Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен білім беру жағдайлары мен сапасын жақсарту
Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. "Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз" деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Ол қазіргі білім беру саласында болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер арқылы мұғалімдерге үлкен міндет артуда. Даму мен үйрену бір үйдің егіз балалары секілді. Бір-бірінсіз толық салынбаған сурет секілді шимай болып қала береді. Дамығың келсе үйренесің, үйрене бастасаң, дамып жатсың деген сөз! Жаңа заман талабына сай, әлеммен бірге өзгеру мақсатымен менде жаңартылған бағдарлама бойынша курсты оқып, жаңа форматтағы ұстаз ретінде қалыптасып келемін. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануымен сыныптағы іс әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады.Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Менде ұстаздық жолымды мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне үйретуге жеті жыл бойы арнап келемін.
Қазақ тілі – өз ішінде салаларға бөлінетін, өзіндік сыры мен қыры көп, күрделі және бай тіл. Оның барлық сыр-сипатын, салаларын бірден тану, білдіру мүмкін емес, сол себепті тілдік материалдар өз жүйесі бойынша жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген ұстанымдарды есепке ала отырып үйретіледі. Қазіргі таңда қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесін алып отырғанда, басқа ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйрету екі бағытта жүргізілуі тиіс, біріншісі – олардың ауызекі байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бағытында, екіншісі – осы ауызекі сөйлеу тілін сауатты жаза білу бағытында. Студенттердің сауаттылығын дамыту мақсатында көптеген жұмыс түрлерін өзімнің іс-тәжірибемде кеңінен қолданылып келемін. Ондағы мақсатым – студенттерді сауатты жаза білуге үйрету. Қазақ тілінде сауатты, жақсы жетік сөйлеу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, сауатты жаза білу де міндет. Сауатты жаза білуге үйрету арқылы студентке жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырумен қатар, жазылым арқылы ауызекі сөйлеу тілін де дамытады. Студенттерді сауатты, көркем жазу мәдениетіне үйрету үшін оқулықта берілген жаттығу, тапсырмаларды орындап қана қоймай, студенттің біліміне сәйкес түрлі жазылым жұмыстарын түрлендіре жүргізіп отырамын. Студенттерді қазақ тілі мен әдебиеті сабағына деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін, тіл үйренуге деген ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жұмыс жасап келемін. Қазір жаңа технологиялардың түрі көп. Әсіресе, орыс топтарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту көп нәрсені талап етеді. Сондықтан, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды сабақтарымда үнемі қолданып отырамын, соның арқасында көздеген нәтижеме қол жеткізіп отырмын. Менің әдістемелік тақырыбым «Студенттердің тіл байлығын, сөздік қорын молайта отырып, тілге деген қызығушылықтарын ояту». Менің міндетім - өз ана тілімізде өзге ұлт пен өз қазағымызды сауатты жазуға, ойларын қазақ тілінде таза жеткізе білуге үйрету. Мен колледж студенттерін қазақ тілін білсін, құрметтесін, үйренсін деген оймен өз студенттерімді көптеген сайыстарға қатыстырдым. Мен тіл маманы болғандықтан заман талабына сай « Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да жұмыс жасап, өскелең ұрпақты салт-дәстүрге деген сыйластықпен қарауға үйретемін. Қазақ тілінің мәртебесі жылдан – жылға өсіп келеді, сонымен қатар студенттердің тілге деген көз – қарасы өзгеріп, тілді үйренсем – білсем деген талаптары күннен – күнге өсіп жатыр. Сондықтан мен өзімді жаңа форматтағы мұғалім есебінде санаймын.
Жаңа форматтағы мұғалім – шығармашыл тұлға, негізгі мақсаты - сабақ үрдісін ұйымдастыру жаңа технологияларды қолдану, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өзіндік, танымдық біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді, сондықтан біліктілікті арттырудың тиімді жолдары түрлі сайыстарға қатысу болса, еңбек жолын бастағаннан бері үздіксіз конкурстар арқылы білімімді сынап, әдістемелік шеберлігімді жетілдіріп, мамандығыма қажет тәжірибе жинаудамын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, әрбір талантты студент еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды студенттердің көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты деп білемін. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты еңгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды. Сондықтан, оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қана қоймай, әлеуметтік – педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеруіміз қажет. Бұл ұсақ ұстанымсыз өз – өзімен, сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен құндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды деп санаймын.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Кеншиликова М.М.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз