Еркін ауылдық округіндегі МДШО бар №26 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды
оқушылармен жүргізілетін жұмыс
ЖОСПАРЫ
2024 - 2025 оқу жылы
Пән мұғалімі Жумадилова А.Қ.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс
ЖОСПАРЫ
Түсінік хат
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен оқушылардың қабілеттерін жетілдіріп, дарындылыққа дейін жеткізу мұғалімнен тыңғылықты дайындықты қажет етеді. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырымын, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік орнымызды анықтау – мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп отыр. Соның бірі және бірегейі – оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, еліміздің ертеңі жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер кезінде танып, аша білу. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық бейнені сақтау – ең негізгі құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға тікелей байланысты. Оқылатын пәндердің нысандары тіл арқылы ғана танылады. Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы басты мәселе.
Дарындылық – бұл өмір бойы жүйелі дамып отыратын психика сапасы, адамның басқалармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекет түрлеріндегі қол жеткізген жоғары жетістіктерінің көрінісі.
Дарынды бала - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін бала.Бүгінгі күнге дейін психологтардың көпшілігі дарындылықтың деңгейі, сапалы басқалай өзгешелік және даму сипаты тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік орта мен жанама түрде баланың өз іс-әрекетінің (ойын, еңбек, оқу және т.б) күрделі әрекеттестігі деп мойындайды. Сонымен қатар баланың өзіндік белсенділігі, тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері де үлкен мәнге ие, өйткені олар жеке дарынның қалыптасуы мен дамуына негіз болады. Сондықтан, жоспарда оқушылардың дарындылығын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері қамтылған. Жоспарда оқушылардың сөйлеу және сауатты көркем тілмен жаза білу біліктерін жетілдіру түрінде қарастырады. Қамтылған жұмыс түрлері оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болатындай етіп құрылған. Балалық жас – қабілеттер мен тұлға қалыптастыру, бала психикасында шоғырланған түрлі үрдістерді саралау кезеңі. Сондықтан оқушы дарындылығын дамытудың маңызы зор.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың мақсаты:
-
оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту;
-
оқушылардың тілдік көркем стильді ауызша, жазбаша түрде қолдана білу біліктерін жетілдіру;
-
шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың міндеті:
-
сабақ және сабақтан тыс кезеңдерде көркем әдебиетке сүйіспеншілікке баулу;
-
тілдік қолданыстарының әдеби деңгейін қалыптастыру;
-
таным белсенділігі мен өзіндік ізденісті жетілдіру;
-
логикалық ойлауын, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағыттау;
-
өзін-өзі дамытуға, болжам жасай білуге жағдай жасау.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
-
оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;
-
кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;
-
Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;
-
Сөз бояуын құбылта алады.
-
Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.
-
Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;
-
Әдеби тілдік нор-маларды ұтымды қолданады, зерттеушілік қабілеттері дамиды;
-
Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.
1.
Сабақтың үш кезеңінде қолдануға оңтайлы стратегиялардың тілдік дарындылықты дамыту стратегиялары:
Оқушы әрекетінің дарындылықты дамытуға әсері.
1.«Тірек сөздер».
Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды.
2.«Болжау» кестесін құру.
Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді, ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты.
3.«Үш қадамдық сұхбат».
Жүйелі де маңызды сұрақтар ойластырып, сұраққа ұтымды жауап іздеп, оларды хаттап жаза отырып, ауызша және жазбаша тілдік оралымдарды қолдану қабілері қалыптасады.
4.«Бір айналым сөйлесу».
Бірінің ойын бірі жалғастыру арқылы логикалық байланысқа түседі.
5.«Жазу әрекетін ұйымдастыру».
Тақырып таңдай келе, негізгі ойды жүйелеу үшін неғұрлым ұтымды шығатын сөздерді іріктейді.
6.«Ұғымдар келеді».
Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді.
7.«Ой қозғау».
Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.
8.Эссе жазуға үйрету, ғылыми ізденіс жұмыстарына бағыттау.
Мағынаны ашу кезеңіндегі стратегиялар:
«Кең ауқымды лекция», «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», «Қабырғаға қарап оқу», «Автор орындығы», «Жұптасып пікір алысу»,«Түртіп алу» т.б. тілдің танымдық іс-әрекетінің құралы, ойлау формасы және тілдік дарындылықты дамытудың негізі болып табылады.
3.
Ой толғаныс кезеңінде қолдануға болатын стратегиялар:
«Т» кестесі Оқушы қарама-қарсы ұғымдарды дәл беру
мақсатында керекті сөз қолданыстарын іздестереді.
« Екі жақты түсініктеме күнделігі» Таңдап алған үзіндіге
комментарий жасау барысында өзіндік сезімді үйлестіру үшін тілдік тәсілдерді таңдайды.
«Пікірталас» Мәселені ұтымды шешуге, өз көзқарасын
дәлелдей білуге талпына отырып, көпшілік ортада шешен сөйлеуге жаттығады.
«Еркін жазу» Оқылған материалға байланысты өз ойын білдіру үшін жазудың түрлі құралдары мен тәсілдерін таңдауы оқушының өзіндік жазу стилін қалыптастырады.
«Соңғы сөзді мен айтамын» Таңдап алған үзіндіге толық,
жан-жақты талдау жасау барысында өзгелер айтпаған пікірлерді табу үшін сөздерді ұтымды, дұрыс қиюластыруға тырысады. «Галереяға саяхат» Басты ұғымдарды беруде басқадан өзгеше, ерекше болу мақсатында жазылатын бұл жұмыс нағыз дарындылықты қажет етеді.
4.
1..Мектепішілік және қалалық әдеби-танымдық шараларға қатыстыру.
2.Аудандық, облыстық, халықаралық Бітібаева Қ.О. атындағы олимпиадаларға қатысу.
3.Қашықтан өткізілетін олимпиадаларға қатыстыру: КИО, ТИО т.б.
4.Мектепішілік, қалалық, аудандық, облыстық «Дарын», «Зерде» ҒЖБ қатыстыру.
5.Қалалық «Ілияс», «Ә.Кекілбаев», «К.Тоқаев», «Ақберен» т.б байқауларына қатыстыру.
6. Қалалық, облыстық эссе жазу байқауларына қатыстыру.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ТІЗІМІ:
|
№ |
АТЫ-ЖӨНІ |
СЫНЫБЫ |
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
Нәтижесі |
|
1 |
Тілеубек Алихан |
7 «а» |
Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы, оқу озаты. Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу, зерттеушілік қабілеті бар, ізденімпаз, жауапкершілікті. «Зерде» ҒЖБ қатысады. Зерттеу тақырыбы : «І.Жансүгіровтың «Киіз үй» өлеңін сатылау кешенді талдау» Зерттеу жұмысын бастаған уақыты: 2024 ж., сәуір айы. Қатысу мерзімі: ҚББ жоспарына сәйкес. |
|
|
2 |
Қапалбек Аружан |
9 «б» |
Оқуға ынтасы жоғары, екпінді оқушы. Ерекшелігі: мектеп белсендісі, көркем шығармаларды оқығанды жақсы көреді,эссе жақсы жазады. Қалалық К.Тоқаев байқауына қатысады. Қатысу мерзімі: 2024 ж. қазан айы. |
Қалалық К.Тоқаев байқауы ІІ орын алды. |
|
|
Асқар Наби |
8 «а» |
Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Екпінді оқушы. Ерекшелігі: мектеп белсендісі, көркем шығармаларды оқығанды жақсы көреді,эссе жақсы жазады. Қалалық «Ақберен» оқуларына қатысады. Қатысу мерзімі: 2024 ж. қазан айы. |
|
|
2 |
Жақсыбек Даяна |
«7ә» |
Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Екпінді оқушы. Ерекшелігі: мектеп белсендісі, өлең жаттау қабілеті жоғары.Ән айтады, өлең шығарады. Қалалық «Ілияс» оқуларына қатысады. Қатысу мерзімі: 2025 ж. мамыр айы. |
Республикалық «Ақберен» танымдық-шығармашылық байқауы -І орын. |
|
3 |
Бегалы Раййан Жақсыбек Даяна Сабазова Асель |
7«а», 6«а», 9«б», |
Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы. Екпінді оқушы. Ерекшелігі: өлең шығарады, мәнерлеп оқуды, өлең талдауды жақсы біледі, эссе жазады, поэзияны жақсы көреді. Мектепішілік,қалалық , облыстық түрлі әдеби байқауларға қатысады.Қатысу мерзімі: 2024-2025 оқу жылдары. |
|
|
4 |
Базарбекұлы Шалқар |
8в |
Ерекшелігі: қазақ тілі пәнінен грамматика саласын жақсы меңгерген. Мектепішілік,қалалық , облыстық пән олипиадаларына қатысу. Ауыл олимпиадасына қатысады.Қатысу мерзімі: 2024-2025 оқу жылдары.Қазан-қараша айлары. |
|
|
5 |
Жақсыбек Даяна |
7 |
Ерекшелігі: сурет салады, мәнерлеп оқуды, өлең талдауды жақсы біледі, эссе жазады, поэзияны жақсы көреді. Мектепішілік,қалалық , облыстық «Әбіш оқуларына» қатысады.Қатысу мерзімі: 2024-2025 оқу жылдары. |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс ЖОСПАРЫ

шағым қалдыра аласыз