Қазақ
тілі біздің халқымызды біріктіреді
I.Кіріспе
II.Негізгі
бөлім
2.1.Шоқтығы
биік жұлдыздар жырлаған тіл
2.2.Тарихы
терең-кең тілім
III.Қорытынды
Туған
елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда
айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де
бірге өсемін,
Өшше тілім мен де бірге
өшемін!- деп, ақын Әбділдә Тәжібаев
ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса
да қастерлі, құдіретті ұғым ретінде
көрініс табады.
Үш
бәйтерегіміз бен бес арысымыздай орақ
тілді ақындарымыз жалындатып жырлап,
жазушыларымыз қаламының майын тамызып,
асыл туындыларына жан бітірген құдіретті
ұғым, менің ана тілім – өте бай тіл.
Қазақ тілі – ұлтымыздың ұлылығын,
еліміздің ерекшелігін танытатын
ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Біздің
барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыздың,
салт-санамыз бен дініміздің, рухани
мәдениетіміздің айнасы – ана тіл.
Алайда, осындай көркем туған тілі бола
тұра өзге тілде сөйлеуді әдетке
айналдырғандар да баршылық. «Өзге тілдің
бәрін біл, өз тілінді құрметте» дегендей,
төл тіліміздің абыройын асқақтатып,
қадірін түсініп, қастерлей білгеніміз
жөн. Қазақ тілі келешек ұрпақты бір
тұтас, мызғымас бірлікке, ажырамас
туыстыққа біріктіретін құрал. Қазақ
халқының сарқылмас рухы бастау алған
ана тіліміз арқылы халқымызды, Отанымызды
биікке көтере аламыз. Қазақ тілі
ата-бабамыздың ұрпағына қалдырған
аманаты, бүгіннің абыройы, ертеңнің
кепілі. Тіліміз қазақ халқы ұлт болып
қалыптасқаннан бері жасап, өмір сүріп
келеді. Сондықтан да тілдің иесі
өзімізбіз. Қазақ тілі «Мемлекеттік тіл»
деп Ата заңда да анық жазыллған. Тіліміздің
мәртебесін өзіміз асқақтатып алсақ,
қазақ тілі біздің халқымыздың бірлігін
нығайта түсеріне мен сенімдімін.
Тарихымызға
көз жүгіртсек, қазақ елінің, тілінің
өркендеуіне үлес қосқан кемеңгер үш
биіміз бар. Данагөй бабаларымыз
шешендіктерінің арқасында дау-дамайларды
ақылмен шешіп, үш жүздің бірігуіне
септігін тигізген. Осыған орай халқымыздың
тарихында «Қара қылды қақ жарған»,
еліміздің ынтымағы үшін күрескен үш
кемеңгеріміздің орны ерекше. Біз
қазақ деген ұлы халықпыз, тіліміз де,
дініміз де тек қана өзімізге тән.
Еліміздің іргесін шайқалтпай, босағасын
берік ұстап тұрған осы біздің тіліміз
бен ұлттық салт-дәстүріміз. Менің
ойымша, әрбір патриот жан елі, жері,
тілі, ұлты үшін тер төксе, адал болып,
құрметтесе, біздің елдігіміз баянды
болмақ. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар
өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде,
анасының ақ сүтімен дарыған туған
тілінде сөйлеуі тиіс. Қазіргі таңның
басты мәселелерінің бірі де, бірегейі,
көңіл толғандыратыны болып отыр.
Қадір
Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле
отырып, ең алдымен өз ана тілімізді
құрметтеуге шақырамын және бәріне:
Мейлі,
сен көп тілді біл «қой» демес ем!
Пушкин,
Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.
Бірақ
сені қазақ деп айта алмаймын
Туған
ана тіліңде сөйлемесең, - ақынның
ішкі тебіренісін жеткізгім келеді.
Ойымды
қорытындылай келе, ұлы Абайымыз әрлеген
тіл, Ахметтей қайраткеріміз өңдеген
тіл, дана Жамбылымыз жырлаған тіл –
қазақ тілі, Мәңгілік елдің, Мәңгілік
тілі болып қала береді.
Мен
өз елімнің патриотымын. Сол себептен
елімнің гүлденіп, дамуына, тілімнің
мәртебесінің сақталуына өз үлесімді
қосамын. Елімізде «мен, мен» деген
патроит жастарымыз барда, қазақ тілі –
мәңгілік ғажап тіл болып қалады. Мен
оны нық сеніммен айта аламын.