Қазақ тілі мен
әдебиеті сабақтарында
оқушылардың
тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын
дамыту
Солтүстік
Қазақстан облысы
Петропавл
қаласындағы
«Бірінші
гимназия» КММ
Баелова Дина
Набиевна
қазақ тілі мен
әдебиеті,
педагог –
шебер
Аңдатпа
Бұл мақалада білім алушылардың тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту туралы
баяндалады.Сонымен қатар оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым дағдыларын қалай дамытудың түрлері жайында және
тапсырмаларды құрастырудың жолдары туралы айтылады.
Аннотация
В данной статье
рассказывается о развитии у обучающихся навыков аудирования,
говорение, чтения, письма.Также будет рассказано о том, как
развивать у учащихся навыки аудирования, говорение, чтения, письма,
а также о способах составления заданий.
Кілт сөздер:
білім алушылар, тыңдалым, оқылым, айтылым, сөйлесім (тілдесім)
жазылым, тілдік дағдылар, оқылым стратегиялары.
Өзге ұлт өкілдеріне
мемлекеттік тілдің қасиетін қастерлеуге үйрету ұстаз ретіндегі
абыройлы міндетім. Қазіргі кезде заманауи ұстаздардың алдына
жаңартылған оқу бағдарламасы ұсынылып, сол бойынша оқылым, жазылым,
айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті
шәкірт дайындау міндеттері жүктелуде. Мұғалімдердің мақсаты –
оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта
жағдайында, қарым –қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік
жасауға дағдыландыру.
«Өркениетті дамудың
өзегі –білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ»,- деп
Міржақып Дулатов айтқан еді. Ал ұлт ұстазы Ахмет ябайтұрсынұлы.
«Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз
білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.
Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика,
методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» - дегені баршаға
белгілі.
ХХІ ғасыр – ғылымның
қарыштауына серпін берді. Мақсатты білім –тұлға дамуын жүзеге
асыратын мәселе. Ал, осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім
беру - жеке тұлғаның жан –жақты дамуына әкелетін бірден –бір жол.
Ұстаздардың шығармашылық қабілеті қарымы мен біліктілігі,
физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік
білімімен сәйкестенеді. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен
оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда ынтымақтастықтан
теңгермешілікке, дамудың жоғары деңгейіне жетелейді. Жаңартылған
білім мазмұны соның айғағы десек те
болады.
«Жаңа бағдарламаның
артықшылықтары неде?» деген сауалға былай жауап берередім.
Біріншіден, тілдік дағдыларды дамыту арқылы тілге үйрету.
Екіншіден, тыңдалым дағдысы бойынша негізгі ойды түсініп,
түйсінгенін тәжірибеде қолдануға және ақпартты анықтап, нақты
тұжырым жасауға үйренеді.
Олар: тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім. Бұл сөйлеу әрекеттеріне
төмендегідей анықтама беруге
болады.
Тыңдалым –
дыбысталып жатқан сөйлеуді бір сәтте қабылдау қызметі. Тыңдалым
оқушының сөйлеу әрекетінің дамуына ынта бере отырып, оқыту үдерісін
дұрыс басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Оқушы тыңдалым
арқылы өзінің сөздік қорына жаңа сөздер қосып, ол сөздердің
мағынасын ашуға, сөйлеу және елтанымдық материалдармен танысып,
сөйлеу әрекетінің барлық түрлеріне қатысты дағдысы мен шеберлігін
дамытады.
Оқылым– мәтіндегі
жазылған ақпаратты алуға бағытталады, яғни жаттығуды оқи отырып,
тапсырманы түсіну үшін қажет. Сондай –ақ, мәтіннің мазмұнын айту
үшін ең алдымен, оны оқу керектігі белгілі. Жалпы алғанда, оқылым–
тілді меңгерудің бір тәсілі, сөздік қорды көбейтудің құралы.Ол–
грамматикалық құрылымдарды есте сақтауға мүмкіндік береді, сонымен
қатар, сол тілде сөйлеуге айтылымды жетілдіруді қамтамасыз
етеді.
Оқылым, мәтіндерге салыстырмалы анализ
жасау
мақсатын
жақсарту дегеніміз жадағай
мәтінді оқудан тұрмайды. Оны жақсартудың
жүйеленген әдіс-тәсілдері бар.
Ол үшін мәтінге талдау жасамас бұрын
оқудың
тиімді
жолдарын
анықтау
маңызды,
себебі
«Оқылым
–
оқушының
оқу
сауаттылығын қалыптастырудың құрамдас
бөлігі».
Солардың ішінде оқылым
стратегияларын қолдана оқу – оқу сапасын
арттыратын тәсіл. Мәтіндерге
салыстырмалы талдау жасауда оқылым стратегиясының тиімдісін
анықтап,
қолдану
арқылы
мәтін
талдауға
кететін уақытты үнемдеге,
нәтижеге жетуге, білім сапасының артуына
қол
жеткізуге
болады.
Оқылымның
төмендегідей стратегиялары бар:
-
Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу.
-
Болжап
оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары
қарай не болатынын, автор ойын болжау.
-
Көз
жүгіртіп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу.
-
Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп
оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі
көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.
-
Детальді
түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді
сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
-
Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну
үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
-
Талдап оқу
стратегиясы арқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап
жазылғанын
талдап оқу.
-
Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау.
-
Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын
анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.
Рөлге бөліп оқу стратегиясы
арқылы мәтін ойын рөлге кіріп оқу арқылы
саралау. Айтылым-қабылдау және
сөйлеудің туу үдерісімен байланысты.Барлық адамның сөйлеу ағзалары
бірдей болғанымен, артикуляциялық базасы түрліше. Мұнда орфоэпияға
көп көңіл бөлген жөн. Өйткені, қазақ тіліндегі сөздердің барлығы
жазылуына қарай айтыла
бермейді.
Сөйлесім (тілдесім)
– сөйлеу әрекетінің түрі.Тыңдалымға кері үдеріс. Бұл ретте
коммуникативтік дағдыға үлкен назар аударылуы керек, яғни, қарым –
қатынасты бастау және ол жалғасын табуы үшін серіктесін
ынталандыру.
Жазылым – айтылған
мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді сауатты жазуға
бағытталады.
Жазылым арқылы
оқушылардың сөздік қорын көбейтуге болады. Сондай –ақ,
оқушылар
өзінің жеке басына
қатысты хат жаза білуге құжаттарды толтыруға үйренді.Оған
қоса,
ұсынылған тақырып
көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіре
алады.
Жазылым дағдысы
–
тақырыпты
аша
білу,
грамматикалық сауаттылық, өз
ойын
сын
тұрғысынан дәлелдеу,
қорытынды
шешім
шығарып,
өз
көзқарасын білдіру
деңгейіне
бағытталады.
Жазылым дағдыларын бағалау
–
шығармашылық бағыттағы
сипаттау, баяндау (шағын
әңгіме, эссе, қойылым сценарийі) және белгілі
бір аудиторияға бағытталған
дәлелді мәтіндер жазу (үндеу хат, пікір,
мақала,
жарнама),
әңгіме,
шығарма,
эссе
жазу,
хат
жазу,
қорытынды
шешім
шығару,
өз
көзқарасын білдіру
және
цитатамен
жұмыс.
Жазылым әрекетін
бағалауда
келесі
мәселелерді
ескеру керек:
-
Жазба жұмыстарын орындау барысында білім алушының коллеграфиялық, пунктуациялық, орфографиялық
заңдылықтарды қолдануы;
-
Тұтас
жазбаша пікір қалыптастыру үшін бөлімдерді қиыстырып
қамтуы;
-
Мәтіннің
құрылымын сақтауы (басы, оқиғаның дамуы, шарықтау
шегі, соңы);
-
Грамматикалық нормаларды сақтауы;
-
Материалдық құрылымдық логиканың сақтауы (мазмұндама, шығарма, эссе).
Сөйтіп, қазақ тілін
сауатты үйрету үшін білім алушыларға берілетін
жазба жұмыстарын дұрыс
жоспарлаудың маңызы зор деген қорытынды
жасауға
болады.
Ұстаздық жолымда
шәкірттеріме қазақ тілін үйретіп қана қоймай, қазақтың салтын
сыйлауға, дәстүрін құрметтеуге діні мен ділін қастерлеуге жетелеп
отырамын. Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында
көркем шығармаларды оқытуға мүмкіндік туғызып, қызығушылығын оятуға
тырысып отырмын.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 2000. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. – Алматы, 2006
-
М.Жанпейісова Модульдік оқыту теориясы. – «Өрлеу» БАҰО АҚ. Ақтөбе облыстық филиалы