Материалдар / Қазақ тілі 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2019
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4 сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Мен (пен,бен),және шылаулары

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуге қалыптастыру.

Дамытушылық: Озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, оқушының ой-өрісін,дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту;

Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып,ынтымақтастыққа, елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Түсіндіру,қайталау сабағы.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, семантикалық карта, ББҮ,тест,қорапқа салу,бағдаршам әдісі.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,семантикалық кесте,суреттер,гүлдер

Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, компьютер,тақта,бор.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:Психологиялық дайындық:

Әрбір адам досым,сыныптасым

Әрбір ісің тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің шындық, бірлік, адалдық

Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығу

ҚАЙТАЛАУ:Гүлдер ойыны

Сәйкестендіру тесті.

Зат есім 1. Сары,дәмді,көк ала.

Етістік 2.Біз,мен,сен

Сын есім 3.Бесінші,алпыс,он

Сан есім 4.Гүлдер,Алпамыс,шеге

Есімдік 5.Пен,және,үшін

Үстеу 6.Күлді,барма,секіріп жүр

Шылау 7.Тез,жазда,жоғары

Оқулықпен ,дәптермен жұмыс:

Дәптерлерді ашайық

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық.

Көркем жазу. Аа Астана мен Алматының арасы алыс.

Мен(бен,пен),және шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады.Және шылауының сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын кезі де болады.Мысалы:оқушы мен мұғалім,ит пен мысық,теңіз бен мұхит,таңертең және кешке.

1-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазып,сөз бен сөзді байланыстырып тұрған шылаулардың астын сыз.

2-жаттығу.

Кім жылдам? ойыны

Берілген сөздердің арасына мағынасына қарай шылау қосып жаз.

Қала -----ауыл құс-------аң тоғыз----он

жазу---------сызу жұмбақ------жаңылтпаш сіз------біз

қамзол----------шапан бөрік ------тақия қымыз----шұбат

3-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы.(ауызша)

Ой сергітуге арналған «Өре» викторинасы

1.Дыбысты белгілейтін таңба?(әріп)

2. Етікшінің құралының бірімен аттас есімдікті ата (біз)

3.Дәріхана сөзінің түбірі (дәрі)

4.Қою сөзіндегі дыбыстар саны (4)

5. Ғылым таппай мақтанба өлеңін жазған кім?(Абай)

4-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қызғалдақтар теру.

-Балалар,ауыл деген қандай керемет,айнала жасыл желек,шөптер,қырдың қызыл қызғалдақтарға толатын сәті де таяп қалды.Ол гүлдерді бізге жай тергізе қоймайды.Ендеше осы гүлдерден жақындарымызға,достарымызға сыйлау үшін мына тапсырмаларды алдын ала орындауымыз керек.

1.Қырдың қызғалдағы эссе жазу.

2.Ұнаған сурет бойынша әңгіме құрау.

Сергіту сәті: Әлқисса

Тест сұрақтары.

1.Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар?

А) сөйлем мүшесі бола алмайды.

Ә) көңіл күйді білдіреді

Б) заттың сынын білдіреді

2.Шылау тұрған қатарды тап.

А) бір,екі,төрт

Ә) мен,сен,ол

Б)ма,ба,пе

3. Берілген мақалдан шылауды тап. «Отан үшін отқа түс,күймейсің»

А)Отан ә) үшін б)түс

4.Мен,және шылаулары не үшін қолданылады?

А) сөз бен сөзді байланыстырады

Ә)қосымша мағына үстейді

Б)сұрақ мағынасын үстейді

5. Тиісті шылауды қой.

Жарық ---- қараңғы

А) мен ә) бен Б) пен

Қорытынды: Семантикалық жұмыс.

Сөздер Шылау Үстеу Зат есім Сын есім Етістік

Оқыды Жазушы Қызыл Және + Мен Бен Пен




Бағалау: Білемін Білгім келеді Үйрендім




Үйге тапсырма беру. 5-жаттығу. Мына қорапқа сабақ жайлы сұрақтар қалдыруға болады.Ол сұрақтар келесі сабақта талқыланады.

Балалар,мына қорапқа осы сабақ бойынша сұрақтарың болса, жазып қорапқа саласыңдар.Ол сұрақты келесі сабақта талқылайтын боламыз.

Бағалау. Бағдаршам тәсілі арқылы Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). •Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!