Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ поэзиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ поэзиясы туралы қысқаша эссэ
Материалдың қысқаша нұсқасы









Қазақ поэзиясы






























Қазақ поэзиясы


Қазіргі қазақ поэзиясы мағыналық, құрылымдық жағынан жаңа бір сипатта дамып келе жатқандай сезіледі. Өлеңнің түрленуі, сөз талғампаздығы, бейнелілік, автордың теңеулері, ақын жеке «меніне» сұрақ қоя білуі, сол арқылы қоғамдағы психологиялық қайшылықтарды ақтара білуін қадап айтуға міндеттіміз. Мұндай жаңалықтар әдебиеттің қай дәуірінде де болған, алайда өлең өрісіндегі ізденістер бір-біріне ұқсамайды. Қазіргі жастар поэзиясының постмодерндік сипатта дамып, өрістеуіне біршама жылдар, ізденістер қажет болды. Қазіргі жастар поэзиясының эстетикалық, ырғақтық түрленуінеаға ақындар Е.Раушанов, Т.Әбдікәкімов, С.Томанов, Г.Салықбай, Н.Мәукенұлы, А.Ыбыраев, Ә.Ботпанов, Б.Үсенов, М.Райымбекұлы үлкен әсер етті.

Қазіргі қазақ поэзиясында ізденіп жүрген Ерлан Жүніс, Тоқтарәлі Таңжарық, Талапбек Тынысбекұлы, Ілияс Мұқаев, Мирас Асан сынды ақындардың өлеңдерін оқып отырғанда көктемнің алмағайып күндеріндей сезім сәттерін, тәтті де сәтті шумақтарға ара-тұра жолығып қалатынымыз көңіл қуантады.

Ырғақ, бояуы күшті, жылт етпе жырлар да уақыт мерзіміне ілесе алмай шабандаған аттай қалып қоятыны болмаса басқасының барлығы түгелдей сезіледі. Ақынның мұраты өтпелі кезеңнің дабырына ілеспей өзінің мөлдір қалпын сақтай білгендігінде ғой. Қазіргі жас ақындардың өлеңдерін оқып отырғанда біз негізгі объектіні немесе жырламақ болған тақырыпты дұрыс меңгере алмағанын көп байқаймыз. Айтылмақ болған ойды сөзбен қиюластырғанда жас ақындарымыз жаттандылыққа, бір ізділікке, еліктеуге ұрынып жатады. Мұндай сөзді айтпасақ та болар еді. Алайда жас жүректің алдыңғы толқынның легіне ілесіп, өз өмірінің айнасын көре алмай қала ма деген қауіп қана бар. Мирас Асанның «Алғашқы қар» өлеңінде адам өмірінің баянды шақтары, оқырманға ой салатындай шумақтар алғашқыда молынан ұшырасатындай болып көрінеді. Мына жолдарды қарайық:

Мамықтарға жамылды мидай дала.

Өзіне мұң осылай сыйлайды адам.

Әдемі-ақ лирика. Екінші жолда:

Өмір жайлы қып-қысқа өлең жазып,

Өзім жайлы өмірге сыймай қалам, –

деп суретті басталған өлеңді қарабайырландырып жіберген. Сөздің орналасуына, ұйқасына, салыстыруына ешқандай сын таға алмаймыз. Әрбір ақынның өлеңінен кемістік іздеп отыру да әдепсіздік. Мирас болашағынан үміт күттіретін ақын. Тек бұл өлеңге жетпей тұрғаны – ақынның лирикалық қаһарманы ақ қарды ала отырып, өзінің ішкі интуициясын жеткізуге келгенде әлсіздік танытқан. «Өзі жайлы өмірге сыймай қалатын» осы сөз Мирастай жігіттің өз сөзі ме? Жүректегі сөзі ме? Жоқ. Мирас поэзиясының өсуіне сөздің талғампаздығы жетпейді. Өз өмірінің бақытты сәттерін сезіне білу жетпейді. Осындай олқылықтар жалғыз Мираста ғана емес, аға ақындардың өлеңдерінде де жетіп, артылады. Біз қазір Мирас шығармашылығы туралы нақты, толымды пікір айта алмаймыз, себебі бұл ақын әлі де ізденіс, өсу үстінде. Қазіргі кезде Мирасқа жетпей тұрғаны – сөздің мағынаға сай болуы. Өзі жазғандай «Бір найзағай жарқ етеді көктемше» дегендей жолдардан сақ болу керек екенін айтуға ғана міндеттіміз. Осы тұрғыда қазақ өлең сөзінің теориясын жасаушы академик, ғалым Зәки Ахметовтің мына сөзінде мән бар: «...мәселе – поэзияға тән көркем суреттеу әдісі жайлы, қандай өмір құбылысы бейнеленсе де, тек ең қажетті, ең маңызды қасиет, ерекшеліктер талғампаздықпен сұрыпталып алынатындығына көңіл аудару».

Ілияс Мұқаевтың өлеңдерінде де сәтті шумақтар асып төгілмесе де кездеседі.

Қайыңмен, гүлмен, бәрімен сырласқам,

Олар да емес жігерлі.

«Есіңе ал, – деп ем – өткенді,

Мұңлы аспан

Көз жасын төгіп жіберді.

дейді ақын. Негізгі мотив өткен өмір болса, ақын өткен шақтың трагедиялық табиғатын көз жасын төккен аспан арқылы бейнелейді. Бейнелі тіркестер қозғалыста, барынша жандана түскен. Қайталау да жоқ. Асыра әсершілдік те жоқ. Айтылар ой ақынның көңіл күйімен біте қайнасып кеткен. Алайда Ілиястан осындай шумақтарды көп кездестіре бермейміз. Сондықтан бұл ақынға да әлі көп іздену қажет-ақ.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2021
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12