ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ, ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ, ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ, ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ Баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ, ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


Қазіргідей үздіксіз өзгерістер мен жаңа технологиялар заманында біздің оқушыларымыз үшін түрлі ғылым саласын жәй ғана білуі жеткіліксіз. Жаһандану заманында білімді болумен бірге, сол біліміңді өмірде тиімді қолдану, кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің жолдарын таба білуі маңызды.

Осыған байланыста елімізде оқушының оқу, жазу сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Білім беруді модернизациялау мектептегі білім берудің мақсатына сәйкес білім беру нәтежиесін жоспарлауды, оны қайта қарап, жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық білім саласына өте жоғары талап қойып отыр. Қазақстан мектептеріндегі білім беру сапасы өте жоғары, бәсекеге қабілетті болу керек.

Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу - білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда.

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деген болатын.

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «оқу, жазу сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге алынып отыр.

Оқушылардың оқу, жазу дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Қазіргі тез өзгермелі әлемде оқу, жазу сауаттылығы – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай - ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор болып табылады.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске түсіп, критериалды бағалау жүйесіне өтуде. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда.

Оқушылардың оқу, жазу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор. Соның ішінде, мектеп оқушыларының тілдік дағдылары енді ғана қалыптасатынын ескерсек, мәтінмен жұмыс жасауға бейімдеудің маңызы зор. Мұғалім сабақта берілген мәтінмен жұмысты топтық жұмыс түрінде ұйымдастыра отырып оқушыларға мәтінді бірлесіп зерттеу жасауға және өз идеяларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Оқушылардың талдау, синтез, бағалау секілді дағдыларын пайдалануына, дамытуына ықпал етеді. Оқушыларды ақпаратты іздеуге және күрделі мәселелерді өз бетінше түсінуге ынталандырады. Жалпы алғанда оқу сауаттылығының аспект құрамдауышының «ақпарат іздеу», «кеңінен түсінуді қалыптастыру», «интерпретациялауды дамыту», «мәтін мазмұнын көрсету және бағалау», «мәтін нысанын көрсету және бағалау» жұмыстары жүргізіледі.

Мәтінмен жұмыс істеу мұғалімнің жан-жақты ізденуін, дайындалуын қажет етеді. Мұғалім барлық жұмыс түрлерін қадағалап отыруы тиіс. Мәтінді толық түсіну үшін арнайы тапсырмалар беріледі, олар оқылады. Мәтін бойынша төмендегідей тапсырмалар беруге болады: 

1.Сөздікпен жұмыс; 

2.Жай сөйлемнен сұраулы сөйлем жасау жұмысы; 

3. Сөйлемдерге жауап беру; 

4. Синоним, омоним, антоним сөздерін табу; және т.б. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар мәтінді меңгереді. Бұл тапсырмаларды орындау барысында мұғалім бақылау жүргізеді, жіберген қателерін үнемі дер кезінде түзетіп отыруы тиіс. 

Осы секілді жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой – өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Мәтін-адамдар арасындағы тілдік қатынас, яғни, адам ойын мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Мәтін-ойлау, хабарлау, қабылдау, баяндау құбылыстармен тығыз байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынасатын іске асуына негіз болатын жүйелі тұлға. 

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар: 

1.Дыбыстармен жұмыс

2.Сөздіктермен жұмыс 

3.Сөздік қорларын жетілдіру. 

4.Тіл дамыту. 

5.Ережемен жұмыс. 

6.Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру. 

Мәтінмен жұмыс жоғарыда айтылған сабақ кезеңдерін бір жүйеге келтіреді. Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы керек. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар - балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсаринның «Мұғалімнің жұмысы – балалар. Ендеше балалар түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны. Ол өзін-өзі кінәлауы тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеп, шыдамдылық көрсетуі тиіс, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдер пайдаланбау керек» деуінде мән-мағына жатыр. Бұл, сөз жоқ, қазіргі мұғалім бойынан табылмағы ләзім. Жаңа қоғамға жаңа адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Демек, Елбасының «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген қағидасына сүйенсек, қазіргі қоғамдағы дамудың басты факторлары: білім, ғылым, саяси тұрақтылық екенін, яғни заман өзгергенімен, мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі білім-ілімсіз әсте мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың оқу, жазу сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді.

Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Шетел ғалымдары тұжырымында «Білім нәтижесі оқытудың белгіленген кезеңдерін аяқтаған да, оқушы нені біледі, нені істей алады?» деген сұрақтар жауабымен аяқталады. Осыдан келіп оқыту түбінде бір нәтижелі өнімді бағытта болуы керек деп тұжырымдайды. Оқушыға берілетін білімді ұйымдастыруға сол арқылы саналы меңгертуде және оны қолдана алуында нәтиже беруі керек. Білім берудің жаңа жүйесіне байланысты оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру- оқытудың дидактикалық негізін құрайды

Рефлексия арқылы адам өзіне өзінің ойлау деңгейінен ғана емес, өзгенің көзқарасы арқылы да қарауы тиіс, яғни «Маған айналамдағылар қандай баға беруі мүмкін?» немесе «Мен өз ортамда қандай деңгейде тұрмын?» деп ойлануы да жатады. Рефлексия әрекетті қолдап, оны бекітіп отырады. Жалпы, әрекетсіз рефлексия, рефлексиясыз әрекет болмайды Адамның өзінің (немесе өзгенің) санасына, ойлауына және мінез-құлқына, қол жеткізген білімі мен қылықтарына назар аударуы, ой елегінен өткізуі рефлексия деп қарастырылады. Рефлексия - адамның өз ойын, сезімі мен уәждерін ұғынуы, талдауы. Ой, сөз, қиял сияқты саналы қызметтің барлығы да рефлективті ойлау бола алады.

Психологияда және тұрмыстағы мағынасына қарайтын болсақ, рефлексия адамның өзіндік талдауы, өз жағдайын, қылықтарын, өткен оқиғаларға таладу жасауы. Оның барлығы адамның даму деңгейінен: білімділігінен, моральдік сезімі мен өзін-өзі бақылау дәрежесінен байланысты

Қазіргі таңда адамның өз әрекетіне рефлексия жасаудың көптеген түрлері бар. Соның бірі ретінде эссені қарастыруға болады. Жалпы, «эссе» сөзі орыс тіліне француз тілінен енген және оның тарихы латынның exagium (өлшеу, таразылау) сөзінен бастау алады. Француздың «еззаi» сөзін тура аударғанда тәжірибе, сынама, қадам, очерк деп беруге болады. 

Бүгінде жалпы орта білім беретін мектептерде берілген біліміді бағалау үшін шығарма көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да шығармаға бөлінеді.

Шығарма дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «шығарма» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Шығарма екіге бөлінеді:

  • субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту.

  • объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Жазу жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану-жоспарлау -жазу-тексеру жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:

  • Жеке көзқарастың көрінісі;

  • Фактілі дәлелдер (аргументтер);

- Теоретикалық негіздеме;

- Терминдерді қолдану;

- Цитаталарды келтіру;

- Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

- Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

- Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

- Сауаттылық (пункт., орфогр.);

- Юмор, сарказм;

- Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов «Адам жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Сол жан жемісін білімге теңесек, жеміс ағашын мектеп, ал мектеп жүрегі мұғалімдер . Әр бір жеке оқушы – зерттелмеген құпия. Мұғалім оның басқаға ұқсамас қасиетін табу керек. Айтып өткендей білімнің гүл ашқан жеміс ағашына айналуын қаласақ, оқушы іс-әрекетіне білім беруде өнімділігіне қол жеткізуі қажет.

Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай  өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына  ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне  пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық  курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға  үн тастады  десек те болады.  Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.

Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың оқу, жазу сауаттылығын дамыту жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы: Санат, 2002.

  2. Әдебиеттану терминдер сөздігі (Құрастырушылар:З.Ахметов,Т.Шаңбаев) Алматы: Ана тілі,1998.

  3. Т.Ю. Лямзина Жанр эссе (К проблеме формирования теории) интернеттен

  4. Журналист газеті №9(34) қыркүйек 2005

  5. «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» Асхат Әлімов, - Алматы, 2015

5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.11.2023
814
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі