Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа олимпиада тапсырмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа олимпиада тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі және әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2024
640
7 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық

олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

5 сынып

1-15 тапсырмалар (әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай)

1. Буын талғайтын дыбысты табыңыз.

A) у

B) е

C) а

D) ә

E) ы

2.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Мен Тілеуқабыл баламды сағындым.

B) Үйге жас бала келді.

C) Мен тапсырманы орындадым.

D) Пышақтың ұшы майысып қалыпты.

E) Дауыл басылды.

3. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз.

A) бастаңғы

B) диуана

C) жаңбыр

D) қоңыз

E) мақсат

4. Кірме сөзде қандай заңдылық сақталмайды?

A) орфографиялық заңдылық

B) орфоэпиялық заңдылық

C) үндестік заңы

D) стильдік ерекшелік

E) пунктуация

5. «Полисемия» деген не?

A) дара мағыналы

B) мағынасы жоқ

C) тура мағына

D) көп мағыналы

E) ауыспалы мағына

6. Тура мағыналы сөзді табыңыз

A) қара тас

B) жуас кісі

C) тас жүрек

D) терең ойлы

E) ыстық ықылас

7. Мақалдардан антоним сөзді табыңыз.

A) Ер мойнында қыл арқан шірімес.

B) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

C) Ананың көзі – балада, баланың көзі – далада.

D) Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.

E) Көз – қорқақ, қол – батыр.

8. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.

A) бауыр басу – ақ саусақ

B) таяқ тастам жер – ит өлген жер

C) екі езуі екі құлағында – төбесі көкке жету

D) ит арқасы қиянда – маңдайының соры екі елі

E) көз ілмеу – көз шырымын алу

9. Туынды сөзді табыңыз.

A) бізбен отыр

B) от ала келу

C) мектептен кету

D) қуыс мойын

E) сіздің ойыңыз

10. Қайталама қос сөзді табыңыз.

A) балапандар

B) бала- шаға

C) анда-санда

D) бетпе- бет

E) киім- кешек

1- мәтін

Жетіқарақшы

1. Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы. Жетіқарақшы Темірқазықты тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде пайдаланған.

2. «Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты айнала оттайды.

Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді. Таң атысымен Жетіқарақшы көзден тайып, тасаланады.

3. Ұрылар жетеу ғана емес. Қалың жау – қырыққарақшы алыста торуылдап жүр. Анау Босаға мен Жетіқарақшының арасынан көрінген ұсақ жұлдыздар Қырыққарақшы жұлдызы. Жетіқарақшы – олардың барлаушысы. Алдымен батырлардың мықты аттарын қолға түсіріп алып, Қырыққарақшы содан кейін елді шаппақшы деген халықтың дүниетанымында қатталған аңыздың көне нұсқасы мифологиялық наным-сенімнен бастау алса керек.

4. Жетіқарақшы ожау бейнесі бар жеті жұлдыздан тұрғандықтан, әрі халық түсінігі бойынша елді күзететін қарақшы ретінде танылғаннан кейін «Жетіқарақшы» атанған болуы керек.

11. «Жетіқарақшы» деп аталуының мәні

A) Елді күзететін қарақшы ретінде танылуына байланысты

B) Қалың жау – қырық қарақшы алыстан торуылдауы

C) Аңыздың көне нұсқасы мифологиялық наным-сенімнен бастау алуы

D) Түсінің, көлемінің әртүрлі болуы

E) Темірқазықты тәулігіне бірнеше рет айналып өтетіндігі

12. Мәтінде берілмеген ақпаратты анықтаңыз

A) Түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде пайдаланған.

B) Таң атысымен Жетіқарақшы көзден тайып, тасаланады.

C) Жетіқарақшы туралы ғылыми деректер бар

D) Жетіқарақшы ожау бейнесі бар жеті жұлдыздан тұрады

E) Аңыздың көне нұсқасы мифологиялық наным-сенімнен бастау алған

13. 2 және 3 азатжолдардағы ұқсастық

A) Халықтың дүниетанымында қатталған аңыздың көне нұсқасы

B) Мифологиялық наным-сенімнен бастау алуы

C) Темірқазықты тәулігіне бір рет қозғалуы

D) Ожау бейнесі бар жеті жұлдыздан тұруы

E) Елді күзететін қарақшы ретінде танылуы

14. 1 азатжол мазмұнына лайық мақал-мәтел

A) Жеті қарақшыны таныған адам,

Жеті қараңғы түнде адаспайды.

B) Үркерлі айдың бәрі қыс

C) Жұлдыз тумай-ай болмас.

Жұрынды болмай бай болмас.

D) Темірқазық адастырмайды.

E) Жұлдыз жолы ағылған,

Мауқын басар сағынған.

15. Мәтіндегі қорытынды тұжырым

A) Жетіқарақшының ожау бейнесі бар жеті жұлдыздан тұруы

B) «Жетіқарақшы» атануының мәні

C) Елді күзететін қарақшы ретінде танылу себебі

D) «Жетіқарақшы» атануының шығу тарихы

E) Аңыздың көне нұсқасының маңызы

16 -25 тапсырмалар (әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай)

16. Тұрмыс-салт ертегілері қай ертегінің саласына жатады?

A) Қиял-ғажайып ертегілердің бір саласы

B) Қазақ ертегілерінің бір саласы

C) Ауыз әдебиетінің ерекше түрі

D) Шыншыл ертегілердің бір саласы

E) Хайуанаттар туралы ертегілердің бір саласы

17. Қазақ ертегісінің ең көп тараған түрі –

А) Хайуанаттар туралы ертегілер

В) Қиял-ғажайып ертегілер.

С) Шыншыл ертегілер

D) Аңыздар

Е) Тұрмыс-салт ертегілері

18. Ер Төстіктің астына мінген аты –

A) Керқұла

B) Шалқұйрық

C) Байшұбар

D) Тарлан

E) Тайбурыл

19. Құрылысы жағынан батырлар жырына тән ерекшелікті анықтаңыз.

A) Өзіне серік жары мен аты табылып, жасынан ел қамын, жұрт пайдасын ойлайды.

B) «Мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталады.

C) Тарихта болған танымал тұлғалар туралы тарихи шындыққа негізделген оқиға.

D) Бірнеше өнер түрлері бірлесе көрінеді.

E) Тарихи оқиға белгілі бір тау-таспен, өзен-көлмен байланыстырыла баяндалады.

20. Сонда Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы,

Саз балшықтай иледі.

Арандай аузын ашады,

Аяғын топ-топ басады,

Бір төбенің тозаңын,

Бір төбеге қосады.

Тайбурылдың шабысы суреттелгенде қолданылған тәсілді анықтаңыз.

A) шендестіру (антитеза)

B) әсірелеу (гипербола)

C) мегзеу (синекдоха)

D) пернелеу (аллегория)

E) алмастыру (метонимия)

21. Қарсақбай, Шыңғырлау атаулары қай шығармада кездеседі?

A) «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

B) «Қыпшақ Сейітқұл»

C) «Егіннің бастары»

D) «Асан қайғының жерге айтқан сыны»

E) «Мексика ұлы»

22. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті тарихында пайда болған бағытты

белгілеңіз.

A) реализм

B) ағартушылық

C) постмодернизм

D) сентиментализм

E) символизм

23. Ыбырай Алтынсаринның «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің негізгі түйінін анықтаңыз.

A) Отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеу

B) Мейірімділік, рақымды болуды үлгі ету

C) Табиғатты аялау

D) Еңбек етуге, жақсылыққа ұмтылу

E) Кішіге өнеге болу

24. Аллегория тәсілі қолданылған шығарманы анықтаңыз.

A) Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі

B) Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі

C) Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

D) Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

E) Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы

25. Шығыс халықтары фольклорында жағымды образ ретінде кездесетін, сипатталатын кейіпкерді белгілеңіз.

A) Қыпшақ Сейітқұл

B) Атымтай Жомарт

C) Асан қайғы

D) Қобыланды батыр

E) Шық бермес Шығайбай

26 -30 тапсырмалар (әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай)

26. «Қайтсін, кіндігі бір болса да, өскен ортасы басқа. Адам жаңа қалпақ екеш қалпақты да байқап-байқап киеді. Жер астынан шыққан Желім батырдай жабыса кеткен жаңа ағасын жатсынып отыр ғой. Өзіме де обал жоқ. Әуелі хат жазып, тіл алмасып, ағайын, аға жайын құлағына жайлап сіңіріп алған жөн еді. Жиырманың төртеуіне келген мен бүйтіп берекем қашып, күлім шашылғанда, бесіктен белі шықпай жатып, туған жерден шығандап кеткен бұған не жорық!»

Үзінді кімнің ойы екендігін анықтаңыз.

A) Манап

B) Қали

C) Виктория Ивановна

D) Сымбат

E) Эльжбета Сергеевна

2 - мәтін

Бір Әлім адам жапанда келе жатып, аяғы астында бір үлкен тасқа сүрініп жығылып, ойлады: бұл тас адамға зиян келтіретін тас екен, жолдан алып тастайын деп. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынан бір сандық шықты, сандықты ашып еді, ішінен бір жылан шығып, шағамын деп Әлімге ұмтылды, Әлім айтты: - Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқыннан шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма? Жылан айтты: Бар.

Әлім айтты: Олай болса біреуге жүгінелік, төрелік саған тисе шағарсың, - деп. Жылан да бұл сөзге тоқтап, екеуі келе жатып, түйеге жолықты. Түйеге бұлар істерінің мәнісін айтып еді, түйе айтты: - Жақсылықка жамандық бар, не үшін десеңіз: мен адамның қанша ауыр жүгін, мүлкін тасып, өмір бойы қызмет істесем де, адам қай уакытта шамамнан тысқары жүк артады да, жүре алмасам ұрып-соғып ренжітеді. Жылан мұны есітіп, Әлімнің мойнына бір оралды. Мұнан шығып жеміс ағаштарына келіп жүгінді. Бұл ағаш та айтты: Жақсылықка жамандық бар, не үшін десеңіз: менің жемісіммен қанша адам күн көріп пайдаланып тұрса да, жемісімді жан ауыртпай қолымен алмай, түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді, - деді. Жылан Әлімнің мойнына тағы бір оралды. Онан кетіп бір итке жолығысты. Ит те айтты: - Жақсылыққа жамандық бар, мен иеме қанша түн-күн ұйықтамай мүлкін, малын, өзін бағып қызмет қылып едім, ақырында мен қартайып аурулы болған соң, таяқтап ұрып мені қуып жіберді, - деді. Жылан және бір оралып, енді шағамын деді.

Әлім айтты: - Енді тағы біреуге-ақ жүгінейік, төрелік тағы саған тисе, шаға бер. Сонан шығып бір топ ойнап жүрген балаларға келді. Ішінде бір бала Әлімге сәлем берді. Әлім сәлемін алып, сол балаға істерінің мәнісін айтты. Бала есітіп болып:

- Әй, ата, бекер сөйлейсің, осы қолыңдағы кіп-кішкентай қобдиға мойныңа үш оралған әйдік жылан сыюшы ма еді? - деді. Сонда жылан да айтты: - Бұл сөз рас, - деп. Бала тіпті нанбады, «бұл сөзге көзбен көрмей кісі нанып болмас» деп. Сонда жылан баланы нандыру үшін иіріліп барды да, манағы қобдиға кіріп жатты. Бала сонда тарс еткізіп сандықты жауып бекітті де, Әлімнің қолына берді, «апарып алған орныңызға қойыңыз» деп.

27. Әлім адамның тасты жолдан алып тастамақшы болуының себебі қандай?

A) сүрініп жығылып қала жаздауы

B) тастың басқа адамға зиян келтірмеуін ойлауы

C) жолды тастан тазартуы

D) тастың астындағы сандықты алу мақсаты

E) жапанда жатқан үлкен тасты көрмеуі

28. Әңгіменің басындағы Әлім кісінің әрекеті мен соңындағы әрекетінің айырмашылығын анықтаңыз

A) Жыланды сандықтан құтқарады

B) Баланың ақылына тәнті болады

C) Жақсылығына жамандық жасалады

D) Баланың арқасында жыланнан құтылады

E) Әрекет жасау алдында ойланады

29. Әлім мен жылан үшінші рет жүгінген төреші нені мысалға келтіреді?

A) Адамның түбінен қатты ұрып, жемісін жерге түсіріп алатындығын

B) Шамасынан тысқары жүк артып, жүре алмаса ұрып-соғатынын

C) Кіп-кішкентай қобдиға мойнына үш оралған әйдік жылан сыймайтынын

D) қараңғы, тар жерден, тұтқыннан шығарғандығын

E) Қартайып аурулы болғанда адамның таяқтап ұрып қуғанын

30. Әңгіменің негізгі ойына сәйкес нақыл сөзді анықтаңыз.

A) Жақсылыққа - жамандық

B) Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да оңдырмас.

C) Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.

D) Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,

Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

E) Байлық мұрат емес, жоқшылық ұят емес


































Тест жауабы:

  1. D

  2. А

  3. C

  4. C

  5. C

  6. A

  7. E

  8. A

  9. C

  10. D

  11. А

  12. С

  13. Е

  14. А

  15. В

  16. С

  17. С

  18. В

  19. А

  20. В

  21. D

  22. В

  23. D

  24. D

  25. B

  26. C

  27. A

  28. A

  29. E

  30. A

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!