Материалдар / Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі (Алғашқы сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі (Алғашқы сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі" тақырыбына жасалған қысқа мерзімді жоспар. Жоспарда сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тәсілдер қолданылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2024
137
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқа мерзімі (сабақ) жоспары

Білім беру ұйымының атауы

29 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп

Бөлім:

Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Карабаева Айсулу Хажимахаматовна

Күні:

01.03.2023ж

Сынып:10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі

(Алғашқы сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;

10.3.4.4 Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін "автономдық кеңес республикасы", "кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын пайдалану;

10.3.4.5 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау

*Тарихи ойлау дағдысы


*Тарихи концепт

Уақыт пен кеңістікке бағдарлану


Өзгеріс пен сабақтастық

Сабақтың мақсаты

  • Кеңестік кезеңдегі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының негізгі оқиғаларын анықтау;

  • Қазақстанның кеңестік кезеңдегі қоғамдық-саяси дамуына КСРО-ның әміршіл-әкімшіл жүйесінің ықпалын талдау

*Бағалау критерийі

  • Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіреді;

  • Қазіргі Қазақстан мен Қазақ АКСР-нің карталарын салыстырып территориялық өзгерістерді анықтайды;

  • Қазақстанның кеңестік кезеңдегі қоғамдық-саяси дамуының ерекшеліктерін талдайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


7 минут




Сәлемдесу

«Интонация» әдісі арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Үй тапсырмасын Kahoot платформасында тест сұрақтарына жауап алу арқылы жүзеге асыру

1917 жылы Ленин бастаған большевиктер тарапынан қабылданған «Ресей халықтары құқықтарының декларациясы» ресурсын ұсыну және оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою:

сұрақтар


«Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» кімдер жазды?


Кімге арнап жазылған?


Деректегі негізгі идея қандай?


Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Жаңа сабақ тақырыбын жариялау және оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерімен таныстыру

Оқушылар берілген сөздерді түрлі интонациямен айтып шығады



Оқушылар дерекпен танысып сұрақтарға жауап береді




Оқушыларға «жарайсың», «бағытың дұрыс», «ойың ұшқыр» және т.с.с қолдау сөздерін айтып отыру







Таратпа





https://create.kahoot.it/course/5ab93dcc-f86f-4c64-af96-6d9bbfd7d952



Қосымша №1

http://www.hist.msu.ru/ER/Etext/DEKRET/peoples.htm сілтемедегі материал қазақ тіліне аударылған

Сабақтың ортасы


2 минут











14 минут































































2 минут







5 минут

















10 минут











Тақырыпқа кіріспе ретінде

"автономдық кеңес республикасы", "кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын сәйкестендіруді тапсыру (Қосымша №2)

Жеке жұмыс

*ЕББҚ (1-топ) оқушыға тапсырманы жазу қарпін үлкейтіп беру. Тапсырманы мәнерлі және анық түрде жеткізу

Зерттеу мен талдау

Оқушыларды төрт топқа біріктіру

Топтық жұмыс

(Оқулық 180-182 беттер )

Тапсырма №1 Мәтінді оқып «РETT формуласы» арқылы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру

Қарастырылатын тақырыптар:

Қырғыз(Қазақ) АКСР-ның құрылуы; КСРО-ның құрылуы;

Автономиялық республика ретінде Қазақстанның құқықтық жағдайы;

Қазақ КСР-ның құрылуы

*ЕБҚ бар оқушыға тапсырма 18- шрифтпен жазып беріп, тапсырманы ауызша түсіндіру

1-топ: Қазақстандағы мемлекеттік құрылымындағы өзгерістер мен олардың қарқынын түсіндіру;

2-топ: Өзгерістердің маңыздылығын көрсету;

3-топ: Мемлекеттіліктің қалыптасуындағы бетбұрыстық кезеңдерді анықтау;

4-топ: Ұзақ уақыт кезеңі бойы байқалған үрдістерді түсіндіру


Р – Pace/Қарқыны – Өзгерістер қандай қарқынмен жүзеге асты асты? (тез, біртіндеп)


Е -Extent/масштаб - Өзгерістер қаншалықты маңызды болды? ішінара, (маңызды, маңызды емес, үлгілі, жаңа/бетбұрысты)


Т-Turningpoints/Бетбұрыстық кезеңдер (Сабақтастықтың өзгеріске ұласатынын сипаттайтын белгілі бір кезеңдер бар ма?)


Т-Trends/Үрдістер (Ұзақ уақыт кезеңі бойы прогрестен регреске қарай үрдістер байқалды ма?)



Дескрипторы:

- Қазақстандағы мемлекеттік құрылымындағы өзгерістер мен олардың қарқынын түсіндіреді;

-Өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді;

-Мемлекеттіліктің қалыптасуындағы бетбұрыстық кезеңдерді анықтайды;

-Ұзақ уақыт кезеңі бойы байқалған үрдістерді түсіндіреді;

-"Автономдық кеңес республикасы", "кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын қолданады


Тапсырма №2

жеке жұмыс

Тақырыптық бейнероликті тамашалау және мәтінмен танысу (Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу және Қазақстанның шегараларын белгілеу)

https://el.kz/news/archive/content-1305/


Кескін картадан 1924-1925 жылдардағы ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақстанға өткен аумақтарды белгілеу


*ЕБҚ бар оқушыға картаның түстері қанық, шекаралары анық көрсетілген және өлшемі үлкен карта беру. Мұғалімнің оқушыға жеке түсіндіруі

Дескрипторы:

-Қазақ АКСР-і құрылған кездегі территориясын көрсетеді;

-РКФСР-ге қосылған территориясын көрсетеді;

-Қазақ АКСР-інің астаналары болған қалаларды картадан белгілейді


Тапсырма №3

жұптық жұмыс

Ақпараттық мәтінді оқып кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерін FPPC кестесінде талдау

https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8825/

*ЕБҚ оқушының жеке өзіне қалың жазу қарпімен А-4 парағына шығарып беру

Мұғалім тарапынан қолдау көрсету. Оқушының өз жауабын ауызша айтуына мүмкіндік беру

Facts

(нақты факт)


Position (позиция: оң немесе теріс)


Proof (Дәлел)


Consequences

(Салдары: қазіргі күнге әсері)


Дескрипторы:

-Мәтіннен бір факт келтіреді;

-Ұсынылған факттың жетістік немесе кемшілік екенін көрсетеді;

-Өз позициясына дәлел келтіреді;

-Қазіргі күнге әсерін анықтайды

Сабақта қолданылатын ұғымдарды сәйкестендіреді.

*ЕББҚ (1-топ) оқушы арнайы маркерді қолданып, сәйкестендіру тестін орындайды











*ЕБҚ бар оқушыда зияткерлік бұзылу болмағандықтан жалпы оқушылармен бірге тапсырманы орындайды







Топтар өз тақырыбын «РЕТТ формуласы» (өзгеріс және сабақтастық әдісі) арқылы талдайды



































Кескін картамен жұмыс жасайды


*ЕБҚ бар (1- топ) оқушы

ұсынылған картада тапсырманы орындайды















*ЕБҚ бар (1- топ) оқушы жазу кезінде кестенің әр бөліміне түрлі-түсті маркерлерді қолданып тиісті мәліметті жазады немесе ауызша айтады





Өзін өзі бағалау





Қалыптастырушы бағалау



Бағалау критерийі: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіреді













«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі







Мұғалімнің кері байланысы







































Бағалау критерийі:

-Қазіргі Қазақстан мен Қазақ АКСР-нің карталарын салыстырып территориялық өзгерістерді анықтайды






мұғалімнің

кері байланысы




Бағалау критерийі

-Қазақстанның кеңестік кезеңдегі қоғамдық-саяси дамуының ерекшеліктерін талдайды













Өзара бағалау

Қосымша №2





https://melimde.com/1-xx-fasirdi-basindafi-azastandafi-onerkesipti-damui.html?page=22 Қазақ АКСР-інің құрылуы


Қазақстан тарихы оқулығы Алматы «Мектеп» 2019 авторы: З.А.Джандосова

180-182 беттер




































Қосымша №3

Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу

https://el.kz/news/archive/content-1305/

бейнеролик сілтемесі

https://www.youtube.com/watch?v=ovosFaRJGqY&ab_channel=%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87

Тақырыптық бейнеролик



Қосымша №4

Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер
Дереккөз:https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8825/

Сабақтың соңы


5 минут

Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар:

Қалай ойлайсыңдар, КСРО Конституциясына сәйкес одақтас республикалар одақтан шығу құқығы бола тұра неліктен осы құқығын пайдалана алған жоқ?

Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік сатысының Қазақстанның тәуелсіздігіне жетудегі рөлі қандай?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау, қорытынды жасау

Кері байланыс:

«ҚҚҚ» әдісі

Маған қызық болғаны ...

Маған қиын болғаны ...

Маған құнды болғаны ...

Үй тапсырмасы:

Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясының қандай құқықтық ережелері Қазақстанның тәуелсіздік алуына көмектескені жайында шағын зерттеу жұмысын жүргізу

Оқушылар сабақта алған білімдеріне сүйеніп сұраққа жауап береді








Оқушылар

Сабақта өзі үшін ненің қызық, қиын және құнды болғанын айтады


Мадақтау, қолдау

















Кері байланыс парағы



      Таратпа материал

«Интонация» әдісі Берілген сөйлемдерді түрлі интонацияда айтып шығады

(қуанып; қорқытып, сес көрсетіп; таң қалып; мысқылдап)

  1. «Мен сізді түсіндім»

  2. «Сіз өте ақылдысыз»

3. «Сіз мені таныдыңыз ба?»

4. «Мен мұны ешқашан ұмытпаймын»

Мақсаты: Оқушыларға бір сөзді түрлі интонацияда айтуға болатынын көрсете отырып, сабақ барысында ынтымақтастықта жұмыс атқарып және позитивті болуға шақыру

Kahoot сілтемесі

https://create.kahoot.it/course/5ab93dcc-f86f-4c64-af96-6d9bbfd7d952


Қосымша №1

http://www.hist.msu.ru/ER/Etext/DEKRET/peoples.htm сілтемедегі материал қазақ тіліне аударылған

Шаруалар жер иелерінің билігінен босатылды, өйткені енді жоқ

жер иеленушінің жерге меншік құқығы – жойылады.

Солдаттар мен матростар самодержавие билігінен босатылды, өйткені генералдар бұдан былай сайланады және ауыстырылады.

Жұмысшылар капиталистердің қыңырлығынан және озбырлығынан құтылды, өйткені бұдан былай зауыттарға жұмысшылардың бақылауы орнатылды.

Ендігі жерде, езгіге шыдап, төтеп берген тек Ресей халықтары ғана қалады және озбырлыққа қарсы күресіп, оларды бұғаулардан босату қажет. Патшалық дәуірде Ресей халықтары жүйелі түрде бір-біріне айдап салудың құрбаны болып отырды.

Мұндай саясаттың нәтижесі белгілі: бір жағынан қырғын және

қиратылулар, ал екінші жағынан халықтардың құлдығы. Бұл арандату саясаты ендігі жерде болмауы қажет, ол Ресей халықтарының адал одағының ерікті саясатымен ауыстырылуы керек,ақпан төңкерісінен кейін, империализм кезеңінде, билік кадет буржуазиясының қолына өткен кезде, бір-біріне айдап салу саясаты өз орнын Ресей халықтарына деген қорқақ сенімсіздік саясатына берді. Сондай-ақ, халықтардың «еркіндігі» мен «теңдігі» туралы ауызша мәлімдемелер жасалынып, іс жүзінде жүзеге аспады.

Мұндай саясаттың нәтижесі белгілі: ұлттық араздықтың күшеюі,

өзара сенімге нұқсан келтіру.

Бұл лайықсыз өтірік пен сенімсіздік саясатты тоқтату керек. Бұдан былай Ресей халықтарының өзара сенімін арттыратын ашық және адал саясат жүргізу қажет.Осындай сенімнің арқасында шынайы және мықты Ресей халықтарының одағын құру мүмкін болады.

Осы ережелер негізінде маусым айында Кеңестердің бірінші съезі өтті. Ресей халықтарының бостандық құқығын және өзін-өзі анықтау құқығын жариялады.

Үстіміздегі жылдың қазан айында өткен Кеңестердің екінші съезі мұны растады.

Ресей халықтарының ажырамас құқығы анағұрлым шешуші және айқын.

Бұл съездердің өсиеттерін орындай отырып, Халық Комиссарлар Кеңесі шешім қабылдады:

1) Ресей халықтарының теңдігі мен егемендігі.

2) Ресей халықтарының бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекет құрылғанға дейін еркін өзін-өзі билеу құқығы;

3) барлық және кез келген ұлттық және ұлттық-діни артықшылықтар мен шектеулерді жою

4) Ресей территориясын мекендеген аз ұлттар мен этностық топтардың еркін дамуы.

Осының нәтижесінде ұлттар жөніндегі комиссияның құрылысы аяқталғаннан кейін нақты қаулылар әзірленетін болады

Ресей Республикасының атынан

Ұлттар істері жөніндегі халық комиссары

Иосиф Джугашвили-Сталин.

Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы

В.Ульянов (Ленин).

Қосымша №2

ұғым



Анықтама

1

Автономиялық республика


1-

А

Мемлекеттiк билiк органдарының бiрден-бiр жүйесi — иерархия мен бағыныштылық бойынша бiрiктiрiлген әртүрлi деңгейдегi кеңестер — арнаулы өкiлдi органдар

2

Кеңес одағы республикасы

2-

В

 Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың түрі

3

Унитарлы мемлекет

3-

С

Мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.



Қосымша №3 Картамен жұмыс: Қазіргі Қазақстан мен Қазақ АКСР-нің карталарын салыстыру және территориялық өзгерістерді анықтап, астаналарын көрсету





Қосымша №4 (қысқартылып алынды)

Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40–50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды.. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға  жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.

Москва мен  Ленинградта  “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды. Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары  А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.

1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекетерінің мәдениетіне көңіл  бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері – Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін “ұлтшыл” атанса, М.Әуэзов 1945 ж. жарық көрген “Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін” қудаланады....

1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы  мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды...

Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер  орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді.

1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды.

Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Ауэзов бас болып “Жас тұлпар” атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды. Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын жасауды  ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы  КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды.

Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге аспады.  ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын  орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді.

Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан  КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды.1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті болып Қ.И.Сәтбаев сайланды. Ғылым Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар – М.Әуезов, Ә.Бектұров, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов, Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүше-корреспонденттеріне Н.О.Базанова, Р.А. Барукаев, Ә.Х.Марғұлан, М.И.Усанович және т.б. сайланды. 50-шы жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу институты жұмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның комплексті металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны және оның методикасын зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сәтпаев және басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды.

Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық тәртіптің ықпалынан шықпады. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950-1970) қазақ мектептерінің  саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды. Кітаптардың 95 % орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 % эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. Кеңестік тәртіптің бұл қылмысының нәтижесінде қазақ халқының ұлттық мәдениетінің  аясы жылдан жылға тарылып, тіпті ұлттық территорияға қауіп төнген жағдайлар орын алды.



Источникhttps://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8825/
© e-history.kz



















































Р – Pace/Қарқыны – Өзгерістер қандай қарқынмен жүзеге асты асты? (тез, біртіндеп)


Е -Extent/масштаб - Өзгерістер қаншалықты маңызды болды? ішінара, (маңызды, маңызды емес, үлгілі, жаңа/бетбұрысты)


Т-Turningpoints/Бетбұрыстық кезеңдер (Сабақтастықтың өзгеріске ұласатынын сипаттайтын белгілі бір кезеңдер бар ма?)


Т-Trends/Үрдістер (Ұзақ уақыт кезеңі бойы прогрестен регреске қарай үрдістер байқалды ма?)


Р – Pace/Қарқыны – Өзгерістер қандай қарқынмен жүзеге асты асты? (тез, біртіндеп)


Е -Extent/масштаб - Өзгерістер қаншалықты маңызды болды? ішінара, (маңызды, маңызды емес, үлгілі, жаңа/бетбұрысты)


Т-Turningpoints/Бетбұрыстық кезеңдер (Сабақтастықтың өзгеріске ұласатынын сипаттайтын белгілі бір кезеңдер бар ма?)


Т-Trends/Үрдістер (Ұзақ уақыт кезеңі бойы прогрестен регреске қарай үрдістер байқалды ма?)


Р – Pace/Қарқыны – Өзгерістер қандай қарқынмен жүзеге асты асты? (тез, біртіндеп)


Е -Extent/масштаб - Өзгерістер қаншалықты маңызды болды? ішінара, (маңызды, маңызды емес, үлгілі, жаңа/бетбұрысты)


Т-Turningpoints/Бетбұрыстық кезеңдер (Сабақтастықтың өзгеріске ұласатынын сипаттайтын белгілі бір кезеңдер бар ма?)


Т-Trends/Үрдістер (Ұзақ уақыт кезеңі бойы прогрестен регреске қарай үрдістер байқалды ма?)




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!