Материалдар / Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Қуанұлы Жұбанов.

Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Қуанұлы Жұбанов.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбанов өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
938
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Қуанұлы Жұбанов.

Сабақтың мақсаты:

- Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбанов өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру, «Ақ көгершін» әні.;

- Музыкаға қызығушылығы мен ынтасын ояту. Ән айту дағдыларын қалыптастыру.

- Әнді тыңдату, айту арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу;

Көрнекілік құралдары: интерактивті тақта,үнтаспа.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: психологиялық тренинг,түсіндіру, әңгіме,сұрақ-жауап, ән тыңдау.

Ұйымдастыру бөлімі:

Амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Қайырлы күн ұстазым!

Қайырлы күн достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!


Добрый утро учитель!

Добрый утро друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелаете добра!


Good day! Good day!

Good day tu


Good day! Good day!


We are glad to see you!



Психологиялық тренинг: «Көңілді күн»

Үй тапсырмасын тексеру: «Жалынды ақын - күйшілер»

  1. Махамбет Өтемісұлы кім?.

  2. Махамбет Өтемісұлы қай жылы дүниеге келген?

  3. Махамбет Өтемісұлының қандай күйлерін білеміз?

  4. Құрманғазы Сағырбайұлы кім? Қай жылы дүниеге келген?

  5. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білеміз?



Жаңа сабақты түсіндіру: Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Қуанұлы Жұбанов.





Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы Темір ауданында Ақжар деген жерде дүниеге келген. Ахметтің әкесі Қуан балаларын оқытуды армандайды, осы ниетпен Темір уезіне берілген екі мектептің бірін өз ауылында ашқызады.

1911 жылы Темір уезінде екі орыс мектебі ашылды. Сол жылы оқу бітірген Құсайын есімді мұғалім уезге келеді. Ол Ахмет Жұбановтың үйінде жатады. Құсайын домбыра мен скрипка, мондолин тартады, аздап нотадан да хабары болған. Осы аспаптың қайсысында ойнаса да, Ахмет Жұбанов жанынан табылған. 

Бес жастан асқан Ахмет сол аспаптың бәрінде ойнап кетеді. Дирижер өз естеліктерінде мектептегі ұстазының музыкаға деген ұмтылысын арттырғанын айтады.

"Менің туып-өскен үйім – домбыра, ән, күй, жыр. Көркем әңгімені кәрі-жасына дейін қадірлейтін осындай ауылда өскен мен бес жасымда хат танып, домбыра тартып, өлең айтып, тақпақ жаттайтынмын. Ауылдың қақ ортасында суы мол үлкен құдық болатын, кешке қарай салқын түскен соң ауыл адамдары құдықтың басына жиналушы еді. Ән, күй, жыр тыңдап, ақындар айтысын тамашалайтынмын. Әсіресе, күйге деген ықыласы ерекше-тұғын. Күй тартпайтын кәрі-жас, әйел, еркекті кездестірмейтінбіз", - дейді естелігінде Жұбанов.
1924 дирижер ауыл комсомолына мүше болады. Сол жылы ауылында ашылған "Шамшырақ" оқу үйінің меңгерушісі болып, ауылдың мәдениетіне қызу араласады. Сол жылдары киноға барғанда дыбыссыз фильмді сүйемелдеп тұрған скрипакашымен танысады. Қарт музыкант жас жігітті ілтипатпен қарсы алады. Содан кейін кәсіби білім алу үшін Ленинградқа оқуға түседі.

"1932 жылы оқуды бітіріп, аспирантураға түсті. Бірақ ол кезде біздің үкімет хат жазып, училище ашылып жатқанын айтты. Музыкант керек екенін айтып, шақырды", - дейді Жұбановтың қызы Ажар Ахметқызы.

Ахмет Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті жолында қызмет етті.




Шығармашылық жолы

1934 жылы бір топ домбырашының басын қосып, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалаған. Сол оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері болған. Жұбанов өзі құрған оркестрге Құрманғазының атын береді.

1936 жылы алғаш Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне, кейін 1949 жылы өткен екінші онкүндікте де Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі үлкен абыройға ие болған.

1936 жылы композитордың "Музыка әліппесі" атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.

