Қазақ тілі Етістік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі Етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
а)ақпараттық құзыреттілік:Ақпарат көздері арқылы етістіктің қолданылу орны мен атқаратын қызметін меңгерту; ә)коммуникативтік құзыреттілік: Оқушылар алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде пайдалануын қалыптастыру. б)проблеманы шешу құзыреттілігі: Әр оқушы өз бетімен жұмыстанып, алған жаңа материалды талдауға, өз бетімен орындауға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

6 сынып

Тақырыбы:

Етістік

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а)ақпараттық құзыреттілік: Ақпарат көздері арқылы етістіктің қолданылу орны мен атқаратын қызметін меңгерту;

ә)коммуникативтік құзыреттілік: Оқушылар алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде пайдалануын қалыптастыру.

б)проблеманы шешу құзыреттілігі: Әр оқушы өз бетімен жұмыстанып, алған жаңа материалды талдауға, өз бетімен орындауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, практикалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі:

оқулық, слайд.

Пән аралық байланыс:

Қазақ әдебиеті.

Сабақта қолданылатын педагогикалық техналогиялар:

Білім беруді ізгілендіру, АКТ.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу;

Оқушыларды түгендеу;

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

Зейіндерін сабаққа аударту.

Мұғаліммен амандасқан соң, үй тапсырмасын айтуға дайындалу.

Оқушылар сабаққа зейіндерін аударады

II Үй тапсырмасын тексеру

218 - жаттығу.

Әркім, әлдене, ешқайсысы деген есімдіктерді септеңдер.

218 - жаттығу.

Әркім, әлдене, ешқайсысы

А.с. Әркім, әлдене, ешқайсысы,

І.с. Әркімнің, әлдененің, ешқайсысының

Б.с. Әркімге, әлденеге, ешқайсысына

Т.с. Әркімді, әлденені, ешқайсысын,

Ж.с. Әркімде, әлденеде, ешқайсысында,

Ш.с. Әркімнен,әлдененен, ешқайсысынан

К.с. Әркіммен,әлденемен, ешқайсысымен

Өткен тақырыпты тексеру арқылы оқушы білімі есепке алынады

III Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Сөзжұмбақ








Е












Т












І


















С











Т















І


















К
















1)Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? (жеті)

2)Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі? (жіктеу)

3)Заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? Деген сұраққа жауап беретін сан есім? (реттік)

4)Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қолданылатын есімдік? (сұрау)

5) Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (алты)

6)Өз сөзі жалғану арқылы жасалатын есімдік? (өздік)

6)Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп деген сөйлемдегі белгісіздік есімдігін тап. (кейбір)






Ж

Е

т

і






Ж

і

к

Т

е

у





Р

е

т

т

І

К















С

ұ

р

а

у





А

л

Т

ы










Ө

з

д

І

к















К

е

й

б

і

р

Сөзжұмбақ











1)Жеті

2)Жіктеу

3) Реттік

4)Сұрау

5)Алты

6)Өздік

7)Кейбір



Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы өткен материалды қайталап, жаңа материалды қабылдауға дайындалады.

IV Жаңа материалды меңгерту:

Етістік-заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? немесе не істеп? қайтіп? не істесе? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың.

Етістік құрамына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді.Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады.

Мыс: кел, бар, жүр.

Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады.

Мыс: ойна, шегеледі, қарайып.





221 жаттығу

Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер.

Аялда, азай, жасар, соққыла, ашыл, шуылда, тыныштал, отырғыз, жатпа, кеткен, байқаңқыра, білдір, көргіз, салдыр, кептірт, тергіз, оқыт, ағарт, алдыр, өңгерт, жүгірт, ақтарыл.

Етістік-заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? немесе не істеп? қайтіп? не істесе? деген сұрақ тарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың.

Етістік құрамына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді.Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады.

Мыс: кел, бар, жүр.

Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады.

Мыс: ойна, шегеледі, қарайып.





221 жаттығу

Негізгі түбір туынды етістік жұрнақ

Аял аялда да

Аз азай ай

Жас жасар ар

Соқ соққыла қыла

Аш ашыл ыл

Шу шуылда ылда

Тыныш тыныштал тал

Отыр отырғыз ғыз

Жат жатпа па

Кет кеткен кен

Байқа байқаңқыра ңқыра

Біл білдір дір

Көр көргіз гіз

Сал салдыр дыр

Кеп кептірт тірт

Тер тергіз гіз

Оқ оқыт ыт

Жаңа тақырыпты түсіндіру арқылы мұғалімнің берген материалын меңгеруге тырысады, сабаққа зейін қойып қатысып отырады.
























Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы оқушылар негізгі және туынды етістіктерді бір-бірінен ажырата білуге дағдыланады

V Жаңа материалды бекіту

Тапсырма №1

Берілген мақалдарды етістіктермен толықтырыңдар.

1)Тіліңмен .................... ,

Біліммен ......................

2) Талапты ерге нұр .................

 3) Ел үмітін ер .....................

Ер атағын ел ....................

4) Аңдамай ................. ауырмай өледі.

 5) Жаманға сырыңды ......................

Шыныңды ..................

6) Ерте .................  жігіттің ырысы артық,

Ерте .................. әйелдің бір ісі артық







Тапсырма №2

Абай шығармаларынан етістіктерді табыңдар.

1) Ғылымды іздеп ,

Дүниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім.

(«Сегіз аяқ»)

2)Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім
(Жасымда ғылым бар деп ескермедім)
3) Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,-

(«Ғылым таппай мақтанба»)


4)Мақсатым –тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.
(«Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол»)
5) Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп,көріп,ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды.
(Он тоғызыншы сөзі)




Тапсырма №3

1-топ: Абай Құнанбаевтың “Қыс” өлеңінен етістіктерді тауып, өлеңді жатқа айту керек.

2-топ: Абай Құнанбаевтың “Күз” өлеңінен етістіктерді тауып, өлеңді жатқа айту керек


Тапсырма №4

Топшамамен жұмыс

1- топшама

1. Етістік дегеніміз не?

2. Етістіктің сұрақтарын ата.

3.Етістікке сөйлем құра.


2- топшама

1.Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді және қандай?

2. Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер.

Соққыла, шуылда, тыныштал, жатпа, байқаңқыра, білдір, салдыр, өңгерт, жүгірт, ақтарыл.

3.Туынды етістіктер қалай жасалады?

3- топшама

1. Етістіктің түбірі қандай тұлғамен сәйкес келеді?

2. Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар.

Асық, айқайла, жоғалт, теп, сыз, күл, өшір, ұмыт, ти, төк.


Тапсырма №5

Малдың төлдеуіне байланысты қимыл іс-әрекетті білдіретін етістікті тап:

Жылқы

Сиыр

Түйе

Қой

Ешкі

Ит

Мысық

Есек


Тапсырма №6

Күрделі етістікті дара етістікке айналдыр

Барып едім

Тыңдап отырмын

Көріп тұрмын

Сайрап отыр

Жинап жүр



Тапсырма №1



1)Жүгірме

Жүгір

2)Жауар

3)Ақтар

Сақтар

4)Сөйлеген

5)Айтсаң да,

Айтпа

6)Тұрған

Тұрған.








Тапсырма №2



1)іздеп,

көздеп,

үңілдім.



2)ескермедім,

тексермедім.




3)мақтанба,

баптанба,

шаттанба

4)шашпақ

ашпақ.




5)Болмайды,

Таниды,

Татып,

Естіп,

Көріп,





Тапсырма №3

1 топ: келіп қалды, алды, шайқалды, шалды, айналды.


2-топ: қаптайды, басқан, жарысқан, кетіп, айырылған.



Тапсырма №4

1- топшама

1. Етістік-заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.

2. не істеді? не қылды? қайтті?

3. Асан сабақты жақсы бағаға аяқтады.


2- топшама

1. негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік

2. Соқ, шуыл, тыныш, жат, байқа, біл, сал, өң, жүгір, ақтар.

3. Негізгі түбір сөзге жұрнақ арқылы жасалады.



3- топшама

1.Есім сөздермен.

2. Асықпа, айқайласпа, жоғалтпа, теппе, сызба, күлме, өшірме, ұмытпа, тиме, төкпе.




Тапсырма №5



Жылқы кісінейді.
Сиыр мөңірейді.
Түйе боздайды.
Қой маңырайды.
Ешкі бақырады.
Ит үреді
Мысық мияулайды.
Есек ақырады.



Тапсырма №6


Бардым
Тыңдадым
Көрдім
Сайрады
Жинады




Оқушылар бұл тапсырманы орындау арқылы сөдік қорларына жаңа мақал – мәтелдер қосады





















Бұл тапсырмадан оқушылар етістіктерді тауып, Абай шығармашылығымен танысады






















Абай Құнанбаевтың өлеңдерін естеріне түсіріп, ондағы етістіктердің қолданылуына назар аударады.











Сабаққа қатыспай отырған оқушыларды сабаққа қатыстыру, етістіктерді қалай меңгергендерін байқалтады.


















Оқушылар малдың төлдеуіне байланысты қимылдардың сөйлем ішінде қолданылуын меңгереді.








Тапсырманы орындау арқылы оқушылар күрделі етістіктерді дара етістікке айналдыруға дағдыланады.

VI Үйге тапсырма

1) 222-жаттығу

2) Етістік қатыстырып ертегі құрау

Оқушылар мұқият тыңдап,күнделіктеріне жазып алады.

Алған білімдерін үйге берілген тапсырмаларды орындау арқылы көрсетеді.

VII Бағалау

Оқушылар бүгінгі сабақты қорытындылай келе сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.


Оқушылар сабақ барысында көрсеткен белсенділігімен бағаланады.

Сабақты қоңырауға дейін қорытындыланады,оқушыларды бағалау арқылы оларды ынталандыру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі