Материалдар / Қазақ мәдениетіндегі рэп өнері

Қазақ мәдениетіндегі рэп өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи қазақ мәдениетінің дамуы
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

Философия және саясаттану факультетінің

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының

2 курс студенті Құрман Лаура Жетекші : аға оқытушы Кудерина А.Н

Қазақ рэпінің дамуы


Алғашында ауызбен-ауыз айтылатын бұл өнер түрі жай ғана қарапайым шумақтардан ғана құралатын. Оны ең алғаш Бронкстегі ямайкалық диджейлер орындады. Құлағына сіңіріп алған негр ұлтындағы радио тыңдармандар осындай шумақтарды ести сала іліп әкетеді де, өз аудиторияларына аздаған өзгерістермен тарата бастайды. Алғашында стилін, содан соң шумақтарын өзгертіп, шамалары келгенше,  рэпті жандандыра түседі.

Әлемді жайлаған өнер түрі көбіне жас өнерсүйер жандарды қызықтырды.Әлемге аты жайылған рэп қазақ елінде айналып өте алмады. Біздің елімізге келгеніне көп болмаса да, қазақ жастарының сүйікті музыка түріне айналды. Құрамындағы өлең шумақтары аса күрделі емес рэп әндер халық арасында тез жатталды. Арамызда ырғақ пен ритмді сақтап, жыр шумақтарымен көңіл хошын келтіріп жүрген жастар аз емес. 

Оның деңгейі керемет немесе жаман деуге келмейді. Өйткені бірінің стилі нашар болса, бірінің сөзі нашар. Ұтылып та, ұтып та жататын тұстары бар. Мәселен ең ақсап тұрған жері – рэптің ритмге келмейтін сөз буындары мен сөздің мағынасы. Шет тіліндегі рэптің орамға тез түсуі олардың буын сандары мен әрбір сөзінің мағынасы бар. Қазақ тілінің сөйлеу тілі бұл жағынан келгенде өте көркем, тек буынның ыңғайына тез көне бермейді. Сондықтан ритмге мән беріп, соған сай сөздерді, синонимдерді пайдалану керек. 

Бірақта , бұл өнерді сынайтындар да аз емес. Дәстүрлі өнерден әлі алшақтай алмаған, жоғары буын өкілдеріне бұл өнер таңсық болып естіледі. Жастардың заман талабына сай бейімделіп, жаңашылдыққа бет бұруын дұрыс деп санамайды-мыс. Олардың ойынша, батысқа еліктеу бізді құлдырауға әкеліп соғады. Және қазақ халқының ұлттық мәдениеті, дәстүрлі өнері жоғалып кетеді деп қорқады. Алайда жастар қауымы бұл ойды әлдеқашан жоққа шығарған. Оның дәлел мысалдары көп. Хип-хоп , рэп, қазақ-поп өнері біздің елімізде 2015 -ші жылдан бері танымалдылыққа ие. Басында көзге үйренуі қиын болғанымен, қолдау мықты болды. Талай мәрте концерттерге тыйым салып, хейтке ұшыраса да, алған беттерінен таймады. Бүгінде рэп өнері ешқандай хейтке ұшырамайды. Керісінше алға басып, басқа елдерге танымал болып, қазақ рэпін паш етіп отыр.
Кешегі жыраулардың дәстүрі ұлттық болмыстан жоғалмақ емес. Өйткені ол біздің тарихымыз, ұлттық еншіміз, біздің ұлы поэзиямыз, әдебиетіміз. Бірақ қоғам қалауы басқаша болса оның да ырқына көнген жөн. Қалай көну керек, ұлттық нақышты бұрауына келтіріп, рэпті қазақ тілінде сөйлету.

Қорытындылай келе, біз дәстүрлі өнеріміз бен қатар жаңашылдықты қатар алып жүруіміз керек. Болашақ жастардың қолында деп бекер айтпаған. Сол жастарымызды дұрыс тәрбиелеп , бағыт беру тек біздің қолымызда!



https://www.kaznu.kz/ru







ЖИ арқылы жасау
10 Желтоқсан 2023
326
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі