Материалдар / Қазақ тілі бжб№2. 6-сынып.2-тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі бжб№2. 6-сынып.2-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Тарихи тұлғалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау І нұсқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
941
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тарихи тұлғалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа


Оқу мақсаты:

6.1.1.1 Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру;

6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы:

  • Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды;

  • әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрады;

  • көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата біледі.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіннің атауын талқылап және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжаңыз.


Қазақстан — тәуелсіз ел. Тәуелсіздіктің көк туы көгімізде желбіреп, азаттықтың ақ таңы атқалы 28 жыл болдыты. Өз алдына дербес ел болған Қазақстанның, оның кең байтақ жерінде бейбітшілікте мекен еткен халқымыздың ұлылығын ұлықтай білген, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің төрінен орын алар ұлы тұлғалар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі XX ғасырда қазақ әдебиетінің биік тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

Тамаша талант иесі бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысының тумасы. Ол 1897 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Арқа сүйеп пір тұтқан асқар таудай әкесі Омархан мен немересінің болашағынан үлкен үміт күткен атасы Әуез көзі ашық, көңілдері нұрлы адамдар болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Жастайынан білімге құштар бала Мұхтарды алғашында атасы Әуез мұсылманша сауат аштырып, хат танытқан. Бос уақытында ел аузында жүрген қиссалар мен аңыздарды, өлең жырларды тыңдатып ұлтының рухани мұрасынан сусын қандыртып өсірген. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінің ықпалымен бала Мұхтар Ұлы Абайдың өлеңдерін алты жасынан бастап-ақ жатқа білген. Себебі, Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен көршілес тұрған. Әуездің өзі де Абай Құнанбаевтың шығармаларына ерекше мән беріп, қызығушылық танытқан.

«Білім инемен құдық қазғандай» демекші ғылым-білімге құштар студент Мұхтар училищеде өзін тек ізденімпаздылығымен, жинақтылығымен, тәртіптілігімен, көрікті сымбатымен және терең білімділігімен көзге түседі. Мұны жазушыға аталмыш білім ордасында орыс тілі пәнінен сабақ берген Василий Попов естелігінен аңғаруға болады. «Алдыңға партада отыратын 18 жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі тап-таза, қою шашы қап-қара, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр. Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз. Бұл ұстаздың талантты шәкірті жайлы шынайы ойы. Училищені ойдағыдай аяқтаған соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы оны да бітіреді. Ол ғылым-білімді толық игеріп қана қоймай, орыстың атақты жазушыларының шығармаларымен, Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жанына жақын қылып, жете танысады. Содан болар М.Әуезов өздігінше тынымсыз ізденістің, терең ғылыми толғаныстың нәтижесінде шығарма жазуға ден қойды. (296 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/374

2-тапсырма. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрыңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма. Тыңдалған мәтіннен көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажыратып жазыңыз.

Көнерген сөз

Эвфемизм, дисфемизм




















Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжай алады.

1

Мәтіннің атауып талқылап, көтерілген мәселені болжайды.

2


Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құра алады.

2

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазуға қарапайым жоспар құрады.

1

1

1

Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің қолданыс аясын түсініп және ажырата біледі.

3

Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдерді ажыратады.

1

1

1

Барлығы

8






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!