Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инклюзивті білім беру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инклюзивті білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инклюзивті білім беру
Авторы:
23 Ақпан 2024
470
18 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инклюзивті білім беру


Инклюзивті білім беру – бұл ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін ескере отырып, барлық оқушыларға білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Инклюзивті білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

Елімізде әлемдік білім беру деңгейіне жету үшін әртүрлі іс-шаралар енгізілуде. Осы тұста жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үрдісін атап өтуге болады.

 

       Жалпы «инклюзия» дегенге тоқталытаны болсақ, бұл сөз ағылшын тілінде (inclusive) - "қосу", ал француз тілінен аударғанда (inclusif) – енгізілген, қамтылған деген мағынаны білдіреді. Яғни, енгізілген немесе қамтылған білім деп атаса да болады. Бұл термин білім беру мекемелерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың оқу үрдісін сипаттау мақсатында қолданылады.

 

       Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:

 

  • - барлығына тең мүмкіндіктер;

  • - балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістерін, құралдарын анықтауға жеке көзқарас;

  • - баланың өзіндік белсенділігі үшін жағдай жасау;

  • - балаларды, ата-аналарды, педагогтарды білім беру процесіне белсенді қосу;

  • - мүмкіндігі шектеулі баланың отбасымен серіктестік құру.

 

       Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны үш түрлі бағдарлама бойынша жүргізіледі:

 

  • - жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары

  • - мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары

  • - мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы

 

       Осы тұста балаларды оқытудың келесідей түрлерін ажыратуға болады:

 

  1. 1. Стационар

  2. 2. Үйде оқыту

  3. 3. Коррекциялық балабақшада оқыту

  4. 4. Кері инклюзиядан түзеу балабақшасында оқыту

  5. 5. Ішінара инклюзия

  6. 6. Толық инклюзия

 

       Бүгінгі күні бүкіл елде кең тараған инклюзивті білім берудің өз артықшылығымен қоса кемшілігі де бар. Инклюзивті білім берудің бірқатар кемшіліктері:

 

  1. Білім берудің инклюзивті нысанын қажет ететін адамдарды қолдау үшін тиісті білімі бар білікті кадрлардың (тәлімгерлер, мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, логопедтер, дефектологтар, психологтар) болмауы;

  2. Оқу құрамы тарапынан оқушының білімін объективті бағалау (көбінесе оны асыра бағалау) әрдайым бола бермейді, өйткені оның денсаулығына байланысты оған мейірімділік танытады;

  3. Білім берудің инклюзивті түріне мұқтаж азаматтар үшін жеткілікті ақпарат көлемінің болмауы.

 

       Нәтижесінде мектепті бітірген және одан әрі білім алмаған және мемлекеттің асырауындағы адамдар пайда болады. Инклюзивті білім берудің тәсілдерін меңгеру отбасы үшін де пайдалы. Бұл жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың отбасылары басқа ата-аналардың қолдауына ие бола алады, олар балаларының дамуы типтік және атиптік емес екенін жақсы түсінеді, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеу процесіне белсенді қатысады.

 

       Қазіргі таңда мен ерекше білім беруді қажет ететін балалармен тығыз жұмыс жасаймын. Жұмыс барысында әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар екенін түсіндім, талдау жасадым. Мысалы, әр оқушының эмоционалдық және психологиялық, физиологиялық даму ерекшелігі әртүрлі. Осыған байланысты оқу мақсатын, міндетін дұрыс айқындай білу керек. Оқытудың әдіс-тәсілдерін және оларды оқушылардың қабілетіне , қызығушылығына ,біліміне байланысты бейімдеу қажет.

 

       Қазақ тілі мен әдебиет сабағында тақырыптарды баланың деңгейіне байланысты ойын түрінде ұйымдастырса болады. Тақырыптарды төмендегідей жұмыс түрлері арқылы ашуға болады:

 

  • - Диалог

  • - Карточкакмен жұмыс

  • - Сурет бойынша жұмыс

  • - Экскурсия

 

       Мұндай ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге немесе ойын талабын бұзған баланы жазалауға болмайды.

 

       "Жоғалған сөз"ойыны. Мақсаты: балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.

 

       "Кім іс-әрекетті көбірек атайды" ойыны. Мақсаты: жылдам ойлау қабілеттерін дамыту. Іс-әрекеттерді етістіктер арқылы бейнелеу.

 

       “Төлін тап “ ойыны баланың есту қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойын.

 

       "Аз-көп" ойыны. Мақсаты: балаларды сөздерді жекеше және көпше түрде айта білуге үйрету.

 

       "Сөздерді керісінше айт"ойыны. Мақсаты: балаларды антонимдерді қолдануға үйрету. Ойын кез-келген тақырып бойынша өткізілуі мүмкін. Материал: доп немесе тақырыптық суреттер.

 

       Бұл ойындарлы кез-келген бағдарламалық материалды игеру кезінде қолдануға болады және жеке, топтық сабақтарда өткізіледі.

 

       Қорыта келгенде, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда мұғалінің іскерлігі мен білімі өте маңызды рөл атқарады. Бұл балалардың дамуы үшін мұғалімдердің алдында үлкен жауапкершілік пен міндет қойылады. Сонымен қатар мұндай жұмыстарды мұғалім тек оқушымен ғана емес, ата-анамен де тығыз байланыста болу қажет, тіпті олармен бірігіп оқыту процесінде әртүрлі жұмыстарды жүргізуге болады. Ерекші білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау үшін кез-келген мұғалім арнайы қайта даярлау курстарынан өткен абзал деп санаймын, себебі инклюзиялық білім беру заман талабына сай жүргізілуі керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!