«Қазақ музыкасының мақтанышы- Ғазиза Жұбанова»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ музыкасының мақтанышы- Ғазиза Жұбанова»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғазиза Жұбанова жөнінде мағлұмат беру. Ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Әнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу. Ән үйрету барысында дем, дауыс ережелерімен қосалқы жұмыс жасап дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің

«Құрық балалар өнер мектебі»

жедел басқару құқығындағы МКҚК










Shape1

Ашық сабақ











Тақырыбы: «Қазақ музыкасының мақтанышы- Ғазиза Жұбанова»







Вокал мұғалімі: Кобесов.С











Құрық, 2022 ж

Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________А.Тоқбаева

«___»__________ 2022 ж



Күні: 29.04.2022ж сағ.10-20

Пән: Вокал

Оқытушы: Кобесов.С.Д

Оқушы: Қызылғұл Раяна

Сыныбы: 2



Тақырыбы: «Қазақ музыкасының мақтанышы - Ғазиза Жұбанова»

Сабақтың мақсаты: Ғазиза Жұбанова жөнінде мағлұмат беру. Ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Әнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу. Ән үйрету барысында дем, дауыс ережелерімен қосалқы жұмыс жасап дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас

Корсетілетін әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап, қателермен жұмыс жасау, ән айтып көрсету, ауыз аппаратымен жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: фортепиано, ноталар, кітаптар, плакаттар, суреттер, тақырып.

















Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру сәті (7 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

ІII. Жаңа сабақ (20 мин)

IV. Қорытынды (3 мин)



Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру сәті. Оқушымен сәлемдесу, сабаққа керекті құрал-жабдықтарын түгендеу, оқушының назарын сабаққа аудару. Дауыс, дем жаттығуларын жасау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Халық әні «Жайдарман» - толық жаттап келу.

IІI. Жаңа сабақ:

Ғазиза Жұбанова

Ғазиза Жұбанова  (1927-1933) — сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (1954), оның аспирантурасын (1957), профессор Ю.А.Шапориннің композиция класын бітірген.1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық етті; 1975 – 1987 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан професор), 1962 – 1968 жылдары  Қазақстан композиторлар одағы басқармасының төрағасы және КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болды.

Ғазиза Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері –Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант-орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы А.Мұсаходжаева, Г.Мырзабекова, Г.Қадырбекова , Ж. Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Ғазиза Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы а рқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Сондай-ақ ол Қазақ драма театрының репертуарынан берік орын алған “Жалғыз ағаш орман емес” (Ә.Тәжібаев, 1958), “Бөлтірік бөрік астында” (Қ.Мұхамеджанов, 1959), “Замана осылай басталады” (З.Шашкин, 1960), “Құдағи келіпті” (Қ.Мұхамеджанов, 1961), “Абай” (М.Әуезов, 1962), “Ана – Жер-ана” (Ш.Айтматов, 1964), “Қарақыпшақ Қобыланды” (М.Әуезов, 1967) қойылымдарына музыка жазған. “Қорқытпа мені дауылдан” романсы, “Ақ сәуле”, “Толқын жел”, “Сенімді дос – ол да бақыт”, “Көктем вальсі”, “Жыр жазамын жүрегімнен” әндері кең танымал болған.

Енді Ғазиза Жұбанованың «Жыр жазамын жүрегімнен» әнін талдаймыз.

Сенің нұрлы жүзіңнен,
Көрем бақыт өмірді.
Сенің әрбір сөзіңнен,
Күй естілер,
Күй естілер
Көңілді.
Сол себеппен мен саған,
Ғашықтайын құмартам.
Жүрегімнен, жанымнан
Жыр жазамын,
Жыр жазамын
Сыр айтам.
Күндей шалқып күледі,
Ақ маңдайлы, алма жүз.
Саған, сірә, тең келер,
Жер жаһанда,
Жер жаһанда
Бар ма қыз!



ІҮ. Қорытындылау:

1. Ғ.Жұбанова кім?

2. Ғ.Жұбанова қай жерде туған?

3. Ғ.Жұбанованың шығармашылығына кім ықпал еткен?

4. Ән не туралы?


Ү. Үйге тапсырма:

  1. Халық әні «Жайдарман» - қорытындылау, нюанстармен жұмыс жасау.

  2. Ғ.Жұбанова - «Жыр жазамын жүрегімнен» әнінің 1 шумағын жаттау.

ҮІ. Оқушыны бағалау.















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
159
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі