Материалдар / Қазақ тілі 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2019
385
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4 сынып Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы туралы білімдерін жинақтауға қолайлы орта құру

Сабақтың міндеттері:

  1. Шылауларды шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата алуға үйрену;

  2. Тақырыпқа байланысты жұптастыру білімдерін жүйелеуге жағдай жасау

  3. Жұпта жұмыс жасау арқылы оқушылар бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінен үйренуге дағдылану

Күтілетін нәтижелер:

  1. Сабақ барысында оқушылар шылау туралы өз білетіндерін өзгелермен бөлісе алады;

  2. Еркін сөйлеуге, ойын тиянақты жеткізе алады;

  3. Жеке ойларын ортаға салып, жұпқа ойын жеткізе алады. Өзгенің пікірін тыңдау жауапкершіліген сезінеді.

Бағалау: жұптар бір-бірін бағалайды

Сабаққа қажетті материалдар: әртүрлі тақырыптағы сюжетті суреттер, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың типі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: жеке, жұпта жұмыс,

І. Қызығушылықты ояту сатысы

Сыныпта біздің тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

Бүгінгі біздің қызықты

Сабағымызды бастаймыз.



Ой қозғау. «Маржан тізбек» ойыны.

Семантикалық карта толтыру.



Сөйлемдер

Шылау

Шылау тұлғалас қосымша

Қазыбек би елшілермен бірге Жоңғар хандығына үш рет барған.

Елішлер мен Қазыбек би Жоңғар хандығына үш рет барды.

Сөйлемдер

Шылау

Шылау тұлғалас қосымша

Сізбен дидарласқаныма қуанып тұрмын.

Сыйласқан сіз бен біз – адамға ең жақсы сый.

Сөйлемдер

Шылау

Шылау тұлғалас қосымша

Ажар Астанаға Болатпен ілесіп барады.

Болат пен Ажар Астанаға бармақ.

Сөйлемдер

Шылау

Шылау тұлғалас қосымша

Оқулыққа берілген мақал-мәтелдерде, жырларда, әңгімелерде тәрбиелік мағына бар.Оқулыққа мақал-мәтел де, жырлар да, әңгімелер де енгізілген.

Сөйлемдер

Шылау

Шылау тұлғалас қосымша

Құр бостан-босқа айқайлама

Бұл айқай ма?

-Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып, қандай қорытынды шығаруға болады?

ІІ. Мағынаны тану сатысы

Мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай екі сөзді байланыстырады да, екеуінің ортасында бөлек жазылады.

Дәптермен жұмыс

2-жаттығу. Зат атауларын мен (бен, пен) шылаулары арқылы байланыстырып, сөйлем ққрастырып жаз.

1-топ. Дәптер мен қалам

2-топ. Шаңсорғыш пен сыпырғыш

3-топ. Ағаш сандық пен ағаш төсек

4-топ. Дәптер мен қалам

5-топ. Шаңсорғыш пен сыпырғыш

4-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу.

Адам да, мал да өзінше

Жүр жадырап далада.

Көктемді қарсы алып тұр,

Кәрі де, жас та, бала да.

С. Сейфуллин

1)  Бұл өлең жолдары ойымызға не әкелді? (көктемнің келгенін, көркем де әсем табиғат, таза ауа).

2) Мәтіндегі шылауларды бір сызықпен, жатыс септігі жалғанған сөзді екі сызықпен сыз.

Сергіту сәті (би қимылдары)

Тақтамен жұмыс

4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылаулардың астын сыз.

ІІІ. Ой толғаныс

Сәйкестендіру стратегиясы «Менің бағытым» ойыны. Сөздерді өзіне тиісті шылаумен байланыстыру.



Бардың            дейін

Өзің                 шейін

Ана                  ғана

Отан               туралы

Көрдің             үшін

Ауылға            ба?

Кешке              бе?



Шылау:

-      Сөз табы

-      Мағынасы жоқ

-      Сөйлем мүшесі болмайды

-      Сөзден бөлек жазылады

-      Сөз бен сөзді байланыстырады

-      Сұраққа жауап бермейді

-      Түрлері мен (бен, пен), және, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, па, пе үшін, туралы, дейін, шейін қой, ғой, қана (ғана) –ақ.



Бағалау

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп бақыт,

Өсе берсін санамыз, дей отыра жұптарға сөз береміз .Жұптар бір-бірін бағалайды .

Үйге тапсырма. 5-жаттығу. Мемлекетіміздің ең биік тау шыңы туралы мәлімет жинап келу. Ішіндегі шылаулардың астын сызу









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!