Қазақ
күресі
Қазақ
күресі — қазақтың ұлттық
күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі.
Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен
сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен
салтанаттарда жүргізіледі. 1938
жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді.
2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа
принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды
нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша
күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының
репрезентативтік тізіміне енгізді
Қажымұқан
Күрестің
ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының
тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас
қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен
емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне
тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ
халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың
әлемдік элитасының қатарына кірді.
«Қазақша
күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы
аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап
жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп
келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия
аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің
дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа
серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен
біріншіліктер жыл сайын өткізілетін
болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында
конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық
федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік
Адамұлы.
2005
жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес»
күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы
қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне
«Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған
әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың
қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және
басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес»
күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті.[2] 2011 жылы тамызда қазақша
күрестен Қазақстан біріншілігі болып
өтті.
Бұл ойын
адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке,
батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба
білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт.
Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте
адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана
алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу,
салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау,
жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты
әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде;
арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді.
Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш
жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз
жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен
аяқталады.
Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына
қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес
мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде
жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл
күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде
жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы
жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық,
республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген,
спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган
өнер.
Сипаттамасы
Бұрын
қазақша күресте жас, салмақ шектеулері ескеріле бермейтін. Қазіргі
уақытта осы спорт түрінде бірыңғай спорт киімі және күрес жүргізу
техникасына қатысты белгіленген белгілі бір ережелер бар. Қазақ
күресінен балуанның киімі самбошы киімімен біршама
ұқсас. Самбодан айырмашылығы, қазақша
күресте шапан қысқа жең, иықтарында шағын жапсырмалары бар (ұстасу
үшін). Кеудеше аса берік материалдан
тігіледі.
Белден
және белден жоғары кез келген ұстасуға рұқсат етіледі. Ұстасудың
мақсаты — қарсыласының жауырынына
тастау.
Негізгі
ережелері
Қазақша
күрестен шешілуі қармауыштар үшін жоғарғы дене бөлігі. Күрес
тағанда жүргізіледі. Аяққа өтуге тыйым салынады. Күртеше мен
белдеуден қармауға болады. Белбеу күресі тәсілдері рұқсат етілген.
қолды Қағып жіберуге, жамбас тәсілдері арқылы аяғын іліп алуға
болады. Тіземен кілемге тиюге
болмайды, бұған қатысты алдын-алу ескерту
береді.
Қазақша
күрес техникасы бойынша грузин (чидаоба), татар
(куреш) және өзбек күресімен (кураш) ұқсас. Қазақша күрес тәсілдері самбо
техникасына енгізілген. Көбіне қазақша күрес палуандары (балуандар)
самбо, дзюдодан әр түрлі жарыстарға
қатысады.
"Қазақстан барысы", "Еуразия барысы", "Әлем
барысы"
2012
жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қазақша күрестен "Қазақстан
барысы" республикалық турнирі өтеді. Бұл осы ұлттық спорт түрін
дамыту үшін өткізіледі. Турнир Тараз қаласында өтеді. Турнирге
барша Қазақстаннан спортшылар қатысады. Ережеге
сәйкес, балуандар абсолюттік салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Тараз қаласында "Еуразия барысы" халықаралық турнирі өтеді.
Мұнда Еуропа мен Азиядан балуандар қатысады. Тұрақты қатысушылары
Иран, Моңғолия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Украина, Қытай және Қазақстан
балуандары.
Ал 2014
жылы Павлодарда алғаш рет қазақша күрестен "Әлем
барысы" әлемдік турнирі өтті. Жарысқа спортшылар әлемнің
түкпір-түкпірінен қатысады.
Қазақ
күресінің техникасы
Шалып
лактыру — техникалық арсеналында жетекші орындардың бірін
алады. Оның алдыңғы, артқы және бүйір шалу сияқты түрлері бар. Әдіс
бір аяқтың астына да екі аяқтың астына да орындалады. Шабуылдаушы
балуан қарсыласын өз қойған аяғын арқылы арқасына
лақтырады.
Кағып
лақтыру — алдыңғы, артқы, бүйір және іштен қағып лақтыру деп
бөлінеді.
Иліп
лақтыру — самбо терминологиясында бұл — сирақтың
ілмектері.
Лақтыра жығу — бұл лақтыру кезінде, аяқ (аяқ)
қарсыластың алдынан немесе аяқтың артқы бөлігі ішінен кіру арқылы
лақтыру.
Арқадан асырып лақтыру — бұрыла лақтыру. Самбо
терминологиясында — арқа арқылы лақтыру. Қарсыласына арқасымен
бұрылу есебінен - кейін иіліп не лақтырған жағына алға қарай
жығылып орындалады.
Еңкейіп лақтыру — еңкейіп лақтыру. Күшті
балуанның физикалық күші үшін тәсілдер. Көбінесе қарсы әдіс
ретінде қолданылады, сол мезетте қарсыласының иық арқылы балуанның
белін басып алуға тырысқан кезде орындалады. Осы сәтте лақтыруды
жүргізетін балуан басты қимылдатып бұрын кенеттен дене тұрқын,
аяқтағы тізе буындарын түзетуі тиіс және қарсыласын өзіне қаратып,
содан кейін денені алға күрт көлбеулетіп және тізені төмен тастап
есебінен көтеру керек.
Котермелеп лақтыру — үстіне отырғыза лақтыру. Қазақ
күресінде тарихы терең белгілі әдіс. Сыртынан және ішінен отырғызу
арқылы әр түрлі тәсілдермен
орындалады.
Айналдырып лақтыру — шыр айналдыра лақтыру. Қатаң
тәсілдер, қазақ күресінде ежелден белгілі. Күші көптер
қарсыластарын иық деңгейіне, тіпті одан да жоғары бас деңгейіне
көтереді, олардың айналдыра әр түрлі тәсілдер орындаған: оларды
қойылған жамбас, арқа арқылы тастаған, немесе сыртынан іліп алу
арқылы лақтырған. Бұл техниканы меңгерген балуаннан қарсыластары
қорқатын. Кейбір физикалық әлсіз балуандар осындай лақтырудан кейін
жарақаттар алған.
Тонқалана асып домалай
лақтыру — домалай лақтыру. Белден екеуі де ұстасқан кезінде
жүргізіледі, шабуылдаушы лақтыруды орындай отырып, бір жағына
қарсыласты ала отырып, қолдың күш-жігері арқасында оны өзіне қарай
лақтырады және арқасымен ұстап
қалады.
Кеудеден лақтыру — бүгіле лақтыру. Самбо
терминологиясында — кеуде арқылы
лақтыру.
Орап
лақтыру — cамбода бұл ілмек тәсілдердің бір
түрі.