1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер мен аспаптану пәнінен сабақ берді.

1938 жылдан бастап Ахмет Жұбанов композиторлық жұмыспен айналыса бастайды. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің "Қозы-Көрпеш – Баян сұлу" драмасына, Мұхтар Әуезовтің "Абай" спектакліне, "Амангелді" кинофильміне музыка жазды. Камералық шығармалардың ішінде "Қазақтың жеті биі", "Тәжіктің он биі" сияқты фортепианоға арналған, "Ария", "Көктем", Жезкиік", "Романс" сияқты қобызға арналған шығармаларының қазақ өнерінде алатын орны ерекше.

Ахмет Жұбанов 1936 жылы "Халық композиторлары. Құрманғазы", 1942 жылы "Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчествосы" атты кітаптарын жазды. 

Ахмет Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Латиф Хамидимен бірлесіп жазған "Абай" (1944 жылы) және "Төлеген Тоқтаров" (1947 жылы) опералары, қызы Ғазиза Жұбанова аяқтаған "Құрманғазы" (1970 жылы) операсы.

Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты фильм "Амангелді" фильміне Михаил Гнесин мен Ахмет Жұбанов музыкасын жазды.1968 жылы "Замана бұлбұлы" атты кітабы үшін Ахмет Жұбанов Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.

Жұбановтар әулеті

Жұбановтар әулеті дарын қонған отбасы. Сөзімізге Ахмет өнер саласындағы бірінші академик болғаны, бауыры Құдайбергеннің қазақ тіл білімі саласын зерттеген профессор екені дәлел бола алады. Ахметтің қызы Ғазиза Жұбанова қазақ әйелдерінің ішінен шыққан бірінші кәсіби композитор, жиені Алан Бөрібаев дарынды дирижер.

Құдайберген Жұбанов – қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, педагог, түркітанушы. Ал оның ұлы Асқар Жұбанов өмірін математикалық лингвистикаға арнаған ғалым.

Ахмет Жұбанов 1968 жылы Алматыда 62 жасында дүниеден өтті.


Тапсырма:


  1. Қандай ұлттық музыкалық аспаптарды білесіңдер?

  2. Оқушылар өздеріне таныс күйлер мен музыкалық шығармалар туралы өз ойларын ортаға салады.


Тыңдау: «Би күйі» Ахмет Қуанұлы Жұбанов.

1) Күйді тыңдаған кезде қандай әсер алдыңыздар?

2) Күйді әуендетіп орындауға бола ма?

Музыкалық сауат: Оркестр – орындаудың ұжымдық түрі. Музыкалық шығарма әуенінің ноталары әр аспапқа арнайы жазылады. Оны «партитура» деп атайды. Партитура арқылы бір мезгілде барлық аспаптарда орындалып жатқан дыбысты қадағалауға болады.


Дауыс жаттығуы: До мажор гаммасын қол белгілерін көрсете отырып орындау



Жаңа әнді үйрену: «Ақ көгершін» Ахмет Жұбанов


Көгершін - бейбітшілік құсы ол жер жүзіндегі көп халықтар үшін бейбітшілік символы болып табылады.


  1. Ақ көгершін, көгершін,

Қолғанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

  Қ-сы:

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.

 

2. Сенен көзін алмайды

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған.

Тыныш-бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.

 

  Қ-сы:


  1. Қанатыңда жазылған

Жалғыз ауыз ұран бар.

Не құдірет құралдан

Ең күштісі сол құрал.

«Бейбітшілік» делінген.

Белгіні оқыр әр адам.

Бақыт құсы келді дер

Қанатыңа қараған.

 

Сабақты қорытындылау:






Рефлексия. «Ашық микрофон» әдісі


Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Сабақта өзіңе не ұнады?

Оқушыларды бағалау: Бүтін нота: «5»

Жартылық нота: «4»

Үйге тапсырма: «Ақ көгершін» әнін жаттау және Ахмет Жұбанов өмірбаяны туралы мәлімет оқу.

5 мектеп-лицейі













"Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы

Ахмет Қуанұлы Жұбанов"

(ашық сабақ)











Өткізген: Жолмағамбетова Ж.Ә.











2020-2021 оқу жылы



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