Тақырыбы: Қазақ көшбасшылары
Мақсаты: Жас ұрпаққа еліміздің күні бүгінге дейін еңбек сіңірген тұлғаларды айта келе Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа жеке тоқталып,ерліктерін 25 жылда жасаған елеулі істерін оқушыға түсіндіріп айту.Елін сүйген,елі сүйген көшбасшылардан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, рәміздер
Барысы:
1.Ұйымдастыру.
Әнұран орындалады
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
2. Негізгі бөлім.
Қазақ көшбасшыларының ішінде қазақтың ұлы ханы Абылай хан, ХХ ғасырдың басында қазақ көшбасшыларының бірі Әлихан Нұрмухамедұлы Бөкейхановқа және Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтардың ерліктерін,хылыққа істеген көшбасшылық игі істерін атап өту.
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат ұстанды; Ауған шаһы Ахмет Дурранимен келіссөз жүргізді; Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж. қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде үш мың әскерімен «Қасірет белдеуі» («Горькая линия») бойындағы орыс бекіністерін шапты.Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі.Ол – бірқатар күйлердің («Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Садаққаққан», «Шаңды жорық», т.б.) авторы.
Абылай Жоңғар шапқыншылығы кезінде 3 жүздің басын біріктіріп жауға қарсы соғыса білді.Елін,жерін қорғап қала білді.Осы қасиетін бағалай келе біз оны қазақ халқының ұлы көшбасшысы дей аламыз.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарадан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.[1]
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Отаны мен халқы үшін бар
ынта-ықыласын салып, адал қызмет етудің нышанына айналды.Барша
қазақстандықтар Тұңғыш Президентті Елбасы деп атап кетті.Осы
ұғымның мән-мағынасы-жаңа мемлекетті құрып, қазақ халқының ұзақ
ғасырлар бойғы арманын орындағаны,әлемнің жетекші елдерімен
терезесін теңестірген тәуелсіз Қазақстанның жаңа буынын тәрбиелеп
өсіргені үшін халқымыздың Н.Ә.Назарбаевқа деген үлкен
сүйіспеншілігі,ризашылығы деп білеміз.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі және оның Қазақстан
тарихындағы рөлінің санқырлылығы соншалық, оның елдің саяси,
экономикалық және әлеуметтік негіздерін құрудағы үлесін жарқын
бейнелеп көрсетті.
Елбасы арқасында біздің еліміз бар жоғы екі онжылдықта кеңестік
экономикалық жүйенің жай ғана қосымшасынан-халықаралық сахнада
өзін-өзі көрсете білген, қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз
мемлекетке айналды.
Барлық сөзі мен барша іс-әрекет, халық қамы, ұлт мүддесіне қызмет
ететін
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев-Ұлы Тұлға!
Елбасы «НұрОтан» партиясы «ЖасОтан» жастар қанатының ІІ сьезінде
сөйлеген сөзінде: «Мәңгілік-байлық-білім,ең басты
бақытымыз-Тәуелсіздік!»-деген еді.
Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметтеріне жүгінсек,соңғы бір
жылда Қазақстан 21 сатыға көтеріліп,51-орынға табан тіреді.
Түрік Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүл де: «Әр
келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана
қаласы-Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның
көргенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды»-деп ішкі сырын ақтарып
еді.
Шынында да, Астана-біздің мақтанышымызға айналды.Бұл қала Елбасының
«өз туындысы» және орындалған арманы.
Астана тәуелсіз Қазақстанның брендіне айналды,біздің болашақтағы
таңқаларлық жетістіктеріміз бен ұмтылысымыздың символы. Елбасының
саяси жігері мен көрегендігі болмағанда, қазақтың кең даласында
салынған тамаша қала да болмас еді.
Астана келбеті-ұлт келбеті,мемлекет дидары, халық мерейі.Есілдің
жағасын ел жайлады, атының басын қазыққа байлады.
Елбасы Астананы көтерді,Астана Елбасыны абыройға бөледі.
Егер, сол жеке тұлғаның болмыс –табиғатына Тәңірі – шебер айырықша
қабілет пен қасиет дарытса, ол қабілет қасиет тек қана
жасампаздыққа, тек қана биік мұраттарға бағышталатын болса, ондай
тұлға өз өмірін ғана мазмұн-мағынаға кенелтіп қоймайды, ең бастысы
,өзі ғұмыр кешкен қоғамы мен уақытын да сәулелендіріп,оның мерейін
өсіріп,мәртебесін биіктететін болады. Осындай жан
-Н.Ә.Назарбаев.
«Сендердің бүгіндерің мен ертеңіңнің қамы әрқашан менің саясатымның
мәні болып келді» -деп Н.Ә.Назарбаев «ЖасОтан» жастар қанатының ІІ
сьезінде. Бұл-Елбасының жастарға деген көзқарасының айқын
белгісі.
Н.Ә.Назарбаевтың есімі инновациялар тұрғысынан алдыңғы қатарлы
білім беру жобасы –Назарбаев Университеті иеленді.Бұл жоба ел
Президентінің нұсқауларына сәйкес «Қазақстандық ұқсастық, үздік
халықаралық білім беру моделі, ғылыми тәжірибені» үйлесімді
байланысатын ұлттық брендке айналды.
Жас ұрпақ тәрбиесі, білімі, олардың басқа да мәселелері-Елбасы
назарынан тыс қалған емес.
Қоғамды рухани,патриоттық тәрбиелеу ісіне, ұлттық тарих пен тілді,
мәдени дәстүрді сақтап, оның жаңа қырларын ашуға Елбасының тынымсыз
назар аударуы үлкен жасампаздық жолға бастайды, қазақстандық
қоғамның тұтастығы мен ынтымағын қамтамасыз етеді.
Білім саласында жаңа серпіліс Елбасының «Қазақстан білім қоғамы
жолында» атты дәрісі. Бұл дәрістің негізгі мақсаттарының бірі
Қазақстанда беріліп жатқан білім сапасын арттыру болып табылады.
Кез келген елдің ұлттық бәсекелестікке қабілеті бірінші кезекте
оның білімділік деңгейімен айқындалады. Сондықтан да «Білекті бірді
жығар, білімді мыңды жығар» демекші жастарымыз мыңды жығатын
білімді болу керек деді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты жолдауында қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртудың үш
басты бағытын айтып өтті:
1.Білім беру мекемелерін оңтайландыру;
2.Оқу –тәрбие үдерісін жаңғырту;
3.Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін
арттыру.
Н.Ә. Назарбаев әр Жолдауында ұрпақ тәрбиесі, әйел затын ардақтауға
қатысты өз ойын үнемі айтып келеді. Мұның өзі еліміздің қоғамдық
өмірінде белсенді жұмыс істеп жүрген қыз келіншектерге үлкен қолдау
болатыны айтпаса да түсінікті.
«Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» деп аталатын жолдауында Елбасы жаңа кезеңдегі әлеуметтік
саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды
жариялады. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл
бөлуіміз керек. Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы
жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды
жасауымыз қажет.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады.
Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы – қылдай, оны үзуге болмайды.
Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал
ана – оның ең ардақты тұлғасы болды.
«Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе , ұл жарқырап ас бермес ,
әке үлгісін көрмесе », «Қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз»
деген сөздердің түп-төркіні қыз тәрбиесінің қаншалықты маңызды
екенін айғақтайды . Сондықтан ертеңгі ұлт анасы , бүгінгі ару
қыздарымызды тәрбиелеу - барша қауымның міндеті . «Қыз ұлттың ұяты,
халықтың шырайы» демекші , қыздарымыздың төрден орын алып, еркін
өсіп , халқының барлық жақсы қасиеттерін , парасаттылық пен рухани
–моралдық құндылықтарын теріп өскені ұлтымыздың ерекше рухани
болмысы болмақ.
«Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» деп Абай атамыз айтпақшы ,
қыз бала тәрбиесін бірінші орынға қойып , қыздарымыздың жан-жақты
тәлім алуына аса көңіл бөлудің мәні зор.
Мазмұны
- Қазақстан Республикасының басында тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған - еліміздің президенті. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында 1940 жылы болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келді.
1 оқушы:
1991 жылы 1 - желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.
2 оқушы:
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
3-оқушы:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
4 оқушы:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
5 оқушы: Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
6 оқушы:
Халқымның мақтанышы - алып тұлға.
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
7 оқушы:
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
8 оқушы:
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
9 оқушы:
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
10 оқушы:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
11 оқушы:
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
12 оқушы:
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
13 оқушы:
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндиік, бауырлар
Басшымыздың бүгін мереке күні деп
14 оқушы:
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының мерекесін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар.
Қорытынды
Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерің, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ көшбасшылары

шағым қалдыра аласыз