"Қазақ тілді "Балбұлақ" жобасының жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ тілді "Балбұлақ" жобасының жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақ тілді "Балбұлақ" жобасының жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөбекжайдағы «Қазақ тілді Балбұлақ» жобасының жұмысы


Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін зерттеу, жоба жұмыстарымен айналысу қарқынды дамып келеді. Өйткені әрбір педагог өз бағыты бойынша шығармашылық жұмысты да қатар алғанда оң нәтиже шығары сөззсіз. Осы ретте мен 2020 жылдан бастап жұмыстанып келе жатырған жобамды әлеуметтік желіде «Қазақ тілді Балбұлақ» деп аталатын еңбегімді таныстырғым келеді. Мақсаты: халықауыз әдебиеті жанрының бастау бұлағы арқылы халық тағылымын
насихаттау, фольклор саласының қайта жаңғыруына жаңа дем беру. Сондай-ақ балалар шығармашылығын ата-аналарға көрсетіп байланысты отыру.
және де балалар қызығушылығын халықтық тәрбиемен ұштастыру болып табылады. .

Қазіргі таңда балалар тез ұғынғыш, жақсы қабылдағыш боп келеді. Бұл
әрине жақсы. Бірақ тигізер зардабы да бар. Әлеуметтік желідегі түрлі
қосымшалар мен ойындар, оның ішінде «Like», «Snapchat», «Tik-tok» арқылы
баланың ғаламторға деген тәуелділігінің артатындығын ескерген жөн.
Өйткені олар қызықты әрі жалықтырмайды. Дегенмен оларды пайдалану
барысында бала психикасына теріс әсер тигізетінін жоққа шығаруға
болмайды. Ойыннан ұтылған жағдайда немесе өзі қалағандай нәтиже беретін
видео түсіре алмаса бала ашуға ерік беріп, мінезінде тұйықтық, диалгогқа
түсу сияқты түрлі өзгерістер пайда болады. Жоғарыда аталған мәселелердің
шешімі – қазақ фольклорында. Мобильді ойындарды ұлттық ойынмен
алмастырсақ, баланың шымыр боп өсуін, физикалық тұрғыдан мықты
болуына әсер ете аламыз. Үй жағдайында қиындық тудырар болса, оның
орнын шахмат, тоғызқұмалақ сынды отырып ойнауға ыңғайлы әрі ойлау
қабілеттерін арттыратын түрлерімен ауыстыруға болады. Ал қосымшалар
орнына жаңылтпаш жаттату, жұмбақ жасыру, ертегі кейіпкерлері кейпінде
ертегі айтып қызықты ұйымдастыруға болады. Қазіргі балалар танымындағы
батыр бейнесі «Супермэн», «Өрмекші-адам», «Геракл» сынды
фантастикалық образдармен шектеліп қалады. Ал батырлар жырын, тарихи
өлеңдерді оқыту арқылы қазақ тарихындағы батырлар бейнесін қайта
жандандырып, үлгі ете аламыз. Баланың зерек болуы үшін, ата-ана
шығармашылыққа бет бұрып, түрлі әдістерді қолдануы тиіс деп есептеймін.
Жалпа жоба барысына тоқталсам, 2020 жылдың қазан айында бастау алды.
Жобаны бастауыма Б.Момышұлының «Мен үш нәрседен қорқамын: бірінші-
баласына бесік жырын айтпаған анадан, екіншісі - немересіне ертегі айтпаған
әжеден, үшінші - бір-бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтардан» деген
қанатты сөзі түрткі болды. Қазіргі қоғамда кездесіп жатқан келеңсіз

жағдайлар мүмкін осы ертегі тыңдамай өскендіктен де шығар деп ойлаймын.
«Дамыған заманда онлайн ата-әжеге айналуға ат салысайықшы» - деп
пост жазған болатынмын. (17.10.2020 жыл)
аңғаруға болады.

Барлық қазына – халықауыз әдебиетінде, салт-дәстүрімізде екендігін
тағы да қайталап айтамын. Ұл-қызыңыздың тәрбиелі де зерек боп
өсуіне бір ғана «Балапан» бағдарламысының күші жетпейді. Алдымен
ата-ана жауапты. Ал мен үнемі ізденіс үстінде жүруге, бағыт беріп, жол
сілтеп отыруға қашан да дайынмын. Өйткені бұл жобадан күтерім көп.
Менің мақсатым – ата-аналарға қашықтан бағыт беру арқылы, қазақ балаларына халықтық методика арқылы тәрбие беру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2025
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі