Материалдар / "Қазақ жүздерінің қалыптасуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақ жүздерінің қалыптасуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақ жүздерінің қалыптасуы"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
4758
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ жүздерінің қалыптасуы туралы қазақша реферат

«Монғолия қазақтарының ата-тек шежіресі» атты Рахметұлы Шынайдың  еңбегінде: «Туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, ауылдас, көрші. Іргесі алшақтау болса- жерлес. Қандас- жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тараған), бір ата 13 атадан асса — ру. Бірнеше ру қандастықпен, я бір мүддемен біріксе- тайпа. Бірнеше тайпа қоғамдасып, жүз болып қауымдасады. Тайпадан ірілесе халық немесе ел, оның мемлекет ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса ұлыс, дербес шекара, саяси-экономикалық тәуелсіздікке қолы жетсе мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, өзіндік мекен- жері, әлеуметтік рух, жігері, этникалық ерекшелігі ортақтасып, дараланса ұлт болады» – деп өте орынды көрсеткен.

Қазақ жүздері – ХХ – ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулер оны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыстырады. Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшектері» ретінде қарастырған жөн болар.

Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ. Н. И. Гродеков, Г. Н. Потанин және Н. А. Аристов сияқты зерттеушілер қазақ жүздерінің шығуы туралы кейбір халық арасына кеңінен тараған аңыз — әңгімелерді келтірумен ғана шектелген.

Айталық, Н. Гродеков Алаштың – Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен Ұлы, Орта және Кіші жүздердің арғы тектері болғандығы туралы аңызды келтіреді; М. Шорманов шежіресінің негізінде Г.Н. Потанин, қазақ халқының арғы тегі Қотанның – Юсун, Ақжол және Алшын атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы екінші аңызды келтіреді; Диқанбай батыр шежіресінің негізінде Н. Аристов қазақ халқының арғы тегі Әбілқайырдың – Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы, осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы үшінші аңызды келтіреді; біздің ел арасынан жинаған деректеріміз үш түрлі аңызға негізделген болжамдар туғызып отыр. Бірінші болжам бойынша – Қазақтың (Алаштың) Ақарыс, Жанарыс және Бекарыс атты үш ұлы болған; екінші болжам бойынша – Қазақтан (Алаштан) Ақшора, Жаншора және Бекшора туады, үшінші болжам бойынша – Қарамендеден – Байшора, Жаншора және Қарашора туады да, олардан сол ретімен қазақтың үш жүзі бастау алады.

Әрине, мұның бәрі тек аңыз ғана, өйткені әр түрлі атпен қазақтың әр жүзіне жеке – дара оның түп атасын, яғни тегін табу ешбір шындыққа үйлеспейтіндігі ғылым тарапынан әлдеқашан дәлелденген жайт.

Шығыстанушы ғалым В.В. Вельяминов–Зернов қазақ жүздерінің Хақназар ханның тұсында (XVI ғ.) қалыптасқандығы туралы халық аңыздары негізінде жүздердің XVII-XVII ғасырда Қазақстанның пайда болғандығын баяндайды. Ресей бас штабының офицері М. Красовский қазақ жүздерінің қалыптасуын Қасым, Хақназар және Шығай сияқты қазақ хандарының заманындағы (XVI ғ.) олардың бір–бірінен алшақ орналасқан қоныстары қазақ жүздерінің шығуына негіз болғандығын дәлелдейді.

Х. М. Әділгереев пен С. А. Аманжолов сияқты қазақ ғалымдары қазақ жүздерінің қалыптасуын монғол шабуылына дейінгі заманға, яғни б. з. VII–XI ғасырлардағы Батыс түрік қағанаты дәуіріне апарып тірейді.

Қазақ жүздерінің қалыптасу себептері жайында тарихи шындыққа недәуір жақын клетін ой пікірді академик В.В. Бартольд айта келіп, табиғи және климаттық жағдайына қарай бір – бірінен ерекшеленген үш аймаққа (Жетісу, Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан), қазақ жүздері мен қазақ хандығының қалыптасқандығын баян еткен.

Академик В. В. Бартольдтың бұл пікірін қолдай отырып, профессор М. П. Вяткин географиялық орта әсеріне қоса, ол аймақтардың экономикалық және саяси жағынан ерекшелене түсуі сол өңірлерде үш бірдей қазақ жүздерінің қалыптасуына негіз болғандығын дәлелдей түскен.

Бес томдық Қазақ ССР тарихының авторлары да көптеген этносаяси және кәсіби факторлардың әсерімен XV – XVI ғасырларда Қазақстан жерінде үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта және Кіші жүздер қалыптасқандығын атап көрсеткен. XV ғасырдың 60 – жылдарында Жетісудың батысында қазақ хандығы құрылды. Ол бұдан кейінгі жылдарда өз аумағын үздіксіз кеңейте берудің нәтижесінде Батыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік – шығыс Қазақстанның кең – байтақ атырабында мекендейтін көптеген түркі, түркіленген монғол және т.б. тайпалар мен руларды бағындырып, оларға өз үкімін жүргізді. Нәтижесінде осы кең өлкеде қазақ халқы қалыптасты. Оның құрамына негізінен Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер қоластында болған жергілікті тайпалар енді. XV – XVI ғасырларда оның құрамына Көк және Ақ ордалар ыдырауынан кейін қалыптасқан Өзбек хандығы, Ноғай ордасы, Моғолстан және т. б. мемлекеттер енді.

Хандықтың және біртұтас халықтың қалыптасуы көшпелі қоғамда ру – тайпалық жікшілдікті, феодалдық бытыраңқылықты жоя алмады. Қазақ халқының қалыптасуымен бірге, үш жүзге бөліну шырғалаңы басталды. Бұл, әрине, жүздеген жылдарға созылған бұралаңы мол, өте ауыр да ұзақ даму кезеңі болды.

Сөйтіп, Қазақстан жерінде жүздердің құрылуы ондағы бір – бірінен оқшауланған үш табиғи географиялық және шаруашылық аймақта (Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан) саяси тұтастықтың әлсіздігіне байланысты еді. Жетісудағы Моғолстан мемлекетінің атырабында ұлы Жүз бірлестігі; Орталық, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда Орта жүз бірлестігі; Батыс Қазақстандағы Ноғай ордасы атырабында Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестіктердің арасында қарым – қатынас бір сәт үзілген емес, бірақ геополитикалық талқыға түскен елде саяси бірлік әлсірей берді, әр жүзде феодалдық ыдырау күшейе түсті. Жеке хандықтар, сұлтандар иеліктері XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Жоңғар шабуылына төтеп бере алмай, олар тез арада Ташкент, Түркістан қалаларына дейін басып алды. Мұның өзі қазақ жүздерінің саяси әлсіздігін көрсетті.

Қазақ халқының құрамына енген көне тайпалардың тарихы тек қазақтың ғана емес, сонымен бірге басқа да көптеген Орта Азия және Еділ бойы халықтарының шығү тегін зерттеуде де маңызды.

ә) Ұлы жүз ұғымы.

Жетісу өңірінде ежелгі үйсіндердің маңайына басқа тайпалардың топтасуы қазақ халқының қалыптасуынан көп бұрын болған. Мұндай бірігудің кәсіби себептерімен бірге сыртқы жаудан қорғану мақсаты да болғанға ұқсайды. Сөйтіп, күндердің күнінде Моғолстан құрамындағы бір топ тайпаларының тіл табысып шығысуының нәтижесінде олардың арасында пайда болған бірлік, ортақ мәдени дәстүр Ұлы жүз құрамына енген тайпаларды халық «Ұлы жүз — үйсін» атандырған. Бұны кейбір архив, әдеби және ел арасынан өзіміз жинаған деректер де дәлелдей түседі. Ұлы жүз құрамына – жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары енеді.

Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған Тәуке ханның заманында (1680 – 1718) Ұлы жүздің тікелей билеушісі Төле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан өлгеннен кейін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын іздестірді. Бірақ, Жолбарыс хан 1739 жылы бәсекелестер қолынан қаза тауып, елді оның мұрагерлері басқарған. XVIII ғасырдың 40 – жылдарында Ұлы жүз тайпаларының кейбір бөлігі Ресейге бодан болды. Бірақ бұл өңірдің Ресейден тым шеткері орналасуының нәтижесінде патша өкіметінің әмірі Ұлы жүз еліне шын мәнінде XIX ғасырдың ортасына дейін жүре қоймады.

Ұлы жүз жұртшылығы сан рет шетел басқыншыларының шабуылына душар болды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар шабуылының зардабын шекті. XIX ғасырдың басында Ұлы жүз мекенінің едәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей патшалығына бодандыққа еріксіз мойынсұнды.

1848 жылы патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін Батыс – Сібір генерал – губернаторының құрамында Үлкен орда приставствосын (басқармасын) құрды. XIX ғасырдың 70 – жылдарында Түркістан генерал – губернаторының құрылуына байланысты, оның құрамында Жетісу және Сырдария облыстары құрылды да, олар уездерге, облыстарға және ауылдарға бөлінді. Ұлы жүз қазақтарын патшалы Ресей тарапынан осылайша басқару жүйесі Қазан төңкерісінің жеңісіне дейін созылды.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген.

 б) Орта жүздің этникалық құрамы.

Қазақ хандығы мен жүздерінің қалыптасуынан көп бұрын, сонау Алтайдан Дунайға дейінгі атырапта Қыпшақ тайпалық одағы өмір сүрді. Олар көптеген қазақ тайпаларының этникалық құрамына енді. Уақыт өте келе Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде Орта жүз бірлестігі қалыптасты. Олардың тікелей түп төркіні Көк орда мен көшпелі өзбек мемлекетінің құрамындағы тайпалар еді. Соның ішінде әсіресе, Орта жүз бірлестігін қалыптастырудағы Арғын тайпасының ықпалы мен орны өзгеше болатын. Сондықтан да халық Орта жүз қазақтарын «Орта жүз — арғын» атандырған. Оның құрамына – арғын, найман, уақ, қыпшақ және қоңырат тайпалары енеді.

Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы – Сырдарияның орта ағысында, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлерінде, Қаратаудың терістік беткейінде, Балқаш көлінің солтүстігінде болатын да, жазда Тобыл, Ертіс, Сарысу өзендерінің бойлары мен Сарыарқа өңірін жайлайтын. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан бастап, оның мекен – жайының аумағы біртіндеп кеңейе түсті. XVII ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген еді. XVI – XVII ғасырларда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қоластындағы кең өңірде негізінен Орта жүз қазақтары мекендеді. XVIII ғасырдың басында Орта жүз жерінде Сәмеке және Күшік хандаодың дербес хандықтары; Барақ және Әбілмәмбет төрелердің дербес иеліктері жеке – дара өмір сүрді. Мұндай феодалдық бытыраңқылық қазақ жерінің айтарлықтай бөлімін XVIII ғасырдың басында Жоңғар мемлекетінің жаулап алуына мүмкіндік туғызды. Айталық, наймандар мен керейлерді Алтайдан, Ертіс бойы мен Тарбағатай өңірінен; арғындарды Орталық және Оңтүстік Қазақстанның шығысынан Орталық Қазақстанның Солтүстік — батысы мен Оңтүстік өңіріне ығысуға мәжбүр етті. Бірақ Орта жүз жұртшылығы Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Оның басында Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Қаракерей Қабанбай батыр, Шақшақ ұлы Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Сүйіндік, Бұқар жырау, Олжабай батырлар тұрды. Ұлы жүз тайпаларының мекен – жайы түгелдей Жоңғарлар билеуіне көшті де, Төле би Ташкентте отырып, Жоңғар хандығына бағынышты жағдайда салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Ал, Кіші жүз елі – солтүстіктен казактар, башқұрттар, батыстан Еділ бойы қалмақтарының толассыз шабуылының нәтижесінде Әбілқайыр ханның басшылығымен Ресейге арқа сүйеуге мәжбүр болды. Сөйтіп, олардың Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда жоңғарға қарсы жүргізілген шайқастардан тыс қалғандары да шындық. Тіпті, Жоңғар мемлекетінің күйреуі кезінде Шығыс Түркістан шегінен өтіп жауға ойран салған да Бөгенбай, Қабанбай батырлардың айбынды қолдары болатын.

XVIII ғасырдың екінші жартысында, Жоңғар хандығының күйреуінен кейін Орта жүз тайпалары өздерінің атамекеніне оралды. XVIII ғасырдың соңына қарай олар Ырғыз, Торғай өзендеріне, Ресей шекарасынан Сырдарияның ортаңғы ағысына дейінгі аралықты алып жатты.

XVIII ғасырдың 40 – жылдарында Орта жүз Ресей патшалығына бодандыққа түсуге мәжбүр болады. Жоңғар хандығы мүлде күйреген соң, Абылай сұлтан Орта жүз қазақтарын жеке хандыққа біріктіріп1771 жылы үш жүзге хан сайланды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Орта жүз жұртшылығы біршама өсіп, олардың мекен – жайы да кеңейе түсті. Нәтижесінде 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық қалыптасып, Бөкей хан сайланды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін патша үкіметі Орта жүздегі хандықтарды жойып, олардың орнына 1824 –1859 жылдар аралығында Қарқаралы, Көкшетау, Аякөз, Ақмола, Аманқарағай, Баянауыл, Үшбұлақ, Көкпекті, Құсмұрын және Атбасар сияқты он сыртқы дуандарды құрып, оларды дуанбасы – төрелер басқаратын етті. Дуан 15 – 20 болыстан, әр болыс 10 –12 ауылдан тұратын. Мұндай әкімшілік жүйесі XIX хасырдың 60 – жылдарына дейін өмір сүрді.

Патшалы Ресей тарапынан қазақ хандығын жою халықтың мемлекеттігін, өз алдына елдігін жою әрекеттері отарлау саясатының негізгі мақсаты болғандағы даусыз. Сондықтан қазақ мемлекеттігі үшін күрес толастамады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы 1837 – 1847 жылдар арасында азаттық үшін күрес жүргізді. Кенесары қазақ халқының соңғы ханы болды. Оны халық ақ киізге отырғызып хан көтерді. 1847 жылы патша генералдары астыртын айдап салған Алатау қырғыздарының қолынан қаза тапты. Осы тұста азаттық қозғалыс туыс халықтың қан төгісіне ұласқанын да айту керек.

1868 жылы саяси реформа бойынша Қазақстан жері облыстарға, уездерге, болыстарға және ауылдарға бөлінді. Қазан революциясына дейін Орта жүз жұртшылығы негізінен Торғай, Ақмола, Семей және жартылай Жетісу, Сырдария облыстарында мекендеген.

в) Кіші жүздің ру – тайпалары туралы.

 

Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде Маңғыт немесе Ноғайлы тайпалар одағы қалыптасқан–ды. Бұл одақтың құрылуына ішкі себептермен қоса, сыртқы дұшпаннан қорғану мақсаты да әсер еткен болар. XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында, мүмкін сәл кейінректе шығар, Ноғай Ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының, яғни Алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Сондықтан да Кіші жүз қазақтарын ел арасында «Кіші жүз — Алшын» атандырған. Оның құрамына – 12 ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш); Жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан); 6 ата Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) енеді.

Байұлы рулары XVIII ғасырда негізінен Кіші жүз жерінің оңтүстік – батысын, яғни Жайық өзенінің төменгі ағысы мен Жем бойын, Сам құмы мен Маңғыстау түбегінде мекендейтін; Жетірудың көпшілігі Қазақстанның солтүстік – батысын, яғни Жайық өзенінің орта ағысын, Қобда, Елек және Ор өзендерінің бойын және Мұхалжар тауларының қойнауларын мекендейтін; Әлімұлы ұрпағы Батыс Қазақстанның кең – байтақ шығыс өңірін, яғни Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында, Шалқар көлінің төңірегінде, Кіші және Үлкен Борсық құмдары мен Қарқұм атырабында және Сырдарияның төменгі ағысында мекендейтін.

Әрине, жоғарыда көрсетілген Кіші жүз қазақтарының мекен – жайлары еш өзгеріссіз қала берген жоқ. Кейбір рулар немесе оның шағын бөлімдері әрқилы себептермен қоныс аударып та тұрған. Мұндай жағдай, әсіресе XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар шабуылына байланысты болса, сол ғасырдың екінші жартысында Сырым батыр көтерілісіне байланысты болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Батыс Қазақстанның барлық өңірінде Кіші жүзге кіретін үш үлкен тайпалық топтардың өкілдерін де кездестіруге болатын еді. Дегенмен, олардың негізгі топтары өздерінің ата мекенінде қалды.

XVI – XVII ғасырларда Кіші жүз құрамына енген негізгі ру – тайпалық топтар Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан Төле, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер арқылы қазақтың үш жүзіне бірдей хандық билігін жүргізді.

Тәуке хан өлгеннен кейін Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды да, ол – біріншіден, жоңғарларға қарсы Ресей сияқты іргелі елге арқа сүйеу мақсатын көздесе, екіншіден, Ресей патшалығының қолдауымен қазақтың үш жүзіне бірдей өзінің хандық билігін орнатуды да ойлады. Қайткен күнде де, оның Ресеймен жақындасу саясатын жүргізгендігінде күмән жоқ. Ақырында, 1731 жылы ол Кіші жүз қазақтарын Ресейге бодан етіп тынды. Әбілқайырдың ресейшілдік саясатына қарсы топтар да аз болған жоқ. Нәтижесінде, ол 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқаннан соң Кіші жүз хандығына, оның мұрагерлері – Нұралы, Ералы, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар хандық салтанатын құрды. 1824 жылы патша өкіметі Кіші жүзде хандық басқаруды жойып, оның орнына басқарушы сұлтандар басшылығымен Кіші жүз жерін – Батыс, Орта және Шығыс әкімшілік жерлеріне бөлді. Бірақ, көп ұзамай басқару жүйесі тағы да өзгеріп, «дистанциялық басқару жүйесі» енгізілді. Небәрі Кіші жүз жерінде 56 дистанция құрылып, олар ауылдарға бөлінді. Тек, Арал өңірінде, Қарақұм мен Маңғыстау түбегінде және Сырдария бойында мекендейтін елдерде бұрынғыдай рулық басқару жүйесі қалдырылды.

XIX ғасырдың басында Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында Бөкей хандығы құрылды. 1845 жылы Жәңгір хан өлген соң патша өкіметі Бөкей ордасындағы хан билігін де жойды. 1867 – 1868 жылдары саяси реформа бойынша Кіші жүз жері облыстарға, уездерге бөлінді де, Кіші жүз жұртшылығы Орал облысының – Орал, Ілбішін, Темір уездерінде; Торғай облысының – Ырғыз, Торғай және Ақтөбе уездерінде; Сырдария облысының – Перовск, Қазалы уездерінде; Закаспий облысының – Маңғыстау уездерінде және Бөкей ордасында қалды. Реформа патша өкіметінің отарлау саясатының мүддесіне сай жасалғандықтан, ол бүкіл Кіші жүз жұртшылығының наразылығын туғызды. Төрелер мен билер олардың қоғамдағы құқының біраз шектелуіне наразы болса, жалпы бұқара халық отаршылық езгінің одан әрі күшейе түсуіне наразы болды. Сондықтан да Кіші жүз жұртшылығы сан рет халық батырлары – Сырым Датұлының, Исатай Тайманұлының, Есет Көтібарұлының, Жанқожа Нұрмағанбетұлының басшылығымен патша үкіметіне және жергілікті билеушілер өктемдігіне қарсы күреске көтерілді.

Үш жүзге бөлінген бүкіл қазақ халқы ертеден бастап, XX ғасырдың басына дейін негізінен көшпенділікке, не жартылай отырықшылыққа негізделген мал және жер шаруашылығымен айналысумен бірге әр түрлі қолөнер, т. б. үй кәсіптерімен де шұғылданды. Көптеген көрші халықтармен экономикалық, сауда – саттық қатынастар да болды. Бүкіл үш жүз жұртшылығы біртұтас қазақ тілінде сөйледі. Олардың заттай және рухани мәдениетінде де кейбір жергілікті ерекшеліктер болмаса, айтарлықтай өзгешеліктер болған жоқ.













Қазақ жүздері қашан пайда болды Қазіргі таңда өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудің маңызы туралы қозғалып жүрген сөз көп. Қалыптасқан ұлт болмаса, ұлтжандылықтың керегі қанша? Ал ұлтты  қалыптастыру үшін халықтың тарихи жадын сақтаудың орны бөлек. Ұлт  дегеніміз – қазақ, қазақ дегеніміз – үш жүз ғой. Бұл туралы елбасымыз: «Қазақ ұлысының құрылу үрдісі этникалық аумақтың қалыптасуымен және этносаяси, шаруашылық, табиғи, табиғи-географиялық жағдайына орай үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта, Кіші жүздердің құрылуымен қатар жүзеге асты» деп қазақ жүздерінің тарихын зерттеудің ұлттық маңызын ашып берген болатын.   «Қазақ жүздері» – өте ауқымды тақырып. Оның аясында анықтауды қажет ететін мәселелер де баршылық. Соның ішінде біз бүгін қазақ жүздерінің пайда болу уақытын анықтауға талпынбақпыз.  Ол үшін отандық тарихнамада орын алатын тұжырымдарды тізгіннен өткіземіз. «Қазақ жүздерінің» пайда болу уақытын анықтауға ат салысқан зерттеушілердің негізгі тұжырымдарын бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: жүздердің пайда болуын тарихта ертеректе Қазақстан территориясында өмір сүрген мемлекеттердің үшке бөліну тәжірибесіне сүйеніп ерте мерзіммен белгілейтіндер; қазақтардың үшке бөлінуін Хақназар ханның атымен байланыстыратындар; жүздердің пайда болуын Алтын орда мерзіміне жатқызатындар және  нақты дерек мәліметтеріне сүйеніп жүздердің пайда болу мерзімін Қазақ хандығының қалыптасуынан кейін орын алған құбылыс деп тұжырымдайтындар. Олай болса біз жүздердің пайда болу уақытына байланысты ой түйген зерттеушілердің пікірлерін жүйелілік және мерзімдемелік принциптерді ұстана отырып талдау жасап көрейік.   Тақырыбымызға қатысты айтылған пікірлердің ішінен алдымен қазақ жүздерінің  қалыптасу уақытын ең ерте датамен белгілейтіндерден бастауды дұрыс көріп отырмыз. Олардың қатарында құрметті орын алатын  - Х. М. Адильгереев. 1951 жылы жарияланған «История оброзования казахского народа» атты мақаласында, автор қазақ халқының қалыптасу процесі қазақ жүздерінің қалыптасуынан басталатындығын айта келіп, ең алғаш үйсін одағының негізінде б.з.б. ІІ ғасырда Ұлы жүз қалыптасты дейді. Сонымен бірге Масудидің оғыздар Х ғасырда үшке, яғни үлкен, орта және кіші ордаларға бөлінді деген мәліметін алға тартып, оны В. Радловтың «гуз» сөзі «юз», «жуз»  деген мағына білдіреді деген пікірімен дәлелдеуге тырысады да: «Таким образом, государство ІХ-ХІІ веков со сталицей в г. Саганаке на Сыр-Дарье состояло из трех главных частей или племенных союзов, называвшихся старшим, средним и младшим жузами. Поэтому мы имеем основание сделать вывод, что три жуза, из которых сложилась казахская народность, существовали уже в ХІІ в.» деп өз ойын қорытындылайды [2.85]. Автордың мұндағы Ұлы жүз б.з.б. ІІ ғасырда қалыптасты деген пікірімен келісетіндер де жоқ емес. Мысалға,  Н. Мыңжан б.з.б. ІІІ ғасырда һұндардың батыс жағында өмір сүрген Ұлы Йозыларды қазақтың ұлы жүзіне теңейді: «жазба жылнамаларда олардың аты «ұлы йосі», «ұлы йозі», «ұлы жүз» түрінде кездеседі. Кейін келе бұлар «ұлы йозі» және «кіші йозі» деп екіге бөлінген. Ежелгі хансу тілінде жазылған бұл ұлыстардың атын «ұлы иұз», «кіші иұз» (ұлы жүз, кіші жүз) деп оқуға да болады» [3.58],  У. Шәлекенов та өзінің «Қазақтың жүзге бөлінуі» атты мақаласында қытай деректеріндегі «ұлы және кіші йозілерге» сүйеніп қазақтардың ұлы жүзі мен кіші жүзі антикалық заманда өмір сүрген деген тоқтамға келеді. С.А. Аманжолов қазақ жүздерінің шығуын VІІ-ХІ ғасырлар еншісіне жатқызып, олардың осы аймақта тайпалық одақ құрып, өздерін-өздері қорғаған деген тұжырымға келген. Жоғарыда келтірілген пікірлер мен болжамдарға қарағанда, С.А. Аманжолов жүздердің шығу төркінін әріден бастағанын және олардың бөлінулеріне табиғи-географиялық жағдайдың үлкен әсер еткеніне тоқталған. Заманауи тарих беттерінде мұндай болжамдар, яғни жүздердің этникалық бастауларын сақтардың, ғұндардың, түріктердің дәуірінен іздейтін гипотизалар көп кездеседі. Зерттеушілер қазіргі Қазақстан территориясында өмір сүрген ерте тайпалық бірлестіктер мен мемлекеттердің әкімшілік жүйесінде үшке бөліну фактісін анықтап, қазақ жүздері сол ғасырда құрылған немесе сол дәуірден бастау алатынын айтады. Қазақтың жүздік құрылымын сонау Сақ дәуірінен бастап қарастыратын пікірдің иесі Заур Гасанов. Ол Геродоттың төртінші кітабындағы  мына оқиғаны: «Тарғытайдың Липоксаис, Арпоксаис, Колаксаис атты үш ұлы бар екен. Олар билеп тұрған кезде Сақ жеріне аспаннан алтын соқа, кісен, саптаяқ және айбалта түседі. Ұлдардың үлкені оны алғаш көріп жетіп барса, әлгі заттар шаң-тозаң болып ұшып кетіпті. Ортаншы ұлына да сөйткен... Алтын заттар кішісінің қолына түсіп Колаксаис Сақ еліне хан болыпты... сақтардың жері кең болғандықтан Колаксаис елін үш ұлына бөліп беріп, алтын сақтаған бөліміне аталық жолын беріпті» негізге алып, осы үштікті қазақтың жүздік жүйесінің бастауы деп есептейді.   Қазақ жүздерінің пайда болуын сонау Алтын Орда заманынан іздеушілердің көш басында Құрбанғали Халид тұр. Ол көшпелілерлі үш жүзге бөлген Жәнібек хан екенін айтады.  Қазақ  жүздерінің пайда болуына байланысты осы кезеңді қолдайтын Ш. Уәлиханов пен М. Тынышпаевтың да ойлары бір жерден шығады. Ш.Уәлиханов жүздердің шығуын Алтын Ордадағы «аласапыран» кезеңімен байланыстырады. Ал М. Тынышпаев бұл гипотизаны тереңдете түседі. Ол  өзінің «Материалы к истории киргиз-казахского народа» атты зерттеуінде ел ауызында тараған қазақ халқы үш жүзге Хақназар ханның тұсында бөлісті деген әңгімесіне, дәлелдің болмауына байланысты сене алмайтындығын айтады.  Өйткені қоңырат пен найман рулары қазақ хандығына тек Есім ханның тұсында қосылғанын алға тартып, қазақ жүздері әлдеқайда ерте, Бату ханның тұсында қалыптасты дейді. Оның үлкен ұлы Орда Еженнің Ақ ордасының негізінде қазақтың Ұлы жүзі құрылса: «По Лен-Пулю-Стенли, поминальной главой улуса Джочи считался старший сын Джочи Орда-Ежен занимавшая восточную часть Улуса: это – старшая линия. В нее входили джалаиры, канлы, другие более мелкие роды – это Старшая Орда», Жошының кенжесі Тоқай Темірдің жерінде Кіші жүз: «Самому младшему сыну Джочи Токай-Темиру достались Кавказ и Крым, откуда собственно и вышли первые казаки или ногаи, главную массу которых составляли алчины. Местность еще западнее Крыма принадлежала Моголу... Таким образом, на западе утвердилась младшая линия – это Младшая Орда», ал осы екі ұлыстың арасындағы территорияда Батый мен Шейбактың ортаңғы ұлдарының иелігінің орнында Орта жүз құрылған: «в промежутке между владениями Орда-Ежена и Токай-Темира находились владения средних сыновей – Батыя и Шейбака, а по смерти последнего батыевца остался дом только Шейбака. На этом пространстве кочевали кыпчаки, конраты, мангыты, ширины, барины – Это Средняя Орда» деген өзінің тұжырымын алға тартады. Бүгінгі таңда қолымызда бар деректерге сүйеніп, біз алдымыздағы ақпаратқа күмән келтіреміз, себебі ешбір дәлел де жоқ, алайда бұл мағлұмат мәселенің тарихнамасында белгілі орын алмақ.      Қазақ жүздерінің қалыптасуын ХҮІІІ ғасырға жатқызатын ғалымдар –  Н. Аристов, К. Данияров, К. Аманжолов. Қазақтардың жүздерге бөлінуінің мерзіміне байланысты алғаш пікір білдіргендердің бірі белгілі зерттеуші ғалым  Н. Аристов болды. Автор өзінің 1987 жылы жарық көрген «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности» атты еңбегінде қазақтар ХVІІІ ғасырдың басында үш ордаға бөліне бастады деп тұжырымдайды. Этнограф бұл уәжді А. И. Тевкелевтің мәліметтеріне сүйеніп айтқан болса керек, себебі оның өмір сүрген уақытында қазақ жүздері туралы мәлімет беретін бірден бір дерек көзі елшінің жазбалары болатын. Тіпті бұл тұжырым өткен ғасырдың бірінші жартысына дейін сақталып келген еді. Оның үстіне ХХ ғасырдың ортасында белгілі болған архив құжаттары ауқымды ақпарат бермейтін және олардың мерзімі де А.И.Тевкелев мырзаның мерзімінен асып түспейтін. Бұл жағдайды М. Мұханов былай түсіндіреді: «Столь позднее упоминание о разделении казахского общества на три жуза в архивных документах объесняется, по-видимому, особенностями экономического и политического его развития на протежении ХҮІ-ХҮІІ вв... Законодательная и управленческая деятельность не фиксировалась документально, а оставалась устным каноном степного обычного права. Даже «Жеты-Жаргы» - первая в казахском обществе кодификация существовавших правовых норм (начало ХҮІІІ в.), известная в русских источниках как «законы хана Тауке», - передовались устно из поколения в поколение и не дошла до нас в полном объеме. Подобное положение наблюдается и в вопросе о происхождении и времени появления казахских жузов. Из  поколения в поколение передовались предания, большей частью легендного характера, о делении казахов на три сотни при Алаше-хане, Котане и т.д.».   Қазақ халқының  жүздерге бөлінуін ХҮІІІ ғасырға жатқызатын тағы да екі ғалым бар. Біріншісі - К. Аманжолов. Ол – елді үшке бөліп басқару дәстүрінің тым ертеден б.з.б. ІІІ ғасырдан – хұннулар заманынан бері келе жатқанын және бұл дәстүрдің түрік қағанаттарында, түргештерде, қарлықтарда, қарахандарда, тіпті Шыңғыс ханның заманында орын алғанын айтады. Кейін дәстүрдің қазақтың ханы – Тәукенің өлімінен кейін жалғасын тапқанын, яғни 1718 жылдан бастап қазақтар үш жүзге бөлініп кеткен деп пайымдап, оның мынадай себептерін көрсетеді: «Біріншіден, қазақ жерінде жүз жылдан асып түскен жоңғар шапқыншылығы жүріп жатты, оған қоса Ресей империясының және Орта Азиялық хандар қолдап өршіткен, сұлтандарды бір-бірімен бәсекелеске айдап салған саясаттан; екіншіден, Тоқа Темір ұрпағынан тарайтын қазақ сұлтандарының, билер мен ру басыларының арасындағы мал жаятын жайылым жердің азаюына байланысты өзара талас, қарама-қайшылықтан туған». Екінші зерттеуші К. Данияров та қазақтардың үшке бөліну процесін 1718 жылға жатқызады. Алайда біз бұл пікірді қолдай алмаймыз, өйткені Тәуке ханның өлімі қазақ хандығында бір орталыққа бағынатын хандықтың жойылуын, үш дербес хандықтың пайда болуын алып келді, ал қазақтардың үш әкімшілік аймаққа бөлінуі бұл оқиғадан ертерек болған құбылыс.   В. В. Вельяминов-Зернов жүздердің қалыптасу уақытына байланысты  мынадай болжам жасайды: «Мне кажется, не следует ли именно к эпохе владычества  киргиз-казахов над Ташкентом и Туркестаном, т.е. к ХҮІІ в.,  отнести это загадочное деление. Часть киргиз-казахов, сидевшая в завоеванном крае, так сказать полуоседлая, должна была поневоле отделиться от кочевой  части, занимавшей степи. Само сабой явились Орды. Ташкент и Туркестан прилегавшей стороною, лежавшие в центре, составили Среднюю Орду. В городах остались властвовать потомки прежних коренных ханов, члены старшего рода  Ядигова, или Шигаева: Ишим, Джангир, Тявка и др. По сторонам оброзовались Орды Малая и Большая. В первой утвердился Болекай –Куянов или Усяков. Вторая так же имела своих ханов. Известен один из них, Юлбарс, убитый в 1739 году в Ташкенте». Автордың бұл пікірі тарихта өткен ғасырда кең қолданыста болды. Тіпті қазақтың Ұлы жүзі туралы ХҮІІ ғасырдың басына – 1616 жылға, жататын деректер де табылған болатын.    Тарихта қазақ жүздері Қазақ хандығы құрылғанға дейін немесе Қазақ хандығы осы үш жүздің бірігуінің нәтижесінде құрылған деген пікірлер де бар. Осындай пікірді ұстанатындардың қатарында М. Красовский да бар. Ол қазақ жүздері  ХV-ХVІ ғасырлар шегінде Қазақ хандығының іргетасын қалаған Қасым, Хақназар, Шығай бастаған үш тәуелсіз ұлыстың негізінде пайда болды деген болжамды ұстанады. Ұқсас болжамды  А. П. Чулошников келтіреді. Оның пікірі бойынша, әуелдегі біртұтас қазақ халқынан үш жүз бөлініп шыққан жоқ, керісінше осы ертеректегі бір-біріне тәуелсіз үш бөліктен біртұтас қазақ халқы құралған. Түсінікті болу үшін мәтіннен үзінді келтірейік: «не три жуза образовалось в результате деления первоначального единого казахского народа, а единый казахский народ образовался из слившихся воедино трех ранее независимо существовавших частей, которые или прежде были жузами, или в новом едином народе стали его составными частями – жузами. При этом предполагается, что в начале объединились Старший и Средние жузы и лишь некоторое время спустя к ним присоединился Младший». Сонымен бірге ол қазақ жүздері Хақназар ханның билік еткен тұсында, яғни 1580 жылға дейін, толығымен қалыптасып бітті дейді. Бұл екі автордың айтқандарын М. П. Вяткин айғақтауға тырысады. Ол алғаш болып Ұлы жүз құрылды дейді: «район, где располагались в последствии кочевья Старшей Орды, полотически тяготел к Моголистану. Еще Хакназар в 60-х годах ХҮІ века делал попытки закрепить за собою эти старинные кочевья казахов. Решительное поражение, каторое он потерпел от моголистанского хана Абд-ур-Рашида, порвало политические связи этого района с владениями Хакназара. При перемещении центра политической жизни Казахского улуса на запад здесь не укрепилось ни одной влиятельной феодальной фамилии; поэтому до нас и не дошло почти ни одного имени ханов Старшей Орды... она получила название Старшей Орды, может быть потому что это было место первоначальных кочевий казахских общин, а так же потому, что племена вошедшие в её состав (уйсуны, канглы, дулаты, джалаир), были старейшими на территории Казахстана», ал келесі кезекте Орта жүздің құрылуын былай түсіндіреді: «Орда в которой господствовал Хакназар, тяготел к среднеазиадским владениям шейбанидов. В конце ХҮІ века как мы видели, это политическое объединение формально становится в вассальное отнашения к бухарскому хану, правда, на короткий срок. Овладение Тевеккелем Ташкентом и Туркестаном только усиливало это тяготение к оседлым районам Средней Азии. Здесь и образовался центр другого казахского владения, Средней Орды». Автордың айтуынша ең соңғы болып Кіші жүз құрылған және бұл процесс, яғни Кіші жүздің жеке шаруашылық-саяси  бірлік болып қалыптасуы, ордада хандық әулеттің қалыптаспайынша жүзеге аспас еді. Ондай әулет Жәнібек ханның  ұрақтары  Бөлекей-Қоян  болған  дейді.  Көріп отырғанымыздай, жүздердің  құрылу  уақытына  байланысты  аталған  авторлардың   пікірлері сәйкес келеді. Сонымен бірге зерттеушілер Д.Қ. Есенов пен Ш. Әмірбеков [20.15] те қазақтың триальды жүйесінің қалыптасуы аталмыш ханның есімімен байланысты екеніне күмән келтірмейді. Д.Қ. Есенов жүздерге бөліну сақтардың заманынан бастау алады және Хақ-Назар ханның  ноғайлардың территориясын жаулап алуымен үш жүздің жерлері толық қалыптасты десе,  Ш. Әмірбеков: «үш жүздің қалыптасқан кезі Хақ-Назардың тұсында болған сияқты», себебі «Тақырдың тұсында қазақ хандығы бытыраңқылыққа ұшырап, саяси рөлінен айрылады. Алайда Қасым ханның ұлы Хақназар қазақ руларының басын біріктіріп, Қасым хан тұсындағы территорияны қалпына келтірді және біріктірушілік саясат жүргізуінің нәтижесінде қазіргі Кіші жүз территориясы қосылды... Хақназар осы кезде Оңтүстік Қазақстан жерінің де бір бөлігін бағындырған болатын» және өз ойын жалғастыра келе «Жүз» сөзі орыс деректерінде жиі «Орда» терминімен алмасып отырады. Бұл әр жүзде хан билігінің орнауына байланысты болуы мүмкін. Жүздердегі хан билігі жүздердің пайда болуымен қатар жүрген сияқты. Себебі Хафиз Таныш «хан не бұйырса, соның айтқанынан шықпаған» Хақ-Назардың екі інісі туралы мәлімет береді. Хақ-Назардың көп аға-інілерінің ішінен тек екеуінің ғана айтылуы олардың жүздерге басшы болып сайлануынан болса керек» дейді. Автордың бұл сөздерінің жаны бар, өйткені қазақ-орыс қатынастарының құжаттарынан біз тапқан мына мәтін «А Казатцкие Орды Акназара царя и Шигая царевича и Челыма  царевича,  а  с  ними  дватцать  царевичев приход их был  на Нагаи и бой ...» оған тағы бір дәлел болатын секілді. Мұндағы қазақ ордалары деп отырғаны, біздің ойымызша, қазақ жүздері болса керек, ал аты аталған ханзадалар сол жүздердің алғашқы басшылары емес пекен?  Бұл құжаттың 1569 жылға жататыны тағы ескерусіз қалмағаны жөн. Себебі 1585 жылғы құжатта қазақтың Ұлы жүзі хақында алғаш мәліметті А.И. Исин архив материалдарынан тапқанын ескеріп [22.106], біз мынадай болжам жасамақпыз: егер Ұлы жүз 1585 жылда хатқа түссе, онда қалған жүздердің бұл жылы өмірге келіп қойғаны да түсінікті болады. Олай болса Қазақ хандығындағы үштік басқару жүйесі ХҮІ ғасырдың ортасында қалыптасты деуге толық негіз бар.     Сонымен бірге қазақ жүздері ХҮІ ғасырдың ортасында қалыптасқанын айғақтай түсу үшін  Т. Омарбеков пен Б. Кәрібаевтың мына тұжырымын келтірмекпіз: «Жүздік ел басқару құрылымы Есім ханның ел басқаруның алғашқы жылдарында 1598-1606 жылдары орнықты деп айтуға негіз бар. Бұл жаңа жүйенің негізгі қағидалары бұрынғы ұлыстық басқару ережелерін жаңа этно-саяси ахуалға икемдеп негіздеген «Есім ханның ескі жолында» көрініс тапты». Қос автордың бұл сөздерінің жаны бар, себебі ең алғаш қазақ жүздері туралы мәліметтің, жоғарыда көрсеткеніміздей, 1569 жылы кездесетінін ескерсек, қазақ жүздері Хақназар ханның тұсында құрылған болады. Дегенмен жүздердің, авторлардың айтып отырғанындай, негізгі функциясы, оның ел басқару құрылымындағы орны және ұлыстық басқару ережелеріне енуі осы «Есім ханның ескі жолына» енгізілуі әбден мүмкін.   Қазақ хандығының жүздерге бөлініп ел басқаруы көшпелілердің әкімшілік билігінде ежелден келе жатқан жүйе. Аталған авторлар «Қазақ жүздері: жаңа тарихи болжамдар» мақаласында жүздердің функциясын былай түсіндіреді: «Жүздік бірлестіктер бұрынғы орталық, яғни ұлыстық басқару жүйесінің жаңа этносаяси  ахуал жағдайында, күрделі өзгеріске  ұшыраған жаңа әкімшілік үлгілері.  Бұл көптеген ру-тайпаларды біріктірген қазақ халқының қалыптасуынан және оның ішкі, сыртқы саяси жағдайға сәйкес туындаған этно-әкімшілік, саяси проблемаларынан еріксіз туындаған мемлекеттік жүйе». Сондықтан да біз қазақ жүздері ұлан ғайыр территорияны толығымен бір орталықтан басқару мақсатымен Хақ-Назар ханның тұсында ХҮІ ғасырдың ортасында Қазақ хандығының жер иелігінің артуының салдарынан пайда болған жүйе деп айта аламыз. 1  Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б. 2  Адильгереев Х.М. К истории оброзования казахского народа // Вестник АН Каз ССР. 1951 №1 (70) –С. 81-96. 3  Қазақтың көне тарихы. – Алматы: «Жалын», 1993. – 400 б. 4  Шәлекенов У. Қазақтың жүзге бөлінуі // Жалын №11, 2007. – Б.  2-9. 5  Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. –Алматы: «Санат», 1997. –608 с.  6  Заур Гасанов. Царские скифы. Этноязыковая идентификация «Царских скифов» и древних Гузов. New york, 2002. 7 Құрбанғали Халид «Тауарих хамса» Бес тарих. Ауд. Б. Төтенаев, А. Жолдасов. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 304 б.  8  Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. Т.ІІ. – Алматы: «Атамұра», 1998. – 640 б. 9  Тынышбаев М. История казахского народа. –Алматы:  «Санат», 1998.–224 с.  10  Аристов Н.А. Этногенез и этническая история казахского народа. –Астана: «Алтын кітап», 2007. –378 с.  11  Муканов М. С. Этнический состав и расселение казахов среднего жуза. Алма-Ата: «Наука», КазССР, 1974. – 200 с. 12  Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. 3-кітап. Алматы: «Білім»,1996. – 328 б. 13  Данияров К. Қазақтың балама тарихы. Алматы, 1997. – 120 б. 14  Вельяминов­Зернов В.В. Исследования о Касимовских царях и царевичах. Ч. 2. СПб., 1864. –382-383 с. 15  Султанов Т. Родовые связи казахов (жузы) http://www.kazakh.ru/about/clan/; 16  Красовский М. Материалы для географии и статистики России. Область Сибирских киргизов. СПб., 1868.ч.2. 17  Чулошников А. Очерки по истории Казах-Киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен. Оренбург, 1924. Ч.1. 18  Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. – Алма-ата,1941. 19  Есенов Д.Қ. Қазақ жүздерінің қалыптасу кезеңі және себебі // Қазіргі заманғы маңызды проблемалар. Қарағанды, 2006. 1(10). - Б. 30-35. 20  Әмірбеков Ш. Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы. // Қазақ тарихы. № 3, 1994. – Б. 12-18. 21  История Казахстана в Русских источниках. Т. 1. Посольские материалы Русского государства  (ХҮ–ХҮІІ вв.). – Алматы: Дайк–Пресс, 2005. – 704 с. + 16 с. вкл. 22  Исин А.И. Казахсое ханство и Ногайская орда во второй половине ХҮ-ХҮІ века. – Алматы, 2004. 23  Омарбеков Т. Кәрібаев Б. Ғабжалелов Х. Қазақ жүздері: жаңа тарихи болжамдар // Алаш №3 (3) 2005 –Б. 54-68. 24  Көптілеуова А.Б. «Жүз» термині туралы // ҚазҰУ хабаршысы, Tарих сериясы, № 1 (60), 2011. – 186-191 бб. Коптилеуова А.Б. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Археология және этнография ҒЗО (Қызылорда, Қазақстан) 

Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1598
© e-history.kz







Жүздік құрылым туралы

Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.

Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".

В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.

Михаил Порфирьевич Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдыңаяғында қалыптасты", — дейді.

С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.

Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдыңекінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.

Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 16341641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.

М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.

Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:

  • а) ішкі аумақтық тұтастық;

  • ә) этностық туыстық;

  • б) шаруашылық-мәдени бірлік;

  • в) саяси басқару ортақтастығы.

Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.

Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.

Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтықпатриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.

Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады".

Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-моңғол көшпенділерінде үштік одаққа бөлінудәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.

Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен сәйкес келсе керек.[1]

Ұлы жүз тайпалары

Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады:

Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды.[1]

Сарыүйсін

Толық мақаласы: Сарыүйсін

Сарыүйсіндер Іле өзенінің сол жағалауын, Іле Алатауының баурайларын, Талас өзенінің оң жағалауын, Қорағаты өзенінің екі бойымен Шуға құяр сағасына дейінгі жерлерді мекендеген. Ұраны — Бақтияр, Байтоқ.

Шапырашты

Толық мақаласы: Шапырашты

Шапыраштылар Іленің бойының сол жағалауындағы тармақтарын, Шу өзенінің оң жағалауында, Іле Алатауының бөктерлерінде өмір сүрді. Ұраны — Қарасай.

Ошақты

Толық мақаласы: Ошақты

Ошақтылар Таластың төменгі ағысын, Қаратаудың оңтүстік-шығыс баурайын жайлаған. Ұраны — Жауатар.

Ысты

Толық мақаласы: Ысты

Ысты — Балқаш көлінің солтүстік өңірі мен Жамбыл облысы аумағында орналасқан. Ұраны — Жауатар.

Албан

Толық мақаласы: Албан

Албандар Жетісуда, Алтынемел жонының оңтүстік-шығыс белігінде, Іле Алатауының теріскей бөктерінде, Іленің жоғарғы жағында, Текес, Шарын өзендерінің бойында қоныстанған. Ұраны — Райымбек.

Суан

Толық мақаласы: Суан

Суандар Жетісудың Алтынемел бөктерінде, Жоңғар Алатауының оңтүстік-шығыс баурайында, Көктерек өзенінен Қорғасқа дейінгі аралықта орналасқан. Ұраны — Райымбек, Байсуан.

Дулат

Толық мақаласы: Дулат

Дулаттар Іле өзенінен бастап, Шу, Талас, Сырдың ортаңғы ағысына дейінгі жерлерді жайлаған. Ұраны — Бақтияр.

Сіргелі

Толық мақаласы: Сіргелі

Сіргелілер Шу өзенінің орта ағысының сол жақ жағасын, Таластың төменгі ағысын, Қаратаудың баурайын жайлады. Ұраны — Тоғанас.

Қаңлы

Толық мақаласы: Қаңлы

Қаңлылар Іле Алатауының баурайында, Іле өзенінің сол жақ жағалауын жайлаған. Қаңлылардың біраз топтары Жетісудың, Оңтүстік Қазақстанның әр аймағында да орналасқан. Олар шанышқылы тайпасымен аралас-құралас отырған. Ұраны — Айырылмас.

Жалайыр

Толық мақаласы: Жалайыр

Жалайырлар Жоңғар Алатауының баурайында, Алтынемел, Арқарлы, Малайсары таулары, Қаратал, Іле өзендерінің аралығы, Балқаштың оңтүстік-шығысын мекендеді.

Шанышқылы

Толық мақаласы: Шанышқылы

Шанышқылы — Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шектескен аумағында орналасқан. Ұраны — Айырылмас.

Орта жүз тайпалары

Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды. Ал Қытайдағы, моңғолиядағы керей, уақ, наймандарды қосқанда, 1 млн 500 мыңнан астам болған.

Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан.[1]

Арғын

Толық мақаласы: Арғын

Арғындар батыста Торғай қыратынан бастап, шығыста Шыңғыстау мен Балқаштың терістік-батысына дейінгі аралықты жайлаған. Олар бұрынғы Павлодар, Ақмола, Қарқаралы уездерінде, Семей уезінде, Көкшетау уезінде,Торғай уезінде, Атбасар уезінде, Қостанай уезінде, Омбы уезінде орналасты. XIX—XX ғасырлар шегінде арғындардың жалпы саны 500 мыңға жуық болған. Ұраны — Ақжол.

Найман

Толық мақаласы: Найман

Наймандар Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерінде, Алтайдан Жоңғар Алатауына дейінгі тау бөктері мен жазықтықтарда орналасты. Наймандардың біраз бөлігі Сыр бойында да жайлады. Қазан төңкерісіне дейін наймандар мына уездерде таралды: Лепсі, Қапал, Өскемен, Зайсан, Атбасар, Семей, Павлодар, Перовск, т.б. Ұраны — Қаптағай.

Қыпшақ

Толық мақаласы: Қыпшақ

Қыпшақтардың жайлаған өлкесі, негізінен, Орталық Қазақстан, оңтүстікте Сырдың орта, төменгі ағысынан Тобыл өзенінің сағасына дейін. Қыпшақтардың уездер бойынша орналасуы мынадай болды: Торғай, Қостанай, Перовск, Павлодар, Омбы уездерінде. Ұраны — Ойбас.

Қоңырат

Толық мақаласы: Қоңырат

Қоңыраттар Оңтүстік Қазақстанды, Сырдария өзенінің ортаңғы ағысы бойын жайлады. Шымкент, Перовск уездерінің әркайсысында, сонымен қатар қоңыраттардың көпшілігі Ташкент уезінде, Орта Азияның тағы басқа уездерінде өмір сүрді.

Керей

Толық мақаласы: Керей

Керейлер Солтүстік жәнө Шығыс Қазақстан өңірлерінде, Ертіс пен Есіл өзендерінің орта ағысы, Алтайдың батыс баурайында орналасқан. Петровск уезінде, Омбы уезінде, Қарқаралы, Қостанай уезінде, Семей, Зайсан уезінде керейлер мекендеді. Ұраны — Ақжол, Қарақожа.

Уақ

Толық мақаласы: Уақ

Уақтар Торғай мен Тобыл өзендерінен Шығыс Қазақстанның шекарасына дейінгі әр жерде топ-топ болып шашыранды орналасқан. Семей, Петропавл, Павлодар уезінде уақтар тұрған. Ұраны — Жаубасар, Мүкамал.

Орта жүз құрамында осы аталған негізгі тайпалармен қатар төрелер, төлеңгіттер, қырғыздар, шалақазақтарболды.

Кіші жүз тайпалары

Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды.[1]

Байұлы

Толық мақаласы: Байұлы

Байұлы 12 атадан тұрды. Олар:

Кей шежірешілер алтын мен жаппасты біріктіріп (алтын-жаппас) бір ата деп есептейді. Байұлының тайпалары Жайық иен Жемнің аралығын, Үстірттің біраз жерін, Маңғыстау түбегін, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын жайлаған.

Әлімұлы

Толық мақаласы: Әлімұлы

Әлімұлын алты ата әлім дейді. Олар:

Әлімұлы рулары қыста Жем мен Каспийдің арасында, Арал теңізінің солтүстік-батысына дейін, Борсық құмдары, Қарақұм, Қуаңдария мен Жаңадарияның аралығын қыстаған. Жазда Ақсақал көлінен солтүстікке қарай Торғай,Тобыл, Ырғыз, Ор, Елек, Қобда, Жем, Ойыл өзендерінің бойында, Мұғалжар тауларында көшіп жүрген.

Жетіру

Толық мақаласы: Жетіру

Жетіру аты айтып тұрғандай, жеті рудан тұрады. Олар:

Жетіру аталары қыста Сырдарияның орта ағысын және сол маңдағы аумақтарды қыстаса, жазда солтүстікке қарай жылжып көшіп, Орал тауы баурайына дейін баратын.

XIX ғасыр

1801 жылы патша өкіметі 5 мың қазақ шаңырағын Жайық пен Еділ өзендерінің арасына көшірді. Бұл жерде Бөкей ордасы құрылды, ол 1812 жылы Бөкей хандығы деп, ал 1845 жылы Ішкі орда деп аталды. Осы Ішкі ордада XIX ғасырдың ортасына қарай адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ысық, қызылқұрт, кете, масқар, ноғай, жетіру, таз, тана, төлеңгіт, шеркеш руының адамдары тұрды.

XIX ғасырдың соңына қарай қазақ халқы бүгінгі Қазақстан жерінің барлық аумағын алып жатты, тіпті одан тыс көршілес аймақтарда да таралды. Мысалы, Орта жүз қазақтарының кейбір топтары моңғолия, Жоңғария, Батыс Сібір жәнеОрталық Азия жерлерінде де тұрды. Кіші жүз қазақтары оңтүстік-шығыс Еуропа жерлерінде, Орал тауы маңында, Орталық Азияда да тұрды. Ұлы жүз қазақтарының кей топтары Жоңғария, Шығыс Түркістан және Орталық Азия жерлерінде де өмір сүріп жатты.[1]

Дереккөздер

  1.  a b c d e f Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы,2006. — 232 бет. ISBN 9965-33-633-4

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшінуикилендіру қажет.

қ • т • ө

Қазақ рулары

Ұлы жүз

Үйсін рулары:

Орта жүз

Кіші жүз

Ақсүйек

Жүзге кірмейді

Басқа

· Қазақ шежіресі · Қазақ жүздері · Шалақазақтар · Қазақ шежірелерінің тізімі · Жеті ата ·Туыстық · Туыстық атаулары · Кірме · Ноқта ағасы · Құрама


Бұл — Қазақстан тарихы бойынша мақаланың бастамасы.Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!