70% арзан
30% арзан

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ музыка өнерінің бастауы Қобыздың құдіреті
Қарағанды облысы. Қарқаралы қаласының балалар өнер метебі
Ғылыми жоба тақырыбы:
«Қазақ музыка өнерінің бастауы.Қобыздың құдіреті»
Жетекшісі:қазақ музыка әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Никомбаева Кадиша Даулеткалиевна
2021-2022 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1.Қазақтың киелі қобызының шығу тарихы және Қорқыт туралы түсінік.
1.1.Қорқыттың өмірге келуі мен қобыздың шығу тарихы.
2. Қорқыттың ізін жалғастырушы Молықпай Байсақұлын зерттеу.
2.1.Молықпай Байсақұлының киелі қобызы.
2.2. Молықпай Байсақұлының ел есіндегі күйлері.
3.Қобыз аспабының қазіргі таңдағы түрлері.
3.1.Қорқыт ата мен Молықпай атаның ізін жалғастырушы қазіргі заманғы
қобызшылар.
4.Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Жұмыстың тақырыбы: «Қазақ музыка өнерінің бастауы Қобыздың құдіреті»
«Қазақ музыка өнерінің бастауы Қобыздың құдіреті» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысқа
ПІКІР
Капашова Еркежан «Қазақ музыка өнерінің бастауы Қобыздың құдіреті» тақырыбына жазған ғылыми жобасымен танысып күнделікті өмірден қарапайым ғаламтор алмастыра алмайтын нәрселер туралы өзінің миына түйіп ,жүйелі тірлікті қолға алуы тәнті етті.Еркежанның ой жүйесі нақты қойылған.Жасасған жұмыстары нақты әрі заманауи тілмен оқырмандарға түсіндіріліп жазылған.Қазақ музыка өнерін соның ішінде қобыз аспабын жандандырып қызықты да сырлы қырларымен тәнті еттті.Бұл жобаны оқи отырып оқушының бойындағы сан қырлы қасиеттерді бағалап ,қоршаған ортаға деген дүние танымының жоғары екенініе көз жеткізе аласыз.
Қорыта келе Капашова Еркежанның «Қазақ музыка өнерінің бастауы.Қобыздың құдіреті» тақырыбына жазылған ғылыми жоба жұмысы заман талабына сай сауатты және сапалы толық орындалған.
Жоба жетекшісі пән мұғалімі:
Никомбаева Кадиша Даулеткалиевна
Ғылыми зерттеу күнделігі
Зерттеу тақырыбы: : «Қазақ музыка өнерінің бастауы Қобыздың құдіреті»
Оқушының аты-жөні: Қадырақын Айару Нәбиқызы
Оқу орны,сыныбы: Қарқаралы балалар өнер мектеп оқушысы, 4 сынып
Ғылыми жетекшісінің аты-жөні: Никомбаева Кадиша Даулеткалиевна
№ |
Жұмыс мазмұны |
Зерттеу әдістері |
Ескерту |
|
Қобыз аспабынын шығу тарихын зерттедім |
Кітапханадан жиналған материалдарды іріктеу |
|
|
Қобыздың Қорқыт атамен тікелей байланысы мен дәстүр өлшем бірліктерін талдау |
Ғаламтор |
|
|
Қобыз аспап ғана емес бақсылардың емдеу құралы ,қазақ халқында және өзге ұлттарда алатын орынын анықтау |
Талдау және жүйелеу |
|
|
|
Ізденіс |
|
Аңдатпа
Ұсынылып отырған ғылыми жобада қазақ халқының тарихы, құрылымы оның жас жеткіншектерге берер тәрбиесі сонымен қатар халық мәдениетінде алатын орны жайында толық мағлұмат берілген.
Аннотация
В данном проекте говоритсия об истории происхождения кобыза- музыкального инструмента казахского народа ,о строении кобыза, о его роли в жизни и культуре казахского народа.
Annotation
In this progect says about thehistory of the origin of the origin of kobyz – music instrument of the Kazakh people. The sturctureof the kobyz, about his role In life and cuiture of the Kazakh people.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Жұмыстың мақсаты:
Қазақ халқының - Қобыз аспабының құрылымымен таныстырып, халқымыздың рухани және мәдени мұрасын қастерлеп ,бағалай білуге насихаттау.
Жұмыстың міндеті:
Түркі әлемінің алыбы Қорқыт атаның ізін жалғастырушы Молықпай Байсақұлының қобызының құдіретін зерттеу.
Киелі қобыздың Қорқыт атамен тікелей байланысы мен дәстүр өлшем бірліктерін талдау.
Жұмыстың барысы:
Қобыз әлемнің моделі. Бүкіл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретінде қарастырсақ ,қобыз аспап ғана емес бақсылардың емдеу құралы ,қазақ халқында және өзге ұлттарда алатын орынын анықтау.
Күтілетін нәтиже:
Қазақ халқының Қорқытпен байланыстыратын қобыздың алатын орыны ерекше.Сондықтан мәдени мұраның қыры мен сырына үңіліп ,қадір қасиетін айқындау –бүгінгі ұрпақтың борышы.Ал осындай негіз қалаушы құндылықтарымыздан айырылып қалмауымыз үшін ең басты байлығымыз мәдени мұраларды қорғау болып табылады.
КІРІСПЕ
Музыка (грек. muzike, тура мағынасы – музалар өнері) – негізінен әр биіктіктегі дыбыстардан (тондардан) тұратын, адамға өзінің белгілі мен әсер ететін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі. Онда дыбыстардың биіктік және ырғақтық-ритмдік қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыканың әдебиеттен, театрдан айырмашылығы сол, ол образдарды түгелдей дыбыстық үн құралдары арқылы суреттейді. Ол адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Музыка бүкіл адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және берік ұйымдастырушылық роль атқарады.. Музыка алуан құбылыстарды суреттеп, олардың эмоциялық ауқымын аша отырып, қалың бұқараның рухани өмірін қалыптастыру құралы ретінде үлкен роль атқарады.
Қазақ халқының музыка аспаптары ғасырлар бойы келе жатқан мәдени мұра. Қазіргі кезде олардың 50-ден астам түрі белгілі. Әр аспаптың өзіне тән үні орындаушылық дәстүрі бар. Көптеген музыка аспаптардың аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан, 15-19 ғасырдағы орыс және шетел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде музыка аспаптарын жасауға ағаш, қамыс, қурай, малдың терісі мен сүйегі, мүйізі мен қылы қолданылған. Музыка аспаптарын ерте кезден халыққа хабар бергенде, жорыққа ұран салғанда, саятшылықта, сондай-ақ ән-күйлер орындағанда, бақсылар сарынында пайдаланып отырды.
Музыка аспаптары ішекті (2 және 3 ішекті домбыралар, қобыз, жетіген, шертер),
Үрлемелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней),
Шалып ойнайтын (шаңқобыз),
Соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың көптеген түрлері)
болып бірнеше топқа бөлінеді.
Музыка аспаптарының үнін жақсарту мақсатымен 1932 ж. Алматыда,1957 ж. Алматы консерваториясының жанында шеберханалар ашылды. Халық аспаптар оркестрінде домбыра мен қобыздың жаңартылған үлгілерін пайдаланған А.Қ.Жұбанов болды. Музыка аспаптарын жасаушы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, И.Э.Романенко, О.Бейсенбаев, А.Аухадиев аспаптардың оркестрге арналған үлгілерін жасады. Музыка аспаптарының көптеген көне түрлері Москва, Ленинград, Алматы, Семей т.б. қалалардың музейлерінде сақтаулы.
Қобыз - ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алатын, ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болған, өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын күрделі аспап. Қобызды жасап шығарған Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңіне қатысты түрлі ғылыми жорамалдар бар. Бұл зерттеуде қобыз аспабының шығу тегіне тоқтала келе, оны сақтау, қорғау, дамыту, насихаттау шаралары туралы ой қозғалады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Қазақтың киелі қобызының шығу тарихы және Қорқыт туралы түсінік.
1.1. Қорқыттың өмірге келуі мен қобыздың шығу тарихы
Ұлы Даланың ұлы перзенттерінің бірі – Орта ғасырларда өмір сүрген ірі ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата. Оның соңында қалған әдеби және музыкалық бай мұра ұлағатты ұрпақтар арқылы кезеңнен кезеңге ауысып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Енді ол кім болған, қандай мұралары бар дегенге келейік.
Қазақ халқының атадан балаға тараған шежіресі бойынша музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қорқыт қобызға алғаш тіл бітіріп, үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы. Ел аузындағы аңыздардың бірі Қорқыттың елден ерекше болып дүниеге келуі және оған Қорқыт есімінің берілуі. Қорқытты туарда анасы құланның жаясына жерік болыпты. Жыл сайын бір рет толғатып, баланы үш жыл тоғыз күн көтереді. Бір күні нәрестенің дүниеге келер сәті жетеді. Анасы, туарында тоғыз күн толғатыпты, сол сәтте жер дүниеге үш күн, үш түн қараңғылық түсіпті, қара жаңбыр, дауыл соғып, біреуді біреу көре алмай, қорқыныш басыпты.
Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Шілдеханасына жиналғандар: «Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы біздің бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан аты Қорқыт болсын», - деп нәрестенің атын Қорқыт қояды.
Қорқыт туған кезінде,
Қара аспанды су алған
Қара жерді құм алған
Ол туғанда ел қорқып,
Туғаннан соң қуанған – деген өлең жолдары Қорқыттың өмірге келуі жайында жыр. Міне осы ғажайып жағдайда туған Қорқыттың ер жеткеннен кейінгі іс-әрекеттері де ешкімге ұқсамайды. Ол жиырмаға толғанда түсінде біреулер аян беріп, «қырықтан артық жасамайсың» депті. Міне, осыдан кейін Қорқыт дүниенің көп ойлап, өлмеудің жолын іздестіреді, түйесі Желмаяға мініп, әлемнің төрт бұрышын аралайды. Ол қайда барса да, қазулы көрді көреді... бұл кімнің көрі, - деп сұрағанда «Қорқыттың көрі» деп жауап алады. Ақырында өзінің туған жері Сырдария бойына келеді, қарағайдан қобыз жасап, өлмес өмір күйін тартады. Қазақта «Күй атасы – Қорқыт» деген аңыз осылайша пайда болады. Ол Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күй тартқанда дүниедегі жан иесінің бәрі де құлағын елжіретіп тыңдаған.
Қорқыт пен қобыз
Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде де керемет ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам және жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанды. Қарғай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен», - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап
„Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым,
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым,
Желмаяның терісін
Шынақ қылған қобызым,
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым,
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған қобызым,
Құлағыңды бұрайын,
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын“ – деп жырлайды.
Сырдарияға кілем жайып, үстіне отырады да қобызын күндіз-түні тарта береді. Сол уақытта бүкіл жер-жиһан, жүгірген аң, ұшқан құс, бәрі-бәрі дарияның жағасына анталап келіп, күй тыңдап тұрады екен. Қорқыттың қобызы күй төгіп тұрған кезде оған ажал да батып келе алмапты. Бірде шаршағаннан көзі ілініп кеткен кезінде судан кішкентай жылан шығып, дана қартты шағып алады. Сөйтіп, Қорқыт 95 жасында жантәсілім етеді. Ел аузындағы «Ажал айтып келмейді» деген нақыл осыдан қалса керек... Бүгінгі күні Қорқыт бабамыздың оннан астам күйлері белгілі болып отыр.
Қобыздың тағдыры бақсылардың тағдарымен бірге. Бұл жөнінде
Әлкей Марғұланның өзі былай деп жазады:
«Ұлы бақсы, жыраулардың, қобызшылардың көп шыққан ортасы, әсіресе, қыпшақтар арасы (ХІІІ –ХІХ ғасыр). Олардың ішінде 1299 жылы Византия тарихында жазылған Көкем бақсы, Римға, Мысырға елші болып барған. Бұлардың кейбіреуі Мысырға қобызын ала барып, Мысырдың суретшілері оларды суретке түсіріп алған. Қыпшақтың ең атақты қобызшыларының бірі – Барақ бақсы. Қобыз тартумен бірге ол қыпшақ тілінде эпикалық жыр айтып, кейде өлеңдер жазып жүрді». Рашид ад – Диннің шежіресінде қобыз сөзінің арғы түбірінің «Қыпшақ» сөзімен төркіндес екендігі айтылады.
2.Қорқыттың ізін жалғастырушы Молықбай Байсақұлын зерттеу.
Молықбай Байсақұлы (1857-1930) Қосағаш ауылы , Алматы облысында дүниеге келген. ,кеңестік құрбаны. Өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарыған. Бірде Қайнар баба ауылына келген кез еді Молықпай атаға Жансүгірдің әкесі Берсүгір Атыңды молшылық болсын деп Молықпай қойған екен, ақын Сара қарындасың ,текті әулеттің түлегісің мына өмірге келген кішкентай сәбидің атын өзің қой деп Ілиясың атын қойғызан екен. Сомен Молықпай ата пайғамбар Ілиястың есімін беріпті.Молықбайды «халық жауы» деген желеумен қобызы мен өзін қамауға алып, тор атын, күміс ерін, үй мүлкін «тәрік» деп тәркілейді Молықбайдың ата тегі қобызшы болған екен. Әкесі Байсақ, атасы Бұғыбай, бабасы Жетібай атақты күйшілер еді. Молықбайдың әкесі Байсақтан кейін қара қобыз сегіз жыл иесіз үй төрінде ілулі тұрып қалады. Бір күні Молықбайды Садақтыда тары орып, баулап жүргенінде, әкесінің бір қаршыға бастаған жүз кісілік пір киесі көзіне көрініп, кие қысып, ие буып тастаған жерінен көпшілік ес-түссіз күйінде оны үйіне жеткізеді. «Ақсарбас» атап сойылып, Молықбайға әкесінің қасиеті қонып, үлкен нағашысы Қылышты (Қосымбайдың) бақсының дәріпі дарып, қобызда ойнап, бақсы-балгер, емші болып, жадынан өлең шығарып, қобыз сарынына қосып ән, жыр айтып, үш ішекті, төрт бұрышты домбырада күй шертіп, халық қолдауымен сал-серілік ғұмыр да кешеді Киелі жарық қара қобыз 1930 жылдан 1984 жылы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров мұражайына өткізілгенінше, Молықбайдың келіні, Адасқан апаның үйінде сақталып келді. 1978 жылы Адасқан апаның үйі дымы қалмай өртенгенде, сандықтағы қара жарық қобыз өрттен дін аман қалады. Бұл әлі шешуі табылмаған қобыздың кие, қасиеті десе де болар Молықбайдың қобызын 180-жылдары Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институттың ректоры, белгілі мемлекет әрі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Үлгілі ауылына барып, қобызшының келіні Адасқан апайға жолығып, батасын алып, Талдықорғандағы музейге өткізеді.
Қасиетті қара қобызды көргенде тұла бойым шымырлап кеткендей болдым. Әрине қасиетті қобызды кез-келген адамның қолына ұстай бермейтіндігін сонымен қатар бұл қобызды ұстар алдында дарет алып келіп ұстау керектігін айтып ескертті мұражайдын қызметші апайы Айнагул апай.
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы тарихи өлкетану мұражайында күйші Молықбай атаның қобызының көшірмесі бар екен. Молықбайдың қобызына 77 жылдан кейін Қанат Дотаұлы Қазақбаевтың қолымен Астана қаласында реставрация жасалып,
Молықбай Байсақұлы (1857-1930) Шурат ауылы,Алматы облысында дүниеге келген.Өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарыған.
Молықбай — жыр дүлдүлі. Ал Ілиястың әкесі Жансүгір,атасы Берсүгір, бабасы Өтеш ақын адамдар болған. Ілияс туғанда Құмдағы Өайнар баба ауылына Молықбайата барады. Жансүгірдің әйелі екінші ұлына босанады. Меккеден қажы атанып келген Берсүгір қария яғни Жансүгірдің атасы.
-Балам, Атыңды Молықбай деп қойған екен.Елге молшылық әкелсін деп ниет білдірген ғой.Әкең Байсақ пен атаң Бұғыбайды танимын. Ақын Сара қарындасың. Текті әулеттіңтүлегісің. Жаңа өмірге келген немеремнің есімін өзің қой-депті. Көкшіл көзді, өңі нұрлы, ер мінезді Молықбай сөзге келмей жас нәрестеге Ілияс пайғамбардың есімін беріпті.
І.Жансүгіровтың кіндік әкесі, Молықбай ата ақынның ``Күйші`` поэмасының басты кейіпкері. 1930 жылы ``халық жауы`` деген жаламен тұтқындалып, Алматы түрмесінде қайтыс болған. Абзал халқына киелі қара қобызы және шипагерлік қасиеті арқылы қамқор болғандықтан «қобызшы Молықбай» деп атанған.
Бақ қонып, қасиет дарыған Байсақ «Желді қарағай» деген асуда өсіп тұрған қос қарағайдың жоғарылау тұрғаны жел соққанында үн шығаратынын тыңдап біліп, қобыз жасатуға сол қарағайды әкесі Бұғыбайға кестіртіп алады. Қобызды өз туысы Бектөлеге шаптырып жасатады. Қобызды күміспен күптеп, алтынмен аптаған, аталас туысы, зергер шебері Естібай Мырзағұлұлы болады. Оның ішегі мен шанағына, әмісе жүйрік аттың қылын қолданып отырады. Байсақ қобызын арғын елінде ат бәйгесіне қосып, кие кісілері арқылы аламанда бірінші келтіреді. Соған байланысты ел-жұрты Байсақты «Дәупірім» деп атап кетеді.
Қобыздың мойынының морт сынғаны мен жаңқаның орнының тесігі қалғаны рас. Байсақ кіреберіс босағадағы босанған әйелдің жолдасы көмілген, бет топырағы бос жатқан, шұңқырға аяғын тығып алып, оқыс құлап, тобығы мен жіліншегін сындырады. Сонда Байсақтың үйінің төрінде ілулі тұрған қара қобыз өздігінен жерге құлап, ол да мойынынан морт сынып, бір жағындағы жаңқасы орнынан тайып шығып, орны үлкен тесік болып қалады. Осының салдардан киелі үлкен қара қобызды ел-жұрт «жарық қара қобыз» деп атайды.
Молықпайдың түрмеде қобызбен орындаған күйлеріне ,өнеріне тәнті болған түрме бастығы мен колонна басшысы Молықбайды үш күнге астыртын өз үйлеріне босатып апарып, қобыз сарынына дауысын қосып тартқан күйлерін үн таспаға,одан пластинкаға жазып алады.Колонна ба шысы Молықбайға түрмеден бостандыққа шығуға көмектесіп « Молықбайды келіп,алып кетіңдер» деген,үй ішіне телеграммамен хабар жібереді.
Молықбайдың әйелі мен баласы өгіз арбамен бір ай мерзім шамасында жол жүріп,Алматы маңындағы Көкесік түрмесіне жеткенше ,Молықбай іш ауруынан 1930 жылы Көкек айының 30 да 73 мүшел жасында қайтыс болады.Амалы құрыған әйелі мен баласы киелі қара қобызды алып,кері елге оралады деп ғаламтор беттерінде айтылған. Серік Жанаәбіловтың «Молықбай Қобызшы» кітабында атақты қобызшының түрмедегі өмірі қалай өткендігі жазылған.Ғаламтор мен кітапты салыстыратын болсақ,айырмашылықтар өте көп.
Мысалы:
1.Ғаламтор желісінде атаның әйелі мен баласы түрмеге келгенше Молықбай ата дүнйеден өтеді.Ал.кітапта әйелі мен баласы түрмеге келгеннен кейін қайтыс болды делінген.
2.Ғаламтор желісінде қобызшыны 73 жасында дүнйеден өткен делінсе ал Серік Жанаәбіловтың кітабында 75 жасында дүнйеден өтті делінген.
Жеңісбек деген аға Молықбай ата өмірін зерттеп,ең алғаш кітап жазғандардың бірі.Алайда ол кітап әлі күнге дейін қаламыздың кітапханаларынан кездестірмедім.
Менің жобамдағы үлкен бір дерек,ол Молықбай атаның Шураттан қуылғаннан кейін,10 жыл дала кезіп жүргенде Абайдың ауылына барады.Ертеде Тобықты руы Шығыс Қазақстанға қоныстанбай тұрғанда ,Ер Тоқпанбет атамыз ең алғаш сол жерді қоныс қылған екен.Шығыс Қазақстанға барғандағы Молықбай атаның басты мақсаты өз бабасының ата қонысын көру ,екінші себебі ұлы Абаймен кездесу еді.Сол кезде Молықбай ата екінші әйелге үйленіп дүниеге Есбол атты баласы келген екен. Есболдан Оспанбет,Оспанбеттен Нұрлыбек деген баласы бар екен .Қазіргі таңда бұл баласы Семейде тұрады екен.
2.1.Молықпай Байсақұлының киелі қобызы
Киелі жарық қара қобыз 1930 жылдан 1984 жылы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров мұражайына өткізілгенінше, Молықбайдың келіні, Адасқанның үйінде сақталып келді. 1978 жылы Адасқан апаның үйі дымы қалмай өртенгенде, сандықтағы қара жарық қобыз өрттен дін аман қалады. Бұл әлі шешуі табылмаған қобыздың кие, қасиеті десе де болар.
Молықпай Байсақұлының ел есіндегі күйлері.
Молықбай Байсақұлының күйлерінің көбісін Ықылас Дүкенұлының қобызға арналған күйлерінен кездестіруге болады.Бірақ оны әлі күнге дейін ешқандай ғалым анықтап дәлелдеген жоқ. Сонымен қатар Молықбай ата түрмеде болған кезде орыс компазиторлары келіп,қобызшының төл туындыларын қағаз беттіне жазып алған деседі.Сол күйлерді тауып,келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміздеп білемін. Біз оның ұмытылған күйлерін қалпына келтіруіміз керек.
“Құлақ күй” “Тоғыз толғау” ”Жез киік” “Жарбол”
“Ақ көбік - көк көбік”“Аққу” “Құдіреттің құсы”
“Он сан мен Орманбеттің айырылғаны”
“Қазан”“Қорамжан” “Бозінген” “Ер Әлінің дүлдүлі” “Ерден” “Ықылас”
”Қара жорға” ”Сылқылдақ”
3.Қобыз аспабының қазіргі таңдағы түрлері.
Қобыз түрлері
Нарқобыз, қылқобыз, шаңқобыз болып бөлінеді.
Қылқобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті
ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол,
адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының
қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт
ішектілер және «нарқобыз», «жезқобыз» деп аталатын түрлері де
бар..Қазіргі заманғы Қобыздың оркестрде қолданылатын түрлері 4
ішекті прима
қобыз, қобыз-альт.
Скрипканың арғы
атасы – қазақтың қара қобызы екенін әлем музыканттары мойындап та,
дәлелдеп те үлгерді. Дәлелдеген – еуропалықтар. Мойындатқан –
қазақтың ару қыздары. Бұл ұмытылуға жақын қалып, қудалау көрген
аспапы Еуропаға халқымызды соғыс жылдары қазақтың тұңғыш
скрипкашысы Әйткеш Толғанбаев танытты. Қазір дүние жүзіне танылып
отырған қыл ішектің шеберлері - Марат Бисенғалиев, , Ақан
Мейірбеков, Айман Мұсақожаева, Гауһар Мырзабекова, Меруерт
Тұяқбаева, Жәмилә Серкебаева, Лана, Бұл орындаушылардың
мүмкіндіктері мен жоғары орындау мәнеріне Штраус, Брамс,
Шуберттердің отаны алақандары қызарғанша қол соғып, жоғарғы
мәртебелі ханшайымдар, корольдер, императорлар мен графтар арнайы
шақыртулар жіберетін, қазақстандық музыканттардың гастрольдік
сапарын асыға күтетін болды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйініне тоқталар болсам мына біз жастар ата-бабамыз қалдырып
кеткен мәдени мұраларымызды қадірлеп, бағалай білуіміз
қажет.Осындай қобыз үнінің оқушыларға яғни қаны қазақ
баласының жадында қалдырар ,берер тәрбиесі мол деп нық
сеніммен айта аламын.
Нар қобыздың тағдыры.
Қобыз аспабы Кеңес дәуірі тұсында көптеген қудалаушылық көрген, бақсы аспабы деп, ойнауға тыйым салынған аспап. Дегенмен де өнер адамдарының, халықтың арақасында 20 ғасырдың 70 жылдарында қайтадан жаңғырған.
Нар қобыз, қыл қобыз, шаң қобыз болып бөлінеді. Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек.
Қобыздың оркестрде қолданылатын түрлері
Қобыз-бас, қобыз-прима, қобыз-контрабас, 4 ішекті прима қобыз, қобыз-альт болып бірнеше түрге бөленіп Қорқыт ата мен Молықбай атаның ізбасар қобызшылары осы таңға дейін өнерін үстем етіп келе жатыр.Қазақ даласында әйгілі композитор Ахмет Жұбанов оркестрға арнайы қобыз-прима аспабын ойлап тапқан.Прима қобызды скрипкамен үндестіріп ойлап шығарған.
3.1.Қорқыт ата мен Молықпай атаның ізін жалғастырушы қазіргі заманғы қобызшылар.
Бүгінгі күні Қазақстанда Қорқыт ата мен Молықбай атаның ізбасарлары аз емес. Бабалар мұрасын жалғастырушылар Қорқыт ата мен Молықбай атаның күйлерін бізге жеткізіп отыр. Солардың бірін атап өтетін болсақ 2003 жылы
«Қобыз сарыны» фольклорлы –этнографиялық ансамблі құрылды. Мұратбек Жүнісбековтың бастамасымен келген қобызшылар ансамблінің ең басты ерекшелігі Республикамыздағы жалғыз қобызшылар ансамблі. Басты мақсаты:VIII−IХ ғғ бастау. алған түркі әлемінің алыбы Қорқыт бабаның асыл мұрасын қалың жұртшылықпен қауыштыру.Киелі қобыз аспабының құдіреттілігін мектеп жасындағылар мен бұқара халыққа концерттік бағдарлама арқыылы насихаттау. Сондай -ақ еліміздің өнер саласындағы жүрген майталман жұлдыздардың орындауында киелі қобызға арналған көптеген әндер мен күйлерді тыңдауға болады.
Мысалы:Қорқыттың «Қобызым» әні әнші Жанар Айжанованың орындалуында өз тыңдаушыларын тапқан. Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы Қорқытқа арнайы жазылған «Қорқыт - қобыз» әнінің өзі бір тарих. Ел ішінде «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қоңыр», «Тәңір күй», «Қорқыттың елмен қоштасуы» деп келетін қобыз күйлері, байырғы сарындар күні бүгінге дейін тартылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлттық болмысымызды, ұлттық өнерді қадірлейік.
Қазақ музыкасына арқау болған әр түрлі музыкалық аспаптар заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда пайдаланылып, қазақ өнерін әлемге танытып келеді. Демек, қазақтың музыкалық аспабының қай түрі болмасын көнермейді деген сөз, керісінше ол заман ағымына сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.
Қазіргі кезде музыка әрлеушілері түрлі музыка жанрларын домбыраға, қобызға және т.б. музыка аспаптарына сәйкестендіріп, ұлттық нақышта, жаңа әр беріп, жоғары талғамда орындалуын көздейді.
Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізден өзінің лайықты орнын алған бұл музыкалық аспап, өткеннің ескерткіші ғана емес, күнделікті мәдениетімізді дамытатын, ажарын ашатын, рухани құндылық ретінде сақтауымыз керек.
Саналы адам баласы табиғи дарынымен ерекшеленсе, асыл мұраларамыз ата – бабаларымыздың өнерімен, өнегесімен бағалы.
Абай атамыз айтқандай «Болмасаңда ұқсап бақ» деген өлең жолдарына сүйене отырып менде қазіргі заман талабына сай жасалған прима қобыздан Молықбай атаның ізбасары ретінде шығармалардан үзінді тарту етейін.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталар болсам мына біз жастар ата-бабамыз қалдырып кеткен мәдени мұраларымызды қадірлеп, бағалай білуіміз қажет.Осындай қобыз үнінің оқушыларға яғни қаны қазақ баласының жадында қалдырар ,берер тәрбиесі мол деп нық сеніммен айта аламын.
Ұсыныс:
-Молықбай ата туралы шығарылған кітаптарды барлық кітапханаларды болса,оқырмандар үшін жақсы болар еді.
-Қаламызда әлі күнге дейін Жетісудың жарық қобызшысы Молықбай атаның ескерткіші жоқ.Егер қаламызда атаның ескерткіші болса,қала тұрғындары Молықбай атаның кім екенін білетін еді.
-Одан кейін мен үшін ең маңыздысы Молықбай атаның өмірі мен шығармашылығын білім бағдарламаларына қосылса деген үлкен бір арманым бар.
-Қорқыт атаның ізін жалғастырушы Молықбай Байсақұлына арнап қобызшылар байқауы ұйымдастырылса ,жас қобызшылар үшін үлкен бір мүмкіндік болар еді деп ойлаймын.
Қобызшы Молықбай Байсақұлы
(1857-1930)
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қорқыттың қобызы» М.Әуезов.
2.«Молықпай Қобызшы» Серік Жанәбілов
3. «Қобызшы Молықбай Байсақұлы 150 жыл»Талдықорған 2007ж
4.«Қазаққа өнер қалай қонған» Шолпан Құрманбай
5.«Паганини Қорқытқа жол бере бастады» Мұрат Әуезов
6. «Қыпшақ Қойлыбай бақсы» Мақсұтбек Сүлеймен
7. «Қойлыбайдың қобызы» Мағжан Жұмабаев.
18

