Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері сабақтарында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің маңызы жоғары. Әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерінің артатыны белгілі. Сабақ үдерісінде бағдарламада белгіленген тақырыптар негізінде алдын-ала сәйкес келетін және нәтижеге қол жеткізетін әдіс-тәсілдерді жоспарлаған жөн.
Үлгі немесе мысал ретінде әдебиет пәніндегі Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін негізгі нысанға алдым. Сабақтың мақсаты бойынша әңгіменің мазмұнымен танысып, ата-ана, туған жер, Отан алдындағы парызды терең түсініп, оны дұрыс өтей білуге үйрету. Әрбір қойылған мақсаттың орындалғанын көрсететін көрсеткіш ол – күтілген нәтиже. Нәтиже бойынша оқушылардың сөйлеу әрі ойлау дағдысы дамиды, өмірмен байланыстырады, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіреді. Сабақтың өтілу формасы бойынша дамыта оқыту технологиясын қолдандым. Дамыта оқыту технологиясының да мұғалім үшін де, оқушы үшін де ұтымды тұстары жетерлік. Себебі, оқушы әңгіме желісін алдын ала оқып, таныс болады. Ал, мұғалім бұл орайда тақырып бойынша түрлі тапсырмаларды дайындап, нәтижелі сабақ өтуге жоспар жасайды. Сабақтың үш: ұйымдастыру, негізгі, қорытынды бөлімдерін кезеңдерге бөліп қарастырғанда, ұйымдастыру бөліміне: топқа бөлу, сергіту сәттерін, негізгі бөлімде әр кезеңіне тақырыпша қойып: «Талдау – табыс кілті», «Кейіпкерлер әлемі», «Сөздікпен жұмыс»,»шығармашылық жұмыс», «Ойлан, бөліс, талқыла!», ал қорытынды бөліміне: керібайланыс пен бағалауды кірістірдім. Топқа бөлу әдісі бойынша тақырыптың аясындағы түйінді «Міндет», «Парыз», «Борыш» сөздерін кеспе қағаздарға жазып, сынып оқушыларын үш топқа бөлдім. Сергіту сәтіне «Жүректен - жүрекке» деп аталатын әдісті алдым. Нәтижесінде оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. «Миға шабуыл» әдісі бойынша бірнеше сауалдар қойдым: «Қонақ деген кім?», «Қонақтың қандай түрлері болады?», «Үйлеріңе қонақтар жиі келеді ме?». Ойларын ортаға салу арқылы жауап қайтарып жатты. Күнделікті өмірде, үй тұрмысында кездесетін жайттарды баяндап отырды.
Негізгі бөлімдегі кезеңдер бойынша бірнеше тапсырмаларды жоспарладым. «Талдау – табыс кілті» кезеңінде «р топқа үш сұрақтан қойылды. Сұрақтар әңгіме желісі және қазіргі өмірмен байланыс туралы болды. Нәтижесінде оқушылар бір-бірінің жауаптарын толықтырып, топ мүшелерінің белсенділіктері арта түсті. «Кейіпкерлер әлемі» кезеңінде әр топтың оқушыларына таратпа материалдар таратылды. Онда әңгімедегі кейіпкерлердің сөздері берілген, сөздердің иесі қай кейіпкер екенін табуы тиіс. Нәтижесінде қанша кейіпкердің сөзін тапса, соншалықты ұпай жинай алады. «Сөздікпен жұмыс» кезеңінде оқушылар бастапқыда топқа бөлінгенде жазылған «Міндет», «Парыз», «Борыш»сөздерінің мағынасы мен анықтамасын жазуы керек. Нәтижесінде оқушы сөздерді ажырата алады және бір-бірімен байланысын біледі. «Шығармашылық жұмыс» кезеңінде «Менің парызым» тақырыбында шағын ой толғау жазады. Нәтижесінде жеке жүмыс және дәптермен жұмыс орын алады. Жеке тұлға ретінде әр оқушы озінің парызын таныстырып, ой бөліседі. «Ойлан, бөліс, талқыла!» кезеңінде оқушыларға арналған пікір алмасу ұйымдастырылады. Тақырыпқа сәйкес еліміздегі жаңалықтарда орын алып жатқан мәселелерге көзқарастарын білдіреді. Нәтижесінде бір-бірінің пікірін тыңдайды, ой бөліседі, ата-аналарына сый-құрметі арта түседі, өмір ағымында орын алуы мұмкін жайттардың болдырмауына бағыт-бағдар алады. Керібайланыс кезеңінде «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолдандым. Оқушылар берілген стиккерлерге сабақ барысында орын алған әдіс-тәсілдердің қайсысы тиімді, қайсысы тиімсіз болғанын көрсетіп жазғаны дұрыс. Нәтижесінде оқушы үшін тиімді болған және тиімсіз орын алған әдіс-тәсілдерді жазып, мұғалім болашақта ескеруі тиіс жайттар да осы керібайланыста көрсетілуі мүмкін.
Қандай әдіс-тәсілді пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
РОСО «Балдәурен - Шымкент»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Садыкова Лаура Жұманқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз