«Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері»

Тақырып бойынша 17 материал табылды

«Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері

«Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері» деп аталатын авторлық бағдарламаның тақырыбының өзекті болуының нақты себептері, ықтималды нәтижелері осы курстың құндылығын көрсетеді.

Қазақ күресі Қазақстанның мәдени мұрасының маңызды бөлігі болып табылады. Осы дәстүрлі жекпе-жек өнері бойынша курсты оқыта отырып, біз, ең алдымен, оқушылардың ұлттық дүниетаным негізінде білім алуына жол ашамыз, қазақтың ұлттық мәдениетін сақтауға және насихаттауға өз үлесімізді қосып, ел ертеңі жастардың ұлттық болмысты сақтап, оны кейінгі буынға жеткізуіне мұрындық боламыз. Оқушылар қазақша күрес жайлы білім ала отырып, ұлттық спорт түрін меңгереді, оның тарихымен танысады, қазақ халқының балуандары жайлы білім алып, оларды өзіне үлгі-өнеге тұтады. Сол арқылы оқушылар ұлттық, мәдени, тарихи құндылықтарды бойына сіңіреді, атадан-балаға мұра болып жетуі тиіс мәдени мұраны оларға аманат ретінде тапсыра аламыз.

Екіншіден, дене шынықтыру сонау атам заманнан бері адам денсаулығының кепілі деп саналады. Қазіргі таңда оқушыларда дене қозғалысы аз екендігі ешкімге жасырын емес. Курс нәтижесінде күні бойы бос уақытын ұялы телефон алдында өткізетін оқушыларды физикалық белсенділікке баулимыз. Бұл олардағы артық салмақтың алдын алып, белсенді, салауатты өмір салтын ұстануларына негіз болады.

Қазақ күресі - күш, ептілік пен төзімділікті талап ететін физикалық тұрғыдан күрделі спорт түрі. Оны меңгерту арқылы оқушыларды ептілікке баулимыз, күрестің әдіс-тәсілдері арқылы өзін-өзі қорғау позициясына жаттықтырамыз, бұл оқушылар бойында өз-өзіне деген сенімділіктің пайда болуына ықпал етеді. Күреске бейім балалар анықталып, олардың алдағы уақытта осы сала бойынша алғашқы жетістіктерінің іргетасын қалаймыз. Оқушылардың тұлғалық дамуына септігін тигізіп, спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын арттырамыз. Міне, осының барлығы біздің тарапымыздан әзірленіп отырған авторлық бағдарлама тақырыбының өзекті екендігін көрсетеді.

Бағдарламаның мақсаты: оқушыларды қазақша туралы теориялық мағлұматтармен таныстыру, қазақша күрестің даму тарихымен, қазақ күресінің аңыз адамдары, қазақ балуандары және белгілі тұлғаларының өмір жолы мен кәсіби өсуі хақында қызықты деректерді ұсыну, қазақша күрестің әдіс-тәсілдерін меңгерту, теориялық ұғымдарын тәжірибе жүзінде меңгерту, осы арқылы оқушылардың қазақша күреске деген қызығушылықтарын арттыру, ерен еңбекті бағалай білуге шақырып жанкүйерлік қасиеттерін қалыптастыру, күреске бейімі бар оқушыларды анықтап, икем-дағдыларын арттыру. Осы мақсаттарға қол жеткізудің нәтижесінде оқушылардың ұлттық, мәдени, тарихи танымдарының тереңдей түсуіне ықпал етіп, қазақша күрестің әдіс-тәсілдерін меңгерту арқылы оқушыларды икемділікке, ептілікке, өзін-өзі қорғай білуге, жеңіске жетелеу, тұлғалық қалыптасуына ықпал ету біздің басты мақсатымыз болып саналады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2024
334
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі