400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Қазақ мәдениетіндегі театр өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Театр өнері #KazNU
Материалдың қысқаша нұсқасы

Философия және Саясаттану факультетінің Дінтану және Мәдениеттану кафедрасының 2 курс студенті: Жақсылыққызы Қарақат.

Жетекші: аға оқытушы Күдерина А.Н


Қазақ мәдениетінің театр өнері


Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты. 1910 – 1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды. Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды. Қазақстан тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры – Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры.

Ол 1935 жылы бірден екі труппа: қазақ және орыс труппасы болып құрылды. 1938 жылы республикалық мәртебеге ие болды. Еліміздегі ең ғажайып театрлардың бірі – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.

Қазақстандық театрдың бір ерекшелігі ретінде бірінші күннен бастап-ақ қос тілде өнер көрсете бастағанын айтуға болады. Ұзақ уақыт бойы екі труппа бір театр кеңістігінде ауызбіршілікте өмір сүріп келді. Жастар театрының негізін қалаған Наталия Сац ұжымды бірлікте ұстаған.


1946 жылы қазақ труппасының негізі қаланды. Қазақ тіліндегі алғашқы қойылым Толстойдың «Алтын кілт» қойылымы болды. Қазіргі таңда әр театрдың өз ғимараты мен өзіндік репертуары бар. 2022 жылғы санақ бойынша, Қазақстанда 65 театр жұмыс істейді. Оның ішінде 52-сі – мемлекеттік. Атап айтсақ, төрт ұлттық театр бар, олар: ұйғыр, корей, неміс және өзбек театрлары. Қазақстанда үш опера және балет театры, бес жастар мен жасөспірімдер театры, жеті қуыршақ театры, 24 драма театры, 11 музыкалық-драма театры, бір музыкалық комедия, бір жастар театры және бір сатира театры бар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.12.2023
314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі