Материалдар / Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы 9сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
- Қазақстанға әскери-өнеркәсіп кешендерінің тигізген зардаптарын анықтайды - Қoғaмдық-caяcи өмipдiң өзгешелігін aнықтaп, өзiндiк интepпpeтaция жacaйды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2022
1014
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқа мерзімді жоспар

Күні :

Мектеп: №1 «Мырзакент» МГ

Мұғалімнің аты-жөні: Сейдуалиева А

Сынып: 9 «Г»

Оқушы саны:


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.1. Қазақстан «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар)


Сабақтың тақырыбы: Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы. (1 сағ) Зерттеу сұрағы: Қазақстаның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді?



Сабақтың оқу мақсаттары (оқу бағ-масына сәйкес)

9.3.2.1 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әскри-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау:

9.3.1.1 қоғамдық саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Сабақтың

мақсаты

- Қазақстанға әскери-өнеркәсіп кешендерінің тигізген зардаптарын анықтайды

- Қoғaмдық-caяcи өмipдiң өзгешелігін aнықтaп, өзiндiк интepпpeтaция жacaйды.

Бағалау критерийі

Әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдайды


Тілдік

мақсаттар


Тілдік біліктілікті дамыту

Тыңдалым - «Кинометафора» әдісі арқылы жүзеге асады

Оқылым - постермен жұмыс барысында, оқушылар мәліметті оқып жүзеге асады

Жазылым – постермен жұмыс және балық қаңқасын толтыру кезінде жүзеге асады

Айтылым – топтық талқылау, мұғалімнің және басқа оқушылардың сұрақтарына жауап беру барысында жүзеге асады

Пәнге тән лексика мен терминология

Гептил – адам денсаулығына зиянды ғарыштық зымырандарға арналған орын.

Ғарыш алаңы– ғарыштық аппараттарды ұшыруға арналған кешенді құрылыстары бар аумақ.

Құндылықтарға баулу


Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу

АКТ – ны қолдану

Интернет желісін пайдаланып оқушылар Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы туралы ізденіс жасап, білім деңгейлерін тереңдетеді.

Пәнаралық

байланыс

География пәнімен картамен жұмыс барысында байланыс орнатамын

Алдыңғы

білім

8.3.2.1 қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;

8.3.1.1 қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



5 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Жағымды ахуал қалыптастыру және топқа бөлу

«Гүлмен тілек»әдісі. Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді. Түрлі түсті асықпен төрт топқа бөлнмін.

«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

  1. Н.С.Хрущевтің аграрлық саясатындағы жаңа бағыт деген не?

  2. Тың және тыңайған жерлерді игеру жоспары қандай болды?

  3. Тың жерлерді игеру қазақ халқының малшаруашылығына қалай әсер етті?

  4. Тың игеру жылдары қалаларда халық саны не себепті өсті?т.б.





Гүл, доп

Сабақтың ортасы

3 мин





6 мин





16 мин

































2 мин







4 мин













3 мин

Қызығушылығын ояту

Тақтаға Арал теңізі, Семей полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағының суреттерін іліп, оқушыларға сұрақтар қоя отырып, ой шақыруды ұйымдастырамын

  • Берілген суреттің бүгінгі сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар?

  • Не себепті 1960 жж. салыстырғанда қазіргі уақытта Арал теңізінің суы бірнеше есе азайып, тартылған?

  • КСРО кезеңінде Қазақстанның жері, суы, пайдалы қазбаларын өндіру туралы шешімдерді кімдер қабылдады?

«Кинометафора» әдісі

Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы тақырыбында бейнесабақ көрсетемін

Жамборд тақтасы арқылы мәтінмен жұмыс. Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша мәліметтер таратады. Топтар зерттеу жүргізіп, талдау жасайды.Әр топтан көшбасшы сайланып өз жұмыстарын қорғайды.

І топ.

  • «Хрущев кезеңіндегі» Қазақстан өнеркәсібінің дамуын сипаттаңдар

ІІ топ.

1957 жылғы реформаның мәні неде болғанын түсіндіріңдер

ІІІ топ

КСРО-ның Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешені нысандары туралы айтып беріңдер

ІҮ топ

Картадан Қазақстанда ХХ ғасырдың 50жж ортасы мен 60-жж жартысында пайда болған әскери базалар мен сынақ палигондарын көрсете отырып, полигондардың зардаптарын жазыңдар

Дескрипторлар:

  • Ітоп

  • Оқушылар елімізде салынған өнеркәсіптер мен олардың бағыттарын сипаттай отырып, анықтайды

  • ІІ топ

  • 1957 жылғы реформаның негізінде халықшаруашылығы кеңесінің қызметі мен Қазақстанда олардың санын анықтайды

  • ІІІ топ

  • Өнеркәсіптердің ел тұрғындарының өміріне тигізген зардаптары туралы дәлелдер келтіреді.

  • ІҮ топ

  • Картадан ХХ ғасырдың 50-жж ортасы мен 60-жж жартысында пайда болған әскери базалар мен сынақ палигондарды тауып жазады



Сергіту сәті: «Бұзық телефон» әдісі. Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады. Дұрыс тындалым, айтылымға бағыттау.



«Балық қаңқасы» әдісі. Топтарға балықтың қаңқасының суреттері беріледі. Балықтың басына Семей полигонының басталуын, балықтың жоғарғы қанатына адамдарға әсерін, төменгі қанатына қоршаған ортаға әсерін, құйрығына қорытынды ой жазады.

Дескрипторлар:

  1. Семей полигонының алғашқы жүргізілуін сипаттайды

  2. Семей полигонының адамдардың денсаулығына тигізген кері әсерін салыстырады

  3. Семей полигонының қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды

  4. Семей полигонының зардаптарын талдап, қорытынды жасайды



«Kahoot» программасымен тест.

  1. 1940-1950 жж атом сынақ алаңы мен ғарыш айлағы орналасты:

А) Семей мен Алматыда

В) Семей мен Байқоңырда

С) Маңғыстау мен Ақмолада

2. «Байқоңыр» ғарыш айлағының іске қосылған мерзімі:

А) ХХғ 50 жж

В) ХХғ 40 жж

С) ХХғ 60 жж

3. Капустин Яр атом полигоны орналасқан облыс:

А) Шығыс Қазақстан

В) Оңтүсстік Қазақстан

С) Батыс Қазақстан

4. Қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны:

А) 300

В) 400

С) 500

5. 1970 жылдардан бастап экологиялық апаттық аймақ:

А) Балқаш көлі

В) Арал теңізі

С) Каспий теңізі




Суреттер, ноутбук







https://youtu.be/ZCIL61Pdldc



Плакат, маркер, оқулық

























































Балық қаңқасының суреті

Сабақтың соңы

3 мин


Кері байланыс «СМС» әдісі

- Сабақта не ұнады?

-Маған ұнамады

-Сабақта өзгерткім келеді

Үйге тапсырма: 100 сөзден тұратын эссе жазу

Телефон суреті

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтық тапсырмалар кезеңінде, оқушыларда бір-біріне өзара қолдау, көмектесу пайда болады. Жаңа тақырыпты салыстырып, талдаулар болады. А,В деңгейдегі оқушылар тапсырманы жылдам орындап қойса, қосымша тапсырмалар беремін. С деңгейдегі оқушылартапсырма барысында қиналып отырса, қолдау көрсетемін. Тапсырмалардың барлық кезеңінде оқушылардың деңгейіне қарай, педагогикалық қолдау көрсетемін.

Мұғалім оқушыларды сабақтың барлық тапсырмаларындағы бағалау дискрипторлары арқылы бағалайды.

Оқушылар бір-бірлерін топтар арасында бағалайды.

Оқушы өзін-өзі бағалайды.

Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, разеткаларға т.б тиісуге тыйым салынады

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!