қазақ тілі 7 сынып ТЖБ №2

Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілі 7 сынып ТЖБ №2

Материал туралы қысқаша түсінік
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Сүйіспеншілік пен достық», «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ


«Сүйіспеншілік пен достық», «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімдері


Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма.

  1. Мәтінді оқып шығыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. . Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]

Дос көңілдің күмбезі

Достар – бір-біріне ұқсас жандар, бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.

Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. Халық арасында «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» деген де дана сөз бар. Дүниеңе қызыққан достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең.

Адам достықты іздей бермей, өзі де дос бола білуі қажет. «Жолдасын тастаған жолда қалады» деп босқа айтылмаса керек.

Бұл өмірде туған-туыспен, дос-жаранмен тату-тәтті, ұйымшыл, бір болғаннан артық қандай бақыт бар? Әрдайым туған-туысыңа да, достарыңа да қол ұшын беріп, көмектесіп жүрсең, өзің де елдің алдында абыройлы, беделді боласың. Досқа деген пейілің жақсы, көңілің күмбез болса, досыңа дос қосылары хақ.  massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/

Достыққа адалдық

Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузынан жайсыз дем шығады екен, ал екіншісі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен.

Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Демі нашар екінші құлды қасына шақырып:

Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, – дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпайды. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айтқыза алмапты.

Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:

Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің, – депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң:

Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасың аузы жаман болса да, адал екен. Ал сенің сыртың әдемі болғанмен, ішің нашар екен. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті.

Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінен еш пайда жоқ.



Оқылым

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтіні

Музыка аспаптары

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. Қазақ халқының негізгі музыка аспаптары: домбыра, қобыз және сыбызғы. Домбыраның шанағы үш бұрышты немесе сопақ болып келеді. Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған шегі, бұл шекті көтеріп тұратын кішкене ағаш тиегі болады. Мойнына перне байланады. Пернелердің саны әр түрлі: сегіз, он, ой бір, он үш болады. Домбыраның шегі қой мен ешкінің шегінен ширатылып жасалады.

Домбыра — қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойнатылатын аспап.

Қобыз — қазақ қауымына көп тараған ысқышты аспап, қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен (терімен) қапталады. Қобыздың екі ішегі және садақ (жақ) тәрізді ысқыш жылқының қылынан жасалады.

Сыбызғы — үрлеп тартатын аспап, оны қуыс қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды. Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады. Оның үні майда қоңыр, мұңлы келеді. Сыбызғы да қазақ арасына тым ерте кезден таралған аспаптардың бірі. Ол үнемі алып жүруге қолайлы. Сыбызғыны ен далада мал соңында жүрген қазақ малшылары көп тартқан.
11-ғасырда жасаған әйгілі ғалым Махмұд Қашқаридың атақты сөздігі «Диуан Лұғат ат-түрікте» қобыз бен сыбызғының аты кездеседі. Міне, бұл қобыз бен сыбызғының тарихының ұзақ екенін әйгілейді.

1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]

Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

A.

Домбыраның шанағы төрт бұрышты немесе сопақ болып келеді.



B.

Қобыздың екі ішегі және садақ (жақ) тәрізді ысқыш жылқының қылынан жасалады.



C.

Сыбызғыны ен далада мал соңында жүрген қазақ малшылары көп тартқан.




2. «Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі» деген тұжырым бар. Сіздің ойыңызша, ән мен күй, музыкалық аспаптар халықтың ұлттық болмысын көрсете ала ма? 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.

[3]

Ә мәтіні

Ертеде ел билеген қатал Жошы хан өмір сүріпті. Оның бала дегенде жалғыз ұлы болыпты. Бір күні баласы аңға шығар алдында әкесі жаман түс көріп, баласын тоқтатқысы келеді. Баласы әке сөзіне мән бермей, нөкерлерін ертіп, ұзақ жолға шығады.

Біршама уақыт өткен соң, жазық далада бір топ құланның жайылып жүргенін көреді. Бала құланды қуып жүріп, алысқа ұзап кеткенін байқамай қалады. Хан баласының атқан оғы құланның аяғына тиеді. Құлан хан баласына қарсы шығып, оны теуіп жазым қылады.

Арада біраз уақыт өтеді. Хан нөкерлері баланың қазасын әкесіне қалай естіртуді білмейді. Хан жүрегі сезгендей, «Кімде- кім баламды естірте келсе, сол кісінің көмейіне қорғасын құйдыртам» — дейді. Нөкерлер есі шығып, қазаны естіртетін адам іздейді.

Сол елде танымал күйші болыпты. Ол қазаны естіртетін болып, сарайға келеді. Хан алдында отырып, домбырамен қайғылы күй тартады. Ханның көз алдына баласының қандай жағдайда қайтыс болғаны елестейді. Күйші барлығын күй тілінде жеткізген екен. Сонда хан: «Балам дүниеден өткен екен ғой, мына кісінің көмейіне қорғасын балқытып құйыңдар»- деп жарлық береді.

Дат тақсыр! – дейді күйші. – Бәлкім жаманат хабарды жеткізген домбырам шығар. Мені қалай жазалайсыз деген екен. Күйшіні жазалауға себеп таппаған хан баласының қазасын естірткен домбыраның шанағына қорғасын құйдырады.

1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]

Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

A.

Әкесі жақсы түс көріп, баласын тоқтатқысы келеді.



B.

Хан алдында отырып, домбырамен қайғылы күй тартады.



C.

Бәлкім жаманат хабарды жеткізген домбырам шығар. Мені қалай жазалайсыз деген екен.




2. Жошы ханның орнында болсаңыз, сіз не істер едіңіз? 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.

[3]



Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын жазыңыз. Шамамен 200-250 сөз болуы тиіс. [10]

  1. Өзіңіз куә болған мерекелік шараны есіңізге түсіре отырып, «Өнерлі өрісі кең» тақырыбында жаңалық жазыңыз.

  2. «Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жазыңыз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2024
249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі