Материалдар / Қазақ киносының саңлағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ киносының саңлағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына арналған фильмдерінен үзінді сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

Қазақ киносының саңлағы

Shape4 Shape3







Shape2

110 жылдығына арналады































































































































(Фанфар, жүргізушілер сахна төріне шығады)

1-Жүргізушілер: Құрметті, өнер сүйер қауым! Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ киносының саңлағы» сахналық қойылым кешіне қош келдіңіздер!

2-Жүргізушілер: Шәкен Айманов қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері. Ол ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнады. Қазақ халқы осынау ардақты ұлымен мәңгі мақтана береді. Қазақ киносындағы ұлттық режиссураның дамуына өлшеусіз үлес қосқан төрт классиктің бірі. Шәкен Айманов есімі бәрінен бұрын қазақ киносы тарихында тұңғыш рет ұлттық киноны түсірген адам ретінде және оны барынша биікке көтерген талант ретінде ел жадында мәңгілік сақталған.

1-Жүргізушілер: Шәкен Айманов таңғажайып талант иесі, импровизатор, театр режиссері, актер болған. Онсыз қазақ кинематографын елестету мүмкін емес.

2-Жүргізушілер:Кешіміздің шымылдығын қазақтан шыққан тұңғыш режиссер - Шәкен Айманов туралы бейнебаянмен бастамақшымыз. Олай болса, экранға назар аударайық!

Бейнеролик: ШӘКЕН АЙМАНОВ - Қазақ кинематографиясының атасы https://www.youtube.com/watch?v=VDCzwW8798/ обрезка жасау/

1-Жүргізушілер: Бүгінгі қойылым топтар арасындағы сайыс түрінде өтпек, олай болса оны бағалайтын әділқазысы бар. Бүгінгі оқушыларымыздың өнеріне баға беруші әділқазылармен таныстырып өтейік.

1. Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актрисасы Ниязова Дана

2.Мектебіміздің музыкалық жетекшісі Самал Талғатқызы

3. Педагог-куратор-ұйымдастырушы Мақсұт Айдана Әділбекқызы

Сахналық қойылым талаптары:

1.Регламентті сақтау

2.Буктрейлер (әрбір қойылымға)

3.Декорация, костюм таңдалуы

2-Жүргізушілер: «Біздің сүйікті дәрігер» 1957 жылы түсірілген режиссер Шәкен Аймановтың музыкалық комедиясы. Фильм сюжеті дәрігер Анатолий Николаевич Лавровтың туған күніне орай әріптестері танымал әртістердің қатысуымен тосын сый жасауы жайлы. Дәл осы туынды үзіндісін «Болашақ» тобы сахналайды. Бірге тамашалайық!

«Болашақ» тобы «Біздің сүйікті дәрігер»





1-Жүргізушілер: «Болашақ» тобының өнерінің бағасын әділқазылар дайындап болғанға дейін сахна төріне 11 класс оқушысы Бегім Сейітті Жарасбай Нұрқановтың «Шәкен аға» өлеңін оқып беруге шақырамыз.

2-Жүргізушілер: Режиссер Шәкен Айманов фильмдеріне тән ортақ ерекшелік – туған жерге сүйіспеншілік, қарапайымдылық, шынайы махаббатқа толы. Сондай шығармалардың бірі – «Тақиялы періште» фильмі. Режиссер сюжетте күнделікті әр адамда кездесетін қарапайым жайттарды экранға шығарды: өзіне лайық жар іздеу, танысу, үйлену, отбасын құру, т.б. Бұл фильм 1968 жылы жарыққа шығып, тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қызықты сюжетімен есте қалды. Осы керемет туынды үзіндісін сіздердің назарларыңызға «Достық» тобы сахналайды.

«Достық» тобы «Тақиялы періште»

1-Жүргізушілер: «Достық» тобының өнерінің бағасын әділқазылар дайындап болғанға дейін сахна төріне, жаңа өздеріңіз тамашалаған туындыда орындалған «Абзал ана» әнімен ортаға 9 класс оқушысы Жумагалиева Жансаяны сахна төріне шақырайық!

2-Жүргізушілер: Халықтың басындағы рухани азғындықты, ұсақталып, жадап жүдеген елдің бейнесін Алдар арқылы көрсету оңай әрі тиімді. Осылардың ішінен «Алдар көсе» туралы ең алғаш фильм түсіріп, оның образын көрермен қауымға алғаш жеткізгендердің бірі - Шәкен Айманов. Осылайша Алдардың бейнесі біздің санамызға алғаш Шәкен Аймановтың 1965 жылы түсірілген «Алдар Көсе» фильмі арқылы бекіді. Бұл кинокомедия арқылы өмірде кездесетін маңызды проблемаларды шешуде комедия жанрының мүмкіндіктерін кинорежиссердің барынша пайдалана білуі үлкен шеберлікті көрсетеді. Келесі кезекте осы туынды үзіндісімен «Зияткер» тобын ортаға шақырамыз!

«Зияткер» тобы «Алдар көсе»

1-Жүргізушілер: Бүгінгі кеште оқушылардың өнерін барынша тамашалаймыз. Қазір сахна төріне біздің жатақхана жігіттерін «Еркесылқым» күйімен шақырамыз! Бірге тамашалайық!

2-Жүргізушілер: Шәкен Айманов комедия жанрымен қатар психологиялық драма жанрына да көңіл бөліп, фильмдер түсірді. Соның бірі «Тоғысу» фильмі. Бұл фильмде режиссер адамның ішкі дүниесін ашуға ұмтылады. («Перекресток») фильмінде дәрігер Ғалия Исламова мен оның сүйіктісі судья Ескендір «адам және заң» проблемасында бетпе-бет келеді.

«Ұлан» тобы сахналайды. Бірге тамашалайық!

«Ұлан» тобы «Біз осында тұрамыз»

1-жүргізуші: «Ұлан» тобының өнерінің бағасын әділқазылар дайындап болғанға дейін сахна төріне 10 класс оқушысы Бегім Айгерімді Шәкен аға туралы жүрек жарды өлеңімен қарсы аламыз!

Бегім Айгерім: Жұлдыздай ағып өтіп жарқыраған,

Өзіңіздей алып тұлға болар қайдан.

Қазаққа бар киноны сыйға тартқан,

Кешегі мәрт ағамыз Шәкен Айман.

Шабытым қуат алып төгіп берші,

Көңілім қия шыңға өрістеші.

Еліміздің жүрегінде мәңгі қалар,

Лүпілдеп «Тақиялы періштесі».

Сүйетін жасы менен кәрілері,

Сізбен ғана келетін сәні тегі.

«Атамекен», «Дала қызы», «Алдар көсе»,

Және «Біздің сүйікті дәрігері».

Атағы бар елдерде болған аңыз,

Қалдырған мол мұраға шаттанамыз.

Киноңыз сан ғасырға мұра болған,

Біз сіздей режиссермен мақтанамыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі кеште мәнеріне салып оқыған өлеңді де, жүректі тебірентер әдемі әнді де, күмбірлеп ойнаған күйді де тамашаладық. Енді бір мың бұралған биге кезек берсек деп тұрмыз. 7-8 класс қыздарын қазақ биімен ортаға шақырайық!

2-Жүргізушілер: Театр сахнасы мен кинода 100-ден аса кейіпкерді сомдаған, 20-ға жуық фильм түсірген Шәкен Аймановтың туындыларының жарыққа шыққанына жарты ғасырдан асса да, әлі күнге дейін өміршеңдігімен құнды.

1-жүргізуші: Қазақ киносының саңлағы Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған сахналық қойылым өз мәресіне жетті. Оқушылардың өздері сахналайтын туындыны қоюда ізденіп, бар бос уақыттарында образ киімдерін, декорация бұйымдарын дайындаған болатын. Оқушылардың осы еңбегі қаншалықты бағаланды? Оны құрметті әділқазылардан сұрайық. Сөз кезегі сіздерде.

Әділқазыларға сөз беріледі

Марапаттау рәсімі





Shape6 Shape5






















Shape8 Shape7























Shape10 Shape9















































































ШƏКЕН АҒА Автор: Жарасбай Нұрқанов

Күмбір-күмбір ой мен қыр, бүкіл дала,

Күмбірлеп тұр дүние, бермен қара!

Шəкен аға төске өрлеп келе жатыр,

Екі Муза қастерлеп екеуара.

Шіркін, сахна – сағыныш айықпаған,

Неткен өжет кинодан қаймықпаған.

Аққан жұлдыз тəрізді аяулымыз,

Əспеттеуге, əрине, лайықты адам.

Қалың қазақ, барша жұрт-көрермені,

Туған елі сүйсінген көп еңбегі.

Халқымызға қадірлі Шəкен аға,

Шынға келсек, өнердің кемеңгері,

Іштей егес, бəсеке – оң мен солы,

Оңай емес кімге де өнер жолы.

Елестейді біздерге дəйім сонау

Мерейлі сəт құшағы гүлге толы.

«Тебіренткен ойнымен елден ерен,

Актер кім?» деп сұрайды ел кейде менен.

Еске сонда түседі Шəкен аға

Ақан сері зердесін бейнелеген.

Веронадан келгендей жаңа ғана,

Еркіндеген сабазың жайдарлана.

Бас білгізіп, асауға тұсау салған,

Өктем бекзат қайда сол, қайран аға!?

Сіз ойнаған кинода Жамбыл ақын,

Көзге жылы, көңілге сондай жақын...

... Аңыз болып жетеді кейінгіге,

Ашық-жарқын, ойнақы жүрген қалпың.

Үлкеннің де кішінің əр кез досы,

Еркелеуің өмірге, бəлкім, осы.

Қызғаныштан өртеніп жалын құшқан,

Қайталанбас қазақтың Отеллосы!

Тақиялы періштең үйленбесе,

Күледі жұрт, Тайлақ деп əсіресе.

Əзіл-қалжың, қулыққа бейім аға,

Өсе келе болдыңыз Алдар Көсе.

Тіршіліктің сеземіз дəмін кермек,

Жанға тыным бермейді əбігерлеп.

Күмбірлеп тұр дүние: Шəкен аға –

Нағыз біздің сүйікті дəрігер! – деп.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!