәтижесінен хабардар болған ордаежендік әулеттің
басшылары Әбілқайыр тарапынан болатын қарсы әрекеттерді алдын-ала
сезген. Мұхаммед Хайдар Дулатыи бір дерегінде «Жошы әулетінің
кейбір сұлтандары одан келер бір пәлені сезіп, оны болдырмауға
тырысты», - десе, келесі бір дерегінде «Жошы ұрпағының сұлтандары
жорық жасап, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашты»,- деп жазады.
[5, 348 б.; 6, 305 б.; 110 б.]. Көріп отырғанымыздай, Әбілқайыр хан
өзін қолдамағандарға қарсы жазалау шараларын жүргізген. Керей мен
Жәнібек Әбілқайыр ханға қарсы топтың жетекшілері болғандықтан
ханның негізгі соққы бағыттары өздері мен ұлыстарына бағытталғанын
көре біліп, оны болдырмаудың жолы деп Моғолстанға кетуді
ұйғарған.
Егерде Керей мен Жәнібек аздаған адамдармен кетсе, онда олар жылдың
қай мезгілі болғанына қарамастан көшкен болар еді. Олардың соңында
ордаежендік ру-тайпалардың бір бөлігі болуы себепті олар жылдың қай
мезгілінде болса да ауа көшіп кете алмайтын еді. Көшпелі мал
шаруашылығы ол тайпалардың негізгі шаруашылық түрі болғандықтан,
олар тек жайлаудан қайтар кезде ғана көтеріле көшіп, бұрынғы
дәстүрлі қысқы тұрақтарына емес, Моғолстанға бет алған. 1996 жылы
Қазақстанға белгілі археолог М. Елеуұлының Шу, Талас өңірлеріндегі
ел аузынан жинаған тарихи аңыз-әңгімелерінің бір тобы ҚазМУ
Хабаршысының тарих сериясында жарық көрді [7, 6-12 бб.]. Сол тарихи
аңыз-әңгімелер арасында Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты
екі дерек кездеседі. Бірінші аңыз «Сырдың бойынан тышқан жылы қара
күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек
сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға кетіпті», - деп басталса, келесі бір
аңызда «Қара күзде Сырдан қопарыла көшкен қалың елді Керей мен
жәнібек сұлтандар Мойынқұмға бастап кетіпті», - делінеді [7, 7-8
бб.]. М. Елеуұлы бұл аңыздардың бірін 1924 жылы туылған Шәуенов
Жүзімқұл деген ақсақалдан 1976 жылы тамыз айында жазып алғанын, ал
келесі аңызды 1899 жылы туылған Назарқұлов Жүнжұма деген ақсақалдан
алғанын айтады [7, 7-8 бб.]. Бұл жерде екі аңыздың мазмұнында
«Тарих-и Рашидидегі» Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлініп
кетуі жөніндегі дерекке ұқсастығы бар. Ұқсамайытын жеріне көшіп
кетудің «тышқан жылы және қара күзде, қыс түсе» деген уақытты
көрсетуі жатады. 1457 жылдың қай жылға жататынын білу үшін
деректерге назар аударып көрелік. Кухистани да, Махмуд бен Уәли де
Әбілқайыр ханның қайтыс болған жылын «874 (1469-70) жылы тышқан
жылы» деп жазады. [4, 171 б.; 8, 361 б.]. 1469-70 жылға дейінгі
тышқан жылына 1457-58 жылдың жататынына ешкім күмән туғызбас болса
керек. Олай болса, аңыздағы тышқан жылы жазба деректегі тарихи
оқиғалардың уақытымен сәйкес келеді.
Ал «қара күз», «қыс түсе» деген сөз тіркесі қараша-желтоқсан
айларын білдіретінін ескере отыра, бұл мезгілдің күзеу, күзеуден
қыстауға ауысатын мезгіл екенін білеміз. Олай болса, аңыздағы
мезгілді көрсететін мәліметті дұрыс деуге болады.
Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымызды түйіндей келе, Керей мен
Жәнібек бастаған ру-тайпалар Сығанақ түбіндегі шайқастан кейін
Әбілқайыр ханның қаһарынан қорқып, сол жылдың күз айының соңында
дәстүрлі қыстауларына бармай, Шу өзенінінң бойына келеді. Мұхаммед
Хайдар Дулати «Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып,
қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алқабындағы
Қозыбасыны берді», - деп айтады [6, 110 б.]. Ал Махмуд бен Уәли бұл
өңірді берудің себебін былайша түсіндіреді: «Сол кездерде
Моғолстанда Шағатай хан ұрпақтарынан Уәйіс ханның ұлы Есенбұға хан
билік жүргізіп тұрды. Сол тұста Әмір Темір курэканның ұлы
Мираншахтың, оның ұлы Сұлтан-Мұхаммед мырзаның ұлы Әбу Сайд мырза
Ирактан Жүніс ханды шақыртып, оған көмек пен жәрдем береді де,
інісіне қарсы жібереді. Сол себепті Есенбұға хан билігінің негізіне
сызат түсіп, соған байаланысты бұл хан Жәнібек хан мен Керей
хандардың келуін адамдар [үшін] қайырымдылық пен ізгіліктің көзі
деп санады. Ханзадалардың келуіне құрмет көрсетіліп, келісім
берілгеннен кейін, хан оларға Моғолстанның батыс өңірін берді. Ол
өңір Есебұға ханның [иелігі] мен Жүніс ханның иктасы арасында
болды. Бұл өңір Шу және Қозыбасы деген [атаумен] белгілі болатын»
[8, 352 б.]. Қозыбасы – Тарғаптың қарсы бетіндегі Қордайда
орналасқан тау жайлауы [9, 265 б.]. Енді осы географиялық атауларды
карта бойынша анықтасақ, онда Керей мен Жәнібектің Есенбұға ханнан
алған аймағының шекарасы – Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауы
мен Шудың төменгі ағысы бойындағы алқаптар арқылы, батысы – Талас
өзенінен, шығыста Іле өзеніне дейінгі, ал оңтүстікте – Іле
Алатауының солтүстік тау жоталары мен қыраттары арқылы өткен. Бұл
аймақ – Есенбұға хан үшін біріншіден, оның Моғолстанның Жетісу
жағындағы иеліктерін Андижан маңындағы Жетікент деген жерді иелікке
алған Жүніс хан тарапынан болатын жорықтардан қорғап тұрса,
екіншіден, дәл сондай міндетті Әбілқайыр хан тарапынан болар
жорықтарға байланысты атқарып тұрды. Жүніс ханның Моғолстан
аймағына жақын келуіне байланысты билігінің іргесі сөгіле бастаған
Есенбұға хан жоғарыда айтылған аймақты Керей мен Жәнібеке беру
арқылы өзіне сенімді одақтас табады да, өмірінің соңына дейін тақ
билігіне ағасын жолатпайды. Махмуд бен Уәлидің мынадай мәлімет
осыны дәледейді: «Есенбұға ханның тірі кезінде [оған] жоғарыда
айтылған хандардың (Керей мен Жәнібекті айтып отыр – Б.К.) көмегі
мен тірегі арқасында Жүніс хан тәкәпарлықпен аяғын үзеңгіге сала
алмады» [8, 353 б.]. Басқаша айтқанда бұл дерек мәліметі Жүніс
ханның Моғолстанда Есенбұға ханның тірі кезінде хан бола алмағанын
көрестеді. Мұхаммед Хайдар Дулати өз еңбегінің бір жерінде былай
дейды: «Сұлтан Жүніс хан екінші рет Мырза Сұлтан Әбу Сайдта
Моғолстанға келгенде, мұндағы әмірлердің барлығы тағы да хан маңына
жиналды. Хан Моғолстанда біраз тұрды. Жетікентте тұрақтап қалды.
Бірақ Есенбұға ханға тиеселі иеліктерге кіруге батылы бармайды» [6,
113 б.]. Осылайша, 1457 жылдың соңында Керей мен Жәнібектің
Моғолстанның батыс жағындағы Шу өңіріне келіп қоныс тебуі
арқасында, Есенбұға хан ағасы Жүніс ханға қарсы өзіне сенімді
одақтас табады да, 1461/62 жылы қайтыс болғанға дейін оның иелігіне
ешқандай қауіп бола қоймайды.
Енді Керей мен Жәнібекке қайта оралайық.
Біз бұған дейінгі тараушаларымызда Керей мен Жәнібектің Шу бойына
келуі – 1457 жылдың күзінің соңында, ал келгендер саны шамамен 100
мыңдай адам болған деп айтқанбыз. М. Елеуұлының жариялаған
аңыздарының бірінде келуді «қара күзде» болған десе, ал екіншісінде
«қыс түсе» деп көрсетеді. Деректердегі мәліметтердің баяндалуын
хронологиялық тұрғыдан қарастырсақ, мынадай жәйттерді аңғарамыз.
Керей мен Жәнібек бастаған ру-тайпалардың Шу өңіріне қоныстануы,
Керейдің хан болғандығы, Есенбұға ханның иелігіне Жүніс ханның
аяғын аттап баса алмағандғы, Есенбұға хан қайтыс болғаннан кейін
қазақ билеушілері мен Жүніс хан арасында жақсы қатынастардың
қалыптасуындағы жөнінде айтылады [8, 352-353 бб.]. Соған қарағанда
Керейдің хан болып сайлануы Шу бойынан көшіп келгеннен кейін және
Есенбұға хан қайтыс болғанға дейін жүзеге асқан. Жазба деректер ол
жөнінде нақты айтпаса, М. Елеуұлының аңызында оған қатысты былай
делінеді: «Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елмен
ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға
(Ұланбаелден Хан тауына дейінгі аралық сөз болып отыр – М.Е.)
жетіпті. Құмды қыстап шыққан қалың ел көктемде Тұлпарсазда Керейді
ақ киізге көтеріп, хан сайлап өздерін «қазақ» деп атапты» [7, 7
б.]. Аңыздың мәліметіне сүйенсек, Керейдің хан болып сайлануы -1458
жылдың көктем айларының бірінде, мүмкін наурыз айында жүзеге асқан.
Хан сайлау процесі аса маңызды болғандықтан, әсіресе жаңа әулеттің
алғашқы ханын сайлау сол елдің өміріндегі ерекше маңызды оқиға
болып саналатындықтан, оған билеуші әулет өкілдері ерекше мән
беретіндігі өз-өзінен түсінікті. Хан сайлау жинына билеуші әулет
өкілдерінен басқа дін басылары, ру-тайпа көсемдері, мен батырлары
және басқа әлеуметтік топ өкілдері қатысады. Қазақ қоғамында хан
сайлау дәстүрі ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталып, ол жөнінде орыс
авторларының еңбектерінде баяндалады. А.И. Левшинның жазуы бойынша
хан сайлау үшін алдын-ала оның уақыты мен өткізілетін жері
белгіленеді, әртүрлі «жеке кеңесулер» өткізіліп, хан сайлауға әрбір
топтың өкілдері анықталады, негізгі үміткер анықталғаннан кейін
жалпы жиында ол ақ киізге отырғызылып, сұлтандар мен ру-тайпа
көсемдерінің қолдауына ие болып, үш рет киізбен жоғары көтеріледі.
[10, 126-127 бб.]. Бұл дәстүрді Керейді хан көтргенде қолданды
деуге болады.
Ал енді Керейді хан көтерген мезгілге келетін болсақ, біздің ойымыз
жоғарыда айтып өткен аңыздағы уақытқа сай келеді. Керей мен Жәнібек
бастаған ордаежендік ру-тайпалар үшін 1457 жылдың соңында ең басты
мәселе қыстау, қыста жайлатын орындарын таңдау, оларды белгілеу,
елді қоныстандыру және т.б. шаруашылық мәселелер болған. Ал көктем
шыға алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, жас жағынан Жәнібекке
қарағанда үлкендеу Керей хандық билікке отырғызылады. Керейдің хан
болып сайлануымен Қазақ хандығының құрылу барысындағы бірінші
кезеңді аяқталды деуге болады.
Осылайша, тарих мінбелеріне көтерілген Қазақ хандығын сол кездер
үшін толыққанды, дербес хандық деуге толық болмайды. Өйткені,
дербес хандық деу үшін оның нақты территориясы мен халқы, билеуші
әулеті мен ханы, басқару әкімшілігі мен құрылымы, өзіндік
жүргізетін дербес саясаты және мемлекетке қажетті тағы басқа
шарттары қажет болатын. Керейдің хан сайлануымен мемлекет үшін ең
басты шарттардың бірі орындалады, яғни жаңа хандық – Қазақ хандығы
дүниеге келеді. Ортағасырларда хан - тек жоғарғы билікті иеленген
адам ғана емес, сонымен бірге мемлекетттің символы болып
есептелген. Жазба деректерден хан болмаған жағдайда елдің тарап,
халықтың басқа хандарға көшіп кететін мысалдарын кездестіруге
болады.
Осылайша, Керейдің 1458 жылдың көктем айларының бірінде хан болып
сайлануымен Қазақ хандығының құрылуы барысындағы алғашқы кезең
аяқталды. Осы кезең ішіндегі оқиғалардың тарихи маңызын атап
өтер болсақ, біріншіден, Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр
ханнан бөлініп кетуі – олардың Қазақ хандығын құрудағы алғашқы
қадамы болды және Әбілқайыр хандығының тарихындағы күйреу кезеңінің
тереңдегенін көрсеіп берді. Екіншіден, Шу өңіріне келіп қоныс
тепкен ордаежендік тайпалар жаңа этникалық атауға – «өзбек-қазақ»
атауына ие болды. Бұл дегеніміз этникалық процестің жаңа, ұлттық
сипатқа ие болғандығын көрсетеді. Үшіншіден, хандық билікті қалпына
келтіріп, Керейдің хан сайлануы – ұлттық сипаттағы мемлекеттік
құрылымды дүниеге алып келгендігін көрсетіп береді.
Сөйтіп, таза ұлттық негізде құрылған Қазақ хандығы толыққанды
мемлекет мәртебесіне ие болуы үшін әлі де болса өзінің қалыптасуы
барысында бірнеше сатыны бастан өткеруі қажет болды.
Шарты түрде екінші сатыға – 1458 жылдың көктем айларынан – 1461/62
жылға дейінгі, яғни Есенбұға хан қайтыс болғанға дейінгі аралық
жатады.
Осы аралықта Қазақ хандығының қалыптасуы барысындағы маңызды
оқиғаларға мыналарды жатқызамыз. Біріншіден, Моғолстанның батыс
жағында мемлекет құрып алған ордаежендік тайпаларға Әбілқайыр ханға
наразы немесе оған қарсы шыққандар бірте-бірте Керей мен Жәнібек
хандарға келіп, қосыла бастайды.
Екінші маңызды оқиға – Жүніс ханға қатысты оқиғалар жатады. 1457
жылдың қазан айында Әбу Сайд мырзаның қолдауымен Моғолстанның
іргесіне келген Жүніс ханның бірінші болып Ыстықкөл маңындағы
құнжы, бекжак тайпаларының әмірі Керімберді, әмір Қажы Пір, әмір
Ибрагим секілді басшылары мойындайды. Жүніс хан тайпа әмірлерімен
жақындасу үшін осы жылдың соңында Әмір Қажы Пірдің қызы Исан Даулет
бегімге үйленеді [6, 113 б.]. 1458 жылдың күзіне дейін Жүніс ханның
маңайына біршама моғол тайпалары жиналады. Ыстықкөл тайпаларын
өзіне қаратқаннан кейін Жүніс ханның алдында екі бағыт тұрды, бірі
– Жетісу аймағындағы тайпаларға билігін орнату арқылы бүкіл
Моғолстан тағы үшін күресу болса, екіншісіне – бірден Моғол ханы
Есенбұға ханға қарсы аттанып, тақты күрес арқылы тартып алу жатты.
Бірақта Жетісудағы тайпаларды өзіне қарату үшін оған Жетісудың
батыс өңіріндегі Қазақ хандығы тосқауыл жасап тұрғандықтан, Жүніс
хан бірінші жолдан бас тартып, екінші жолды таңдайды. Осы жерде
Есенбұға хан есебінің өте дұрыс шыққандығын айтып өтпесе болмайды.
Керей мен Жәнібек хандарға Жетісудың батысын беру арқылы ол бүкіл
Жетісу аумағындағы тайпаларға Жүніс ханның ықпалын болдырмау
жоспарын жасады. Қазақ хандығымен күресуден бас тартқан Жүніс хан
1458 жылдың жаз айының соңы – күз айларының басында
Моғолстанның Шығыс Түркістан жағындағы Қашқарға көзін тігеді.
Бұл кезде Есенбұға хан Моғолстанның шығыс жағындағы Жұлдыз
жайлауында болатын. Жүніс ханның Қашқарға аттанғанын естіген
Есенбұға хан тез арада Қашқар маңына келеді. Ағасы мен інісі
арасындағы шайқас Қашқардың Ақсу жанындағы Хансалар деген жерде
өтіп, өте қиындықпен Есенбұға хан мен әмір Сайд Әлі жеңіске жетеді
(Мұхаммед Хайдар Дулатидың үшінші атасы –Б.К). Жүніс хан қашуға
мәжбүр болады, бірақ әйелі жаңа туған үлкен қызы Михр Нигар ханым
және қызыметшілері тұтқынға түседі.
Жүніс ханның Исан Дәулет бегімге 1457 жылдың соңында үйленгенін,
олардың тұңғыштары Михр Нигар ханымның емшекте болғанын ескеріп,
Хансалар ұрысы 1458 жылдың тамыз-қыркүйек айларында өтті дейміз.
Осы шайқасқа қатысқан Дулатидың арғы атасы әмір Сайд Әлі 862 (1457
ж. қараша -1458ж. қараша) жылы, яғни, 1458 жылдың
қазан-қараша айларының бірінде қайтыс болады [6, 113-114 бб.].
Сөйтіп, Жүніс ханның Моғолстан тағын иеленуге бағытталған алғашқы
әрекеті сәтсіздікке ұшырайды. Есенбұға ханның өз тағын сақтап
қалуына Қазақ хандығы да өз септігін тигізеді. Қазақ хандығы Махмуд
бен Уәлидің жазғанындай «Есенбұға ханның иелігі мен Жүніс ханның
иктасы аралығында орналасып», Жүніс ханға бүкіл Жетісу тайпаларының
қосылуына кедергі жасайды.
«Тарих - и-Рашиди» авторының осы мәліметі Жетісудың батыс жағында
құрылған Қазақ хандығының елеулі саяси күшке айналғанын көрсетеді.
Сөйтіп, Қазақ хандығы сол жылдары Моғолстанның ішкі саяси
өміріндегі оқиғаларға тікелей араласпаса да, саяси күш ретінде
ондағы билік үшін күресуші топтар арасында танылады, Қазақ хандығын
олар мойындауға мәжбүр болады. Бұл – біздің ойымызша, Қазақ
хандығының құрылуы барысының екінші сатысындағы ең басты жетістігі
болып табылады.
Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі үшінші сатыға 1461/62-1469/70
жылдар аралығы жатады. 1461/62 жылы моғол ханы Есенбұғаның қайтыс
болуымен және оның мұрагері Досмұхаммедтің хан тағына келуімен
Моғолстанның ішкі саяси өмірінде күрделі өзгерістер жүреді де, ол
өзгерістер Қазақ хандығына да ықпал етеді.
«Есенбұға хан ажалы жетіп дүниеден озған соң, орнына ұлы Дос
Мұхаммед хан патша тағына отырады. Оның жасы он жетіде болатын. Ол
парасатты адамдар қатарына жатпайтын, көптеген істері ақылға
қонбайтын еді, оның үстіне бір сәт болса да мастықтан есін жинаған
емес. [Мисра]:
Жүретұғын жері лас, отыратын тағы лас,
Ақылды жан аулақ жүр, жынды бүгін тағы мас!»,- деп Мұхаммед Хайдар
Дулати оның жеке басына осындай сипаттама сөздерді қосып жазады [6,
115-116 бб.]. Мемлекетті басқару ісіндегі негізгі принциптердің
еленбеуі, жас ханның ішкі саясатында белгілі бір мақсаттың,
жүйеліліктің болмауы Моғолстанның Шығыс Түркістан жақ бөлігіндегі
әмірлер арасында жіктер мен алауыздықтарды туғызады. Жоғарыда айтып
өткеніміздей, «Тарих-и Рашиди» авторының арғы атасы Әмір Сайд Әлі
862(1457-1458) жылы қайтыс болғаннан кейін, артында қалған екі
ұлдың үлкені – Сансыз мырза моғолдардың саясаты бойынша әкесінің
орнына әмір болады да, Жаркентті өзіне орда етеді. Ал кіші ұлы –
Мұхаммед Хайдар мырзаға жомарттықпен Қашқар мен Ианги Хисарды
береді [6, 115 б.]. Сансыз мырзаның шешесі шорас тайпасынан, ал
Мұхаммед Хайдар мырзаның анасы – Жүніс ханның әпкесі Ұрун сұлтан
ханым да, әйелі – Есенбұға ханның қызы Даулет Нигар ханым болды [6,
115 б.].
Әмір Сайд Әлінің тұсында Шығыс Түркістандағы моғол тайпалары
арасында алауыздық жоқ болатын, ал бар болса байқалмайтын. Әмір
Сайд Әлі көп ұзамай Есенбұға хан қайтыс болғаннан кейін, Дос
Мұхаммедтің билігі басталысымен тайпа басшылары арасында жік пайда
болып, ол кеңейе түседі. Дулатидың жазуына қарағанда, Мұхаммед
Хайдар мырза күйеу баласы болғандықтан, Есенбұға ханмен жақсы
байланыс орнатты, ал ол болса дүние салғаннан кейін Дос Мұхаммед
ханмен жақсы болды, ал Сансыз мырза Жүніс ханды қолдауға мәжбүр
болды [142, 115 б.]. Сол себепті ағайынды екі мырзаның арасында
араздық пайда болды. 863 (1464-1465) жылы Сансыз мырза аңда жүріп
аттан құлап, жарақат алады да, көп ұзамай қайтыс болады. Осы
кезде ешбір себепсізден Дос Мұхаммед хан әскерімен Жаркентке
аттанып, Сансыз мырзаның әйелі мен үлкен ұлы Әбу Бәкірді өзімен
бірге ала кетеді. Қашқарға да аттанып, қаланы тонауға ұшыратады да,
өз астанасы Ақсуға қайтып оралады. Ханның бұл ісіне Мұхамед Хайдар
мырза қатты ренжіп, ол енді Жүніс хан жағына шығады [6, 115-117
бб.]. Осылайша, Моғолстанның Ыстықкөл жанындағы Жүніс ханның күші
молая түседі. Ал Дос мұхаммед ханның жоғарыда айтып өткеніміздей,
өзінің қоластындағы қалаларға әскерімен барып, оларды тонауға
ұшыратуын түсініп білу өте қиын. Ханның мұндай саясаты оның
абырой-атағы мен беделін төмендетіп, жақтастарын азайтады,
қарсыластарын көбейтеді.
Жетісудағы Қазақ хандығы үшін осы жылдар бір жағынан саяси күш
ретінде күшею, көршілерге танылу жылдары болса, екінші жағынан
алғанда, алғашқы тарихи сындарға төтеп беру жылдары болып саналады.
Әбілқайыр ханға наразы болған жекеленген ру-тайпалардың Қазақ
хандығына келіп қосылуы осы жылдары да жалғаса береді.
Осылайша, «көшпелі өзбектер» ханның көз алдында кеше ғана одан
бөлініп кеткен қарсыластары Керей мен Жәнібек Әбілқайыр ханнан
бөлініп кетушілер есебінен әрі көбейе, әрі күшейе түседі. Басқаша
айтқанда, Әбілқайыр ханның ұзақ жылдар бойы соғыстар арқылы күшпен
қалыптастырған мемлекетінің іргесі оның көз алдында сөгіле
бастайды. Ол мемлекеттің күйреу процесін тоқтатудың бірден-бір
дұрыс жолы деп Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығын жоюды
қажет деп тауып, өмірінің соңғы жылы өзінің соңғы жорығын
жүргізеді.
Әбілқайыр ханның бұл жорығының «көшпелі өзбектер» елінің тарихында,
Қазақ хандығының құрылуы тарихында алатын орны маңызы болғандықтан,
ол мәселе арнайы қарастыруды қажет етеді. Жорықтың барысына
кіріспес бұрын, алдымен жорық қарсаңындағы Шығыс Дешті Қыпшақ,
Моғолстан және Темір әулеті мемлекеттерінің саяси дамуындағы
маңызды оқиғаларға талдау жасап, олардың жорыққа жалпы қатысын
анықталық. Әсіресе, 1469 жылғы Моғолстандағы ішкі саяси жағдайдың
барысы – жорықтың себептері мен мақсатын анықтауға мүмкіндіктер
береді.
Жалпы алғанда, Әбілқайыр ханның Моғолстанға жорық жасауының себебі
түсінікті. Өзіне бағынбаған Керей мен Жәнібек сұлтандарды және
олардың соңына ерген ру-тайпаларды Жетісуға қоныстануға рұхсат
берген моғол ханы Әбілқайырдың жауы, әрі қарсыласы болғаны белгілі.
Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп келгеннен кейін, бірден оларға
қарсы Әбілқайыр хан бірнеше себептерге байланысты жорық жасай
алмайды. Бірінші себепке – 1457 жылғы қалмақтардан жеңілуіне және
ордаежендік тайпалардың бір бөлігінің бөлініп кетуіне байланысты
күшінің әлсіреуі жатса, Керей мен Жәнібек сұлтандарға жорық жасау –
Моғолстанға қарсы соғыс ашуды білдіргендіктен, күші әлсіреген
Әбілқайыр хан оны уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болады. Бұл -
Әбілқайыр ханның Керей мен Жәнібеккке қарсы бірден жорық
жасамағандығынының екінші себебіне жатады.
Ал 10 жылдан астам уақыт бойы Әбілқайыр ханға наразы болған
ру-тайпалардың Қазақ хандығына қосылу процесінің жүруі
«көшпелі өзбектер» елі ханын жорық жасауға итермелейді. Әлі де
болса күш ала қоймаған Жетісудағы Қазақ хандығын талқандау арқылы
ол негізгі қарсыласын жоюды және өзіне бағынышты тайпалардың бөліну
процесін тоқтатуды мақсат етеді. Бірақта Моғолстан ханының қол
астындағы аймаққа жорық жасауға жүрегі дауаламаған секілді.
1469 жылдың бірінші жартысында Темір әулеті мемлекеті мен
Моғолстанда қалыптасқан саяси жағдай Әбілқайыр ханға жорық жасауға
мүмкіндік береді. Біз бұған дейін темірлік әулеттің өкілі Әбу Сайд
мырзаның 1451 жылы жаз айында Әбілқайыр ханның тікелей әскери
көмегі арқасында Самархан тағына ие болғанын айтқанбыз. 1458 жылдың
соңында ол Герат қаласын алып, Мауереннахр мен Хорасанды қайта
біріктіреді. Иранға толық үстемдік орнатуға оған Иранның
батысындағы Қарақойлы әулетінің мемлекеті (1410-1467) кедергі
жасайды. 1459 жылы Әбу Сайд мырза қарақойлылар билеушісі Жаһан
Шахпен бейбіт келісім жасайды. 1467 жылы Қарақойлы мемлекеті
құлап, орнына Батыс Иранда Аққойлы мемлекеті құрылады. Бұрынғы
Қарақойлы мемлекетінің астанасы Тебриз қаласы Аққойлылардың
астанасына айналады. Аққойлы мемлекетінің күшеюіне жол бермеу үшін
Әбу Сайд мырза 100 мыңдық әсерімен Ұзын Хасанға қарсы аттанады.
1469 жылдың қысын Муган қаласында өткізген хорасандық әскер бүкіл
аткөліктерінен айырылады, әскер аштыққа ұшырайды. Ұзын Хасан әскері
Әбу Сайд мырза әскерін қоршауға алып, ақыры жеңіліске ұшыратады.
Қолға түскен Әбу Сайд мырза өлтіріледі [11, 353-354 бб.; 12,
236-237 бб.; 13, 230-231 бб.].
Темірлік мырзаның өлімі Хорасан мен Мауереннахрдағы саяси
тұрақтылықты саяси бытыраңқылыққа айналдырады. Ең алдымен Әбу Сайд
мырзаның басты қарсыласы Хұсайын Байқара бас көтереді. Ол 1460
жылдан бері Әбілқайыр ханның қолдауына сүйеніп, бірнеше рет Хорезм
аймағына өз билігін орнатқан болатын. Бірақта Самархан билеушісінің
тықсыруымен ол Дешті Қыпшаққа қашуға мәжбүр болған еді [3, 144-145
бб.]. Б.А. Ахмедов Абдраззақ Самарканди мен Хондемирдің
мәліметтеріне сүйеніп, оның Әбу Сайд мырзаның қаза табар қарсаңында
Әбілқайыр хан Ордасында болғандығын айтады [3, 145 б.]. Соған
қарағанда Әбу Сайд мырзаның 1469 жылдың қыс айларының соңы –
көктемінің басында өлтірілгені туралы хабар Дешті Қыпшаққа сол
жылдың көктем айында белгілі болған. Өте тез қимылдаған Хұсайн
Байқара әуелі Хорезмді, кейін Гератты алады. Осы жылдардағы Хорасан
мен Мауереннахрдағы оқиғаларды А. Мюллер былай деп баяндап
түсіндіреді: «Темірлік мырзаларға бірлік деген ұғым өте жат
болатын, Әбу Сайд мырзаның артында қалған он бір ұлы жағдайды өте
қатты қиындатты. Одан басқа мырзаның өлімі Хұсайын Байқараның
Хорасанға қарсы жорыққа аттануына мүмкіндік берді. Әртүрлі
қақтығыстардан кейін онымен және Әбу Сайд мырза ұлдары арасында тіл
табысылады. Әбу Сайдтың ұлдарының төртеуі – үлкені Ахмед мырза
Самарқан мен Бұқарада, үшінші ұлы – Махмуд мырза – Бадахшанда,
төртінші ұлы – Омаршейх мырза – Ферғанада, ең кіші ұлдарының бірі –
Ұлықбек мырза – Кабул мен Ғазия аймақтарында өз биліктерін сақтап
қалады. Ал қалған аймақтардың бәрінде Хорасан, Саджестан, Балх,
Хорезмде Хұсайын Байқараның билігі онайды [6, 117 б.].
Сөйтіп, Әбілқайыр ханның соңғы жорығы қарсаңында Темір әулеті
мемлекетіндегі саяси жағдай күрт өзгеріп, империя бірнеше дербес
иеліктерге бөлініп кетеді. Бұл өз кезегінде Әбілқайыр ханның
Моғолстан жаққа жорық жасауына жол ашқандай әсер етеді.
Әбілқайыр ханның Моғолстан жаққа қарай жорықты бастауына түрткі
болған оқиғаға – 1469 жылы моғол ханы Дос Мұхаммедтің
кенеттен қайтыс болуы жатты. Мұхаммед Хайдар Дулати оның қайтыс
болған жылын былай деп түсіндіреді: «Дос Мұхамед мырзаның өкпесіне
суық тиіп, алтыншы күні көз жұмады. Ол жиырма төрт жаста еді. Жеті
жыл патшалық етті 873(1468-1469) жылы қайтыс болды» [6, 16 б.].
Қазіргі біздің жыл санауымыз бойынша хижраның 873 жылы – 1468
жылдың 22 шілдесі мен 1469 жылдың 11 шілдесі аралығына сәйкес
келеді [14, 16 б.].
Деректегі «мырзаның өкпесіне суық тиді» деген дерекке қарағанда,
Дос Мұхаммед хан 1469 жылдың қыс айының соңында немесе көктемнің
басында қайтыс болған секілді. Бірақта бұл туралы хабар Әбілқайыр
ханға кеш жеткен деп есептейміз. Өйткені Әбілқайыр хан жорыққа шығу
туралы шешімді жайлауда жүргенде қабылдайды. Біздің ойымызша,
егерде моғол ханының қайтыс болғандығы жөніндегі ақпарды ол Сыр
бойындағы қыстауда естіген болса, онда Шығыс Дешті Қыпшақтың
солтүстік жағына жайлауға көшпеген болар еді.
Дос Мұхаммед ханның қайтыс болуы Моғолстанның Шығыс Түркістан
жағындағы ішкі саяси өмірді біршама шиеленістірді. «Тарих-и
Рашидиде» ол туралы: «Бұдан соң ел бір-бірімен тартысып, берекелері
кетті»,- делінеді [6, 117 б.]. Ондағы әмірлердің бір тобы Жүніс
ханды қолдаса, екінші бір тобы Дос мұхаммед ханның ұлы Кебек Сұлтан
оғланды алып, Турфан жаққа кетеді [142, 117 б.].
Осындағы, Моғолстандағы саяси жағдайдан хабардар болған Әбілқайр
хан өзінің негізгі мақсатын жүзеге асыруға уақыттың жеткенін біліп,
бірден жорыққа дайындалады.
Сөйтіп, 1469 жылдың басынан бергі Мауереннахр мен Моғолстандағы
саяси жағдайлар Әбілқайыр ханға 1457 жылға дейінгі мемлекетінің
қуаты мен өзінің беделін қалпына келтіруіне қолайлы жағдайлар
қалыптастырады. Мауереннахрда үш дербес иелік пайда болып,
бір-бірімен алауыз болып жатқанда олар Әбілқайыр ханның қайта
күшеюіне тосқауыл қоя алмас еді. Моғолстанның оңтүстігіндегі
әмірлер арасындағы бірліктің болмауы, Жүніс ханның әлі де болса
Ақсудағы билікке отыра қоймауы да Әбілқайыр ханнның Жетісудағы
Қазақ хандығын талқандап, ол аймақты өз мемлекетіне қосып алуына
ешқандай кедергі жасай алмаған болар еді. Жалпы қорытып айтқанда,
Әбілқайыр ханның 1469 жылғы Моғолстан жаққа жорығы қарсаңындағы
бүкіл аймақтағы саяси жағдайлар ол үшін өте қолайлы болды. Мұндай
сәтті өз пайдасына шешу үшін «көшпелі өзбектер» елінің билеушісі
бірден жорыққа аттану туралы шешім қабылдайды.
«Көшпелі өзбектер» елі билеушісінің 1469 жылғы Моғолстанға жасалған
жорығы туралы зерттеу жұмыстары өте аз. Бұл жорықтың Қазақ
хандығының қалыптасуы кезеңінде, оның ішінде үшінші сатысында
алатын маңызы өте ерекше болғандықтан, оған тереңірек тоқталуды жөн
санап отырмыз.
Махмуд бен Уәли жорықтың нақты қай жылы және қай айда басталғанын
айтпаса да, оны жорық барысындағы кейбір оқиғалармен салыстырулар
арқылы анықтауға болады. Ханың қайтыс болған жылы мен айы –
874 жылғы қыстың алғашқы айы болса керек. Ол қазіргі жыл санау
бойынша – 1469 жылдың желтоқсанына сай келеді [144, 359-360 бб.].
Осыны ескере келе Әбілқайыр хан жорықты 1469 жылдың күзінің басында
бастаған деп санаймыз.
Махмуд бен Уәли Әбілқайр ханның жорыққа дайындығы туралы былай деп
баяндайды: «... Кенеттен ол (Әбілқайыр хан- Б.К) моғол
сұлтандарының билігіндегі Моғолстанның қалған жерлерін бағындыруды
ойластырып, әскер жинауға жарлық береді. Хан жорығына сәйкес барлық
ел мен ұлыстардағы басшылар айтылған уақытта өздерінің
ондықтарымен, жүздіктерімен және мыңдықтарымен Еділ бойындағы хан
ордасына келуі тиіс болды» [8, 358-359 бб.]. Махмуд бен Уәли
Әбілқайырдың жорыққа аттанған, әскерінің жиналған жері деп Еділ
өзенінің бойын өз дерегінде біршама атап өтеді [8, 359 б.]. Одан
ары жорықтың жүрген бағытына үңілсек, Әбілқайыр хан Еділ өзені
бойынан аттанып, Ала-Так маңынан өтеді де, Қызыл Надыр жайлауының
жолымен жүре отырып, бірнеше асулардан асады. Одан ары Жеті Құдық
деген жерге келіп тоқтайды [8, 359 б.]. Қызыл Надыр жайлауы Талас
өзенінің төменгі ағысында, қазіргі әкімшілк жүйе бойынша Оңтүстік
Қазақстан және Жамбыл облыстарының шекаралары түйіскен жерде болған
[4, 552 б.]. Көрсетілген географиялық атаулар бойынша Әбілқайыр
ханның жорық бағыттары: Еділ-Алатау-Қызыл Надыр- Жетіқұдық арқылы
жүрген болып шығады. Енді осы жорық бағытына карта бойынша көз
салсақ, Әбілқайыр хан мол әскерімен Еділ бойынан аттанып, Алатау
маңына жеткен, одан ары кейін оралып, Қызыл Надырға барған да,
қайтадан 180 градусқа бұрылып, Жетіқұдық деген жерге келіп
тыныстаған. Әрине, талай жорықтарды басынан өткерген және Шығыс
Дешті Қыпшақты бес саусағындай жақсы білетін «көшпелі өзбектер»
ханы қалың қолымен бұлайша жүрмеген. Біздің ойымызша, жорық
бағытындағы географиялық атауларды көрсетуде дерек авторы, не
болмаса деректі көшірушілер тарапынан қателіктерге жол берілген.
Егерде біз жорық басталғандығы географиялық атауларды дәл
анықтасақ, онда жорық бағыты анық айқындалады да, Әбілқайыр ханның
соңғы жорығының қайда және кімге қарсы бағытталғандығын нақты біле
аламыз. Олай болса, алдыменен жорықтың бағытындағы географиялық
атаулардың көрсетілуіне көңіл аударалық.
Ортағасырлық шығармалардың кезінде түпнұсқадан талай рет
көшірілгені белгілі. Осындай көшірулер барысында түпнұсқадағы
кейбір адам есімдері мен жер-су атаулары қате жазылуы мүмкін
екендігін деректану ғылымы мойындайды. Сондай-ақ араб әліппесімен
жазылған шығармаларды көшіруде «б», «т», «и» және т.б. әріптердің
үстіндегі немесе астындағы ноқаттары артық не кем болса, тіпті
көрсетілмеуі сөзді мүлде өзгеріске ұшыратады. Осыған орай, «Бахр
ал-асрар фи манакиб ал-ахиар» кітабының түпнұсқасын көшіру кезінде
көшірмешілер тарапынан жоғарыдағыдай қателер кеткен деп есептейміз.
Қателерге байланысты Әбілқайыр ханның жорық бағыты да қате
көрсетілген.
Алдыменен Әбілқайыр ханның жорықты бастаған жері – Еділ өзенінің
атауына тоқталалық. Еділ өзені – Дешті Қыпшақ аумағындағы ең
белгілі, ең танымал өзендердің бірі. Ортағасырлық деректерде бұл
өзен – Итил, Атил деген атаулармен кездеседі. Махмуд бен Уәли
еңбегінде Әбілқайыр ханның әскер жиған жері Еділ өзенінінң бойы деп
жазылса да, біз оны дұрыс деп есептей алмаймыз. «Бахр ал-асрар фи
манакиб ал-ахиардан» үзінді аударып, оған түсініктемелер жазған
К.А. Пищулина «Әбілқайыр әскерінің жиналған жері басқа бір өзеннің
жағасы болған, ол көшірушілер тарапынан өзгеріске ұшыраған» деп
есептейді [4, 552 б.]. Біз де ғалымның осы пікірін қостай отырып,
Әбілқайыр ханның Еділ өзені бойында әскер жиюы мүмкін еместігін
мынадай дәлелдермен келтіреміз.
Біріншіден, Ноғай бегі Оқастың тұсында оның Әбілқайыр ханмен
ордадағы достығы қатты көрініп, маңғыт тайпалары мен шибандық
тайпалар «көшпелі өзбектер» қауымдастығын құраса, Оқас би қайтыс
болғаннан кейін оның мұрагерлері Әбілқайыр ханнан ат құйрығын
кесісіп, маңғыт тайпаларынан бөлініп кетеді. Еділ мен Жайық аралары
маңғыттардың негізгі қонысы болып қалғандықтан, басқа бір мемлекет
басының өз елінің аумағында емес, көршілес елдің аумағында әскер
жиды дегеніне ешкім илана қоймайды.
Екіншіден, маңғыт билері Әбілқайыр ханға Еділ бойында әскер жинауға
мүмкіндік берді дегенің өзінде, Жетісу жеріне қарай жорыққа
аттанбақ болған Әбілқайыр ханның қолбасшылары өз әскерлерін Шығыс
Дешті Қыпшақтың әр ұлысынан Еділ бойына алып келген, одан кейін
қайтадан Жетісуға қарай аттанған дегенге ешкім сене
қоймайды.
Сонда Әбілқайыр хан Шығыс Дешті Қыпшақтың қай өзен бойында әскер
жинаған деген заңды сұрақ өз-өзінен туындайды. Біздің
ойымызша, ол өзен Шығыс Дешіт Қыпшақ аумағында болған, сондай-ақ ол
өзеннің айтылуында, не жазылуында Еділ сөзіне ұқсастығы болған.
Сонымен қатар ол өзен жергілікті жердегі кішкене өзендердің бірі
емес, Дешті Қыпшақ пен Мауереннахрға танымал Сырдария, Ертіс,
Жайық, Шу, Талас, Жем секілді өзендердің бірі.
Біздің ойымызша, Әбілқайыр хан әскерінің бас қосып, жиналған жері –
Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы Тобыл өзенінің жоғарғы және орта
ағысы бойы болған. Оған біздің бірнеше дәлеліміз бар. Бірінші,
Тобыл өңірі – XІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан бері Шибан әулетінің
иелігіндегі жер және осы өңірде 1428 жылы 17 жасар Әбілқайыр хан
тағына отырғызылған. Екінші, жорыққа дайындық жаз айларында
басталып, хан әскер жию туралы жарлығын Шығыс Дешті Қыпшақтың
солтүстігіндегі жайлаулардың бірінде жинаған. Жайлаудың негізінен
өзендерге жақын, өзендер маңында болатынын ескерсек, онда Шибан
Ұлысы аумағындағы үлкен өзеннің бірі – Тобыл өзені болғандықтан,
хан әскерінің бас қосар жері осы өзен бойы деп белгіленген. Үшінші,
Тобыл сөзі араб әріптермен жазылғанда, оның Еділ (Итыл, Атил)
сөзіне ауысу мүмкіндігі өте көп. Біздің ойымызша, түпнұсқадағы
Тобыл сөзін көшіру барысында көшірмелер астыңғы және үстінгі
ноқаттарды шатыстыру арқылы Итил сөзіне айналдырып жіберген.
Осылайша, жоғарыда айтылған дәлелдеулерімізді қорыта келе,
Әбілқайыр хан 1469 жылы жаз айында өзінің ежелден бергі ата-баба
иелігіндегі жайлауда болып, жорық жасау туралы шешімді осында
қабылдаған. Сондай-ақ осы өңірдегі Тобыл өзеніннің бойы әскерлердің
бас қосатын жері боп белгіленген. Сөйтіп, жорықтың бағытындағы
алғашқы географиялық нүкте – Тобыл өзені болған деп санаймыз.
Тобыл өзені бойынан Моғолстан бағытына қарай баратын жолдағы екінші
географиялық атау – Ала-Таг деп аталады. Біз бұл атауды Алатау
емес, Орталық Қазқастандағы Ұлытау деп қабылдаймыз. Араб
әріптеріндегі дауысты а,ә,ұ,ү, дыбыстары бір ғана
әріп, آ -
алифпен берілгендіктен «ала» сөзін «ұлы» деп оқимыз. Ал «таг»,
«так» сөзінің көне түрік тілінде «тау» деген мағанасын білдіретіні
көпке мәлім. Сонда дерек мәліметіндегі Ала-Так сөзі – Ұлытау сөзі
болып шығады. Шынында да, Тобыл бойынан Моғолстан жаққа апарар ең
қысқа және түзу жол Ұлытау арқылы өтеді. Осы анықталған екі
географиялық нүкте арқылы: Тобыл-Ұлытау бағыттарымен түзу
сызық жүргізсек, онда Әбілқайыр ханның жорығы Моғолстанның Жетісу
аймағының батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы бағытталғанын
байқаймыз.
Әбілқайыр ханның әскер жию туралы жарлығынан кейін, әскердің
жиылуы, оларды тексеру және соншама мол әскермен Тобыл-Ұлытау-Қызыл
Надыр арқылы жүру біршама уақытқа созылады. Хан әскерлері Қызыл
Надырдан Жетісуға қарай бірнеше асу жер жүріп, Жетіқұдық деген
жерге жеткенде күн суыта бастайды. Соған қарағанда, Әбілқайырдың
жорық жасау жөніндегі шешімі мен жарлығы жаздың соңында шығып
әскердің жиылуы мен аттаныс күз айларында болған. Махмуд бен
Уәлидің: «... осы мезгілде қалың қар түсіп, құйындата жаңбыр жауды
және күшті жел соғып, суық ең жоғарғы белгіге жетті».- деген дерегі
күздің соңы немесе қыс айының басталғанын көрсетеді [8, 359-360
бб.]. Одан әрі ол биылғы қыстың басқа жылдармен салыстырғанда
өте суық және қар аралас жаңбырлы болғанын айтып өтеді [8, 360
б.].
Суыққа қарамай Әбілқайыр хан жорықты жалғастырып, ұлдарының бірі
Көшкінші сұлтанды әмір Жұлдыз тархан, Хасанбек ойрат, Жәлел оғлан,
Сатылмас найман, Сейітбек қоңырат, Темір маджар, Тошбек Қыпшақ және
тағы да басқа әмірлермен бірге әскердің авангарды ретінде алға
жібереді. Аққышлақ деген жерге жеткен кезде суықтың күшейгені
соншалық, хан әскерін сақтау үшін жорықты тоқтатуға мәжбүр болады.
Осы кезде Әбілқайыр ханның өзі де суықтан қатты ауырып, емшілердің
қолданған еміне қарамастан Аққышлақ деген жерде қайтыс болады.
Махмуд бен Уәли оның өлген жылын «елу жеті жасында 874 (1469 шілде
– 1470 маусым) жылы, тышқан жылында»,- деп көрсетеді [8, 361 б.].
Дәл осы жылды өз еңбектерінде Кухистани, Ходжамкули бек Балхи да
айтып өтеді [4, 171 б.; 15, 393 б.]. Осылайша, Әбілқайыр ханның
соңғы жорығы өз мақсатына жетпей, ханның қайтыс болуымен аяқталады.
Сөйтіп, Қазақ хандығына төнген қауіп, өзінен-өзі
сейіледі.
Осы жылдардағы Қазақ хандығының ішкі саяси өміріндегі жағдайларды
баяндайтын дерек мәліметтер жоқ. Сондақтан да ол жөнінде пікір айту
қиын.
Енді хандықтың құрылу барысындағы 1461/62-1469/70 жылдардағы үшінші
кезең оқиғаларына қорытындылар жасалық.
Өзіміз шарты түрде бөліп отырған үшінші кезең маңызды болып
саналады. Біріншіден, осы жылдары Қазақ хандығына Әбілқайыр
хандығынан бөлінген ру-тайпалардың келіп қосылуы үзілмей жалғаса
береді. Бұл процесс хандықтағы адам санының арта түсуіне алып
келді.
Екіншіден, Есенбұға ханның мұрагері Дос Мұхаммед ханның билік
құрған жеті жылы ішінде 866(1461/62) – 873 (1468-1469) Моғолстанның
ішкі саяси жағдайы өте нашарлап кетеді. Ханның жүргізген саясатында
нақты бір принциптердің болмауы әмірлердің арасында жікті ұлғайтып
жібереді. Ал ол қайтыс болғаннан кейін әмірлер қарам-қарсы екі
топқа бөлінеді де, бірі – Ыстықкөл жақтағы Жүніс ханды қолдаса,
екінші біреулері – Дос Мұхаммед ханның жас ұлы арқылы өз үстемдігін
сақтап қалуды мақсат етеді. Мұндай жағдайда Моғолстанның Жетісу
жағындағы Қазақ хандығы бірте-бірте дербестене бастайды.
Үшіншіден, осы саты ішіндегі ең ірі оқиғаға - Әбілқайыр ханның
Қазақ хандығына қарсы бағытталған жорығы жатып, жорықтың мақсаты –
Моғолстандағы саяси жағдайды пайдалана отырып, Жетісудағы Қазақ
хандығын жою болғаны анықталды. Мауереннахрдағы саяси бытыраңқылық
та Әбілқайыр ханның жорық ұйымдастыруына қолайлы жағдайлар
жасайды.
Сөйтіп, осы үшінші кезеңде Қазақ хандығына басты қарсыласынан
төнген қауіп оның қайтыс болуына байланысты сейіліп, өзінің
қалыптасуы барысындағы соңғы кезеңіне аяқ басады.
Ал Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі соңғы, төртінші
кезеңге Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан қазақ билеушілерінің Шығыс
Дешті Қыпшақ аумағында билігі толық орныққанға дейінгі аралықты
жатқызамыз.
1470-ші жылдан бастап Қазақ хандығы Моғолстанның саяси
қамқорлығынан шығып, дербес, толыққанды мемлекет атануға мүмікіндік
алады. Шығыс Дешті Қыпшақ, Мауереннахр аумақтарында және
Моғолстанның Шығыс Түркістан аймағындағы саяси жағдайлар оған өте
қолайлы алғышарттар әзірлейді. Дос Мұхаммед ханның қайтыс болуынан
кейін моғол тағына ешбір қиындықсыз Жүніс хан отырады.
1470-ші жылдардың басында ол Моғолстан ханы боп мойындалса да,
моғол әмірлері арасындағы алауыздықтарды тоқтата алмайды.
Мауереннахр аймағында да Әбу Сайд мырзаның өлімінен кейін саяси
тұрақтылық саяси бытыраңқылыққа ауысып, мырзаның үш ұлы ондағы өз
иеліктерінде жеке-дара билік жүргізеді.
Ал Әбілқайыр ханның қайтыс болуынан кейін «көшпелі өзбектер»
еліндегі этносаяси ахуал мүлде шиеленісіп кетеді. Мұхаммед Хайдар
Дулатидың бірінші кітабындағы мәліметтен біз «көшпелі өзбектер»
еліндегі 1470-ші жылдардың басындағы ішкі саяси жағдайдың қалай
дамығанын байқаймыз. «Өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасып, араларында
үлкен келіспеушілік туды» деген мәлімет Әбілқайыр хан өлгеннен
кейін билеуші әулет өкілдері арасында хан тағын иеленуге байланысты
бірнеше топтың болып, олар арасында күрестер мен қақтығыстардың
жүргенін білдіреді. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме», «Фатх-наме»,
«Шайбани-наме», «Тарих-и Кипчаки», «Фирдаус ал-икбал», «Бахр
ал-асрар фи манакиб ал-ахиар», «Түрік шжіресі» секілді деректердің
мәліметтерінен біз Әбілқайыр ханнан кейін таққа Әбілқайырдың
ұлдарының бірі Шайх Хайдар мен шибанилық әулеттің өкілі, Арабшахтың
шөбересі – Иадгардың таласқанын көреміз [2, 19 б.; 16, 56 б.; 8,
359-360 бб.; 17, 126 б.]. Билікке таласушылардың шығу тегіне қарап
мұрагерлік мәселесіндегі екі дәстүрдің – монғолдық және түркілік
дәстүрлердің күресін көруге болады. Әбілқайыр ханның қаншы қызы
болғанын дерек мәліметтері айтпаса да, оның он бір ұлы
болғаны белгілі. Олар ханның төрт әйелінен және күңінен дүниеге
келеді. Бүркіт тайпасынан алған әйелінен – Шах Бұтақ-сұлтан мен
Қожа Мұхаммед, маңғыт әйелінен – Мұхаммед сұлтан мен Ахмед,
қоңыраттан алған әйелінен- Шайх Хайдар, Санжар, Шайх Ибрагим, 1451
жылы алған Ұлығбектің қызы Рабиға сұлтан бегімнен – Көшкінші мен
Сүйініш қожа, ал Ақ Бурук пен Сайд Баба аты ұлдар – күңнен туылады
[8, 354 б.]. Үлкен ұлы Шах-Бұтақтың әкесінің тірі кезінде қаза
тапқаны белгілі, ал Қожа Мұхаммед Әбілғазы жазғандай «ақылы кем
кісі болатын» [17, 128 б.]. Оқас бидің қайтыс болуынан кейін
шибанилық әулеттің маңғыт билерімен қарым-қатынасы нашарлап кетуіне
байланысты маңғыт әйелден туған Мұхаммед пен Ахмед Сұлтандардың
әулет өкілдерінің қолдамайтыны белгілі.
Рабиға Сұлтан Бегімнен дүниеге келген Көшкінші мен Сүйініш қожа
сұлтандар – 16-17 жаста болатын. Ал қоңырат әйелден туылған үш
ұлдың үлкені, Әбілқайыр ханның бесінші ұлы – Шайх Хайдарды Болаттың
Ибрагимінен өсіп-өнген жиырмадай сұлтан қолдайды. Ал шибанилық
Болаттың Арабшахынан тарайтын Иадгар сол кезде Болат әулетіндегі ең
жасы үлкені болғандықтан хандық билікті иеленуге ол да үміт артады.
Бұған дейінгі келтірілген «өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасты» деген
Дулати мәліметі осы екі үміткер арасында болған қақтығыстарды айтса
керек.
Арабшах ұрпағы Иадгар 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі Әбілқайыр ханның
қалмақтардан жеңілісінен кейін өз ұлысында хан болып сайланған еді
[18, 436 б.]. Оны билікке үлкен ұлы Буреке сұлтан мен маңғыт биі
Мұса отырғызады [18, 436 б.]. Сырдың төменгі ағысының бойындағы өз
ұлысында билік құрған Иадгар хан енді Әбілқайыр ханнан кейін
түркілік дәстүр бойынша Шығыс Дешті Қыпшақтағы шибанилық әулеттің
ең үлкені ретінде «көшпелі өзбектер» тағына отырмақ болады.
Бірақта Шайх Хайдар хан мен Иадгар хан арасындағы таластар ұзаққа
созылмайды. Иадгар ханның қандай жағдайда қайтыс болғанын деректер
айтпайды, бірден оның қайтыс болғандығын және оның орнын Шайх
Хайдар ханның иеленгенін баян етеді [16, 56 б.]. Дәл осыдан кейін
Иадгар ханның ұлы Буреке сұлтан бұған дейін Әбілқайыр хан мен
ұлдарына, шибан әулетіне адал қызмет етіп келсе, енді билеуші шибан
әулетіне ашық күреске шығады.
Иадгар ханның қайтыс болуынан кейін оның ұлысындағы биліктің Буреке
сұлтанға тимей, Шайх Хайдар ханның қолына өтуі үміткердің
қарсылығын туғызды. Сөйтіп, Болат әулетінің ішінде де жік пайда
болады. Осындай жағдайды пайдаланып, Қазақ хандығы тарапынан Шығыс
Дешті Қыпшақтағы шибан әулетінің билігін жою үшін алғашқы күрестер
басталады. «Тарих-и Кипчаки» авторы ол туралы былай деп мәлдімет
береді. «Бузург-хан [қайтыс] болғаннан кейін мемлекеттің басты
адамдары ханзадаларымен ұйғарыса келе Шайх Хайдарды билікке алып
келді. Ол жуастау және әлсіз адам болатын, басқару ісінде [өз
бетінше қадамдар] жасауға дәрменсіз еді. Сол себепті де Жәнібек
ханның ұрпақтарының бірі Бұ[рын]дық хан өз ұлысын біріктіріп,
Әбілқайыр ханның ұлдарына бас салды. Оларда қарсылық
[көрсететіндей] күш болмады, сол себепті жан-жаққа қашып кетті,
олар кейін қайтқаннан соң [бұлар] қайта жиналды» [15, 393
б.].
Бұл мәліметте автор Бұрындықты Жәнібектің ұрпағы және оны хан деп
қате жазғанына қарамастан, негізінен дерек Қазақ хандығының шибан
әулетіне қарсы күресінің басталғанын көрсетеді. Сөйтіп, Қазақ
хандығы он жылдан астам уақыт бойы Моғолстанның Жетісу аймағында
болып, енді қайтып оралу үшін қорғаныстан шабуылға шыға
бастайды.
Жетісудағы Қазақ хандығы болса осы жылдары бұрынғы Орда Ежен
ұлысының аумағына қайта келеді. Жоғарыда айтып өткен Бұрындықтың
жорығы осы аумақтағы шибанилық сұлтандардың үстемдігіне қарсы
бағытталып, оларды сол аумақтан кетуіне мәжбүрлеген. Бұрынғы
өңірлеріне қайта оралған қазақ билеушілері Шығыс Дешті Қыпшақтың
батыс, солтүстік-батыс өңіріндегі шибан Ұлысын толықтай жоюға
кіріседі. Т.И. Сұлтановтың көрсетуі бойынша Шайх Хайдар ханның
билігі өте қысқа болып, ол ұрыстардың бірінде қаза табады [19, 129
б.].
Осылайша, Шайх Хайдар ханның өлтірілуімен Шығыс Дешті Қыпшақ
аумағындағы шибани әулетінің билігі де күйрейді. Көптеген әмірлер
мен бектер жан-жаққа тарап кетсе, әулетке адал бір топ адам әулет
өкілдерін Астрахань хандығына апарып паналатады. Бірақ ол жақта да
ұзақ тұра алмай, қарсыластардың тықсыруымен қашып-пысып жүріп,
арқыры Сырдың орта ағысы бойындағы Түркістан аймағына келеді [8,
362-363 бб.]. Сөйтіп, Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы жалғыз саяси
күш – Қазақ хандығы болып санала бастайды. Белгілі зерттеуші Т.И.
Сұлтанов бұл жөнінде былай деп тұжырымын береді: «Өзбек Ұлысының
көп бөлігі билік Керей мен Жәнібектің және олардың жақтастарының
қолына өтті. Жазба дерек мәліметтерін терең талдау бұл тарихи
оқиғаның 875 (1470-1471) жылы болғандығын көрсетеді» [19, 129
б.].
Біз де осы тарихи тұжырыммен келісе отыра, Қазақ хандығының құрылу
кезеңіндегі соңғы саты аяқталды деп санаймыз. Қазақ хандығы енді
осы жылдан бастап Шығыс Дешті Қыпшақтағы жеке, дербес мемлекетке
айналады да, бүкіл аймақтағы саяси қарым-қатынастардың субъектісі
ретінде көріне бастайды.
Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін қорыта келе, Қазақ
хандығығының құрылуы бір оқиға барысында және бір мезгілде
қалыптасқан деген бұрынғы пікірлерден бас тартамыз да, хандықтың
құрылуы бір тарихи желідегі оқиғалар тізбегі нәтижесінде
қалыптасқан деген тұжырымды
ұсынамыз.
Әдебиеттер:
1. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан:
Летопись трехтысячилетий. – Алматы, 1992.
2. Таварих-и гузида-йи нусрат-наме. // Материалы по истории
Казахских ханств в XV – XVIII вв.(Извлечения из персидских и
тюркских сочинений) Составители: С.К.Ибрагимов, Н.Н.Мингулов,
К.А.Пищулина, В.П.Юдин. Алма-Ата ,1969. (Одан әрі –
МИКХ.)
3. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. – М., 1965.
4. МИКХ. - Алматы, 1969.
5. Мырза Мухаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди /Введ. перевод с
персидского. А. Урунбаева, Р.П. Джалиловой, Л.М. Епифановой. –
Ташкент, 1996. - 728 с
6. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар
тарихы). – Алматы, 2003. -616 б.
7. Елеуұлы М. Шу өңірі: аңыз бен тарих. // ҚазМУ. Хабаршысы. Тарих
сериясы. № 3. -1996. -6-12 бб.
8. Бахр ал – асрар фи манакиб ал-ахйар. //МИКХ.
9. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник 1.
(Y в. до.н.э. - -XYІІІ в.н.э.) –Л-М; 1935.
10. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или кмргиз-кайсацких орд и
степей. / Под общей редакцией академика М.К. Козыбаева. –
Алматы., 1996.
11. Мюллер А. История ислама с основания до новейших времен. –
Спб., 1896.
12. Пигулевская Н.В., Якубовский А.Ю., Петрушевский И.П., Строева
Л.В., Беленицкий А.М. Истории Ирана с древнейших времен до конца
ХVIII века. – Л., 1958.
13. История Азербайджана с древнейших времен до начала ХХ в. –
Баку, 1995.
14.Терентьев М.А. О мусульманском леточислении. –Ташкент, 1898.
15. Тарихи – Кипчаки. // МИКХ.
16. Фатх – наме. // МИКХ.
17. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1992.
18. Фирдаус ал – икбал. // МИКХ.
19. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. –
Алматы, 2001.
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
| Қазақ хандығының құрылуы"
XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этнос|этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда , Моғолстан мемлекеті , Әбілхайыр Ордасы Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.
Біз қарастырып отырған мезгілде қазақ қоғамына байланысты мұндай міндетті мойнына алғандар — белгілі Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар болды. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілқайыр хан|Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы хан ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып,Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталды.Яғни, 1465—1466 (1470—1471) жылдары Қазақ хандығының құрылған мезгілі. Ал оның ту көтерген жері —Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, қаңлы тайпаларының дәстүрлі атамекені.
Мазмұны
Қазақ жұртының Өзбек ұлысынан бөлінуі[өңдеу]
Қазақ тарихында белгілі бір ру-тайпаның қоғамның басқа бөлігінен түрлі себептерге байланысты бөліне көшуі түрлі кезеңдерде болып тұрған. Ал бұл жолғы Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған біраз ұлттың Өзбек ұлысынан жарыла көшуі, әрине, дүрдараздықтың, билеуші Шыңғыс ұрпағы арасындағы үйреншікті тар, билік үшін таласынан анағұрлым кең ауқым алғандығын аңғартса керек.
Деректі материалдар Өзбек ұлысынан біраз жұрттың жаңа пайда болған хандыққа бет бұрып жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, екі сұлтанның Әбілхайыр хандығынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай халықтың арасындағы ықпалды топтардың ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымға бағытталған әрекеттің орын алғандығын білдіреді.
Қара халықтың билеуші топтарының Жәнібек пен Керейге ондай ұсыныспен қайырылуына түрткі боларлық себептер аз емес. Солардың негізгісі қазақ жеріне, әсіресе Жетісу мен Шу өңіріне сырттан төнген қауіп еді.
Бұл ретте, ең алдымен, қазақ елінің шығыс жағындағы көршісі жоңғарлық ойраттар жеріндегі тарихи өзгерістерді еске алуға тура келеді. XV ғасырдың ортасына қарай барлық ойрат (қалмақ) елін бір мемлекетке біріктірген Тоған тайшының ұлы Есен тайшы бүкіл батыс және шығыс монғолдардың билеушісі дәрежесін иемденген. Оның Мин империясына жасаған бір жорығы тіпті император Чжу Ци-Чжэнді тұтқындаумен аяқталады. Қытайдан алым-салық алып тұрудан қанаттанған Есен тайшының назары енді Моғолстан мен Жетісу жаққа ойысып, бұл жақ беттегі көршілерінің көңілінде үлкен алаңдаушылық туғыза бастайды.
1452 жылы Есен тайшының жасағы Моғолстанга басып кіріп, содан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып, Сыр бойы өңірін, Түркістан, Ташкент,Отырар сияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақын Көккесене атты жерде Әбілхайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандап жеңеді. Ойраттардыц бұл жорығы 1455 жылы, яғни Есен тайшы өлгеннен кейін аяқталады.
Қуатты калмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Моғолстанды билеушісі Есенбұға ханды да, Алаш жұрты мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Есенбұға ханның Жәнібек пен Керейге қолдау танытып, Шу бойындағы Қозыбасыда жаңа хандықтың шаңырағын көтеруге ықылас білдіруінің бірден-бір себебін қалмақтарға тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар.
Жәнібек пен Керей сүлтандардың Жетісуға келіп орын тебуін сол тарихи кезеңдегі халық санасындағы билік туралы ұғым-түсініктерден де бөліп қарауға болмас. Қарапайым халық күнделікті өміріндегі жағымды өзгерістерді, бетпе-бет келген қоғамдық мәселелердің дұрыс шешімін табуын ақылды да жігерлі тұлғалардың билікке келуімен байланыстырады. Халық санасында берік орныққан бұл пікір жөнінде Дулати: "Алла тағала өлемді жаратты және жаһанда тәртіп орнату үшін соған лайық биік тұлғалы патшалардың дәнекер болуын жөн көрді. Сонда ғана адамзат зұлым-зорлықтан аман-есен болып, тіршілігін жасар болар деген. Бұл — Құдайдың хикметі", — деп жазды.
Алаш мыңы. Алаш. Қадырғали Қосымұлы деректері[өңдеу]
Толық мақаласы: Алаш
Әрине, енді ғана шаңырақ көтерген хандық өмірінде ру-тайпалық қатынаста сол кезеңге дейін үстемдік құрған дәстүр-салтты есепке алмау мүмкін еместін. Бұл ретте де жаңа пайда болған мемлекет құрамына енген ру-тайпа басшылары арасында белгілі бір бәтуаның болғандығы сөзсіз. Ондай тәртіпті енді ғана билікке келген сұлтан мен хандардың өз бетінше жоғарыдан орната салмайтындығы, орнатқан күнде де жаңа жүйені қалың бұқараның үн-түнсіз қабылдай коюы екіталай екендігі мәлім.
Айтулының ұлы би жолын иемденген мезгілі Орыс ханның (1361—1376/77жылдары) билік құрған уақытынан кейін болды, яғни XIV ғасырдың соңы. ӨйткеніҚадырғали би Айтулы биді "Орыс ханның ұрпағы хандығында ұлы әмір болған", — дейді. Олай болса, Қараша мен Тоңқа бидің ұлы би жолын алып жүрген мезгілі XV ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысы.
Қазақ хандығының құрылуы[өңдеу]
Толық мақаласы: Қазақ хандығының құрылуы
Жетісуда Қазақ хандығының шаңырағын көтеру жөніндегі шешімді тек Жошы тұқымы Жәнібек пен Керей сұлтандардың қазақ қоғамының ішкі өмірін реттеп отырған ру-тайпа ақсүйектерінің келісімінсіз қабылдауы, тіпті де мүмкін еместін. Жаңа мемлекеттік жүйе құру аса күрделі екендігі түсінікті. Жәнібек пен Керейдің "Алаш мыңын" бастап Жетісуға бет алуы, бұл, әрине, тарихи үдерістің сыртқы көрінісі ғана болатын.
Тарихшы Қадырғали бидің шежіресі бойынша, "Алаш мыңы" одағының қалыптасқан мезгілі XIII ғасырдың соңы — XIV ғасырдың бас кезі. Шамамен, Тоңқа би тұсында "Алаш мыңы" одағы Өзбекиядан бөлініп шығып, Қазақ хандығын құрды. Яғни, Тоңка би оның соңғы биі. Бұдан былайғы уақытта "Алаш мыңы" одағының бастапқы құрылымы өзінің бұрынғы маңызы мен өзектілігін жоя бастайды. Өйткені өмірге ру-тайпалық құрамы жағынан анағұрлым кең, күрделі әрі жаңа қауымдастық — мемлекеттік ұйым келген еді. Қадырғали би Тоңка биден соң "Алаш мыңының" бас биі болған адам есімін атамайды. Өзі өмір сүрген XVI ғасырда ондай міндетті атқарған тұлға болса, оны тарихшы міндетті түрде атаған болар еді, яғни Қадырғали Ресейге аттанған кезде "Алаш мыңы" одағы да, сонымен бірге бас билік мәртебесі де бұрынғы мәнін жоғалта бастаған еді.
Егер бұл тұжырымның тарихи шындыққа жақын екендігін мойындасақ, онда, әрине, "Алаш мыңы" ішіндегі үш сан халықтың кейінірек қазақ болып қалыптаскан ұлттың құрамындағы үш жүздің сол тарихи кезеңдегі көрінісі екендігі күмән тудырмаса керек. Ал бұл одақтың құрамында, ең аз дегенде, қазақ халқының негізін құраған үйсін, дулат, қаңлы, арғын, найман, қыпшақ және алшын сияқты тайпалық одақтардың болғандығы жөнінде тұжырым жасауға болады.
Әбілхайыр қазасынан соң (1468 жылы) Өзбек ұлысының ішінде берекесіздік етек алады. Билік үшін тынымсыз талас, өзара алауыздық Есенбұғы өлгеннен кейін де (1462 жылы) тоқталған жоқ. Мұның өзі осы кезде Моғолстан және басқа ортаазиялық мемлекеттерге де тән құбылыс-тын. Яғни, XV ғасырдың екінші жартысында Жәнібек пен Керей ұлысына сырттан қауіп төндіре алатындай басқа ықпалды мемлекеттер жоқ болатын. Мұндай жағдай өмірге жаңа ғана келген мемлекеттің буынының бекуіне қолайлы жағдай туғызды.
Қазақ хандығының нығаюы[өңдеу]
Толық мақаласы: Қазақ хандығының құрылуы
Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне, Түркістанға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. 1470 жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.
Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар-тын.
Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін аткарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығыкезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе, кеміген емес-тін. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа калыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегіОтырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын.
Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы Мұхаммед Шайбани арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес XV ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына Әмір Темір мұрагерлері мен Моғол хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты XV ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Шайбанилықтар тынымсыз күрестен соң Әмір Темір мұрагерлерін ығыстырып, Отырар, Йасы (Түркістан), Арқұқ және Үзгентті алды. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Аркұк, Үзгенттен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446 жылы) Әбілхайыр ханның иемденгені болмаса, өзге қалаларды атасынан қалған мұра санауға Мұхаммед Шайбанидың ешқандай да негізі жоқ еді. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде моғол ханы Сұлтан Махмұд билік кұрды.
Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын иемденді.
XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде, бұл күрес қазіргі Орталық және Оңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жаткан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса, бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан әрі ұзап шыға алған жоқ.
XV ғасырдың соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысты маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілхайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы көлемінде қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен бұл мезгіл Қазақ хандығыныңнығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVI ғасырдың бас кезінде Мәуереннахрды Әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде, Шығыс Түркістанды (Қашқария) билеген моғол хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларында орнықкан Бұрындық хан Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі тайпаларды хандық билік төңірегіне жұмылдыра білді.
XVI ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді шабуылына тойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің 1503—1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Ираншахымен болған шайқаста қаза табады.
1511 жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген Қасым хан осы сәтті пайдаланып, 1513 жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қалаларының қазақтарға біржола өтуімен аяқталады.[1]
Дереккөздер[өңдеу]
-
↑ Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
Қазақстан тарихы
«Этнос» термині туралы. Қазақ этносын құрудағы негізгі компоненттері. Ру-тайпалық құрылымы. Қазақ жүздері. «Қазақ» этнонимінің шығуы. Қазақ халқының антропологиялық типі. Тілдік сипаты.
«Этнос» термині туралы
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Қазақ этносын құрудағы негізгі компоненттері
Әрбір халықтың жеке халық
болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне
тура келеді. Бұл күрделі үрдіс бір немесе екі ғасырдың ішінде
болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды қажет етеді. Мысалы,
Қазақстан жерінде халық болып құрылу үрдісі алғашқы қауымдық
құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж.
кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл
кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар
Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы
(автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген
ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі
(Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір
сүрген тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран тілдес болғандығы
айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар
антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар еуропоидтік
нәсілдер екендігі көрсетіледі.
Қазақ халқының бастауы болып
табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы
тайпалары саналады. Оны қытай деректері “Өзі сары, көзі көк, ат
жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп
көрсетеді.
Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен
өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін
бөлшектеп алған жөн.
Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі үрдістің екеуі де қатар
дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге:
үндіеуропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде
лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық
топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д. III-I
мың жылдықтарды қамтиды. Екінші кезеңде Қазақстан территориясына
шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың
Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат
тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен
араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з.б. I ғасырда Солтүстік
ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір
бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы тайпалық
бірлестігімен көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға өтуінің
екінші толқыны б.з. II ғасырдың бірінші жартысында орын алды.
Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс
Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген
Юэбань мемлекетін құрды.
Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен
байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Сөйтіп,
үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды. Б.з.
VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан
келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда
Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет – Түркі
қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының
(542 ж.) одан кейін Батыс Түрік қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық
мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш қағанаты
(704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ.
соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 – XI ғ. басы), Қыпшақ
хандығы (XI – 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір
сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып
қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше
болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл
мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық
өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан
елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы
өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.
2)Қыпшақ хандығы (XI – XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді
иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа
даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби
қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән
антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар
этнос ретінде маңызды рөл атқарды, “Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі
қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда
болды.
Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың
(қарақытайлардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы
нашарлады. XIII ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол
шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі
тоқталды. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе
200 жылдай уақытқа
кешеуілдейді. Қазақстан жерінде қаншалықты
жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі
шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол –
шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне,
әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп
кетеді.
XIV-XV ғасырларда
феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда,
Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан
феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу,
топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстанның ежелгі
тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына
байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар:
Ұлы, Орта және Кіші
жүз. Жүздердің ұйымдасқан уақыты,
қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген. Әрбір жүздің тайпалары жалпы
шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында
экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық
тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір
айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік
тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық
ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен
аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып
іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген
тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи
қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV
ғғ. көптеген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын
алды.
XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық
территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу
процесінің аяқталуын тездетті.
Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың территориясы
баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық
торабы болды, мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық қауымдастығының
тоғысқан жері жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік
Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс
Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі
ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп
қосылады.
XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді. “Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ. Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс.
XV ғас. 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр хандығын Жетісудің Шу мен Талас өзененің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың бұл жерге қоныс аударуының себебі: Әбілхайырдың қол астында қанаушылардың күшеюі болса, екіншісі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру. Ол кезде жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462) бұл қазақтарды Әбілхайырға қарс пайдаану үшін қарсы алып, қоныс берді. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді». Қазақстанның алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-73 ж.) одан кейін Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ хандығының шекарасы кеңейді. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады.
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан". В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді. М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді. С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге монғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді. Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады. Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді. М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз. Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
а) ішкі аумақтық тұтастық;
ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы. Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі. Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді. Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды. Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтқанда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады". Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-монғол көшпенділерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз. Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен сәйкес келсе керек. Ұлы жүз тайпалары. Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады: сарыүйсін, шапырашты, ошақты, ысты, албан, суан, дулат, сіргелі, қаңлы, жалайыр, шанышқылы. Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды. Сарыүйсіндер Іле өзенінің сол жағалауын, Іле Алатауының баурайларын, Талас өзенінің оң жағалауын, Қорағаты өзенінің екі бойымен Шуға құяр сағасына дейінгі жерлерді мекендеген. Ұраны — Бақтияр, Байтоқ. Шапыраштылар Іленің бойының сол жағалауындағы тармақтарын, Шу өзенінің оң жағалауында, Іле Алатауының бөктерлерінде өмір сүрді. Ұраны — Қарасай. Ошақтылар Таластың төменгі ағысын, Қаратаудың оңтүстік-шығыс баурайын жайлаған. Ұраны — Жауатар. Ысты — Балқаш көлінің солтүстік өңірі мен Жамбыл облысы аумағында орналасқан. Ұраны — Жауатар. Албандар Жетісуда, Алтынемел жонының оңтүстік-шығыс белігінде, Іле Алатауының теріскей бөктерінде, Іленің жоғарғы жағында, Текес, Шарын өзендерінің бойында қоныстанған. Ұраны — Райымбек. Суандар Жетісудың Алтынемел бөктерінде, Жоңғар Алатауының оңтүстік-шығыс баурайында, Көктерек өзенінен Қорғасқа дейінгі аралықта орналасқан. Ұраны — Райымбек, Байсуан. Дулаттар Іле өзенінен бастап, Шу, Талас, Сырдың ортаңғы ағысына дейінгі жерлерді жайлаған. Ұраны — Бақтияр. Сіргелілер Шу өзенінің орта ағысының сол жақ жағасын, Таластың төменгі ағысын, Қаратаудың баурайын жайлады. Ұраны — Тоғанас. Қаңлылар Іле Алатауының баурайында, Іле өзенінің сол жақ жағалауын жайлаған. Қаңлылардың біраз топтары Жетісудың, Оңтүстік Қазақстанның әр аймағында да орналасқан. Олар шанышқылы тайпасымен аралас-құралас отырған. Ұраны — Айырылмас. Жалайырлар Жоңғар Алатауының баурайында, Алтынемел, Арқарлы, Малайсары таулары, Қаратал, Іле өзендерінің аралығы, Балқаштың оңтүстік-шығысын мекендеді. Шанышқылы — Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шектескен аумағында орналасқан. Ұраны — Айырылмас. Орта жүз тайпалары. Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді): арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды. Ал Қытайдағы, Монғолиядағы керей, уақ, наймандарды қосқанда, 1 млн 500 мыңнан астам болған. Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан. Арғындар батыста Торғай қыратынан бастап, шығыста Шыңғыстау мен Балқаштың терістік-батысына дейінгі аралықты жайлаған. Олар бұрынғы Павлодар, Ақмола, Қарқаралы уездерінде, Семей уезінде, Көкшетау уезінде, Торғай уезінде, Атбасар уезінде, Қостанай уезінде, Омбы уезінде орналасты. XIX—XX ғасырлар шегінде арғындардың жалпы саны 500 мыңға жуық болған. Ұраны — Ақжол. Наймандар Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерінде, Алтайдан Жоңғар Алатауына дейінгі тау бөктері мен жазықтықтарда орналасты. Наймандардың біраз бөлігі Сыр бойында да жайлады. Қазан төңкерісіне дейін наймандар мына уездерде таралды: Лепсі, Қапал, Өскемен, Зайсан, Атбасар, Семей, Павлодар, Перовск, т.б. Ұраны — Қаптағай. Қыпшақтардың жайлаған өлкесі, негізінен, Орталық Қазақстан, оңтүстікте Сырдың орта, төменгі ағысынан Тобыл өзенінің сағасына дейін. Қыпшақтардың уездер бойынша орналасуы мынадай болды: Торғай, Қостанай, Перовск, Павлодар, Омбы уездерінде. Ұраны — Ойбас. Қоңыраттар Оңтүстік Қазақстанды, Сырдария өзенінің ортаңғы ағысы бойын жайлады. Шымкент, Перовск уездерінің әркайсысында, сонымен қатар қоңыраттардың көпшілігі Ташкент уезінде, Орта Азияның тағы басқа уездерінде өмір сүрді. Керейлер Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде, Ертіс пен Есіл өзендерінің орта ағысы, Алтайдың батыс баурайында орналасқан. Петровск уезінде, Омбы уезінде, Қарқаралы, Қостанай уезінде, Семей, Зайсан уезінде керейлер мекендеді. Ұраны — Ақжол, Қарақожа. Уақтар Торғай мен Тобыл өзендерінен Шығыс Қазақстанның шекарасына дейінгі әр жерде топ-топ болып шашыранды орналасқан. Семей, Петропавл, Павлодар уезінде уақтар тұрған. Ұраны — Жаубасар, Мүкамал. Орта жүз құрамында осы аталған негізгі тайпалармен қатар төрелер, төлеңгіттер, қырғыздар, шалақазақтар болды. Кіші жүз тайпалары. Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды. Байұлы 12 атадан тұрды. Олар: шеркеш, есентемір, таз, ысық, адай, беріш, байбақты, қызылқұрт, тана, масқар, алаша, алтын, жаппас. Кей шежірешілер алтын мен жаппасты біріктіріп (алтын-жаппас) бір ата деп есептейді. Байұлының тайпалары Жайық иен Жемнің аралығын, Үстірттің біраз жерін, Маңғыстау түбегін, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын жайлаған. Әлімұлын алты ата әлім дейді. Олар: шекті, шөмекей, төртқара, кете, қаракесек, қарасақал. Әлімұлы рулары қыста Жем мен Каспийдің арасында, Арал теңізінің солтүстік-батысына дейін, Борсық құмдары, Қарақұм, Қуаңдария мен Жаңадарияның аралығын қыстаған. Жазда Ақсақал келінен солтүстікке қарай Торғай, Тобыл, Ырғыз, Ор, Елек, Қобда, Жем, Ойыл өзендерінің бойында, Мұғалжар тауларында көшіп жүрген. Жетіру. Жетіру аты айтып тұрғандай, жеті рудан тұрады. Олар: табын, тама, кердері, керейт, телеу, рамадан, жағалбайлы. Жетіру аталары қыста Сырдарияның орта ағысын және сол маңдағы аумақтарды қыстаса, жазда солтүстікке қарай жылжып көшіп, Орал тауы баурайына дейін баратын.] XIX ғасыр. 1801 жылы патша өкіметі 5 мың қазақ шаңырағын Жайық пен Еділ өзендерінің арасына көшірді. Бұл жерде Бөкей ордасы құрылды, ол 1812 жылы Бөкей хандығы деп, ал 1845 жылы Ішкі орда деп аталды. Осы Ішкі ордада XIX ғасырдың ортасына қарай адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ысық, қызылқұрт, кете, масқар, ноғай, жетіру, таз, тана, төлеңгіт, шеркеш руының адамдары тұрды. XIX ғасырдың соңына қарай қазақ халқы бүгінгі Қазақстан жерінің барлық аумағын алып жатты, тіпті одан тыс көршілес аймақтарда да таралды. Мысалы, Орта жүз қазақтарының кейбір топтары Монғолия, Жоңғария, Батыс Сібір және Орталық Азия жерлерінде де тұрды. Кіші жүз қазақтары оңтүстік-шығыс Еуропа жерлерінде, Орал тауы маңында, Орталық Азияда да тұрды. Ұлы жүз қазақтарының кей топтары Жоңғария, Шығыс Түркістан және Орталық Азия жерлерінде де өмір сүріп жатты.
қазақ руларының таңбалары
Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен материалдарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан ІІІ—ІV мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек. Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:
1. халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;
2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
4. халықтың тілінің қалыптасуы;
5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Қазақ халқының антропологиялық келбеті
Антропология деген не? Халықтың шығу тегін зерттеуде антропологиялық деректердің мәні зор. Антропология — адам ағзасының белгілі бір географиялық ортада, белгілі бір уақыт шеңберінде езгеруін, осы өзгерістердің неден, қалай болатыны заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Зерттеу объектісі биологиялық түрлердің бірі адам болғандықтан және зерттеу әдістері биологиялық тәсілдерге сүйенетіндіктен, антропология биология ғылымына жатады. Адам баласы жанды тіршілік иелері ішіндегі тарихты жасаушы әлеуметтік белсенді организм болғандықтан, антропологияның тарихи антропология деп аталатын саласы биология және тарих ғылымдарының әдіс-төсілдерін пайдаланады, ал зерттеу нәтижесі кәбінесе тарихқа қатысты болады. Антропология ғылымын үш сатыға бөлу қалыптасқан:
Адам морфологиясы;
Адам баласының шығу тегін зерттейтін сала (антропогенез);
3. Нәсілдерді зерттейтін сала (расогенез). Халықтың арғы шығу тегін зерттеуде антропологияның нәсілдік ұқсастықтарды, өзгешеліктерді зерттейтін салаларының маңызы зор. Адамдардың белгілі бір географиялық аймаққа бейімделуімен, шығу тегіндегі белгілі бір ортақтастығымен қалыптасатын ұқсастықты нәсіл немесе антропологиялық түр-сипат деп атайды. Антропологиялық түр-сипат халық боп бірігу барысында қалыптасады. Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1 -мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуроиеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны дөңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас. Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны қусырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дәңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропеоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайкыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды. Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау. Б.з.д. V—III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарынікіне ұқсас, оларда да монғолоидтік сипат бар. Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым болды. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 40—50-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.Исмағұловтардың деректері бұл өңірдің антропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті. Монғолоидтік нәсілді Қазақстан жеріне әкелушілер Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған монғол тектес, түркі-монғол тілдес тайпалар еді. Б.з.д. III ғасыр мен б.з. III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін тайпалары өмір сүрді. Жетісу жерінде Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да көбейе түскендігін көрсетеді. Тағы бір айта кететін мәселе, монғолоидтік белгілер ер адамдар бас сүйегінде кездеседі. Орталық Азиядан Қазақстан жеріне осы кезеңде келгендер жаулап алушылар болса керек. Ғүндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностың топтардың антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшермен 1/4 бөлігі монғолоидтік болды. Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде ғұндардың археологиялық ескерткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан антропологиялық материалдар да жоқтың қасы.Түрік дәуірінің антропологиясы. Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар қазіргі қазақтардың тұрпатына жақын. Басқа аймақтардағы сияқты Жетісу антропологиялық материалдарының ішінде аса таза еуропеоидтік немесе монғолоидтік түрлер де кездеседі. Түрік заманында Қазақстан жерін мекендеген халық өзінің алақұлалығымен ерекшеленеді. Бұрын-соңды Қазақстан жерінде антропологиялық бет-әлпетінің осыншама ала-құлалығы кездеспеген. Ерте орта ғасырларда да шығыстан батысқа қарай қоныс аударған тайпалардың Қазақстан жеріне соқпай кеткені кемде-кем. Дегенмен де түрік заманындағы жерімізді жайлаған халықтың бет әлпетінде сақ, үйсін адамдарының заңды жалғастығының бар екенін баса айту керек. Сырттан келіп қосылған халыктар сонау сақ дәуірінен бері үздіксіз қалыптасып келе жатқан жергілікті антропологиялық тұрпатты күрт өзгерткен жоқ, тек аздап монғолдандырды. Антрополог О.Исмағұловтың есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды мекендеупгі тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат қалыптаса бастады. Монғолдар шапқыншылығы дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып алған ғасырларда қазақ халқының бет тшінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалған. Тілдік сипаты. Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты. Глоттогенез бұл қандай ұғым? Ол тілдің шығу тегін зерттеу деген сөз. Қазақ тілінің де қалыптасуы — ұзақ глоттогенездік байланыстың нәтижесі. Қазақстан жерін қола дәуірінде
мекендеген тайпалардың қай тілде сөйлегені жөнінде нақты дерек жоқ. Көне түркі жазуын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, сақ қорғандарынан табылған жазулар көне түркі руникалық әліпбимен төркіндес. Түркі тілі Орталық Азияға кейініректе келген тіл емес. Бұл тілдің арғы төркіні Оңтүстік-батыс Азиядағы б.з.д. ІV—ІІІ-мыңжылдықта өмір сүрген шумерліктердің тілімен үндесіп жатыр. Тілші ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумер тілінің ескерткіштерінде көне түркі тіліне тән көптеген лексикалық сәйкестіктер бар. Шумерліктер мен түріктердің көптеген мәдени-рухани байланысы бар екендігін және алғаш рет көне түркі тілдерінің маманы А.Аманжолов және дарынды ақын, көне тілдерді зерттеуші ғалым О.Сүлейменов нақты мысалдармен дәлелдеді. О.Сүлейменовтің шумертүркі тілдері салыстырмасында 60 сөз бар екендігін айтады, соның кейбіріне ғана тоқталайық:
-
-
реті
Шумер тілі
Түркі тілдері
1
Ада — әке
Ата (Ада) — әке
2
Ана — шеше
Ана, Апа — шеше
3
Ту — туу
Туу — туу
4
Туд — туу
Туды — туды
5
Тир — тіршілік
Тірі, тіршілік
6
Шуба — бақташы
Шопан — бақташы
7
Ру — соғу
Ұру — соғу
8
Гаг — кіргізу
Қақ, қағу — кір
9
Таг — тағу
Тақ, тағу
10
Заг — жақ
Жақ
11
Заг-гин — жақындау
Жақын
12
Me — мен
Мен
13
Ане — анау
Әне
14
Уш — үш
Үш
15
Ен — өте
Ең
16
Кен — кең
Кең
17
Узук — ұзын
Ұзын
18
Уд — от
От
19
Дингир — Құдай, аспан
Тәңір
-
Біз бұл кестеде шумер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырдық. Ал қазақ тілі түркі тілдерінің тармағына жатады. Бұл жерде бір ескерте кететін мәселе, көне түркі тілі мен кейбір түркі тілдес халықтардың қазіргі тілінде шумер тіліне айтылу үндестігі жағынан да, мағынасы жағынан да жақын сөздер тіпті жиірек кездеседі. Сонымен, шумер-түркі сөздерін осы салыстырудан нені байқаймыз. Біріншіден, шумер лексикасы түркілердікімен салыстыруға келеді. Сөздердің сыртқы үндестігімен қатар ішкі мағынасында да бірлік бар. Екіншіден, шумер тілі мен түркі тілдері бір-бірімен ұзақ уақыт тығыз қарым-қатынаста, өзара ықпалдастықта болғандығын көрсетеді. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады. Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты. Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты. Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты. Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:
1. Ру-тайпа.
2. Халық.
3. Ұлт. Осы этностық бірлестіктердің әрқайсысының өзіне тән этностық санасы болады. Этностық сана дегеніміз — адамның өзін-өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі. Мысалы, "мен қазақпын" деген түсінік — этностық сананың көрінісі. Рулық-тайпалық жіктелу дәстүрі халық болып қалыптасқанда да, тіпті ұлт болып қалыптасқанда да сақталып қалған қазақ сияқты этностарда этностық сананың осы аталған үш түрі әр замандарда орқалай көрініс тапқан. Әсіресе халық болып қалыптасудың бастапқы кезеңінде халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" — деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Әдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген. Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — "Алаш мыңы". Қадырғали би Жалайыри көрсеткен "Алаш мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине, анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери одақты еске салса, "қазақ", өрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым — тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт, ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың құрамында шашырап жүрген найман, алшын, дулат және осы сияқты кезінде тұтас рутайпалардың шағын топтары ендігі уақытта біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды. Дәл осындай үдеріс қазақ жерінде де жүріп жатты. "Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты — "Алаш мыңы", кейінірек (XV ғ. екінші жартысынан бастап) "Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден үмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVI—XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы. Қазақ атауы."Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ. Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді. "Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр. X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады. X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар. 1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды. "Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған. Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:
1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы;
2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі.
Антропология — адам ағзасының белгілі бір географиялық ортада, белгілі бір уақыт шеңберінде езгеруін, осы өзгерістердің неден, қалай болатыны заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Антропологиялық түр-сипат – адамдардың белгілі бір географиялық аймаққа бейімделуі, шығу тегіндегі белгілі бір ортақтастығымен қалыптасатын ұқсастықты нәсіл немесе антропологиялық түр-сипат деп атайды.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. Очерктер. 123-148-бб.
2.Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1-бөлім, 5-6 тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
4.Шежіре: қазақтың ру тайпалық құрлымы. А. 1991
5.Шәкәрім. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991.
6. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
Жаңа тақырып §35. Қазақ хандығының құрылуы.
Мақсаты:
-
Білімдік:
Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей хандар туралы мәліметтер бере отырып, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің алғашқы аумағы, этникалық құрылымы туралы мәлімет беру;
-
Дамытушылық:
Жас буынның ата тарихын терең оқып білуге деген қажеттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық ізденісін ұщтау арқылы ой қорыту машықтарын дамыту;
-
Тәрбиелік:
Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ — жауап, тірек — сызбалар, кестемен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: оқулық, карта, сызба, суреттер, электронды
оқулық, видео материал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
34. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Әбілхайыр хандығы мен моғолстанның күш-қуаты әлсіреп, күйреуге жетті.
І тапсырма. І тапсырма. Кестемен түсіндір: Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттары.
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ
хандығының туын тікті.
1465-1466жж. Қазақ хандығы құрылды.
Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасында өзара талас-тартыс толастамады.
Қазақ тайпалары мен рулары мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
ІІ тапсырма. Сыйқырлы таяқша. Кім тапқыр?
-
XVғ басында қазақ жерінің батысында өмір сүрген мемлекет? (Ноғай Ордасы)
-
Жетісу аймағында өмір сүрген мемлекетті ата? (Моғол хандығы)
-
Әбілхайыр хан Ақ Орданың билігін қолына алу үшін күрес жүргізген уақыт: (20жыл)
-
Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы топтасқан аймақтар саны және оларды ата? 3 аймақ, олар: Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағы
-
XVғ. өмір сүрген ру-тайпалардың ішіндегі ең күшті саны жағынан көбіде қазақтар деп атаған кім? Ф.Ибн Рузбихан
-
Қазақстанның қай аймақтарында қалалық отырықшы шаруашылық өркендеді? Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы
-
Қазақ хандығының негізін салушылар. Керей мен Жәнібек
-
Мал өсірумен, егіншілікпен айналысқан қай аймақ? Сауран, Орырар, Түркістан, сығанақ, Сайрам, Тараз төңірегіндегі қыстақ-кент тұрғындары
-
Халықаралық сауда-саттықтың дамығандығын қалай дәлелдейміз?
Қазба жұмыстары кезінде шетелдік теңгелер
ыдыс-аятар, қола, күміс бұйымдар табылды ?
Жаңа сабақ. §35. Қазақ хандығының құрылуы
«қазақ хандығы» видео ролик көрсетіледі.
Сабақ жоспары:
-
Хандықтың негізін салушы Керей мен Жәнібек.
2.Хандықтың аумағы.
3.Халқының этникалық құрамы.
-
Көрші елдермен қарым-қатынасы.
«Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес.
Новая теплая и уютная коллекция от любимого бренда здесь... |
В связи с закрытием склада, полная распродажа! |
Качественная обувь коллекция осень-зима 2015. |
Соңында қалдырған өнегелі үгісімен, өрнекті ізімен,
кемелді ісімен өлшенеді.»
Мұрат Иман Жапар
Қазақ хандығының негізін салушылар:
Сұлтандардың Жетісуға бағытталу мақсаты: Орталық және Оңтүстік Қазақстан қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіріп, Қазақ хандығын құру еді.
Жер аумағы
Хандықтың құрылған жері –Батыс Жетісу, Шу бойы, Қозыбасы.
Үшқоңыр жайлауы – Керейдің қыстауы
Хантау жайлауы – Жәнібектің қыстауы
Этникалық құрамы:
Наймандар- Ұлытаудан Есілге дейін
Керейлер-Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь, Тобыл өзендері маңы
Арғындар Ертістен батысқа, Орталық Қазақстанда
Қоңыраттар –Түркістанмен Қаратау аралығы
Қаңлылар- Қаратау бауыры,Сырдария,Жетісу
Дулаттар- Іле,Шу,Талас бойы,Ыстықкөл маңы, Оңт.Қазақстан.
Жалайыр- Қаратау,Жетісу,Сырдария.
Көрші елдермен қарым-қатынасы.
Моғолстан ханымен алғаш байланыс орнатылды.
Керей мен Жәнібек қырғыз халқымен тату қатынас орнатты.
Есен-бұға қазақтарды батыс шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құшақ жая қарсы алды.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
І тапсырма. Кластерді толтыр.
Әбілқайыр хандығының саяси жағдайы
Есен-бұға мен қазақ сұлтандары келісімі
Алым-салықтың көбеюі
Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құруға ұмтылуы
Халықтың Әбілқайырға наразылығы
Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі
Қазақ хандығының құрылу себептері
ІІ тапсырма. Сәйкесін тап:
№ |
мазмұны |
дұрыс |
№ |
мазмұны |
1 |
Қазақ хандығы негізін салушылар |
4 |
1 |
1465-1466 |
2 |
Моғолстан ханы |
6 |
2 |
Үшқоңыр |
3 |
Қазақ хандығы құрылды |
1 |
3 |
наймандар |
4 |
Керей ханның қыстауы |
2 |
4 |
Керей, Жәнібек |
5 |
Ұлытаудан Есілге дейін тұрды |
3 |
5 |
Әбілқайыр хандығынан |
6 |
Керей мен Жәнібек бөлініп кетті |
5 |
6 |
Есен-бұға |
Қорытынды.
Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу, өткенге көз салу, оны келер ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл
1.Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
2.Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;
3.Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, «Алтын қақпа» ойыны
Көрнекілігі: видеопроектр, карта, суреттер, сызба-нұсқалар
І.Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 3 топқа бөлу.
І топ. «Хандар» ІІ топ. «Батырлар» ІІІ топ. «Билер»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Алтын қақпа» ойыны
|
Тас қақпаның сұрағы:
|
Күміс қақпа
|
Алтын қақпа
|
«Хандар» тобына |
Рухани мәдениетке не жатады?
|
Қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған ру-тайпалар?
|
Әбілқайыр хандығының әлсіреу себебі?
|
«Батырлар» тобына
|
ХІҮ ғ сәулет өнерінің ескерткіштері?
|
«Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады? |
Қазақ хандығының құрылуына қандай факторлар әсер етті?
|
«Билер» тобына
|
Шыңғысханның ұлыстары?
|
Қожа Ахмет Йассауи кесенесін кім және қандай мақсатпен салдырды салдырды?
|
ХV ғасырда қандай мемлекеттер өмір сүрді?
|
ІІІ. Жаңа сабақ
Өткен сабақпен байланыстыру
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді.
1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.
Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі |
Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құруға ұмтылуы |
Алым –салықтың көбеюі |
Моғолстан билеушісі мен Қазақ сұлтандарының келісімге келуі |
Әбілқайырдың ойраттардан соғыста жеңілуі |
Әбілқайыр хандығындағы ру тайпаларының саяси жағдайы |
Қазақ хандығының құрылу себептері |
1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады.
Шыңғыс хан — Жошы хан — Тоқай Темір — Өз Темір- Қожа – Бәдіғұл — Орыс хан
Тоқтақия
Болат Құйыршық
Керей Жәнібек
Қазақ хандығы
Ақсүйектер Қарасүйектер
Видеопроектр арқылы суреттер көрсету.
Топтарға тапсырма беру.
І топ. «Хандар»
Қазақ хандығының құрылу процесі
ІІ топ. «Батырлар»
Қазақ хандығының аумағы мен халқы
ІІІ топ. «Билер»
Қазақ хандығының сыртқы саясаты
(Электронды оқулықтан картаны көрсету)
ІV.Бекіту кезеңінің сұрақтары:
-
Венн диаграммасы
«Хандар» тобы Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады
«Батырлар» тобы Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады
«Билер» тобы Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыыстырады
-
Ой-толғау
«Хандар» тобы ханның рөлі
«Батырлар» тобы батырлардың алатын орны
«Билер» тобы билердің рөлі
-
Математикалық ойын
4000/2-532= (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жыл)
400х3+148= (Моғолстанның құрылған жылы)
2800+105-1500= (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)
728х2+0= (Қазақ хандығының құрылған жылы)
4000+221-3000= (Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы)
500х2+395= (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)
3800/2-91= (ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы)
-
Қорытындылау
Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
-
Үйге
-
Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру
-
Атластағы кескін карта тапсырмасын орындау
-
Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазу
VII. Бағалау
Тақырыбы : «Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары »
Сабақ мақсаты: 1.Білімділік:Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында,қазақ жерін мекендеген қандас-туыс-ру-тайпаларының өзара экономикалық,мәдени және саяси қарым-қатнастары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектерінәтижесінде дүниеге келген тұнғыш қазақ мемлекеттерінің құрылу тарихы оқушылардың білімдіксапасын арттырады.Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру,қазақ жеріндегі тұнғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,халықтын ғасырлар бойы армандаған арман-тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
2.Дамушылық:Оқушылардың жан-жақты іздене білуін қалыптастыру,бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және еркін сөйлеп,ойын жеткізе білуге уйрету.
3.Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегіш бағалауға патриотизімге,өз Отанын,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақ типі:жаңа сабақты менгерту,шығармашылық ізденіс,ой қозғау
Әдесі: ауызша баяндау,сұрақ-жауап,топтық жұмыс
Пәнаралық Байланыс:Дүние тарихы,әдебиет,құқық
Көрнекі құралдар:Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары,Жәнібек-Керей порттері,электронды оқулық,қосымша материалдар слайдтар,оқулықтар,тірек сызбалар т.б.
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
А)Сәлемдесу
Б)Оқушыларды тізім бойынша тексеру.
В)Сабақтың мақсаты,жоспарымен,шарттарымен,таныстыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
1-тапсырма: «Сөйлемдерді толықтыру» Шарты: Сөйлем ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толтыру.
ХV Ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы,Жетісу аймағында Моғол хаңдығы Сыр бойы,Орталық Қазақстанда Әбілхайыр хандығы өмір сүрді.1428 жылы Барақханның белгісіз жағдайда қаза табуы АқОрданың саяси жағдайын мүлде өзгертті. Түркістан аймағындары қалалардың Отра Азия атақты Самарқан,Бұхара,Хорейзм сиятқты қалалармен байланыстары олардың экономикалық дамуына улкен әсерін тигізеді
(Жетісу,батысында,Әбілқайыр,Барақ,Моғол,Сыр,АқОрданың,Бұхара,Хорезм)
2-тапсырма: «Анаграмма»Шарты берілген әріптерден сөздер құрау. Анх,тысба,йағон,йекер,тарыңоқ,зөебк,ыслұ,рарыто
3-тапсырма:Баламалы тесті.шарты:Сұрақтың жауабын «Иә» немесе «Жок» сөздері арқылы белгілеу.
1.Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп,куйреудәрежесіне жетті ме? «Иә» немесе «Жок»
2.Қазақ хандығының негізін қалаушы Есім мен Тұрсын. «Иә» немесе «Жок»
3.Қазақстандағы ру-тайпалардың негізі этникалық құрамы (Қыпшақ,Арғын,Найман т.б.)басты бес (үш)аймаққа шоғырланды. «Иә» немесе «Жок»
4.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі,ділі,діні,әдет-ғұрпы,салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет пе? «Иә» немесе «Жок»
Үй тапсырмасын бекіту. Сонымен қазақ ұлттық мемлекеті Құрылуының алғы шарттары қандай?» Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, куйреудәрежесіне жетті.Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас тартыстар тоқтамада.Қазақ тайпалары мен рулардын мемлекет етіп біліктіру міндеті алға тартылды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетусу жері Қозыбасыда Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ Хандығы құрды.
Мұғалімнің сөзі: Иә,балалар дәл осы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып оттырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды. Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығы құру нақты мүмкіндік туғызды,сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты. Сонымен бугінгі жаңа сабағымыз «Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары» деп аталады.Қазақ хандығының құрылу тарихыментанысу және алғашқы қазақ хандары жайлы мағұлмат аламыз. Бұл жағдайлар қазақ мемлекетін(хандығын) құрудың негізгі себептері мен алғышартары еді.
III.Жаңа сабаққа көшу «Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары»
«Естігенімді-Ұмытамын,
Көргенімді-есте сақтаймын
Өз істегенімді -мегеремін» Конфуций
Жоспар:
1.Қазақ хандығының құрылуы,Керей мен Жәнібек хандар
2.Қазақ хандығының аумағы мен халқы
3.Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси жағдайы(ХV ғекінші жартысымен ХVI ғ)
4.Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. Касым,Хақназар,Тәуекел,Есім,Тәуке хандар.
II. Мағынаны табу.Білімді кенейту,Тақырыпты ашу.
Електронды окулықпен жұмыс. Қазақ хандығы деген тақрыпты ашып окушыларға тыңдатып тапсырмалар беру.
1-тапсырмаХронология бөлімінен бүгінгі сабаққа қатысты жылдарды дәптерге тізіп жазу.
2-тапсырмаИтерактивті бөлімнің 3 тапсырмасын ашып берілген сұраққа жауап беру.
3-тапсырма:Интерактивті бөлімнің 6 тапсырмасы.Тәуке ханның «Жеті Жарғы»заңын сипаттап беру.
II. «Шығармашылық Ізденіс».
1-тапсырма:Мәтінмен жұмыс.(Оқулықпен,қосымша материалдармен жұмыс)
1-топ:Қазақ хандығының Құрылуы,Керей мен Жәнібек хандар
2-топ:Қазақ хандығының аумағы мен халқы
3-топ: Қазақ хандығының ішкі-сыртқы Саяси жағдайы (ХV ғекінші жартысымен ХVI ғ)
Жалпы топқа:Қазақ хандығының Құрылуының тарихи маңызы.
Касым,Хақназар,Тәуекел,Есім,Тәуке хандар
III.Ойтолғаныс.Білімді толықтыру,ортаға салу.
1465-1466ж.ж.Қазақ хандығы құрылды 1470ж.Керей хан бастаған қол Түркістанға,Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады.
1511-1518 ж.Қасымның билік құрған уакыты
1499-1551ж.ж. Мұхаммед хайдар Дулати өмір сүрген жылдары
2 топқа:Сәйкестендіру тест
№
Тапсырма
Дұрыс жауап тізімі
Қате жауаптар тізімі
1
Қазақ хандығының алғашқы хандары
1.Есім,Тұрсын
2
«Қатаған қырғыны»
2.Қасым,Есім
3
Заңдар жазды
3.Тәуке,Жәңгір
4
Жонғарлармен Күресті
4.Керей,Жәнібек
3-топқа:Картамен жұмыс
1.Қазақ хандығының алғашқы территориясы кандай?
2.Әбілқайыр хандығы қайда орналасқан?
3.Есен-бұға кай елдің билеушісі
4.Орта ғасырларда Қазақ хандығының солтүстіктегі көршілес ел қандай хандық?
Жалпы топка: Тарихи сынақ хат
-
Керей мен Жәнібек...хандығынан бөлініп кетеді.
-
Моғолстан ханы....Керей,Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алады.
-
Қазақ хандарының.....бойы мен оған жалғас жаткан..өңірін бастап алды
-
.......жылдары қазақ хандығы құрылды
«Тұлғаларды танып біл»Бұл кім?
Қай уақыттарда өмір сүрген?
Бұл адам туралы не білесін
IV.Сабақты бекіту:Білімінді байкап көр.Тест
1.Қазақ хандығының Құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді?`
А) Түркістан мен Қаратау аралығында
В) Іле, Шу, Талас өзендері бойында
С) Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде
Д) Жетісуда
Е) Ертістен Батысқа қарай, Орталық Қазақстан
2. XVI ғ Бас кезінде Қазақ хандығының билеген Жәнібек ханның ұлы?
А) Бұрындық хан
В) Қасым хан
С) Хақназар хан
Д) Есім хан
Е) Тақыр хан
3. Керей мен Жәнібек сұлтанды құшақ жая қарсы алған?
А) Есенбұға хан
В) Есім хан
С) Әбілқайыр хан
Д) Орыс хан
Е) Мұстафа хан
4. «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1456-1466)билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма?
А)Мұхаммед Хайдар Дулати "Тари-и Рашиди"
В)Оғызнама
С)Кодекскуманикус
Д) Шежірелержинағы
Е) Тари-и-Абулхаир-хан
5.Қазақхандығыныңалғашқытерриториясы?
А)Ілеөзені
В)Жайық өзені
С)Шу мен Талас өзендері маңы
Д)Дешті Қыпшақжері
Е)Сарыарқа
6.ХVғ. Аяғындағы Казақ хандығының негізі қарсыласы?
А)Көшім хан
В)Шайбани хан
С)Жүніс хан
Д)ӘмірТемір
V. Қорытындылау.
Біз үшінкайзаманғытарихымызболмасынқымбат, бабаларымызқұрметті,әсіресеқазақхандығыныңкұрылуытарихтағымаңыздыоқиға.Қазірөзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы.
«Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды»деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
Қазак мемлекетінің бүгінгі тәуелсіз саяси болмысын анық түсіну үшін, кешегі өткен тарихты ұғыну керек.
«Ата - бабаларымыз осынау ұлан- байтақ жерді аттың жалында, түйенің қомында, найзанын ұшында, қылыштың жүзінде жүріп қорғаған »,- дей отырып Н.А.Назарбаев «Ата - бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Соныертеңгежеткізу, келесіүрпаққа, болашаққаҚазақстанның осы тәуелсіздігінаманаттау. Бұл мақсатжүзегеаспайыншаазаттықбаянсыз» - депжазған.
VI. Үйге
Қазакхандығыныңқұрылуыпроцесінсызбағатүсіру
Атластағы кескін карта тапсырмасын орындау
Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазу
VII. Бағалау
Окытаүйретуойыны «Даналықағаш» /4 минут/
Сабақты бекіту: Бүгінгісабақтанбіз не білдік? Сабақтағы ең негізгі мәселе не деп ойлайсыз? Неліктен олай ойлайсыз? Негізгі мәселені бір сөзбен айқындап, сол сөзді тақтаға жазу. Осы сұрақтар төңірегінде әр оқушы бір сөйлеммен өз пікірін жапсырма қағазға жазып, даналықағашына барын іледі.
Бұрынғы бір «ертегі» - бүгінгі күннің ермегі
Заман да, адам да өзгереді. Уақыт өте келе тарихи шындыққа негізделмеген, үстіртін ой-пікірлер ығысып, дәйекті жаңа тұжырымдарға орын беріліп жатады. Себебі, бұл - өмір заңы, онсыз қоғам дамуы жөнінде сөз болуы мүмкін емес. «Жеңіске жеткендердің» «ой қуатымен» жазылған қазақ халқы тарихының пайымдалуы да соңғы уақытта өзгеріске ұшырауда. Қайта қарастырылған проблемалардың бірі - көшпелі социумдардың өркениеттің құрамды және интегралды бөлігі екендігі, көшпелі қоғамды отырықшы және қалалық даму жолы тәжірибелеріне негізделген тұжырымдамалар мен схемалар арқылы түсіндіруге болмайтындығы.
Осыған қарамастан, қазақтардың өз дамуында «шаруашылық қауымнан», не болмаса «әскери одақтан» жоғары көтерілмегендігі туралы «уәждер» әлі де кейбір саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан сан-саққа жүгіртілуде. Қазақ халқының тарихын бұрмалап, ол жөнінде әлем жұртшылығына теріс түсінік беруге тырысушылықтың мақсаты - халқымыздың өткенін тарихи құжаттар негізінде сараптап, өзінің ой-пікірін білдіру емес, еліміздің егемендігіне, ішкі, сыртқы саясатына күйе жағу екендігі құпия емес. Осыған орай 1996 жылдың сәуірінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Бұдан бұрынғы кезде қазақтардың мемлекеттілігі болмағандығы туралы түрлі сыпсың пікірлерге тосқауыл қою қажет», «тарих ғылымының кезек күттірмес міндетінің бірі» осы деп айтқан ұлағатты сөздерінің мән-мағынасы мен өзектілігі күн санап артып келеді («Егемен Қазақстан», 1996 жылғы 30 сәуір).
Қазақ халқына ақыл айтуға, оның әлемдік өркениеттегі орнын өзі белгілеуге бейім авторлардың мәлімдемелері, мүмкін, оның Ресей құрамында болған кезін меңзейтін шығар. Мұндай жағдайда олармен келісуге де болады. Ресей империясының құрамына енгеннен кейін қазақтардың өз мемлекеттілігінен айырылғаны рас. Патша өкіметі ХVIII ғасырдың ортасынан бастап қазақ мемлекеттілігін жоюға, Орта жүз бен Кіші жүз хандарын сайлаусыз, өзі тағайындауға тырысты. Ал ХІХ ғасырдың 20-жылдары хандық билікті біржолата жою шаралары жүзеге асырылды.
Кеңес заманында да, сөз жүзінде болмаса, қазақ ұлттық мемлекеттілігі қалпына келтіріле қойған жоқ. Қайта жартысына жуығы қырғынға ұшырап, қазақ халқы тарих сахнасынан өшіп кетуге аз-ақ қалды. Осылайша, қазақтар екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы отарлықтың құрбанына айналып, өзінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы тұрғысынан кенжелеп қалды, ұлттық санасы уланды, сан алуан тәжірибе нысанына айналды...
Алайда, өткенге салауат дейік. Дүниежүзінде отарланған ел біз ғана емеспіз. Ресейдің өзі де екі жарым ғасыр бойына Алтын Орданың құрамында күн кешкен жоқ па еді?! Талас тудырып келе жатқан мәселе - білімділігінен гөрі менмендігі басым, еуроцентристік көзқарасты тарихи шындыққа жетудің бірден-бір методологиясы ретінде қарастыратын авторлардың мұнан бұрын да, яғни Ресеймен бетпе-бет келгенге дейін «қазақтардың мемлекеттілікті бастарынан кешпегендігі» жөніндегі пікірлері.
Қазақтардың өз дамуында мемлекеттілік дәрежеге қолдары жетпеді деушілер сол баяғы, ХVIII ғасырдан бергі көшпелілік пен мемлекеттілік бірін-бірі жоққа шығарады-мыс секілді болжамдарға сүйенеді. Олар қазақтарды сайын сахарада табиғат маусымдарына орай көшіп-қонып жүрген, ұшарын жел, қонарын сай білетін адамдар тобыры ретінде ғана қабылдайды. Мұндай пікір Гегель және басқа да батысеуропалық философтардан кейін патшалық Ресей заманындағы А.И.Левшиннің еңбегінен бастау алды. Ресейдің Орталық Азиядағы «ағартушылық миссиясы» деген тұжырымдама осыны талап етті.
Кеңес заманында да қазақ мемлекеттілігіне көзқарас түбірлі өзгере қоймады. Ол уақытта «қазақтарда мемлекет болды» деген сөз үшін ғана оның авторына «ұлтшылдық» айып тағыла салатын. Осылайша, 1945 жылы «Большевик» журналында жарық көрген М.А.Морозовтың мақаласында Қазақстан тарихына арналған еңбек авторлары «ұлтшылдар» болып шыға келді.
Материалистік әдіснаманы ұстанған ғалымдар мемлекеттің пайда болуы мен дамуын таптық қатынастардың жемісі ретінде қарастырды да, Еуразия көшпелі социумы тарихының күрделі беттерінің бірі болып табылатын бұл мәселе жөніндегі пікірталастар негізінен «көшпелі феодализм» шеңберінде өрбіді. Өз кезегінде бұл тұжырымдама орта ғасырлар мен жаңа заманның бас кезіндегі көшпелілердің мемлекеттігін феодалдық қоғамдық қатынастардың дамуы тұрғысынан зерттеуге ғана мүмкіндік берді. Зерттеушілер негізгі өндіргіш күш ретіндегі жерге қалыптасқан феодалдық жеке меншіктің болмауына байланысты қазақтарда мемлекет құрылмады және оған тиісті жағдай тумады, тек мемлекеттіліктің кейбір нышандары ғана байқалды деп түйіндеді.
Л.В.Дюков, А.М.Давидович деген авторлар қоғамның рулық-тайпалық негізде ұйымдасуының сақталып келгендігіне байланысты қазақтарда 1917 жылға дейін ешқандай мемлекеттілік болған емес, қазақ қоғамы ХV - ХVIII ғасырларда әскери демократия жағдайында өмір сүрді деген қасаң қағиданы дәлелдеуге тырысты. Ондағы априори айтатындары таптар, тайпалар одағы және мемлекеттің қалыптасу үдерісі бір уақытта қатарласа жүрмейді-мыс. Бұл авторлар жекеменшік, таптар және таптық күрес қана қоғамының рулық-тайпалық ұйымдасуын өшіріп, оны мемлекетпен ауыстырады деп есептейді. Мемлекеттің пайда болуына қажетті алғышарттарды жерге жекеменшіктен, таптар мен таптық күрестен іздеушілік, оны бір таптың екінші тапты бағыныштылықта ұстау құралы ретінде есептеу сан алуан сұрақтар тудырып, зерттеушіні тығырыққа тірейді.
Материалистік әдіснама көшпелі қоғамда туыстық және генеалогиялық байланыстар негізінде мемлекеттің пайда болуы жөніндегі көпшілік таныған идеяны мүлдем қостамайды. Бұл секілді философиялық-әлеуметтанушылық ағымның кезінде еуропалық елдердің тарихи дамуының тәжірибесіне негізделген ой-пікірдің жемісі екендігі, көшпелі қоғамды оның тар шеңберінде ұғынудың мүмкін еместігі ғылыми әдебиетте мойындалған. Көшпелі социумдардағы биліктік қатынастардың мәні мен ерекшеліктерін отырықшы-егіншілікті мемлекеттердегі биліктік қатынастар моделі тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес.
Тарих ғылымында көшпелілердің, олардың ішінде қазақтардың орта ғасырларда саяси және әлеуметтік дамуы жөнінде жаңа көзқарастың орын алып отырғандығына, ғылыми айналымға қытай, араб, парсы, түрік дереккөздерінің енуіне байланысты көптеген тақырыптарға басқаша баға берілуде екендігін естімейтін «саяси саңыраулық» бүгін де баршылық.
Дүниежүзінің көптеген ғалымдарының Еуразия тұрғындарының әлемдік өркениетке сүбелі үлес қосқандығын жазып жүргені бүгін ғана емес. Неміс ғалымы Г.Шварц: «Сонау көне заманнан қазіргі уақытқа дейін Орталық Азия мен оның тұрғындары бүкіл адамзат баласына зор ықпал жасап келеді. Орталық Азиясыз көршілес жатқан елдердің тарихы қаншалықты түсініксіз болса, шығыстағы Қытай, батыстағы Жерорта теңізі маңайындағы мемлекеттер мен оңтүстігіндегі Үндістансыз ортаазиялық елдердің тарихы соншалықты бұлдыр көрінер еді», - дейді (Гельмгольт Г.История человечества. Всемирная история. Т. ІІ. СПб, 1902. С. 112, 115).
Ғалымның бұл сөздері көшпелілердің томаға-тұйық, Даниель Дефоның ХVII ғасырдағы беймәлім аралында өмір сүрмегендігін, олардың орасан зор аймақта отырықшы мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста болғандығын көрсетеді. Мұндай пікірдегі Г.Шварц - жалғыз емес. Профессор И.С.Брагинский де: «Орта Азия - адамзат өркениетінің алғашқы ошағының бірі ретінде есептеледі», - деп жазады.
Көшпелілер жөніндегі позитивті ой-пікірлердің, жазба және археологиялық жәдігерлердің молаюы біраз ғалымдарды ескі қисындар мен пайымдаулардан бас тартуға мәжбүрледі. Олар енді көшпелілердің уақытша мемлекеттік бірлестіктерге қол жеткізуі мүмкін, алайда, бұл құрылымдар отырықшы халықтардың ықпалымен дүниеге келді дегенге көшті. Басқаша сөзбен айтқанда, көшпелілер жасампаздық әлеуеті төмен, еліктеуге ғана қабілеті жетерлік халық болып шығады. Мұндай тұжырым 1996 жылдың 3-5 сәуірінде Алматы қаласында өткен «Қазақстанның мемлекеттілік эволюциясы» деген халықаралық конференцияда жасалған бір баяндамада көрініс берді. Онда Ұлы Даладағы көшпелілер мемлекеттілігінің шаруашылық қызметтің ұйымдасуын қамтамасыз ете алмағандығы, сонымен бірге, көп жағдайда геноцидпен аяқталатын үздіксіз соғыстарға әкеліп отырғандығы, өте тұрақсыздығы, қайшылықтарды шешу қабілетінің төмендігі, өз үстемдігі арқылы Ресейдің Ұлы Далада, кейін Түркістанда тыныштық орнатып, Еуразияның геосаяси біртұтастығын қамтамасыз еткендігі туралы пікір алға тартылды (Вестник КазГУ. Сер. истории: 1996. №3. С. 192). Бұл сөздерді айтып тұрған бүгінгі күнгі құрметті профессор емес, Ресейдің «культуртрегерлік миссиясын» уағыздаған ХІХ ғасыр авторы ма деп қаласың!
«Мемлекет» дегеніміз не? Әдебиетте оның жүзден астам анықтамасы бар. «Қазақтарда бұрын мемлекет болмады» деп жүрген авторлар оның батыстық моделін ғана мойындайды және ол «классикалық анықтама» деп аталады. Оған сәйкес келмейтін мемлекеттік құрылымдар «ерте феодалдық», «мемлекеттік функциялары шектеулі» саяси ұйымдасу формасына жатқызылады.
Еуразия көшпелілерінде соңғылар генераторлық сипаттағы ішкі күштердің емес, сыртқы факторлардың ықпалымен пайда болды, олар «классикалық дефиниция» тұрғысынан шынайы мемлекетке жатпайды делінеді.
Бұл ағым өкілдері мемлекеттіліктің орын алуын көшпелілердің отырықшы өңірлермен қарым-қатынасқа түсуімен байланыстырады. Олардың бір өкілі - Т. Барфилд (АҚШ) «далалық империялардың» (саяси орталығы Моңғол үстіртінде орналасқан мемлекеттерді айтады. - К.Е.) пайда болуы және өмір сүруі мен Қытай мемлекетінің саяси және экономикалық күш-қуатының артуы арасында каузальды байланыс болғандығын дәлелдеуге тырысады. Қытай бір орталыққа бағынған және қуатты мемлекетке айналған кезде көшпелілер де сондай деңгейге көтерілді. Қытай саяси анархия мен экономикалық депрессияға ұшырап құлдыраған шақта, далалық мемлекеттер де сондай күйге түсті дейді ол.
Профессор Питер Голден (АҚШ) Еуразияның көшпелі түркі тайпалары «алғашқы қауымдық», яғни мемлекетсіз қоғам мен «дамыған күрделі қоғам» сатылары арасында өмір сүрді, сол себепті әңгіме мемлекеттің пайда болуы емес, көшпелілердің мемлекеттілікті сырттан әкелуі немесе өмір сүріп жатқан мемлекетті көшпелілердің жаулап алуы жөнінде ғана болуы керек дегенді айтады.
Мұнан П.Голден тұжырымдарының Т.Барфилд теориясының көшірмесі екендігін көреміз.
Профессор А.М.Хазановтың «Көшпелілер және сыртқы дүние» атты кітабының квинтэссенциясы да «көшпелілер өз алдына, сыртқы дүниенің тікелей ықпалынсыз өмір сүре алмайды» дегенге саяды.
Далалық империялардың қуатты Қытай империясының «көлеңкесі» ретінде пайда болуы жөніндегі теорияның тарихи фактілерге сәйкес келмейтіндігі көптеген ғалымдар тарапынан дәлелденіп отыр. Профессор Майкл Дромп (АҚШ) «Ішкі Азияда империялық мемлекеттің құрылуы» деген мақаласында VI - IX ғасырлар арасындағы түркі мемлекеттері тарихын зерттеу жұмыстары нәтижесінде Т.Барфилд теориясының бұл мемлекеттердің пайда болуы мен ыдырауын түсіндіре алмайтындығын, сол себепті, оның негізсіздігін көрсетіп берді.
Никола Ди Космо (Италия) Т.Барфилдтің билік циклдары проблемалары мен биполярлық экономикалық модельге негізделген тұжырымдамасының шектеулілігіне нақтылы дәлелдер келтіріп, оның орнына көпфакторлы әдіснаманың маңыздылығына тоқталады.
«Мемлекет» дегеніміз, құрылымдық-функциялық талдау тұрғысынан алғанда, қоғамды ұйымдастырушы - реттеуші жүйе, сонымен бірге қоғамның ресми билік органдарының және атрибуттарының тұтас жиынтығы болып табылады. Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің объективті және субъективті алғышарттары қандай жағдайда қалыптасып, қоғамды ұйымдастыру және реттеу қажеттілігі туындайды? А.М.Хазанов, Н.Н.Крадин, Т.Д.Скрынникова және басқа да ғалымдардың еуразиялық көшпелілер қоғамында басқару сұранысына әкелетін катализаторлық сипатқа ие ішкі күштер болмады деген пікірлерінде негіз бар ма?
Көшпелі экономиканың тұрақты дамуы және қосымша өнімнің, кейбір жағдайда отырықшы - егіншілікті аудандардан да, көп өндірілуі еуразиялық түркілерде басқару аппаратын құруға жетелегендігі тарихи дереккөздерімен дәлелденеді.
Материалдық және адам ресурстарының жинақталу және шоғырлану процестерін былай қойғанның өзінде, көшпелілер қоғамында бір саяси құрылымға бірігудің экономикадан тыс жатқан, мүдделілік пен қажеттіліктен туындайтын факторлар баршылық. Оларға: қауымдар арасында жерді пайдалану жөніндегі өзара қатынастарды реттеу, көшу бағыттарын анықтау, жайылымдықтарды бөлісу, руаралық мәселелерді шешу, экологиялық, одан туындайтын әлеуметтік және экономикалық апаттарды болдырмау, көрші отырықшы және көшпелі өңірлермен сауда-экономикалық және саяси қарым-қатынастарды ұйымдастыру, сыртқы жаулардан қорғану жатты.
Осы қажеттіліктер тайпалардың, тайпалық одақтардың, олардан да жоғары тұрған бірлестіктердің, жүздердің және т.б. ірі бірлестіктердің (мысалы, алшын, «алаш мыңы») қалыптасуына әкеледі. Саяси эволюция барысында бұл әлеуметтік организмдер арасындағы қатынастарды реттеп отыруға қажетті тетік ретінде иерархиялық сипаттағы потестарлық-саяси ұйым пайда болады. Ол генеалогиялық туыстық принципіне негізделеді. Әскери-потестарлық бірлестіктер басқа рулар мен тайпалар есебінен ұлғайып, осы негізде мемлекеттік бірлестік - хандық құрылады.
Сонымен, көшпелі мал шаруашылығы өндіріске қатысушылардың барлығынан жоғары деңгейде ұйымдасуды, қоғамның ішкі өмірін де реттеп отыруды талап ететіндігін көреміз.
Басқаша сөзбен айтқанда, көшпелілердің өзінің саяси дамуында тек тайпалық конфедерация дәрежесіне жеткендігі, мемлекеттіліктің қарсаңында ғана тұрғандығы жөніндегі пікірлердің негізсіздігі айқындала түседі. Көшпелілік мемлекеттілікті жоққа шығармайды, көшпелі социумның даму заңдылықтары да тіршілік императивтеріне бағынады. Алайда, көшпелі өмір сүру салты жөнінде қаншалықты теріс көзқараста болғанымен, көшпелілердің барлығын бірдей «номадтар» деп жалпылама қарастыруға болмайды. Зерттеулерде көшпелілер қоғамына қатысты терминологиялардың да түрліше қолданылатындығы ескеріле бермейді және олардың семантикасы түрліше ұғынылады. Индиана университетінің профессоры Лоуренс Крадер (кейін Германияға қоныс аударды) қазақтар тарихына арналған еңбектерінде мал шаруашылығынан тәуелді адамдар қоғамына «пасторализм» (бақташылық) терминін қолданады.
Бірақ, әдебиетте «бақташылық» пен көшпелілік терминдерінің қолданылуы да бір жүйеге түспеген. Профессор А.Хазанов «бақташылықтан» гөрі «көшпелілер» терминіне ден қойса, Т.Барфилд «көшпелі бақташылық» терминіне ықылас танытады. Оның (яғни Т. Барфилдтің) жерлесі Д.Синор номадтардың барлығы бірдей бақташы болған емес және бақташылардың бәрі бірдей номадтар болған жоқ деп дұрыс ескертеді (Sinor D. Reflections on the history and historiography of the nomad empires of Central Asia // Acta Academiае Hung. Vol. 58 (1). 2005. P. 7). Шынында да, «номадтардың» барлығы бірдей көшпелілер болған емес, сол себепті бұл екі терминді синонимдер ретінде алуға негіз жоқ (мысалы, тайга терімшілері немесе аңшылар, мұхит үстіндегі көшпелілер, бұғы өсірушілер, т.б.). Д. Синор саяси орталығы Еуразияның ашық өңірінде орналасқан тұрғындарды «аттылы номадтар» деп атағанды жөн көреді.
Қалай болғанда да, Еуразия халықтарының тарихын, әсіресе, оларда мемлекеттіліктің пайда болуы тетіктерін зерттеу үшін барлығына бірдей «жалпы заңдылықтарды» таңбай, әрқайсысын нақтылы түрде, бірақ көршілес елдермен байланыстар контекстінде қарастыру қажет. Себебі, мемлекеттердің құрылу процестері мен формалары түрлі халықтарда біркелкі бола бермейді. Көшпелі тұрмыста өмір сүрген халықтарда да мемлекет генезисінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Орталық Еуразия тарихының негізгі концепциясына тән жалпы қателік бұл өңір тұрғындарының үздіксіз миграциялық қозғалыста болғандығы жөніндегі көзқарас болып табылады. Батыс тарихшыларының пікірінше, «аттылы көшпелілер - жаулаушылар» Қытайдан Еуропаға үнемі жорықтар ұйымдастырып отырады. Ішкі Азия арқылы Қытайдан Еуропаға жалпы миграцияның жасалуы жөніндегі идея Жозеф де Гиньнің «Хундардың, түріктердің, моңғолдардың және шығыс татарларының жалпы тарихы» деген еңбегінен бастау алады. Батыс авторларының еуразиялық көшпелілердің үнемі үдемелі сипаттағы миграция құшағында болғандығы және миграциялық қозғалыстың тек Шығыстан Батысқа қарай бағытталып отырғандығы жөніндегі пікірлері де тарихи шындыққа сәйкес келмейді және мемлекеттілік тарихын зерттеуге көмектеспейді.
Орталық Еуразия тарихнамасы, деп жазады Д.Синор, кітаптан кітапқа, мақаладан мақалаға ауысып отыратын негізсіз клишелер, жалған түсініктер мен болжамдарға толы.
Қазақ мемлекеттілігін жоққа шығаруға тырысушылықтың астарында геосаяси мүдделерден туындап жатқан мәселелерді былай қойғанда, ғылыми зерттеулердегі кедергілер де баршылық.
Сонымен бірге көптеген ізденістердің әдіснамалық тұрғыдан әлсіздігі - оларда еуразиялық кеңістік тұрғындарының экономикасын «таза көшпелілік» сипатта ғана танып, басқа шаруашылық укладтарын жоққа шығаруында; көшпелілік пен отырықшылық арасындағы қарым-қатынастарды антагонистік сипатта емес, екі өндіріс тәсілінің ықпалдасуы, симбиозы ретінде қарастырылмауында, әсіресе, қазіргі Қазақстан аумағында ерте және орта ғасырларда пайда болып, бірін-бірі ауыстырып отырған (сақтар, сяньби, ғұндар заманынан бастап) мемлекеттердің қоғамдық құрылысы, билік институттары, т.б. белгілерінің бір-бірімен салыстырмалы зерттелмеуінде.
Алайда, қазақ мемлекеттілігі жөнінде түрлі қаңқу сөздердің таралуының басты себебі өзімізде көне дәуірден Қазақ хандығына дейінгі кезең жөнінде этногенетикалық, мемлекеттілік, ділдік, тілдік, діни, әдет-ғұрыптық, антропологиялық дәстүр сабақтастығына негізделген кешенді де іргелі еңбектердің жоқтығына байланысты. Бұл орайда отандық ғалымдардың сан алуан объективтік қиыншылықтармен ұшырасып отырғандығы да жасырын емес.
Осылардың кейбіріне тоқталатын болсақ, көне және ортағасырлық дереккөздерінде этнонимдер мен әкімшілік терминдердің зерттеліп отырған халықтың тіліне сәйкес келе бермейтіндігі және бір халықтың бірнеше атаумен ұшырасатындығы. Мысалы, хундар византиялық дереккөздерінде тоғыз, венгрлерде он тоғыз түрлі аттарымен белгілі. Венгрлер өздерін түркітектес мажарлар деп санайды, фин-угор тілінде сөйлейді және әкімшілік терминдері славян тілінде қалыптасқан. Басқаша сөзбен айтқанда, әкімшілік терминологияға да, этнонимдерге де үлкен сақтықпен қарау керек. Мысалы ІХ ғасырда Русь халқының жетекшісі қаған лауазымын алып жүрді, бірақ бұл ол түрік дегенді білдірмейді.
Осы мәселеге байланысты Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкерлері Нәпіл Базылхан мен Жанымхан Ошанның ғылыми ізденістері жаңа нәтижелерге қол жеткізеді деп ойлаймын.
Бірақ, қазіргі кезде мұндай мамандар әлі де саусақпен санарлық. Әсіресе, кеңес заманынан бері келе жатқан ауыр «мұраның» бірі - тарихшылардың лингвистикалық дайындығының төмендігі, олардың басым көпшілігінің қазақ, орыс тілдерімен ғана шектелетіндігі. Шет тілдерінде жазылған зерттеулерді аудармашылар арқылы пайдаланудың сүріндірер тұстары аз болмайды.
Ерте және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын шетелдік дереккөздерінсіз зерттеу мүмкін емес. Себебі, ол кезеңге қатысты жергілікті халықтың тілінде жазылған дереккөздері өте сирек, ал сыртқы дереккөздері бірнеше тілдерде жазылған. Түпнұсқалық материалды пайдалану үшін тарихшы орта ғасыр кезіндегі, ең кемінде, екі-үш тілді білуі тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайдың өзінде шет елдерде үлкен мән беріліп отырған этнолингвистикалық және басқа да еңбектердің ғылыми жетістіктерін білу қажет.
Индиана университетінің профессоры Д.Синордың пікірінше, қазіргі заманғы тілдерге келетін болсақ, батыс елдерінде ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап тарихшылардың жас буыны арасында француз және неміс тілдерін игеру әлсіреп, оның орнына қытай және жапон тілдеріне көбірек назар аударыла бастаған. Бірінші үрдіс өкінішті болса, екінші үрдіс - қажетті де құптарлық құбылыс, себебі, көптеген тақырыптар қытай және жапон ғалымдарының еңбектерімен танысуды талап етеді дейді атақты шығыстанушы.
Соңғы он жыл шамасында бізде де тарихшылардың шет тілдерін игеруі жөнінде оң қадамдар жасалуда, бірақ оларды жеткілікті дей алмаймын. Тарихшылардың лингвистикалық дайындығын арттыру үшін ынталандыруға және «мәжбүрлі» оқуға негізделген қосымша жаңа шаралар қажет секілді.
Кешегі «кеңес шинелінен» шыққан тарихшылар шетел тілдеріндегі дереккөздерін пайдалануға ықыласының жоқтығын олардың «еуроцентристік» көзқарас тұрғысынан жазылғандығымен бүркемелеуге тырысады. Әрине, еуропалық дереккөздерінің біразы Ішкі Азия тұрғындары жөнінде негативті пікір ауанында құрастырылғаны мәлім. Бірақ бұл ерекшелік олардан мүлдем теріс айналуға негіз бермейді. Ғалымдарымыздың тілдік дайындығын жаңа деңгейге көтермей, этнолингвистикалық зерттеулерге ден қоймай, салыстырмалы-функциялық, өркениеттік талдауларды меңгермей отандық тарихымыздың - әлемдік тарихтың құрамды бөлігіне айналуы қиын, «қазақ мемлекеттілігі» тақырыбы да Рашид-ад дин мен Мұхаммед Хайдар Дулатидің төңірегінен алысқа бара алмайды.
Мемлекеттілік дәстүр
сабақтастығы
Орталық
Азияны мекендеген көшпелі тұрғындардың ерте заманнан мемлекеттік
түзімде өмір сүргендігі археологиялық, антропологиялық,
лингвистикалық, тарихи және басқа да материалдармен анықталып
отыр. Академик К.М.Байпақов қазақ мемлекеттілігін Көне түрік және
Батыс түрік қағандығынан бастап келсек, енді Есік қорғанындағы
жаңалықтан кейін б.д.д. ІV-ІІІ ғасырлардағы Жетісу сақтары
мемлекеті жөнінде айта бастадық дейді. Жергілікті сақ тайпаларының
мемлекеттік деңгейде өмір сүргендігіне дәлел ретінде ғалым
С.Жолдасбайұлы «Алтын киімді» адамға Жетісу жеріндегі «Бесшатыр»
обасынан алынған материалдарды қосады. Ал академик Б.Е.Көмеков
Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің қалыптасуын мұнан да әріден,
б.д.д. VІІ-ІІ ғасырлар шамасындағы сақ қауымдастығымен
байланыстырады.
Қалай десек те, Қазақстан жерінен табылған төрт бірдей «алтын адамның» ұшырасуы ежелгі сақ, сармат тайпалары өздерінің даму дәрежесі тұрғысынан көптеген халықтардан көш ілгері болғандығын көрсетеді. Мұны грек авторларының еңбектері, парсылық, ассириялық дереккөздері, Қытайдың «Ханьшу» жылнамасы растайды. Олардан Арал, Каспий өңірлерінде, Сырдария өзенінің бассейнінде, Таласта және Қаратау маңында, бүгінгі Қазақстанның оңтүстік-шығысында өмір сүрген мемлекеттер сөз болады. Соңғылары қытай дереккөздерінде «Шин-Го» («Көшпелі мемлекет») деп аталды.
Сақ мемлекетінің өз патшасы, біртұтас әскері, мемлекеттік рәміздері, қоғамдық жүйені реттейтін заңдары болған. Сақ патшасын әр тайпаның төбебасылары мен басқақтары, ақылгөй қариялары (ақсақалдар) сайлаған.
Соғыс жариялау, бітімге келу мәселелері сақтардың жалпы жиналысында талқыланып, тиісті шешімдер алынып отырған. Сақ патшасының Александр Македонскиймен жүргізген келіссөз кезіндегі ескертуі халық жиналысының ерекше рөл атқарғандығын көрсетеді. Бұл құрылым қазақтарда өз тәуелсіздігінен айырылғанға дейін өмір сүрді.
Сақтарды арийлықтардың (ирандық) үрім-бұтағы деу тарихи шындыққа сәйкес келмейді. Олар шығысқа, оңтүстік өңірлерге, бүгінгі Орта Азияның, Пәкістанның, Ауғанстанның, солтүстік Үндістанның жеріндегі б.д.д І ғасырдың ортасына дейін жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Бірақ бұл сақтар Қазақстан жерінен тұтастай ауып кетті дегенді білдірмейді, олардың қалған бөлігі жергілікті басқа тайпалар арасында қалып, ассимиляцияға түсті. Мұның өзі Қытай профессоры Су Бэйхайдың «Бүгінде қазақ халқының құрамында байырғы сақтардан қалған нәсілдік тек бар» деген сөздерінің негізсіз еместігін білдіреді.
Батыс елдерінің біраз ғалымдары Орталық Азияда тұңғыш мемлекеттік құрылымға сюннулар (hsiung-nu) қол жеткізді деп есептейді. Белгілі неміс шығыстанушысы Отто Прицактың пікірінше, қуатты сюннулар империясының ықпалы тұтас Еуразия кеңістігіне тарап, материалдық мәдениет пен қоғамдық нормалардың жаңа формаларының қалыптасуына әкеледі. Т. Барфилд ортаазиялық сюннулар мемлекетін «самодержавиялық», «ішкі істерінде мемлекетке ұқсас империялық конфедерация» деп есептейді (Barfield T. The Hsuing-nu Imperial confederation: origins and foreign policy // Journal of Asian Studies. 1981. No 31/1. P. 47).
Сюннулар Орталық Азияда ғұндар (хуннулар) атауымен (хуннулар мен ғұндар - этникалық дивергенцияның үлгісі) белгілі болады.
Ғұн проблемасының филологиялық қырын зерттеген ағылшын ғалымы Э. Дж. Пуллиблэнк «Сюнну тілі» мақаласында б.д.д. І ғасырдан жаңа дәуірдің І ғасырына дейінгі қытай дереккөздерінде сақталған ғұн глосстарын реконструкциялау негізінде ғұн этнонимі қытай транскрипциясында «сюнну» болып естіледі деп жазады. Батысқа қарай жылжыған олардың ұрпақтары б.д.д. ІІ ғасырда Тарбағатай таулары мен Каспий жағалауы аралығында қытай деректерінде Юебань деген атпен белгілі ғұн империясын құрады. Ал, Дэвид Кристиан оны «сюнну империясы» деп атайды (Christian D. State formation in the Eurasian Steppes // Silk Rood Studies. II. Worlds of the Silk Roads: ancient and modern / Ed. by David Christian and Craig-Benjamin. Proceding from the Second Conference of the Australаsian Society for Inner Asian Studies. Brepols, 2000).
Елбасымыздың: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көктүріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп тәуелсіздікке тіреледі», деген Ұлытауда айтылған сөздерінде мемлекеттілік дәстүр сабақтастығының негізгі кезеңдері анық көрсетілген («Егемен Қазақстан», 2014, 26 тамыз).
Түркі халықтарының тегі - ғұндардан басталатындығын Қарақорымнан жиырма төрт шақырым жердегі (Ноян даңғылында) 1924 жылы П.К.Козлов жүргізген археологиялық қазба кезінде табылған материалдар дәлелдейді.
Неміс ғалымы Франц Альтхаймның Рим, Византия, Таяу Шығыс, ежелгі славян және ежелгі герман деректері негізінде құрастырылып, 1959 - 1972 жылдары жарық көрген «Ғұндар тарихы» деген бес томдық еңбегінде де ғұндардың басым көпшілігінің түркі тілдес болғаны жөнінде қорытынды жасалады. Орыс ғалымы А.Н. Бернштам да осындай пікірге келді (Бернштам А.Н. Очерк истории гуннов. Ленинград, 1951. С. 166). В.В. Бартольд ғұн тілінің - ескі түркі тілі екендігін мойындайды.
Ғұн мемлекетінің басқару жүйесі, мемлекеттік кеңесінің сандық және сапалық құрамы, құрылымы, негізгі функциялары Ж. Де Грот және басқа да ғалымдар тарапынан зерттелді.
ІІ ғасырдың 50-жылдары ғұндардың бір бөлігі Арал жағалауына, Елек өзені маңына барып, сарматтармен араласып кетеді.
Ғұндармен қатар шығыстан батысқа қарай Іле өзенінен Талас өзеніне дейінгі, солтүстіктен оңтүстікке қарай Балқаш көлінен Есік көліне дейінгі жерлерде көне Үйсін мемлекеті өмір сүрді. Су Бэйхай ежелгі үйсіндер ұлы йозилер және сақтардың бір бөлігімен қосылып, «Батыс өңіріндегі ең қуатты мемлекетке айналды» деп жазады.
Үйсіндердің түркі тегіне жататындығын Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, А.Зуев, С.Сұңғатай, Н.Мыңжан, З.Қинаятұлы, орыс ғалымдары Н.Аристов, Н.Я.Бичурин (Иакииф), қытай ғалымдары Жан Чиян, Уан Бин Хуа, моңғол тарихшысы А.Амар нақтылап жазды. Олардың көпшілігі Үйсін мемлекетінің көршілес Қытаймен терезесі тең, дипломатиялық қарым-қатынаста болғандығын мойындайды. Н.Мыңжанның еңбегінде үйсіндердің патшасы күнбиден (куньмо, куньми) бастап мемлекетті басқарушы тоғыз лауазым аталса, Үрімшіде жарық көрген «Ежелгі Үйсін елі» кітабында жүз алпысқа тарта лауазым қытай транскрипциясымен көрсетілген. Олардың арасында қазақтарға ежелден таныс: абыз, сардар, аталық, уәзір, дуанбасы, қаған, мыңбасы, нөкер, патша, патшайым, сұлтан, төреші, тұтқауыл, хан, ханша, шабандоз секілді лауазым атаулары ұшырасады.
Үйсіндер мемлекетінің құрылымы ғұндардың түзімімен ұқсас болып келеді.
Зерттеушілер ежелгі Үйсін ұлысын қазақ мемлекеттілігінің бастауы деп біледі (Сунгатай С. Улус древших усуней - истоки казахской государственности // Эволюция государственности Казахстана. Материалы международной конференции. г.Алматы. 3-5 апреля, 1996. А., 1996.). Сонымен бірге, олар үйсіндердің - сақтардың мұрагері екендігін және көне түркі тілінде сөйлегендігін мойындайды (К. Ақышев, Сиратори Куракити, т.б.).
Үйсін ұлысы б.д.д. ІІ ғасырдан б.д. V ғасырына дейін өмір сүріп, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттілік дәстүр сабақтастығын жалғастырды.
«Мемлекеттілік дәстүр» дегеніміз, В.В.Трепавловтың айтуынша, бір мемлекеттен екіншілеріне ауысып отыратын мемлекеттік құрылымның қағидаттары мен компоненттерінің, жалпы және маңызды белгілерінің тарихи-генетикалық сабақтастығы болып табылады (Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи ХІІІ в. (Проблемы исторической преемственности). М., 1993. С. 12). Ал, «мемлекеттілік» («государственность») терминіне: «Государственность - особый признак, которым отмечено историческое развитие стран (нации, групп национальностей, союза племен и т.п. образований), сумевших создать собственное государство или восстановших утраченное в силу различных причин (утрата независимости, объединение с другой страной) свое государство» деген анықтама беріліпті (Политология. Энциклопедический словарь / Общ. ред. и сост.: Ю.И. Аверьянов. М., 1993. С. 64).
Мақаланың бұл бөлімінде негізінен Қазақстан аумағында орын алған мемлекеттердің бір-бірімен билік институттары мен атрибуттарының тілдік, этникалық сабақтастығына мән берілді. Үйсіндермен қатар, не олардан кейін өмір сүрген мемлекеттік бірлестіктер де осы тұрғыдан қарастырылды. Олардың бірі үйсіндердің оңтүстік-шығыстағы - жері Ертістен Шу мен Сарысу өзендеріне дейін созылған Қаңлы мемлекеті. Қытай тарихшысы Хэ Цютао 1851 жылы жариялаған еңбегінде Қаңлы мемлекетінің (Канцюйдің) шығыс шекарасы қазіргі қазақ жерінде орналасты деп жазады.
Қаңлылар - қытай тарихнамасында көп зерттелген этностардың бірі болып табылады. Тарихшы Ун Нуан: «Үш ордаға бөлінген қазақтар - ежелгі қаңлылар» десе, жапон ғалымы К. Сиратори: «Қазақтар - тұрмысы, әдет-ғұрып және тіл жағынан ежелгі қаңлылардың жалғасы», - деп жазады (Қинаятұлы З. Тарихи шындық неге бұрмаланды? // «Егемен Қазақстан». 2001. 25 шілде).
Қытай дереккөздерінде Қаңлы мемлекетінде Ваң (патша) фу ван (орынбасар патша), гүй рын (мемлекет кеңесшісі), үнху - ябғу (ұлыс билеушілері), ваньху (әскери және әкімшілік бастықтар), шао ваң (кіші патша), т.б. лауазымдар көрсетіледі.
Еуразия кеңістігінде өмір сүрген ғұндар мен басқа да халықтардың шығыстан батысқа қарай қозғалысы Қазақстан аумағындағы сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының антропологиялық түр-сипатына, сонымен бірге түркі тілі ареалының кеңеюіне әсер етеді.
Ғұн империясы ыдырағаннан кейін қазіргі Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің дамуы Түрік қағанатымен байланысты (552-744). Қытайдың «Жоунама» атты жылнамасында «түріктер - ғұндардың бір тармағы, ата-бабасы - Ашина, олардың арғы аталары ғұндардың терістігіндегі сақ (сэ) жұртынан шықты» делінеді.
Түрік жазушысы Ахмет Ташағыл да көктүріктердің (Түрік қағанаты кезіндегі түркі халықтарының жиынтық атауы) ғұндардан шыққандығын қолдайды (Деректану. Алматы, 2002. 148-б.).
Э.Дж.Пуллиблэнк түрік атаулы халық VI ғасырдың орта кезінде Моңғолиядан жужандарды ығыстырып, Еуразия кеңістігінде өз империясын құрған кезден белгілі болды, бірақ олардың шыққан тегі жұмбақ күйінде қалып отыр, бір қытай құжатында олар сюннулардың бір тармағы деп жазылады дейді (Pulleyblank E.G. Central Asia and Non-Chinese people of Ancient China. Brookfield, 2002. P. 21).
Ғылымда түркі халықтарының шыққан тегі біршама зерттелген. Көктүріктердің тарих сахнасына шығуын көрсететін нақты дәлел ретінде олардың 542 жылға дейін Алтай тауларының оңтүстік баурайында өмір сүргендіктерін және ғұндардың солтүстігінде орналасқандықтарын айтуға болады. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған ескерткіштер Алтай тауларының оңтүстік беті б.д. 450 жылдарынан бастап көктүріктердің мекені болғандығын растайды, деп жазады А. Ташағыл.
552 ж. көктүріктер құрған Түрік қағанаты, ішкі, сыртқы шиеленістерге байланысты, екі бөлікке: Шығыс Түрік қағанаты (681-744) мен Орта Азия және Қазақстан аумағындағы Батыс Түрік қағанатына (603-704 жж.) бөлініп кеткені белгілі.
Батыс Түрік қағанаты - қазақ мемлекеттілігінің бастауы деуге толық негіз бар, себебі ол кейін қазақ халқының құрамына енген көптеген тайпалардың басын біріктірді. Н.Я. Бичурин Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген уақытын Үйсін ұлысын жалғастырған мемлекеттілік даму сабақтастығының келесі кезеңін құрады деген қорытынды жасайды (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М.-Л., 1950. Т. 1. С. 279).
О.Прицак, М.Дромп, В.Рыбатский және басқа да авторлардың еңбектеріндегі түрік қағанаттарындағы мемлекеттік басқару жүйесі, ондағы дуалдық билік, Көк пен Жердің аралығындағы мәңгілік одақ туралы идеологиялық тұжырымдаманың зерттелуі мемлекеттілік дәстүр сабақтастығының үзілмей келе жатқанына көз жеткізеді. Р. Груссенің зерттеу қорытындылары бойынша Түрік қағанатында бюрократиялық басқару аппараты 28 билік сатысынан тұрған. Дж.Клосонның «Этимологиялық сөздігінде» жабғу, шад, тегін, илтебер, тудун және т.б. лауазымдар көрсетіледі. Йугруш деген лауазым Қарахан дәуірі кезеңіндегі құжаттарда ірі чиновниктердің бірін білдірді (Clauson G. An Ethymological dictionary of the pre-Thirteenth Century Turkish. Oxford, 1972. PP. 134, 453, 488, 866, 457, 905-906).
Олардың ішіндегі шад, алыпби, күшлікби, бөріби секілді лауазымдар үйсін ұлысында да болған.
Екінші Түрік қағанаты кезінде қағанаттың шекарасына жіберілген әскердің басшылары «тутун» (немесе «тутук») аталған. Ал, «тутун будун» ұғымы шекараға шығып кеткен, сөйтіп үлкен ордаға оппозицияда болған кіші хандардың, тегіндердің кәдуілгі ісі болған. Осы «тутун будунды» кейін, ІХ-ХІІ ғасырлар шамасында, «қадақ будун» деген әскери термин ауыстырады (Қ. Өмірәлиев).
П. Голденнің жазуынша, Түрік қағанатында ішкі істер министрі болған. Ол жауланып алынған жерлерден салық жинаумен айналысқан. Әскери міндет атқару («майдан шебінің алдында жүру») «қанмен төлеу» салығы деп аталған.
Осыған қарағанда кейбір авторлардың көшпелілер құрған саяси ұйымдастыруларында мәжбүрлеу аппараты мен салық жүйесі болмады, сол себепті олар толыққанды мемлекет емес деген пікірлерінің негізсіз екендігін көреміз. Түркі көшпелілерінде мемлекеттік атрибуттар түгелге жуық орын алды.
Жалпы алғанда, Түрік қағанаттары басқарудың өзіне тән иерархиялық лауазымдарымен, қоғамдық тұрмысының және әлеуметтік институттарының күрделі формаларымен, әскери тәртібімен, дипломатиялық практикасымен, көршілес елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қойылған дүниетанымымен Қазақстанды мекендеген этностық қауымдастықтардың мемлекеттік дәстүрін байытып, жаңа белеске көтерді.
Түрік қағанатының парсы, қытай, батыс мемлекеттерімен деңгейлес, өзінің дамуы тұрғысынан биік тұрмаса да, төмен болмағандығы оның дипломатиялық қызметі мен хаттама нормаларынан да айқын көрінеді. Қағанаттың халықаралық саяси қатынастардың белсенді мүшесі болғандығы туралы Менандр, Динавери, Симокатта, кейінгі Э.Шаван, И.Маркварт, Г.Моравчик, т.б. ғалымдар жазып қалдырды.
Бір деректерде Истеми қағанның VІ ғасырдың 60-жылдары Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетіне қарсы жүз мың қол бастағаны және оның қол астында он тайпаның қолбасшылары («он оқ будун») болғандығы айтылады. Осы «он оқ будун» келесі түркі мемлекеттерінің этностық негізін қалайды.
Батыс Түрік қағанатын ауыстырған Түркеш қағанаты (699-766) өзінен бұрынғы саяси құрылымдардың мемлекеттік-әкімшілік, әскери-әлеуметтік дәстүрін жалғастырды.
Түркештерді, тарихшы Ә. Дәулетхан, Жетісу мен Еренқабырғаны мекендеген ежелгі үйсін, дулат тайпалары мен басқа да түркі тайпаларының басын біріктірген бес дулаттың белді тайпасы деп есептейді. Дала империясы қоғамдық-саяси құрылымның сақталып, жалғасын тауып отыруын түркілердің біртектілік туыстығы мен сол кездегі олардың тарихи және біртұтастығы қамтамасыз етіп отырды.
Түркеш қағанаты Батыс Түрік мемлекетінің тікелей мұрагері болды және бұрынғыша «он оқ будун» («он тайпалы халық») деп аталды. Француз тарихшысы Э. Шаван оны «он оқ елі» деп атайды.
Түркеш қағанатының қарлұқтардан жеңілісі жаңа түркі мемлекетінің орнығуына жол ашады. Енді бұрынғы Батыс Түрік қағанатының орнында бірнеше мемлекет пайда болады: Солтүстік Тянь-Шань мен Жетісуда Қарлұқтар мемлекеті (766-940 ж.ж.), Сырдарияның төменгі сағасында, Арал жағалауында - Оғыздар мемлекеті, Ертіс жағалауында, қазіргі Солтүстік және Орталық Қазақстан далаларында - Қимақтар (кейін қыпшақтар) мемлекеті (Х ғ-дың басы - ХІ ғ.) және Еділдің төменгі сағасы мен Солтүстік Кавказда - Хазарлар мемлекеті.
Қазақстан аумағында өмір сүрген Қарлұқ қағанаты (766-940 ж.ж.) Батыс Түрік қағандығы мен Түркеш қағанатындағы билік жүйесі мен лауазымдар иерархиясын қайталады.
Қарлұқтардың жабғуы дала әміршілерінің заңды мұрагері ретінде есептеліп, қаған лауазымын алады. Араб тіліндегі деректерді талдау нәтижесінде О.Прицак алғашқы қарахан қағаны да, өзін қаған жариялаған қарлық жабғуы да - бір адам, яғни Білге Күл Қадырхан екендігі, қарахан әулетінің арғы тегі қарлықтардан шыққандығы жөнінде қорытынды жасады. Автордың пікірінше, Қарахан мемлекеті көшпелілердің мемлекеттік құрылымы және көшпелілер мен отырықшы халықтың өзара қатынастары секілді өзіндік құбылыстарды танып-білу үшін аса маңызды рөл атқарады.
Қарахан мемлекеті - түркі халықтарының тарихында 940-1212 жылдары мұсылман әулеті билік жүргізген алғашқы мемлекет. Батыс әдебиетінде «қарахандар бір орталыққа бағынған мемлекет құрды» деп көрсетіледі (World of the Silk Roads: ancient and modern. Turnhout, 1998. P. 250). «Қарахандықтар өздерін түрік және Афрасиаб (Алып Ер Тоңға) шаңырағы деп санаған», - дейді В.В. Бартольд.
ХІІ ғасырдың екінші ширегінде қарақытайлар (қидандар) Жетісуды Баласағұн қаласымен қоса жаулап алды. Бірақ Қарахан мемлекетінің құлауымен түркілік мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы үзілмеді. Оның үстіне қидандар құрамында маньчжурлар, тұңғыс, моңғол тайпаларына қоса ұйғырлар, қырғыздар және басқа да түркі ұлыстары болады. 1211 жылы Жетісуға келген найман тайпаларының үстемдігін таныған қидандар жергілікті түркі тайпаларына сіңісіп кетеді.
Қазақстан жерінде ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында өмір сүрген Оғыз мемлекеті де қоғамдық құрылысы, басқару жүйесі тұрғысынан ежелден келе жатқан түркілер дәстүрі аясында қалыптасты. Мемлекетті ябғу (жабғу) басқарған, оның мұрагерлері инал, орынбасарлары күл-еркіндер атанған. Мемлекетте тұрақты салық жүйесі қолданылды. Мемлекет әскери демократияға негізделеді.
Оғыздарда «халық жиналысының» сақталуы сол баяғы сақтар заманынан келе жатқан мемлекеттілік дәстүр сабақтастығының бірі көрінісі еді. Кейін ол ел басқарудың ең жоғарғы органы болып есептелетін ұлы және кіші құрылтай жиналысына айналады.
«Оғызнамедегі» Оғыз қаған «Ұлы құрылтай шақырды» деген жол осы институттан хабар береді.
Оғыздар қазақтардың этникалық тарихында елеулі орын алады. Тарихи аңыздарда олар қазақ халқының арғы аталарының бірі ретінде аталады. Сонымен бірге, олар өзбектердің, түрікмендердің, қарақалпақтардың, әзербайжан, татар, башқұрт, түрік халықтарының қалыптасуына үлес қосты.
М. Қашқари оғыздар бастапқыда 24 рулы ел болды деп көрсетеді.
Қыпшақтардан ығысқан оғыздардың бір бөлігі Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға өтіп кетеді де, қалғандары ХІ ғасырдың ортасында Дешті Қыпшақ тайпаларының арасына тарады. Оғыз руларының атаулары қазақтардың Кіші жүз, Орта жүз тайпалары атауларында сақталып қалды.
Түркі тайпаларымен Батыс Түрік қағанаты кезінен бері қарай етене араласып келе жатқан этностардың бірі - қимақтар болатын. ІХ ғасырдың аяғы-ХІ ғасырдың басында Шығыс және Орталық Қазақстанда қимақтардың өз мемлекетін құрып, көшпелілікпен қатар, отырықшы өмір сүргендігі жөнінде араб деректері негізінде Б.Е.Көмеков дәлелдеп шықты. Ғалым еңбектері әлем зерттеушілері тарапынан танылды (қараңыз: Acta Orientalia Hungaricae. Budapest, 1976. T. XXX. Fasc. 2. P. 260 - 261; Al-фурсан ал-фикри ва-с-сийаси. Дамаск, 1976. № 3. 114-115-б.).
Көне түркілердің мемлекеттік құрылымындағы қанат жүйесі Қимақ мемлекетінің құрылымынан да көрініс тапты.
Қимақтарда көне түркілерден қабылдаған қаған, жабғу, шад, тұтық секілді жоғары лауазымдары болды. Қаған (немесе хакан) ябғу атағынан екі дәреже жоғары тұрды.
ХІ ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін бұрын қимақ, қыпшақ және куман тайпалары мекендеген аумақта әскери-саяси басымдық қыпшақтарға ауысады. Қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің халқы біртекті болмады. «Қыпшақтар» деген жалпы атаумен аталғанымен, бұл қауымдастыққа, қыпшақтардың өздерінен басқа, түркітілдес қимақтар, кумандар, оғыз тайпалары, көне башқұрттар, қаңлылар, түргештер, иран этникалық тобының түріктендірілген элементтері кірді.
П.Б. Голденнің өзі де қыпшақтар тайпалық конфедерацияға ғана бірікті деп жүргенімен, «Кодекс Куманникус» ескерткішін зерттеуге арналған еңбегінде қыпшақ қоғамында мемлекеттік институттардың болғандығын жоққа шығара алмайды.
Қыпшақ дәуірі кезеңінің ең маңызды ерекшелігі «қыпшақ тілдес түркілер» деген жалпы атаумен этникалық шоғырлану процесі орын алады.
Қазақ халқының құрамына енген керейлердің, наймандар, қоңыраттар, жалайырлар, меркіттер, дулаттар және т.б. тайпалардың да ұзақ мерзімді мемлекеттік дәстүрі болғандығын тарихи құжаттар растайды.
Рашид ад-дин: «Наймандар мен керейлердің әрқайсысының өз мемлекеті болды», - деп жазады (Рашид ад-дин. Сборник летописей. Т. 1. Кн. 1. С. 75). Оның пікірі бойынша, керейлер - оғыздармен туыстас халықтардың бірі болған.
Керейлер, басқалары секілді, салт-сана, мемлекетті басқару, қоғамдық құрылыс салаларында түркі дәуірінің үлгілерін сақтады. Деректерде құн төлеу, әмеңгерлік, ру ішінде қыз алыспау туралы мәліметтер ұшырасады. Осы әдет-ғұрып нормалары қазақ халқына да жетіп, қатаң сақталды. Себебі, керейлердің дені қазақ жерінде қалып, Орта жүздің бір тайпасын құрады.
Керейлер елдің жоғарғы билеушісін әуелде «буюрук» деп атаған, кейін ол хан, гурхан атауымен ауысады. Г. Дёрфер «буюрук» деп жалпы мемлекеттік биліктің ең жоғары сатысында тұрған адамды айтады, ол премьер-министр, ұлы уәзір, рейхсканцлер деген ұғымды білдіреді дейді.
Баһадүр, тегін - кори деген лауазымдар болды. Бітікші хан жарлықтарын жазу және жариялаумен, қазыналық кіріс-шығыстар мен салық жинау сияқты әкімшілік қызметтермен айналысты.
Хандық әскери-әкімшілік жүйесі оң қанат, сол қанат және ханның өз қосындары болып үш топқа бөлінді. Қару асынған жауынгер қаптауыл деп аталды. Тұтқауыл қала қақпасын, жол тораптарын, шекаралық бекеттерді, өткелдерді күзетіп, бақылау міндетін атқарды.
Ұлы түркі қағанаттарының мұрасы Найман хандығында да сақталды. Оның билеушілері де: буюрук-қаған, күшілік-қаған, инанч білге буку қаған атанды.
Сонымен, Еуразия көшпелілерінде мемлекеттіліктің болмағандығы туралы тұжырымдар ғалымдардың тарихи сабақтастық мәселесін жете зерделемеуінде деуге толық негіз бар.
Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген бір мемлекеттің жойылып, екіншісінің пайда болып отыруы олардың құрамына енген этностардың бірінің құрып, екіншісінің пайда болуын білдірмейді. Олай болса, бұрынғы кездегі мемлекеттілік жөнінде жинақталған тарихи тәжірибе де ұрпақтан ұрпаққа ауысып, жаңарып, толығып отырады.
Сан алуан мемлекеттік құрылымдардың ауысуына қарамастан, Еуразия даласы тұрғындарының этникалық, лингвистикалық, антропологиялық, әдет-ғұрпы мен өмір салтының бірегейлігі, олардың көпшілігіне көшпелілік пен отырықшылық симбиозының тәндігі тарихи сабақтастықтың үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Әсіресе, бұл құбылыстың берік орнығуында бірнеше мемлекеттік құрылымдар мен ұлыстар құрамында өмір сүріп келе жатқан түркі тайпаларының Шыңғысхан империясы құрамында біріктірілуін маңызды оқиға ретінде атауымыз керек. Д. Кристиан «моңғол империясы - ең қуатты көшпелі мемлекет болды» деп жазады.
Моңғол империясының құрылуы Ұлы Түрік қағанатының жалғасы ретінде қабылданды, осы арқылы моңғолдар өз билігінің заңдылығын дәлелдеуге ұмтылды.
Моңғол империясындағы жоғарғы билік доктринасы негізінен көнетүрік тұжырымдамасы негізінде құрылды. Біріншіден, «қаған» лауазымы және Көкпен (Тәңірмен) қасиетті байланысын білдіретін қағандық лауазымның толық формуласы қалпына келтірілді. Екіншіден, қағанның мемлекеттегі және дүниедегі рөлі, орны және функциялары жөніндегі дүниетанымы түрік империясын құрылушылардың дүниетанымын қайталады. Үшіншіден, бұл секілді идеологиялық дәстүрлер көнетүріктердің салт-жоралғыларына ұқсас маңызды сарай салт-жоралғыларымен толықтырылды.
Тарихнамада Моңғол империясындағы жоғарғы билік жүйесі ХІІІ-ХІV ғасырлардың өзінде жан-жақты зерттелінді. Құрылтайдың шешімінсіз өзін хан жариялаған адамның өлім жазасына кесілетіндігі туралы П.Карпини: «Алдын ала князьдар, хандар, мырзалар және моңғолдың әйгілі адамдарының жалпы жиналысында сайланбай, император жариялауға өлім жазасымен тыйым салынады», - дейді.
Империяның әскери құрамы да түркілердің дәстүрі бойынша құрылды. Армия оң қанат (барун-гар) және сол қанат (узун-гар) болып екіге бөлініп, оларға бағынатын түмендер ондық жүйеге негізделді.
Мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы Моңғол империясының (әсіресе, Жошы Ұлысының) аумақтық-әкімшілік құрылымынан және түркі тайпалары өкілдерінің маңызды рөл атқаруынан айқын көрінді. Ең соңында, тарихи сабақтастық тақ мұрагерлігі тәртібінде сақталды. Шыңғыс хан туысқандарының таққа отыру құқығының кезектілік реті жөнінде монархиялық билікті мұра ретінде иелену көнетүрік жүйесіне толық сәйкес келді.
Мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы моңғол дәуірі кезінде қабылданған «Ұлы Жасақ» атты көшпелілер кодексінде көрініс тапты. Ол көшпелі халықтардың саяси жүйені қалыптастырудың сан ғасырлар бойғы тәжірибесін іріктеп, екшеп, даусыз дәстүрге айналған элементтерін ресми түрде жинақтап берді.
«Ұлы Жасақта» хан, қағандардың құрылтай жиналысында мұрагерлік жолмен сайлануы, ер адамның елін қорғауға әрқашан да дайын тұруы секілді ғұн-түркі заманынан келе жатқан қағидаттар сол күйінде қабылданды. Түркілерден ауысқан қылмыстық заңның кейбір баптары да «Ұлы Жасаққа» енді.
Түркілік басқару жүйесінің жалғасуы, әсіресе, батыс елдерінде Қыпшақ хандығы аталған Жошы Ұлысы (Алтын Орда) мемлекетінде орын алды. Мұндағы моңғолдардың үстемдігі сонау сақ заманынан бастау алатын түркі тайпалары мен ұлыстарының этногенездік процесін өзгерте алмады, қайта өздері саны жағынан басым түркілік ортада ассимиляцияға ұшырап, жергілікті халыққа сіңісіп кетті. Араб жазушысы әл-Омари, француз ғалымы Р.Груссе, орыс ғалымы В.В.Бартольд Алтын Орда халқының «қыпшақтануы» жөнінде жазып кеткен. Әдебиетте айтылатын «қыпшақтану» процесін «түркілену» процесі ретінде қабылдаған жөн секілді.
Алтын Орда әулеттік тұрғыдан ғана моңғол мемлекеті делінді, ал өзінің этникалық негізі, шаруашылығы, мәдениеті тұрғысынан шын мәнінде түркі елі болды.
Жалпы алғанда бұл кезеңдегі «қыпшақ» терминінің этнографиялық емес, тарихи мағынада қолданылатындығы жөніндегі пікір тарихи шындыққа сәйкес келеді. Себебі, «қыпшақтар» (кең мағынасында) ондаған басқа түркі тайпаларының басын біріктіреді.
Ежелгі біртұтас атақоныс, бірнеше ғасыр бойғы бірімен-бірі араласып келе жатуы, ортақ тіл мен дін, барлығына тән көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық тұрмыс салты, бірегей мәдени-рухани көзқарас, тамыры терең әдет-ғұрып, әскери демократия нормалары «қыпшақтар» деген атаумен бөлек этникалық қауымдастықтың қалыптасуына, оның болашақ қазақ халқының ядросын құруға негіз қалайды. Өз кезегінде Алтын Орда құрамындағы Ақ Орда мемлекетінде қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ елінің құрылу процестері бір-бірімен қабыса, өзара байланыста жүріп жатты.
Қазақстан тарихнамасындағы моңғол үстемдігі жөніндегі тақырыпқа тек негативті көзқарас қазақ мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы тақырыбын зерттеуді оңды жолға бағыттамайды. Моңғолдардың қазақ жерін «жаулап алғандығы» және бұрынғы өркениет ошақтарын талқандап, өндіргіш күштердің дамуына кедергі жасауы секілді пікірлер кеңес тарихнамасы ықпалы негізінде орныққан. Шындығына келгенде Жошы Ұлысы (Алтын Орда) қазақ мемлекеттілігінің құрылуы тарихының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.
Моңғол және түркі тайпаларының шаруашылық укладтарының бірегейлігі, әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлерінің жақындығы, ежелден көршілес, аралас-құралас өмір сүруі Жошы Ұлысында түркі тайпаларының әкімшілік, әскери-шаруашылық, мәдени салаларда лауазымды орындарға отыруына мүмкіндік берді.
Жошы Ұлысында орын алған әкімшілік, құқықтық жүйе Ақ Орда мемлекетінде жалғасын тапты.
Хандық биліктің нығаюы шаруашылықтың, егіншілік пен қолөнердің, сауда-саттықтың, мәдениеттің дамуын, қираған қалалардың қалпына келтірілуін тездетті. Пошта жүйесі енгізілді, ақша айналымы реформасы жүзеге асырылды.
Көшпелілерде салық жүйесінің болмауы толыққанды мемлекет құруға мүмкіндік бермеді дейтін пікір ұшырасады. Мұның негізсіздігін Алтын Орда мемлекетінде халықтың әртүрлі тобынан жиырмадан астам алым-салық түрі алынғандығынан көруге болады. Егіншілер мен малшылардан алынатын қалаң мен қапшауыр салығы, қалалық саудагерлер мен қолөнершілердің - баж салығы, ал бұқара халықтың бәрі бірдей - әскери салық төлеуі және т.б. күрделі салық жүйесінің болғандығын білдіреді.
Жалпы, Жошы Ұлысы өмір сүрген кезеңді моңғол-түркі дәуірі деп атаған жөн. Бұл дәуірдегі қолайлы жағдай қазақ этносы мен оның этникалық аумағының қалыптасуын қамтамасыз етті. Ұлыс халқының әртектілігіне қарамастан, сол кездің өзінде оның басым көпшілігін арғындар, қыпшақтар, наймандар, керейлер, қоңыраттар, уақтар, маңғыттар және басқа да, кейін қазақ халқының құрамына енген тайпалар құрады.
Этникалық шоғырлану процесі, әсіресе, Ақ Орда мемлекетінде интенсивті жүрді. Бұл процестің негізгі бағытын, әдет-ғұрып, тұрмыс-салты мен мәдениетінің, антропологиялық, географиялық факторлардың бірегейлігін былай қойғанда, барлығына тән ортақ тіл - қыпшақ тілінің шығыс тармағында сөйлеуі анықтады. Себебі, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени тұрғыдан өзін-өзі реттеу ерекшеліктері тіл арқылы ғана жүзеге асырылды.
Осы себепті Ақ Орда - Қазақстан аумағында жергілікті тайпалар негізінде құрылған тұңғыш қазақ мемлекеттілігі деуге толық негіз бар.
Бұл пікір Ақ Орданың едәуір тұрақты аумақтық тұтастығымен, этникалық құрамының біртектілігімен, ел билеген хандардың (Орыс ханның әулеті) әулеттік жалғастығының сақталуымен түсіндіріледі (Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан (Тарихи-сараптамалық зерттеу). Астана, 2004).
Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары кезінде
Ақ Орда аумағының оңтүстігіндегі иеліктерге (Арал маңы, Сырдарияның
төменгі ағысы,
Қаратау бөктері) және Әбілхайыр ханның тұсында Шығыс
Дешті-Қыпшақтың басым бөлігіне билік
жүргізді.
Ортағасырлық «Умдат ат-тауарх» шығармасының авторы Әл-қажы Абди Әл-Гафари қазақ хандары жөнінде айта келіп, Барақ ханның тұрағы «Қазақ йайлағы деген жерде» деп жазады (Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992. С. 219).
Ақ Орда мен Моғолстан аумақтарын мекендеген ру-тайпа, тайпа бірлестіктері мен этносаяси бөлімдердің бір ұлт ретінде шоғырланып, ұлттық құрамының тұрақталуы мұнан да ертерек кезеңде орын алғандығын меңзейтін дереккөздері де жоқ емес. Солардың бірі 1922-1923 жылдары Қазақстанда болып, қазақ тарихына байланысты зерттеу жүргізген ағылшындық Ральф Фокс «қазақтар - моңғол шапқыншылығына дейін-ақ ұлт болып қалыптасқан халық» дейді. (Fox R. PeopІes of the Steppes. London, 1925. P.139).
«Қазақ» атауының ХV ғасырдың ортасына дейін-ақ этникалық мазмұнға ие болғандығын дереккөздері де теріске шығармайды. 1330-1405 жылдары аралығындағы Орта Азияда болған тарихи оқиғаларды баяндайтын «Зафарнаме» кітабында қазақ елі, қазақ жері деген атаулардың ұшырасуы қазіргі ресми тарихнамадағы пікірдің түпкілікті еместігін көрсетеді.
Өтеміс қажының «Шығыснамада» қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы Жошының ұрпағы Орыс хан (1369-1376 ж.ж.) деп есептеуі де белгілі бір кезеңдерде түркі тайпалары тобының бірде «алаш мыңы», бірде «алшын», кейін «қазақ» атанғаны жөніндегі пікірімізді толықтырады.
Қалай болғанда да ХV ғасырдың орта кезінде Шу мен Қозыбасы өңірінде құрылған мемлекет пен оның халқына «қазақ» атауының берілуі Керей мен Жәнібектің өз жақтастарымен бірге Ақ Орда жерінен Жетісуға қоныс аударуына байланысты айтылады.
Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылу уақыты Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Орыс хан мен Барақ хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың Ақ Орда халқының бір бөлігімен Жетісудың батыс өңіріне (Шу мен Қозыбасы) қоныс аударуы оқиғасынан, яғни хиджраның 870 (1465-1466) жылдарынан басталады деп көрсетіледі. Әдебиетте мұны әулеттік талас-тартысқа сайып, тіпті Керей мен Жәнібектің бұл қадамы Ақ Орда мемлекетіндегі билік үшін күресті жалғастыру мақсатында Жетісудағы түркі тайпаларымен қосылуды, яғни күш жинастыруды көздеді деп бағалағанның өзінде тәуелсіз өмір сүруге ұмтылған Ақ Орда халқының тарихи процестегі рөлі көмескіленіп қалады. Әуелі мемлекет (хандық) құрылды, сосын қазақ халқы қалыптасты деген пікірдің өзі де тарихи шындыққа сәйкес келмейді.
ХV ғасырдың 60-жылдары «қазақ» этнониміне ие болғанмен, халық басқа атаулармен оған дейін қалыптасып үлгерген. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін оның нығаюы мен халықтың қалыптасу тіндерінің жетілуі өзара ықпалдастықта орын алады.
Қазақ халқының қалыптасуы Қазақ хандығының құрылуына және тұңғыш қазақ хандарының іс-әрекетіне байланысты болуы деген пікір В.В.Вельяминов-Зерновтың «Қасым хандары мен ханзадалары туралы зерттеулер» деген еңбегінен бастау алды да, орыс және кеңес тарихнамасында қазақ мемлекеттілігі іргесінің қалануын да, қазақ этногенезін де ХV ғасырдың екінші жартысымен байланыстыратын тұжырым орын алды.
Дегенмен, кейбір кеңес авторларының Қазақ хандығының құрылуы кездейсоқ оқиғалардың жиынтығы ретінде дүниеге келген құбылыс емес, ортағасырлық Қазақстанның бүкіл шаруашылық, әлеуметтік, саяси дамуы және қазақтардың этникалық тарихының ерекшеліктерімен байланыстырғанын жасыруға болмайды.
Жәнібек пен Керейдің Моғолстанға көшіп келу себебін Т.И. Сұлтановтың феодалдық езгінің күшеюі, осы негізде әлеуметтік наразылықтың өсуі, хан саясатына наразы сұлтандардың осы жағдайды өз мүддесіне пайдалануды көздеді секілді тұжырымы дереккөздерімен дәлелденбейді. (Султанов Т.И. Некоторые замечания о начале казахской государственности // Изв. АН Казахской ССР. 1971. №1. С. 56.).
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және этносаяси дамудың заңды нәтижесі болып табылады.
Қазақ хандығының тез аяғына тұрып, Еуразия кеңістігіндегі елеулі факторға айналуының астарында ғасырлар бойғы мемлекеттілік дәстүр мен түркілік негіздегі қазақ халқының этногенезі процесіндегі сабақтастықтардың қабаттаса, бірін-бірі алға сүйреген күштер жатты. Қысқаша сөзбен айтқанда, қазақтарда әуелі мемлекет, сосын қазақ халқы қалыптасты деген тұжырымдама негізсіз көрінеді.
Көрнекті орыс тарихшысы В.В.Трепавлов Қазақ хандығын көне дәуірден бері келе жатқан мемлекеттік дәстүрдің заңды жалғасы деп есептейді.
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі басты
дереккөзі Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты
еңбегі екендігі әлем жұртшылығына мәлім. Мұны мойындамай,
«қазақтарда бұрын мемлекет болмады» деп сөйлеу - «көрмес түйені
де көрмес» деген қазақ мақалын еске түсіреді.
Қазақ хандығының құрылуы тарихы К.А.Пищулина, Т.Сұлтанов,
Н.Мыңжан, С.Жолдасбайұлы, М.Әбусейітова, З.Қинаятұлы, Т.Омарбеков
және басқа да ғалымдар тарапынан әр қырынан зерттеліп келеді. Өткен
ғасырдың 30-жылдары Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген
Альфред Хадсон (АҚШ) Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі
тұжырымдарында «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүйене отырып, Керей мен
Жәнібектің, өз жағына басқа тайпалар мен руларды тарту үшін,
күш-қуаты жеткілікті болғанға ұқсайды деп жазады. Әңгіме бұл екі
сұлтанның беделі мен күш-қуаты емес, оған еретін, бөлінуге дайын
халықтың біршама екендігі жөнінде болса
керек.
Келесі америкалық автор Марта Олкотт Қазақ хандығы Қасым ханның тұсында (1512-1518) бір орталыққа бағынған мемлекетке айналды дейді. Оның сөзімен айтқанда: «Қасым Ноғай тобынан» (Ноғай Ордасын айтады. - К.Е.) шыққан қыпшақтардың, шағатайлықтардың шығыс бұтақтарынан тараған наймандар мен арғындарды қосқанда, басқа да түркі тайпаларының бірігуіне басты назар аударды. Бұл жағдай қазақтарды халық деп санауға мүмкіндік берді. Олар негізінен тұтастай түркі тілінде сөйлейтін, бірыңғай мал өсірумен айналысқан, ортақ мәдениеті бар бір миллиондай адамнан тұратын мықты халықты құрады. Қасымның тұсында саяси жағынан бірігу орнықты, себебі қазақтар аумағында тұрып жатқан сұлтандар хан билігін мойындап, оған бас иді».
Олкоттың баяндауы бойынша, Қасым ханның тұсында хандықтың құрамына Сырдария бойындағы қалалардың, оңтүстіктегі көшпелі және отырықшы өңірлердегі елді мекендердің енуіөзін-өзі қамтамасыз еткен (астын сызған біз. - К.Е.) экономика құруға мүмкіндік берді.
Хандықтың нығаюына бірнеше факторлар әсер етті. ХV ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында хандыққа Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан біраз көшпелілер қоныс аударды. Осы ғасырдың аяғында Түркістан аумағының орталығы Сығанақта, Сауран мен оның төңірегінде, Қаратаудың Созақпен қос алғанда жапсарлас ауданы және оның теріскейі мен күнгейіндегі, Сырдарияның төменгі ағысындағы басқа да қоныстарда, Арал өңірінде қазақ хандарының билігі орнады (Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХV - начале ХVI веков. Алма-Ата, 1977). Ноғай Ордасы халқының, әсіресе, алшындардың біраз бөлігі Қасым хан тұсында Қазақ хандығына келіп қосылады.
Қазақ хандығының ежелден түркі тайпалары мекендеген Жетісу жерінде құрылуы тез арада нығайып, халқының саны өсіп, этникалық аумағының кеңеюіне жағдай жасады.
Моғолстандағы керей, қаңлы, дулат, қарлық, меркіт, чорас, барлас және т.б. түгелге дерлік түрік тілінің қыпшақ тармағына жататын қазақ және қырғыз тілдеріне жақын тілде сөйледі (Юдин В.П. Центральная Азия в ХIV-ХVIII веках глазами востоковеда. Алматы, 2001. С.84).
Қасым хан тұсында хандықтың шекарасы оңтүстігінде Сырдарияның оң жағалауымен шектесіп, Түркістан қалаларының біразын, оңтүстік-шығысында Жетісудың тау етектері мен жазықтарының бір бөлігін қамтиды, солтүстік-шығысында Ұлытау және Балқаш көлі өңірі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін, солтүстік-батысында Жайық өзеніне дейін жетеді. Батыста қазақтардың этникалық аумағының Жайық өзенімен шектесіп жатқандығы жөнінде 1517, 1526 жылдары Мәскеуде дипломатиялық тапсырмамен болған австриялық дипломат С.Герберштейн де растайды.
Қазақ хандығының шекарасы туралы мағлұматтар орыс патшасы ІV Иванның 1552 жылғы жарлығы бойынша өз мемлекетінің шекарасын анықтауды көздеген материалдар жинастырылып, 1599 жыл шамасында Федор Ивановичтің тұсында жарық көрген «Большой чертеж» кітабында келтірілген. Мұны құрастырушылар «Қазақ Ордасының» «Хвалынск» (яғни Каспий) теңізінен Қарақұмға дейінгі жері мен географиялық нысандарына сипаттама береді (Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрон. Т. ХV. Кн.29. СПб, 1895. С. 455).
ХVI ғасырда қазақтар Тобыл өзенінің жоғарғы жағы мен Есіл және Ертіс өзендерінің бассейінінде көшіп-қонып жүреді (Томилов Н.А. Казахи Западной Сибири в конце ХVI - первой половине ХІХ в. // Этногенез и этническая история тюркских народов Сибири и сопредельных территорий. Омск, 1983. С. 70).
Қазақтардың Батыс Сібір жеріне орналасуы Г.Е.Катанаев, М.С.Мұқанов және басқа да авторлардың еңбектерінде қарастырылды (Катанаев Г.Е. О поступательном движении киргизов Средней Орды к границам Западной Сибири // Зап. Западно-Сибирского отделения РГО. 1886. Кн. 8. Вып. І; Муканов М.С. Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза. Алма-Ата, 1974). ХVI ғасырдың бас кезінде Қазақ жерлері Пермьмен шекараласып жатады (Томилов Н.А. Указ. соч. С. 69).
XVII ғасырдың соңғы ширегінде хандық қазіргі қазақ аумағының басым бөлігіне бақылау жүргізеді. (OІcott M.B. The Kazakhs. Stanford, CaІifornia, 1987. PP. 3,4,9).
Қазақ хандығының үш жүзге бөлінуі негізінде оны «федерация» немесе «конфедерация» болғандығының белгісі деп есептеудің негізі жоқ. Қазақтың үш жүзі - бір мемлекеттің үш бөлігі ғана. Бұл жөнінде М.Олкотт былайша түсіндірме береді. Кейбір тайпалардың халқының саны мен иелігінің ұлғаюы әлеуметтік ұйымдасу мен басқаруға қатысты проблемалар туғызды. Міне, осы жағдайға және генеалогиялық факторларға (басқа жағдайларға емес) байланысты ХVI ғасырдың бірінші жартысында хандық аумағы үш жүзге бөлінді (көпшілік авторда басқа кезең аталады. - К.Е.). Бірақ осыған қарамастан, деп жазады М.Олкотт, қазақтар бір тілде сөйлейтін, жалпыға тән мәдениеті мен экономикасы бар біртұтас халық болып қалды.
Неміс ғалымы Э.Саркисянц «1917 жылға дейінгі Ресейдің шығыс халықтарының тарихы» деген зерттеуінде Қазақ хандығының құрылу тарихын, оның Қасым, Тахир (1523/24-1531/32), Хақназар (1537/38-1580) хандар тұсында көршілес халықтармен қарым-қатынастарын, тайпалық құрамы мен этникалық аумағының қалыптасуын егжей-тегжейлі баяндайды. Әсіресе, ол Тәуке хан тұсындағы (1651-1718) бір орталыққа бағынған Қазақ мемлекетіне ерекше тоқталады (Şarkısyanz E. Geschichte der OrientaІischen VöІker RussІands bis 1917. München, 1961. S. 310-322).
Қазан төңкерісіне дейінгі кейбір орыс ғалымдары да Қазақ хандығы жөнінде объективті пікір білдірді. «Далалық облыстардың қырғыздары туралы заңдар жинағы» деген еңбекте: қырғыз-қайсақ ханы Тәуке тайпалар арасында тыныштық, рулар арасында жерді әділ бөліп беріп, оны пайдалану тәртібін орнатты, жалпы ол заңдылық негізде әрекет етті; бәрін де ақылмен істеп, тәжірибе мен шеберлігіне сүйенген Тәуке үш қырғыз-қазақ ордасына билік жүргізді; әрбір ордаға өз өкілдерін: Ұлы жүзге Төлені, Орта жүзге Қазыбекті, Кіші жүзге Әйтекені тағайындады делінеді (Сборник узаконений о киргизах степных областей / Сост. И.И. Крафт. Оренбург, 1898. С. 12).
И.И.Крафт ХVIII ғасырдың бас кезінде «жүз» бөлек хандық мағынасындағы құрылымды емес, көбіне-көп бір мемлекет құрамындағы генерал-губернаторлықты білдірді деп көрсетіпті (Сонда. С. 14).
ХІХ ғасырдың орта кезіндегі А. Терещенко деген автордың «Дешті Қыпшақ іздері және Ішкі Қырғыз-қайсақ ордасы» деген мақаласында да осы секілді мәліметтер келтіріледі.
ХVII ғасырдың бас кезінен Түркістан қаласы қазақтардың астанасына айналды. Есім ханның (1598-1613/14) ұлы Жәңгір (1627-1628) мен немересі Тәуке осы қалада тұрып, барлық қазақтарға әмірін жүргізді деп жазады ол (Москвитянин. 1853. Т. 6. № 22. Кн.2. С. 77).
Қазақтардың атамекен жерлерінің этникалық қалыптасуы ХVI-ХVII ғасырлар барысында аяқталды. Ресей Орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты, Ресей Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағаты, Ресей Сыртқы саясаты мұрағаты, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеті мұрағаты негізінде зерттеу жүргізген М.С.Мұқанов ХVIII ғасырдың бас кезінде қазақтардың қазіргі Қазақстан аумағын тұтастай алып жатқандығын нақтылап берді (М. Мұқанов. Қазақ жерлерінің тарихы. Алматы, 1994. 4-5-беттер).
Ғалымдардың соңғы жылдары жүргізген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Қазақстанның солтүстік өңірінде қимақ дәуіріне, ал Жайық өзенінің батыс жағалауында Алтын Орда дәуіріне жататын қалалар орындары табылды.
ХVIII ғасырдағы қазақтардың этникалық аумағы тарихи құжаттар негізінде В.Востров, Н.Бекмаханова және басқа да ғалымдар тарапынан зерттеліп, негізделді.
Мемлекеттіліктің басты атрибуттарының бірі - шекара екендігі белгілі. «Қазақтарда шекара болмады» деп ауа жайылушылар үшін қазақ та, ағылшын да, басқа да емес, қазаққа бүйрегі бұра қоймайтын Ресей Бас Штабының капитаны Л.Костенконың мына куәлігін келтіре кетейік: «Северную границу киргизких кочевок определить легче, чем южную, потому что здесь еще с прошлого века русское правительство стремилось обозначить пределы набегам степняков устройством укрепленных линий. Таким образом северная граница киргизских кочевок обозначилась: частью Алтайских гор, рекою Иртышем, потом так называемою Горькою Сибирскою линиею от Иртыша до Тобола, или до Звериноголовской крепости, затем от этой последней до устья реки Уя рекою Тоболом; далее р. Уем и потом Уралом, начиная от Спасскаго форпоста (близь Верхнеуральска) почти до Оренбурга, или точнее до Нижняго форпоста, затем далее реками Бердянкою, Уралом и Илеком до устья последнего и потом опять Уралом. Несмотря, однакож, на эти пределы, значительная часть киргизов Малой орды, в числе 7000 кибиков, перешла в 1812 году через Урал и с разрешения правительства поселилась в Астраханской губернии (Внутреняя или Букеевская орда); другая часть, в числе 3200 кибиток, несколько ранее перешла Иртыш и кочует внутри линии Сибирского казачьяго войска. На западе границей киргизских кочевьев считается р. Урал и северовосточный берег Каспийского моря. На юге киргизы примыкают своими кочевьями до Усть-Урта, затем до Хивы, до Заравшана, хребта Кашгар-Даванского, гор Уртак-тау, хребта Александровского и гор Киргизын-ала-тау. На востоке киргизская кочевья доходят до хребта Ала-тау, озера Алакуль, гор Тарбагатайских, озер Нор-Зайсана и хребта Тянь-шанского». (Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности / Сост. Л. Костенко. СПб, 1870. С. 30-31).
Бұл орайда орыс бекіністері мен әскери жүйелерінің, оның ішінде «Ащы өзек» аталған «Сібір шебінің» өзі қазақ жері арқылы өткенін ескеру қажет. 1910 жылы жарық көрген «Ақмола облысындағы қырғыз шаруашылығы» деген зерттеудің авторы В. Кузнецов: «Қазіргі қырғыздардың (қазақтардың. - К.Е.) ата-бабалары Петропавл даласына әр уақытта қоныс аударды. Уезде өздерінің тұрып жатқанына бес жүз жыл болған бір ауыл табылды. Ол - Полуденск болысындағы Жакей Оразбай тұратын 9-ауыл. Осы болыстағы №7, 10, 13, 16 - ауылдардың, Тайыншы болысындағы он бір ауылдың мұнда төрт жүз жылдан бері өмір сүріп жатқаны көрінеді» (Кузнецов В. Киргизское хозяйство в Акмолинской области. Т. ІІІ. СПб, 1910. С. 31-33).
Басқаша сөзбен айтқанда, орыс мұжықтарына жер іздеген экспедиция басшысының өзі қазақтардың қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында ХV ғасырдан бері тұрып жатқанын мойындайды.
Қазақ хандығы өз заманында Шығыста да, Батыста да белгілі болды. Шығыс авторларының шығармаларында Қазақ хандығы «Мамлакат-и казах», «Доулат-и казах», «Улус-и казах» деп аталды.
Парсы жазушысы Хасан бек Румлудың 1931, 1934 жылдары ағылшын тіліне аударылып жарық көрген «Ахсан ат-таварих» атты еңбегінің 12-томында 1494-1578 жылдардағы Қазақ хандығы, оның хандары Қасымның, Бұрындық пен Хақназардың іс-әрекеттері, олардың ішінде 1578 жылы Пул-и Хатун түбінде қазақтардың түрікмендермен ұрысы жөнінде баяндалады.
Қазақ хандығы туралы еуропа саяхатшылары, саудагерлері мен дипломаттарының күнделіктері де мол мағлұмат береді. ХVI ғасырдың 50-жылдары Ресейден Иранға қазақ жері арқылы екі рет өткен ағылшын көпесі Энтони Дженкинсон (1538-1580 ж.ж.) қазақтарды өз атымен атап («Cassacks»), олардың сол кезеңде (яғни Хақназар хан тұсында) Ташкентпен соғысып жатқандығы, қуатты халық екендігі жөнінде Англияға мәлімет жеткізеді. Өзі құрастырған картада Еділ мен Жайық арасында ноғайларды орналастырып, олардан шығысқа қарайғы жерлерді «Казахия» («Cassackia») деп көрсетеді.