«Қазақ поэзиясының құлагері» (сыныптан тыс)
Танымдық шараның басты мақсаты :– қазақтың жазба әдебиетінде жарқын із қалдырған көп қырлы талант иесі, сөз өнерінің дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы мен шығармашылығын жас буынға насихаттап, ұрпақ жалғастығын жаңғырту. Оның кең тынысты кемел туындылары мен өлең жырларымен таныстыру.Оқушыларды ақын өлеңдерінің эстетикалық – рухани құндылықтарымен таныстыру, өлеңдерінің мазмұнын ұғынуға, ақын өлеңдері арқылы туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы
Баяу әуен ойнап тұрады.
1-жүргізуші: -Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.
2-жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қазақ поэзиясының құлагері атанған ақын, драматург, аудармашы Ілия Жансүгіровке арналады.
1-жүргізуші: «Мен өзім тауда туып, тасында өстім» деп жырлаған ақынымыз Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады..
2-жүргізуші: Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды
1-жүргізуші: Ілия Жансүгіров – өз замандастары М.Әуезов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Мұқановтармен бірге қазақиың жаңа әдебиетінде із қалдырған көп қыырлы талант.
2-жүргізуші: Оның «Дала» , «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды кең тынысты кемел туындылары мен көптеген өлең -жырлары, прозалық және драмалық шығармалары ұлттық әдебиетіміздің үздік жетістіктері болып саналады.
1-жүргізуші: Ендеше Ілияс Жансүгіров туралы бейнероликке назар аударыңыздар
Бейнеролик https://youtu.be/P5a3WynhoAg
https://youtu.be/CZKd2yWfjVg?si=raYAqDfTlb4fN8tb
2-жүргізуші: Енді ақынның өміріне шолу жасалық.
1-оқушы:- Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген.
Анасынан ерте айырылған ол әке тәрбиесін көріп өсті. Әкесі Жансүгір аз ғана дәулеті бар, ескіше хат танитын, батырлық дастандар, тарихи оқиғалар мен аңыз-ертегілерді жақсы білетін, он саусағынан өнер тамған адам болған.
2-оқушы:- 1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
3-оқушы:- 1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.
4-оқушы:- 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсті;
5-оқушы:- Жүргізуші: 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан;
6-оқушы:- Жүргізуші: 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланды;
7-оқушы:- Жүргізуші: 1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
8-оқушы:- Жүргізуші: 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы;
9-оқушы:- Жүргізуші: 1927 жылы «Беташар» деген тұңғыш өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шықты.
Романы: «Жолдастар»
Пьесалары: «Кек», «Түрксіб», «Исатай – Махамбет».
10-оқушы:- Жүргізуші: 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.
11-оқушы:- Жүргізуші: 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалды;
12-оқушы:- Жүргізуші: 1938 жылы ату жазасына кесілген. 1958 жылы ақталды.
1-жүргізуші: Ол жалғансыз өмір сүрді, оның адамдарға деген сенімі мен сүйіспеншілігі шабыттандырды. Бүгінде Ілияс Жансүгіров XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің мақтанышы. Оның туған жеріне, дархан даласына деген перзенттік сүйіспеншілігі оның «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңінде, «Дала» поэмасында сыршылдықпен шебер суреттелген.
Оқушы: «Ағынды менің Ақсуым» өлеңі
Ағынды менің Ақсуым,
Ақырып әлі ағасың,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды асқар сабасын.
Тас тарпуын, шапшуын,
Қарасаң қайран қаласың,
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын.
Тұнжыраған торғын түн,
Төндім сұлу суына.
Таңырқап тау-тас тамсанып,
Жымиды жұлдыз мұңыма.
Сүмиген сүңгі сұрша тал,
Шомылды таудың суына.
Таймандаған тайпақ ай,
Желегі ме, туы ма?
Шүйке шарбы бұлтты
Қалқалай қалды қылмия.
Аспанды, ай алтын құшағы,
Қусыра қайың құшады.
2-жүргізуші: Ол Абай негізін қалаған жыл мезгілдері туралы өз заманының шындығына сәйкес жаңа өлеңдер жазды. Жетісу табиғатын жан – жақты суреттеп, екінші құт мекенін мадақтады.
1-жүргізуші: Мұхтар Әуезов: «Мен Ілиясты бұрын да білуші едім. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін» - деп өзінің тәнті болғанын білдірді.
Оқушы: «Жетісу суреттері»
Жер таппан жерде жете
Жетісуым
Күркілдек, Көксу, Лепсі,
Іле, Шуым,
Асқардың аспан сүйген
сілекейін,
Жан бар ма татпайтұғын,
айтпайтұғын.
Бөленген бұлтқа мәңгі
меңіреу құз,
Ну тоғай, қоғалы көл,
қоңыр құмым.
Асқардан ақтарыла
арқыраған,
Жөкендің кім аңсамас
балдай суын.
Жетісу, кеудең асқар,
аяғың көл,
Қоңың құм, мықыныңда бар
сексеуіл.
Тау жайлап, қоңыр күзеп,
құмды қыстап,
Ол бір маң мал өсірген
өлкедегі ел.
Көктемде құмнан әсем жер
болсын ба,
Жайқалып жауқазыны, раң
гүлдер.
Бойдағы бозбаладай асыр
салса,
Қозысы құйрықтанып
дөңгеленер.
Шөгіскен шоғар асқар
қатпарланып,
Қия құз, мұсатыр мұз
жақпарланып.
Емес пе көк ала бас ақ
буралар,
Оралған шудалары
мақпалданып.
Саятта аң аңдыған ол бір
мерген,
Мылтық ап, бүркіт ұстап,
қақпан салып.
Таудағы тас жаңғыртқан
қойшы әндері,
Қайырлад еткенімен сақпан
саңық.
2-жүргізуші: Табиғатынан аса дарынды туған, бір естіген әнді, тартылған күйді, бір жырланған дастанды қолма - қол қағып алып, әсте ұмытпайтын, көкірегі сезімді, тілі орамды, құйма құлақ, зерек Ілияс ел ішінде «Жансүгірдің ақын ұлы» атанады.
Оқушы: «Қазақ қазынасы»
Қазақта қазына мол
қазылмаған,
Қағазға қасиеті
жазылмаған.
Қарусыз қазынасын қазған
бар ма?
Құр қолмен, құр даурықпен
бажылдаған.
Сан сыр бар айналада
айтылмаған,
Сарыннан аулақ жатыр
тасырлаған.
Кілті жоқ сыр сақталған сандық
жатыр,
Дей түсіп: «Малым да аман, басым да
аман».
Төмен түр әлі көзге
шалынбаған,
Сан сурет әлі соны
салынбаған.
Сәулесі самаладай айна
керек,
Жұрт құмар, жүйрік жаны
жалындаған.
Оқушы: Миллион үн әлі естілмей жатыр
жырақ,
Иесі есітерлік күйін
бірақ,
Ол үннің есітетін иесі
сол,
Елегі елдікінен ерек
құлақ.
Інжу көп әлі жіпке
тізілмеген,
Көрместен кім тереді
кежгігенмен.
Бұқа ма інжу көрер, маржан
көрер,
Күл шашып көрінгенге
күжілдеген.
Сөз керек солырқатып
сөйлейтұғын,
Көз керек көр қыңырға «ой»
дейтұғын,
Кекеспей кен кеулеуге кел,
жолдастар!
Көп түртпей «кедейлермен» қой - қой
түбін.
Қоялық қон соқпай
бөренемен,
Бұлбұлсыз жұрт жұбанбас
бөденемен.
Бытқытпай бытпылдықты
доғаралық,
Оқушы: «Ескі күн»
Ескі күн ес шыққанда кетер
естен,
Қиялды кейде билеп
жетелескен.
Мол өріс, алқап қоныс,
кең жайылым,
Сол күнгі қулар, сулар
кетер ме естен?
Бозбала ән салысып, қыз
жарысып,
Ырғалып кең алқапты өрлей
көшкен.
Қиғаш қас, қырмызы бет,
қыпша белі аш,
Арулар, ақ қостағы
күлімдескен.
Балалар тайға мініп,
тақия іліп,
Асауды жылқышы ұстап
күдері өскен.
Қыз жайраңдап, келіншек
үйді жайлап,
Сыңқылдап, әзілдесіп,
күлмеңдескен.
Шалғынға желі тартып, бие
байлап,
Құлынды қуып ұстап қоңыр
төстен.
Ақсақал, қарасақал,
үлкендері,
Тоқталып төбесінде сөз
сөйлескен.
Самал жел, салқын жайлау
жайламаққа
Рулы ел жолға симай қатар
көшкен.
Оқушы: «Анам тілі»
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.
Бесікте белім буып бітіскемін,
Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін.
«Апа», - деп, «Ә», - деп жылап, аузымды ашып,
Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін.
Маңымды сеніменен танығамын,
Сеніменен қуанып, налығамын.
Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта,
«Уһ» деп шаршап, дем алып шалығамын.
Тілегенім, қорыққаным –
бәрі де сен,
Сасқанда да жармасам ойбайыңмен.
Апкәусар болса дағы ұжмақтағы,
Тәттілікті көрмеспін сенімен тең.
Оқушы: «Күн боламыз»
Туғанбыз күн нұрынан күн боламыз,
Нұр шашып қараңғыны жарқ етіп.
Ту ұстап, тұлпар мініп толғанамыз,
Көк жерді көміп нұрға, қарық етіп.
Қар,
мұзды жерді қысқан сел етеміз,
Жаудырып көктен нөсер дүрілдетіп,
Бұлтты айдап, тұман түріп желдетеміз,
Есілте ескекті өңнің күйін шертіп.
Жадырар жанның бәрі нұр бөлеген,
Маужырар жан- жануар, жер көсіліп.
Жер қалмас жаңармаған, түлемеген,
Көгалмен көріктерміз гүл өсіріп.
Оқушы: «Өзіме»
Хақ сөйле, қызыл тілім,
адал сайрап,
Тапсырдым бар ойымды саған арнап.
Көңілім арам ойлап алаңдама,
Алмаққа біреуді алдап, біреуді арбап.
Мың
қайғы бip борышты өтемейді,
Тағы да қылма уайым соны барлап.
Байды зорсып, кедейді нашарсынып
Бұзылдың көзі құрғыр, елді талдап.
Еңбекке жалқауландың екі қолым,
Тілейсің жылы суға дәйім малмақ.
Сырласып сыбырменен сылқыл жасап,
Құлағым, қуқыл болдың Құдай қарғап.
Малдыға изең қағып,
көңілін бағып,
Басым да елді алдадың құр «алдалап».
Тоқтам қыл, билікті бер, мүшелерім!
Осыны «ождан» сүймей жатыр зарлап...
Жүргізуші: Сәдібек Түгел: «Құлагер-еркіндікке ұмтылған қазақ елінің символы» деп бағалаған.
Оқушы: «Құлагер»
Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған.
Ол күнде қазақ мұндай жасармаған,
Құл мен күң қожасынан аса алмаған.
Жарлыға, жалғызға да дес берді ме,
Жыландай ысқырынған зәһар заман.
Керексіз кісі болған ол заманға,
Қайткенмен бір жұмбақ сыр бар Ақанда.
Ез болмай, елге сыймай кім тұра алған,
Жалғыз боп жанаса алмай барлық жанға.
Түскен жан сондай күйге сұм жалғанда
Ескеріп енді ойлансақ тегін жан ба?
Қыңыр жан қырық кісімен қырықпышақ боп,
Ел таппай өте берген неге арманда?
Ішінде өрті жанып басылмастай,
Шемендеп дерті кеткен ашылмастай.
Тентіреп тауда, таста неге жүрді,
Тасталып танылмаған асыл тастай?
Бай басып, батыр әлде жасқаған ба,
Би тауып, шерін шындап ашпаған ба?
Сұңқар құс сүймеген бір жұмыртқасын
Ұядан садағалап тастаған ба?
Таба алмай тыныштықты туған елде,
Кете алмай біржолата бөтен жерге,
Тартқанда.тан жаны қорлық,
Төсеген талай ерлер оққа кеуде.
1-жүргізуші: Ақын шығармашылығы туралы әріптестері не дейді екен соны тыңдалық.
1- оқушы: - М.Әуезов: «Ілияс Жансүгіровтың ірі поэмалары – «Дала», «Күйші», «Құлагер». Осы үш поэма тұсында қазақтың Абайдан кейінгі поэзиясы да аса биік ірі сапа табады».
2- оқушы: - Әбділдә Тәжібаев: «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі».
3- оқушы: - Сағатхан Әшімбаев: «Ілияс Жансүгіров – өртеңге шыққан құдыретті өрт ақын. Ақындық бауырын Құлагерше жазып үлгере алмай, Құлагерше қапыда опат болды».
4- оқушы: - Мұхамеджан Қаратаев: « Ілияс Жансүгіров – «Қазақ поэзиясының – Құлагері».
5- оқушы: - Қажым Жұмалиев: «Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан І.Жансүгіров қазақ әдебиетінде айрықша орын алады».
6- оқушы: - Тұрсынбек Кәкішев: «Ілияс Жансүгіровті қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп, күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр жасаған қайраткерлігін әрқашан бірінші орынға қойған абзал. Ілияс Жансүгіров ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері».
2-жүргізуші: Ілиястың артында қалған ұрпақтарын тыңдасақ.
Оқушы: Саят Жансүгіров сұқбаттарының бірінде: "Әкем Ілияс зор тұлғалы, балуан денелі кісі болатын. Отбасында кішігірім отырыстар болып, қонақтар келгенде әкем жанға жайлы қоңыр даусымен домбыра тартып, ән салатын. Алматы қаласындағы Төлебаев көшесінің бойында орналасқан шағын үйде әкем Ілияс Жансүгіров, анамыз Фатима Төребаева, қарындасым Сайра төртеуміз және атамыз Жансүгір бәріміз бірге тұрғанбыз", - деп еске алған еді.
Оқушы: Ильфа Ілиясқызы: "22 жасыма толғанша, әкемнің кім екенін білмедім. Анамыз Фатима Ғабитова әкемізді сұрасақ, "журналист болып істеді, сосын қамауға алынды, атылып кетті" дейді. Одан басқа әкеміз туралы ешнәрсе білмедік. Не кітаптарын, не жазған өлеңдерін де оқымадық. Ол уақытта қиын заман еді. Әкеміз туралы біреуге бір нәрсе айтып қалсақ, онда өзімізді түрмеге қамайтын заман еді", - деп еске алған еді қаламгердің қызы.
1-жүргізуші: Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар.
2-жүргізуші: Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді.
1-жүргізуші: Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды. Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы.
2-жүргізуші: Әсіресе, поэзияда әдебиеттің алтын қорына айтулы туындыларды дүниеге әкеліп, артына мол көркем мұра қалдырды. Ілияс Жансүгіров есімі ұмытылмайды, оны мақтан тұтамыз, өзгелерге үлгі етеміз. Нағыз ақын үшін ең үздік марапат осы емес пе?!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қазақ поэзиясының құлагері" (сыныптан тыс іс - шара)

шағым қалдыра аласыз