400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ прозасындағы әйел образы:кеше және бүгін

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала арқылы қазақ қоғамындағы әйел бейнесінің байырғы және бертін келе қалыптасқан бейнесіне сипаттама бергім келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ прозасында әйел образы әр кезеңде әртүрлі сипатта бейнеленіп отырды. Дәстүрлі қазақ қоғамында әйел – отбасының ұйытқысы, аналық мейірім мен инабаттылықтың үлгісі ретінде сипатталса, кеңестік кезең әдебиетінде еңбекқор, қоғамдық іске белсене араласатын жаңа типтегі әйел бейнесі қалыптасты. Бұл кезеңдегі шығармаларда әйел образы идеологияға бағындырылып, көбінесе ұраншыл кейіпте көрінді.

 

Мәселен, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің шығармаларындағы әйелдер – ел тағдырын ойлайтын, күрделі жағдайларда да табандылық танытатын тұлғалар ретінде бейнеленді. Әсіресе Мүсіреповтің “Ананың анасы” секілді әңгімелері аналар бейнесінің терең рухани болмысын көрсетті. Әдебиетіміздің алыптары Мұхтар Әуезов Ұлы Абайдың әжесі мен анасын суреттеу арқылы, Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романын жазып, тарихта болған әйелдердің бей­несін шығармаларына көшіреді. Олардан бөлек, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының бас кейіпкерінің бірі – Меңтай бейнесіне оқырмандардың талайы сүйсінеді.

Жазушылармен қатар ақындар да әйелдер бей­несін өлең, поэмаларында ұлықтайды. Олардың арасында белгілі композитор Әбілахат Еспаев әнге айналдырған Садықбек Адамбековтың «Маржан қыз» өлеңі бар. Ән махаббат лирикасы тақырыбында болса да, өнер зерттеушілері әннің прототипі Маржан есімді озат жылқышы болғанын айтады.

Әйел тақырыбын айтқанымязда ерекше атап өтетін жазушы ол әрине Ғабит Мүсірепов. Ғабит әңгімелеріндегі қазақ әйелдерінің өршіл де өжет, қажырлы да сабырлы, пайымды да ақылды қасиеттері барынша жарқын суреттелген. Жазушы әңгімелерінің көркем идеясы, сюжеттік құрылымымен тамаша сабақтасқан озық туындылар ретінде бағаланады. Әңгімелерінің бір ерекшелігі - адам психологиясына терең бойлататын қайсарлық, өжеттік, адалдық қасиеттерді ішкі күрделі көңіл-күймен шебер танытады.

 

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ прозасында әйел образының сипаты едәуір өзгерді. Қазіргі жазушылар әйелді тек ана, жар ретінде ғана емес, тұлғалық еркіндігі бар, ішкі жан дүниесімен күрделі кейіпкер ретінде бейнелей бастады. Мысалы, Гүлзат Әбішеваның, Гүлнар Салықбаеваның, Айгүл Кемелбаеваның прозаларында әйелдер рухани ізденісте, қоғамдағы орны мен өз болмысын табуға ұмтылған кейіпте суреттеледі.

 

Бүгінгі қазақ прозасындағы әйел – сан қырлы, терең ойлы, өмірдің әр саласында өзіндік орны бар күрделі бейне. Ол – замана өзгерісін бойына сіңірген, еркін ойлы, өз пікірін ашық білдіре алатын, кейде қайшылыққа толы, бірақ шынайы адам. Бұл – қазіргі әдебиеттің өмір шындығын тереңірек ашуға ұмтылғанының дәлелі

 

Әйел тағдыры, теңсіздікті бастан кешкен әйел бейнесі – барлық қаламгерді тебірентті де Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сә­бит Дөнентаев әйел тағдырын шешуге дұрыс жауап тауып, әдебиеттегі қазақ әйелінің образын жан-жақты жасаумен қатар білімге, өнерге үндеу идеясын жүзеге асырды. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыровтар қазақ қызының теңсіздікте мұң кешіп отырғанын бейнелеп, оларды өздерінің бас бостандығы үшін күреске шақырса, Сәбит Дөнентаев қалың малдың құлы болған әкенің қаталдығы мен мейірімсіздігін аяусыз әшкереледі [2, 19-20-бб]. Әйелдер бейнесін сомдаумен қатар, ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары жазылған туындыларда дәстүрлі отбасы құндылықтарын дәріптеуге ерекше көңіл бөлген. Шығармалар тақырыбы жағынан сырт көзге тек әйел теңдігі тақырыбына арналған болып көрінгенмен, шығарманы оқу барысында детальдерге мән бере отырып авторлардың мынадай мәселелерді көтергенін байқай аламыз: 1) Ерлі-зайыптылар қарым-қаты­на­сы («Алтын сақина»).  2) Ене мен келін ара­сындағы қарым-қатынас («Алтын сақи­на», «Бәйбіше-Тоқал»). Бұл әдебиеттегі ортақ сюжетке ие болған шығармалардың желісінен көрініс табады.


Жалпы әдебиеттің мақсаты – адамгершілікке, адамдық, адалдық қасиеттерге баулу. Сондықтан да аналар образындағы әңгімелерін оқығанның өзінен-ақ жан тебіреніп асқақ армандарға жетелейді, адамдық ұлы қасиеттерді бойға сіңіруге зор септігін тигізеді.



Жұмағали Фейруза Маратқызы

4-курс студенті

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі