Материалдар / Қазақ жеріндегі пиктографилық жазулар реферат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ жеріндегі пиктографилық жазулар реферат

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ жеріндегі пиктографиялық жазулар жайлы жазылған қысқаша реферат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2024
180
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ЖОСПАР


  1. Оқытудың негізгі түрлері

  2. Міндетті оқыту

  3. Ашық оқыту

  4. Оқыту тәжірибесі

  5. Енгізілген оқыту

  6. Дистанциялық оқыту

  7. Инклюзивті оқыту

  8. Контекстік оқыту

  9. Политехникалық оқыту

  10. Проблемдік оқыту

  11. Бағдарламалы оқыту

  12. Дамыта оқыту

  13. Пайдаланған әдебиет










Оқытудың негізгі түрлері

 Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.

Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).

Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:

1.Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту.

Оның дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:

-         Уақытты үнемдейді;

-         Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;

-         Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;

-         Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

-         Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:

-         Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,

-         Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;

-         Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.

2.Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту

Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.

Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.

Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм-дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын-ала оқу барысын басқару үшін алгоритм  жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.

 Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

-         Оқу материалының бөлшектелінуі,

-         Оқушының белсенді өзіндік жұмысы,

-         Тұрақты тексеру,

-         Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,

-         Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.

-         Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

-         Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,

-         Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.

Проблемалық оқыту

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

-          Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

-          Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

-          Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

-          Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

-          Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

-          Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:

1. екі жақты сипаты;

2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;

3. оқыту жағынан басқаруы;

4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;

5. бүтіндік пен бірлік;

6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Міндетті оқыту

Міндетті оқыту - ағартушы саясаттын ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі.

Ашық оқыту

Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің «ашық», икемді ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.

Оқыту тәжірибесі

Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады.

Енгізілген оқыту

Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі.


Дистанциялық оқыту

Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды компьютертелекоммуникациялар арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т.б. дистанциялық оқыту оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Инклюзивті оқыту

Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.



Контекстік оқыту

Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. Контекстік оқыту кәсіби оқытудың негізгі қарама-қайшылығын, яғни маман қызметі сапа жағынан өзге оқу қызметінің құралдарымен қамтамасыз етілу қажеттілігін, өтеуге мүмкіндік жасайды. Бұл қарама-қайшылық контекстік оқыту студенттер қызметі қозғалысының динамикалық моделін іске асыру арқылы өтіледі: өзіндік оқу қызметінен (мысалы лекция формасында) квази кәсіби (ойын формалары) және оқу-кәсіби (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, өндіріси к тәжірибе және т.б.) арқылы өзіндік кәсіби қызметке. А.А. Вербицкиймен жасалынады.

Политехникалық оқыту

Политехникалық оқыту - оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі заман техникасы ментехнологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына бағытталған оқыту. Қазіргі уақытта политехникалық оқыту техникалық кәсіптердің мамандарын дайындайтын арнайы оқу орындарында қамтамасыз етіледі.

Проблемдік оқыту

Проблемдік оқыту - оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді дамыта оқыту. Проблемдік оқыту іргетасы мәселені (теориялық және тәжірибелік мүддедегі күрделі танымдық мақсатты) қозғау мен негіздеу болып табылады. Егер мәселе оқытушыларды қызықтырса, сонда проблемдік жағдай туындайды. Оқу үрдісінде мәселеліктің үш деңгейі болуы мүмкін: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену және зерттеу деңгейлері.


Бағдарламалы оқыту

Бағдарламалы оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге(дозаларға) және қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады, материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына байланысты болады. Бағдарламалы оқыту Б.Ф. Скиннер, Н. Краудер, атамекен психологтары мен педагогтары - А.И. Берг, В.П. Беспалько, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин ЮА. Самарин, Т.А. Ильина құрастырған.

Дамыта оқыту

Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады.















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1.  Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006.

  2. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992.

  3. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.

























С
әрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан универсиеті



РЕФЕРАТ

Орындаған:Абилхасимова.А.С

Қабылдаған:Кенжебекова.Ф.С

Пәні: Біртұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!