Материалдар / Қазақ тарихындағы қыздар болмысы (жаңа заман тарихы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тарихындағы қыздар болмысы (жаңа заман тарихы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тарихындағы қыздар болмысы (жаңа заман тарихы) тақырыбына ғылыми-жоба
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Мазмұны




Кіріспе ________________________________________________3-4 бет


І. Негізгі бөлімі ________________________________________7-23бет


1.1. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ тарихындағы қыздар болмысы_______________________________________________7-10бет


1.2. Қазіргі қоғамдағы қыздар болмысының ерекшелігі мен маңызы ____17-23бет


ІІІ. Қорытынды __________________________________________24 – 25 бет


Пайдаланған әдебиеттер тізімі _____________________________ 26 бет























\



Кіріспе

Қазақ халқы ертеден-ақ адамгершілікті ардақтап, ұлттық әдепті жоғары бағалай білген. Отбасында ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейтінін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтінін сезінген. Өткен ғасырда өмір сүріп, ұлт тарихында елеулі із қалдырған, халқына ақ тілек жолында бар ғұмырын арнаған абзал  аналардың болғандығын  сарғайған құжаттар дәлелдеп отыр. Халқымыздың ғасырларға созылған  азаттық үшін күресіне өр мінезді аналардың, өжет қыздардың да қатысқандығын, «тәуелсіздік» деп аталатын қасиетті ұғымға үлес қосқандығын деректер арқылы бүгінгі ұрпақ санасына жаңғыртып, жаңартып сіңіру және болашаққа жеткізу борышымыз. Өз  тарихымызға деген құрмет пен сүйіспеншілік қағидасын бойға сіңіруге үйрету және үлгі алуға үндеу тарихи тұлғалардың өмірбаяндары мен қызметтері арқылы туған халқы мен Отанына адал да риясыз  қызмет ету үлгісіне айналып жүрекке ұялайды.Олардың ойы мен армандарын қазіргі жас тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасында жүзеге асуда. Барлық тарихтағы сияқты қазақ  тарихында да  аталған есімдердің бірін алға шығарып, екіншісін кесіп тастауға болмайды. Олардың арасында  тарих өз ризашылығымен бағасын беріп, еліміздің  дамуына  бар саналы ғұмырын арнаған,саясатқа ерлермен бірдей араласқан,   аналық тұлғасы мен іскерлік көрегенділігін көрсеткен Гауһар   Бопай, Назым, Айғаным, ханымдарды мақтанышпен атап өтуге болады. Жобамымыздың кейіпкерлері XVІІІ-ХІХ ғасырдың қазақ арулардың тұлғасы арқылы тарихқа құрмет көрсету, елдің азаттығын сақтау, әулеттің бірлігі мен татулығын  көз қарашығындай қорғау,туыстық қатынастар желісін үзбей ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру сияқты  қасиеттерді  үйренудің  бүгінгі уақытта маңызы.  Ғылыми жоба жұмысында  қазақ  қоғамының  тарихында  елеулі орын алатын, ел  өмірінің сынға түскен күрделі кезеңінде үлкен көрегенділік танытқан,ағалары мен жарларына қолдау көрсетіп,олардың ісін жалғастырушы саясаткер ретінде танылған тұлғалар   туралы мәліметтер беру.


Үлгі ретінде 18-19 ғасырларда өмір сүрген әйел бейнесіне Бопай анамызды алдық.

Қазіргі замандағы әйел бейнесіне Фариза Оңғарсынова анамызды алдық.


Жобамыздың мақсаты









І.Негізгі бөлімі

1.1. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ тарихындағы қыздар болмысы


Тарихқа көз жүгіртсек, көшпенді қазақ халқы тарихында қыздардың қоғамдағы орнын қастерлеген. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен. Қызды қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген. Сол дәстүрдің арқасында Елдің анасы атанған талай әйелдердің есімі бізге жетті. Бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақтың батыр қыздары Томирис пен Зарина ерлігі, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Бопайдың, күн кеше Әлия мен Мәншүктің ерлігіне ұласты. Кеңес Үкіметі күйрердегі желтоқсанда ерліктің туын жықпаған қыздарымыз қаншама. Ал аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным ханымның елді ақылмен басқарғанын, дәрет алмай баласын емізбеген, данагөй әжеміз ұлы Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжемізді қалай ұмытамыз?  Бұның бәрі ата салт-дәстүріміздің, тәрбие жолының дұрыстығын көрсетеді.

Енді осы аналарымыздың ішінен 1838-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының батыр әрі қайраткер қарындасы, дала сұңқары Бопайды ерекше атауға болады.Хан кеңесінің мүшесі болған Бопай ханым 600 сарбаздан құралған (сұрыпталған) топты ұршыққа үйіріп, шеберлікпен басқарды. Кенесары әскерін жабдықтаумен шұғылданды, халықтан зекет жинады. Кенесары Қасымұлы құрған хандықтың сыртқы және ішкі саясатына барынша белсенді араласып, жан аямай қызмет етті.Тарихшы Е.Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген еңбегінде мынадай деректер келтіреді: «Өзінің әскери ерліктерімен Кенесарының қарындасы Бопайдың да даңқы шықты. Ол көтерілістің алғашқы күндерінен-ақ оның белсенді қатысушысына айналды. Ол өзінің күйеуі Сәмеке мен оның туыстары сұлтан Сартеке және Досан Әбілқайыровтарды да көтеріліске қатысуға шақырған екен».Осымен қатар, Бопай Кенесарының барлық ірі шайқастарына қатысты және өзі де жау тылына партизандық жорықтар жасады. Бопай Кенесарының барлық кеңестеріне қатысып отырған, ал Кенесары Бопайдың ақыл-кеңестеріне құлақ асқан.Бопай ханым – ұлы мақсаткер, дарабоз қайраткер. Сондықтан да Бопай ханымның тегеурінді, екпінді қаһармандық қимылдарына, батырлық тұлғасына арыстан туған Хан Кененің көңілі шат, рухы да асқақ.Ел азаттығы үшін атқа қонған, атақонысты қорғаған Бопай ханымның теңдессіз ерлігі мен жанкештілігі – ұлт рухының керемет көрінісі. Хан Кененің және оның серіктес нояндарының түпкі мақсаты – қазақ елінің тәуелсіздігін, дәстүрін, қуатын қалпына келтіру.Бопайсыз Кенесарының кеңесі өтпейтін. Бопайдың ақыл-кеңестеріне Кенесары құлақ

өзін әйелмін деп сезінбей, ісіне әділ де берік, қатал талап алатын батыл басшы екенін танытты. Ағасына ұқсаған сұсты да нұрлы тұлғасын көріп, заты әйел ғой деп сөз тастайтын ұры көзді жігіттерге бұйрықты бере жалт қарағанда, олар кірерге жер таба алмай, сасқалақтап қалады екен.Бопай қатысқан шайқастардың ішіндегі ең ірісі - 1838 жылға Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының терістік батыс аударында бағытталған Аманқарағай дуанына шабуылы. 1847 жылғы қырғыз манаптарына қарсы шабуылда Кенесарымен бірге болған. Бопай ханша туралы азды-көпті деректер орыс зерттеушілерінің және жазушы Ілияс Есенберлиннің еңбектерінде кездеседі. Ел арасына тараған талай-талай аңыздар, хикаялар, әңгімелер бар. Батыр қыздың дүние салған жері Ырғыз бойы. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында Бопай атында ауыл бар. Зираты осы ауылдың тұсындағы төбешік басында орналасқан. Көңіл қуантары қазіргі өсіп келе жатқан қазақ қыздарының бойында да Бопай ханымға тән болған қаһармандық, өжеттік, байсалдық пен батырлық қасиеттері жетерлік. Бүгінгі біздің «батыр аруларымыз» қазақтың қайсар қызы Бопай ханымның жолын жалғап, батырлығын үлгі тұтып келеді. [54]

Сол аумалы-токпелі заманда тарихта орны қалған қазақ батыр қыздарының бірі –Бопай ханша.Бопай, Бәтима (шамамен 1690 жылы дүниеге келген, 1780 жылы Елек өзені бойында қайтыс болған) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмілегер. Төре тұқымынан шыққан.Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық қазақтарының, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған.Сондықтан да Әбілқайырдың саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Бұл ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымына Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігі жазған хаттарынан айқын көрінеді.Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық қазақтарының орыс бодандығы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен.Ол ханымның 1731 ж. 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 ж. 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай ханшайым ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай ханым батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А. И. Тевкелев пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініштер хаттар жолдайды. Бопай ханым Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі жазады.Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайырдың саясатын жүзеге асыру үшін баласы Нұралыны әке орнына 1749 26 қарашада хан тағына Елизавета Петровнаның жарлығымен отырып, Бопай хан тағында батыл әрі нақты қадамдар жасайды.Канцлер А. П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы- ханым саясатының жеңісі еді. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Джон Кэстлдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуліктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі.Бопай ханым Әбілқайырдың жан-жақты мәселелерін шеше отырып, ханымның айтқан ақылдарын тыңдап отыруы.Тарихта еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктен Бопай ханым ел есінде қалған.Ресей елінің император ханымы Анна Иоанновнаның басшылық етуімен, елшілікке Тевкелевтың жіберіп, екі ел арасындағы достық қарым қатынасты дамытыу мақсатында Бопай ханым Ресей елшілігін қабылдаймыз деп өз мөрімен қол қояды.Бопай ханым басқа ел басқарушыларға да өзін болашақта үлгі тұтады деп бұл елшілікті үлкен мәртебе тұтты, қазір ол тарихта қалды.Бопай ханшайым 1780 жылы 31 майда қайтыс болып, күйеуінен кейін 32 жыл ғұмыр кешеді. Жосалы жерінің Елекке қараған маңындағы жерге Бопай ханшайымның сүйегі қойылады. Біздің есімізде тарихта Бопайдай анамыз болғанын ешқандай адамзат есінен шығармайды деп ойлаймыз. Ол кісінің істері әрбір адамға өнеге үлгі бола бермек.



















1.2. Қазіргі қоғамдағы қыздар болмысының ерекшелігі мен маңызы


Бүгінгі қазақ қоғамында әйел мәртебесінің биіктігі әйелдерге, аналарға жасалған қамқорлығынан, сый-құрметінен байқалады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты ерекше қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де - біздің қазақ... Қазақ қыздары мен аналары өз жүрегінің от-жалынымен, мейірім шапағатымен қазақ халқының ұлттық сезім-түйсігін, мәдени-рухани біртұтастығын елеусіз ғана шыңдап отырған»-деген сөздері осыған дәлел.


«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді - тілін, дінін, әдет -ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген. Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.


Енді қазіргі қоғам бейнесіне Фариза Оңғарсынова анамызды алсақ.

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (25 желтоқсан 1939 жыл – 23 қаңтар 2014 жыл) — қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996–2004).

1939-шы жылы 25-ші желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

Байұлы тайпасы Адай руының Тәзіке атасынан шыққан.Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғали (1891–1940) оқыған, елге қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі. Ал анасы Халима Иманғалиева (1893–1976) арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген. Ақын қыз үйдің кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Әкесі жүрегі ауырып ерте көз жұмды, ал анасы 70-ші жылдары дүниеден өткен. Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған. Ақынның Анвар, Алмас есімді ұлдары мен Анар, Аида есімді келіндері бар, Анеля, Алан, Анита, Ахметжан, Аслан, Алсу атты немерелері бар. Сондай-ақ, ақын ерте қайтыс болған жалғыз ағасының ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірген.[6]

1961-ші жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

1966–1968-ші жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970-ші жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің АқтөбеГурьевОрал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

1970–1978-ші жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

1996–2004-ші жылдары ҚР мәжілісінің І және ІІ шақырылымдарының депутаты болды.

2014-ші жылдың 23-ші қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті.

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958-ші жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966-шы жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984-ші жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын (1891–1940).

Анасы - Иманғалиева Халима (1893–1976).

Балалары - Оңғарсынов Айвар (1966 жылы туған), Оңғарсынов Алмас (1976 жылы туған).

Немерелері - Анита (1987 жылы туған), Алан (1996 жылы туған), Анеля (1999 жылы туған), Ахметжан (1998 жылы туған), Аслан (2002 жылы туған), Алсу (2009 жылы туған).










Қорытынды.

Тарихтағы әпкелеріміздің даналығы мен елеулі ісі, бүгінгі қыздарға үлгі.


Қазақ тарихындағы қыздар болмысын анықтай, зерделей келе, өзінің ерекше қазақи құндылығымен сипатталып, бағаланып тұрады. Жоғарыда көрсетіліп кеткен, апайларымыздың ерлігі мен еңбегі, қайсарлығы бүнгі күні біздер сияқты өсіп келе жатқан өрімдей қыздарға үлгі болуы тиіс. Әрине әр уақыттың заман ерекшелігі, қоғам талабы мен технологиялық дамуы әрқилы. Дегенмен бір айнымайтын қазына - ол қазақтың ұлттық тәрбиесі. Ендеше, бүгінгі жаһандану заманында сол тарихтағы қыздардың болмысын үлгі етуіміз керек және насихаттай алуымыз керек. Мысалы, қиын қыстау кезіңде ғана, ағасы мен ерінің қасында қоян - қолтық жүріп, жауларына қарсы соғысқа шыға білген бол батыр ханымдар қаншама, ал бүгінгі күні сол ерлікті біздер дұрыс түсініп, батыстын біздің табиғатымызға жат қылықтарды бойымызға сіңірмей, еліктемей, кеңінен наситтау керек. Насихаттау тек сабақ барысында ғана емес, қосымша қыздар әдебі деген үйірме, әр облыс, аудан, ауыл деңгейіндегі көркем өнер үйірмелерінің жұмысы жанданса, арнайы телехабарламалар /әйел қаумына емес өскелен қыз балаға арнайы/, мысалы Астанадағы Қарақат апайымыздың студиясы сияқты мектептер әр өңірде ашылса, қыздар байқауының шарты өзгертілсе, арнайы програмистер жасаған кесте тоқу, ас әзірлеу, қонақ күту т.с.с үйретуші дисктер көбейтіліп шығарылса/ жақсы болары сөзсіз. Қыз тәрбиесіне байланысты арнаулы оқулықтар шығарылуы қажет. Ұлы даланың дана қыздарының бүгінгі жас ұрпағы елдіктің ұраншысы және инабатқа толы өмірдің қозғаушы күші болса екен дейміз.

Ар-ұятты жоғары бағалаған, қоғамды өз орын білген, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген тарихтағы қазақ арулары біз үшін басты үлгі алатын тұлға.Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та молынан табылады. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінеріміз хақ.





















Пайдаланған   әдебиеттер тізімі



1.Ахметова Ұ. «Қазақ қыздарының қоғамдағы орны» Қазақ тарихы  журналы, №2,2002, 54- бет.


2. https://kk.wikipedia.org/wiki 6-бет





















7



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!