Қазақ тілі 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Шылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Шылаулардың толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе қосымша мағына үстеп тұратын көмекші сөздер екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындау арқылы шылауларды шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Сабақ барысында еңбекқорлыққа, салт – дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланысы: Әдебиеттік оқу
Көрнекілігі. Суреттер, сызбалар, жұмбақтар
Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың жоспары:.
1) Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
2) Үй тапсырмасын тексеру. Тест
3) Жаңа сабақ. Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
4) Жаттығу жұмыстары.
«Ойланайық, балақай» дидактикалық ойыны
5) Сергіту сәті
6) Қорытынды
7) Үйге тапсырма
8) Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
Күн шуақ
Мен сені сүйемін
Жүрегімнің жылуын
Мен сендерге беремін

Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ..
Көркем жазу. Ее. Ешкі. Далада ешкі жайылып жүр.
Кіріспе бөлім.
1. Тақтаға төмендегідей кестені ілу. Кестедегі берілген сөйлемдерді оқыту, төмендегідей тапсырмаларды орындату.
• Мысалдар
1. Марат та, Асқар да, Гүлсім де циркке барды. 2. Атырау облысынан адам – зат тарихы үшін бағалы екінші алтын адам табылды. 3. Асан мен Үсен жұртта қалып қойды. Та,.......
• Мағынасы жоқ сөздер ---------------

2. Сөйлемдегі сөздері сөз таптарына талдату. Мысалы: Кім? – Марат, Асқар, Гүлсім – зат есім. Циркке – қайда? – үстеу. Барды – не істеді? – етістік.
3. Сөйлем мүшелеріне талдату. Мысалы: Марат, Асқар, Гүлсім – бастауыш, барды – баяндауыш, циркке – тұрлаусыз мүше.
4. Сұраққа жауап бермейтін, жеке мағынасы жоқ сөздерді тауып, кестенің екінші бағанына жазғызу. Мысалы: да, де, үшін, мен.
5. Бұл сөздердің өздері тіркескен сөздерге қосымша мағына үстеп немесе сөз бен сөзді байланыстырып тұрғанының айту. Мысалы: да, де сөздері күшейткіш мән үстеп тұрса, үшін сөзі (адамзат тарихы үшін) мақсат мәнін үстеп, ал мен сөзі (Асан мен Үсен) сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
Оқулықтағы 1 – 2 жаттығуларды орындату. Бұл жаттығуларды да жоғарыдағыдай тапсырмалар ретімен орындату.

Негізгі бөлім.
1. Тілімізде толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын немесе сөзге қосымша мағына үстеп тұратын көмекші сөздер бар екенін айтып, олардың шылау деп аталатындығын түсіндіру.

2. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі.
- Шылаудың толық мағынасы болмайды.
- Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
- Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
- Шылаулар өзі тіркескен сөздерге қосымша мағына үстейді.
- Шылауларға қосымшалар, яғни жалғау, жұрнақтар жалғанбайды.

Жаттығу жұмыстары.
Оқулықтағы 3 - 4 жаттығуларды ауызша және жазбаша орындату.
«Ойланайық, балақай»дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға төмендегі үлгідегідей сөйлемдер жазылған плакат ілінеді немесе тақтаға сөйлемдер жазылады. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады немесе сызба бойынша шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жазады.

1 НҰСҚА
1. Назгүл..., Назым... мектепте оқиды. 2. Мектеп алдына бір топ мұғалімдер... оқушылар ағаш отырғызып жатыр. 3. Сыныпта Ілияс... жүзе алады 4. Сен Алпамыс жырын оқыдың...?

Сергіту сәті
Жаңбыр жауып басылды
Аспан шайдай ашылды
Желмен бірге жапырақ
Сыбдыр қағып шашылды

Қорытынды
Шылауларды берік есте сақтап қалу үшін, оқушыларға мынандай берік дағдылар берілуі қажет:
- мәтіннен шылауларды табу:
- шылауларды қатыстырып сөйлем құрастыру.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.

Үйге тапсырма: 5 – жаттығу. Ережені жаттау.
Бағалау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2019
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі