Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) пәнінен 10-11 сыныптар үшін БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) пәнінен 10-11 сыныптар үшін БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) пәнінен БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адилова Күлайым Жарылкасымовна, Хайруллаева Сандуғаш Алибаевна

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламасы мен оқыту
әдістемесін басшылыққа ала отырып жасалған
«Жиынтық бағалау жұмыстарының үлгісі»
атты әдістемелік оқу құралы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні 10, 11-сынып
(оқыту қазақ тілінде емес)
(жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Алматы қ., 2022 ж
1

ӘОЖ 373
КБЖ 74.26
А 25

Пікір жазған:
Махамбетова А.Б. - қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аға оқытушысы, Абай
атындағы ҚазҰПУ - нің PhD докторанты6
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Мейркулова А.Б. - «Әлеуметтік ғалымдар» факультетінің аға оқытушысы, Phd доктор

Адилова К.Ж.
А 25 Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламасы мен оқыту әдістемесін
басшылыққа ала отырып жасалған «Жиынтық бағалау жұмыстарының үлгісі» атты
әдістемелік оқу құралы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні 10,11-сынып (оқыту қазақ тілінде
емес) (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)/ К.Ж.Адилова,
С.А.Хайруллаева. – Алматы:«www.orleu.kz» баспасы, 2022.– 99 б.

ISBN 978-601-7159-28-3

Ұсынылып отырған әдістемелік оқу құралы оқу орыс тілінде жүргізілетін 10,11-сынып
оқушылары мен ұстаздарына арналған.
ӘОЖ 373
КБЖ 74.26

ISBN 978-601-7159-28-3

© «№134 лицей» КММ, 2022
© Адилова Күлайым Жарылкасымовна,
Хайруллаева Сандуғаш Алибаевна, 2022
© «www.orleu.kz» баспасы, 2022

2

Алматы қаласы КММ №134 лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары Адилова
Күлайым Жарылкасымовна мен Хайруллаева Сандуғаш Алибаевнаның «Жиынтық бағалау
жұмыстарының үлгісі»
атты әдістемелік оқу құралына
ПІКІР
Бүгінгі күні рeспубликамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгeріске ұшырауы баршамызға
аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге
келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады.
Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір
талабы. Сонықтан білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру. Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып,
оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами
құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Спиралды
құрылым білім мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерлемелі дамуын қамтамасыз етеді. Яғни
білімнің қарапайым деңгейден күрделі деңгейге көшуі болып табылады. Оқу мақсаттары
оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына,
алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған.
Ұсынылып отырылған әдістемелік оқу құралы мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған.
Бұл әдістемелік нұсқаулық ұстазға, білім алушыларға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша
жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы
ретінде қолдануға бағытталған. Ұсынылған тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға, қаншалықты материалды игергені мен жадына сақтау, көру, қабылдау қабілетін
байқауға мүмкіндік береді.
Авторлық бағдарламаның әр бөлімінде тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік оқу құралы, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша заман талабына сәйкес
тапсырмалармен қамтылып, келесі міндеттерді шешуге: яғни, оқушыларды мәтінмен лингвистикалық
талдау жасауға үйретуге; оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуға; әр балаға өз еліне деген
патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілік сездіретін
әрекет жүйесін жасауға; болашақта өз еліне, жеріне деген ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз
тәрбиелеу, моральдық жағынан жоғары тұлға даярлауға бағытталған.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды
жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің
ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, оқушылардың оқу
материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, олардың кемшіліктерін дер кезінде
анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату басты назарға алынған.
Авторлық бағдарлама орыс тілді сыныптардың 10-11сынып білім алушылары мен ұстаздарына
арналған таптырмас құрал. Сонымен қатар, авторлар бірлестігі ұсынған жаттығулар жинағы, сабақты
жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты
сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылатыны сөзсіз.
«Жиынтық бағалау жұмыстарының үлгісі» атты авторлық бағдарлама оқушылардың сабақта
немесе өз бетінше оқуына, әрі оқытушылардың күнделікті сабақта пайдалануына арналған.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу
университетінің аға оқытушысы,
Абай атындағы ҚазҰПУ - нің PhD докторанты

3

Махамбетова А.Б.

Алматы қаласы КММ №134 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Адилова
Күлайым Жарылкасымовна мен Хайруллаева Сандуғаш Алибаевнаның «Жиынтық бағалау
жұмыстарының үлгісі» атты әдістемелігіне
ПІКІР
Жаһандану заманында білімді болумен бірге сол біліміңді өмірде тиімді қолдану, кездесетін
қиындықтарды анықтап , оларды шешудің жолдарын таба білуі маңызды. Заман талабына сай,
жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала
отырып жасалған, жаңартылған оқу бағдарламасының талаптары мен шарттары толық қамтылған.
Ұсынылып отырған жұмыс өз бағытында өзекті болып табылады, себебі мұндағы байқалатын
басты мақсат білім алушы мен білім беруші ұлағатты ұстаздарға үлкен көмек ретінде ұсынылатын
бірнеше тақырыптағы БЖБ (Бөлім бойынша жиынтық бағалау) мен ТЖБ (Тоқсан бойынша жиынтық
бағалау) үлгілері өте сауатты және оқу бағдарламасына сүйене отырып жасалған. Авторлық
бағдарлама оқу орыс тілінде жүргізілетін жоғарғы сыныпта, яғни 10-11сыныпта жұмыс істейтін қазақ
тілі мен әдебиеті мамандары үшін арналған, берілген мәтіндер мазмұны тақырыпқа сай, сондай-ақ
әртүрлі саланы қамтыған.
Жалпы, БЖБ мен ТЖБ-да берілген жұмыс түрлері оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ,
сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге әсіресе әдеби және тарихи
деректерді түсінуге көмектеседі. Білім алушы оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап,
ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады.
Дегенмен оқу бағдарламасында көрсетілген бөлімдерді білім алушының қаншалықты игергенін
тексеру мақсатында кез келген ұстазға таптырмас көмек. Бағдарламада тілдік дағдылар толық
қарастырылған, мысалы тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдік бірлік. Осы тілдік
дағдыларды дамыту мақсатында әртүрлі тапсырмалар берілген.
Сонымен қатар, жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалауға арналған әдістемелік үлгісінде
төмендегілер ұсынылады:
тақырыптар атаулары;
у
дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендірілген оқу мақсаттары;
арналған тапсырмаларды құрастыруға байланысты ұсыныстар;
үлгілері мен дескрипторлары;
спецификациясы;
кестелері.
Авторлық бағдарлама алдағы уақытта өз кезегінде кезкелген ұстаз бен білім алушыға көмек, әрі
әдістеме ретінде қызмет етеді деген ойдамын.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
«Әлеуметтік ғалымдар» факультетінің
аға оқытушысы, Phd доктор

Мейркулова А.Б.

4

Құрметті мұғалім!
Сізге, жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалауға бағытталған әдістемелік нұсқаулықты
ұсынып отырмыз. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулық жұмыстары «Мектеп»
баспасынан шыққан оқулық пен мемлекеттік стандартқа сүйене отырып құрастырылған. Бұл
әдістемелік нұсқаулық мұғалімге, 10,11-сыныптың білім алушыларына «Қазақ тілі мен
әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалауды жоспарлау,
ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде қолдануға бағытталған. Жалпы,
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға,
қаншалықты материалды игергені мен жадына сақтау, көру, қабылдау қабілетін байқауға
мүмкіндік береді. Әр бөлігі/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған
бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. Әдістемелік
ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, басқа да тұлғаларға арналған. Әдістемелік
ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Ұсынылып отырған
материал мұғалімдерге көмек беру мақсатында құрастырылған.

5

Түсініктеме хат
«Жиынтық бағалау жұмыстарының үлгісі» атты авторлық бағдарлама оқу жоспарының
жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалауға бағытталған әдістемелік нұсқаулық. Ұсынылып
отырған әдістемелік нұсқаулық жұмыстары «Мектеп» баспасынан шыққан оқулық пен
мемлекеттік стандартқа сүйене отырып құрастырылған.
«Жиынтық бағалау жұмыстарының үлгісі» атты авторлық бағдарламаның нысаны.
Бұл әдістемелік нұсқаулық мұғалімге, 10,11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен
әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалауды жоспарлау,
ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде қолдануға бағытталған.
Авторлық бағдарлама өзектілігі: авторлық бағдарлама Бөлім/ортақ тақырып бойынша
жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша
жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға, қаншалықты материалды
игергені мен жадына сақтау, көру, қабылдау қабілетін байқауға мүмкіндік береді. Әр
бөліге/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері
мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, дескрипторлары мен балдары
бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Бағдарламаның мақсаты:
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, басқа да тұлғаларға, мұғалімдерге көмек
беру мақсатында құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресурстар
(суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернетсайттардан алынды.
Бағдарламаның міндеттері:
1.
Оқушыларды мәтінмен лингвистикалық талдау жасауға үйрету;
2.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;
3.
Әр балаға өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына,
болашағына деген жауапкершілік сездіретін әрекет жүйесін жасау;
4.
Келешекте еліне, жеріне деген ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу,
моральдық жағынан жоғары тұлға даярлау.
Авторлық бағдарлама қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде заман талабына қарай басқа
да саланы қамтиды.
Тілдік пәндер циклінің интеграциялау (сабақта сауатты - оқу және жазу, яғни қазақ тілі мен
әдебиет пәні)
Интеграция бірнеше мәселлелерді шешуге көмектеседі:
пәнаралық байланыстарды күшейту, толық көріністі жасау;
материалдың көлемін сақтай отырып оқыту уақытын тиімді қолдану;
нақты сабақтың эмоциялық ахуалын құру;
сабаққа қойылған талап сақталады.
Жұмыс түрлері:
-тілдік дағдыларды қалыптастыру;
- оқылым;
- тыңдалым;
- жазылым;
- айтылым;
мәтінмен жұмыс;
суретпен жұмыс;
грамматикалық тапсырмалар;
сызбамен жұмыс;
6

Күтілетін нәтиже:
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған
біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа
нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. «Жиынтық
бағалау жұмыстарының үлгісі» бағдарламасы оқытылған материалды басқа тапсырмалардың
көмегімен жан-жақты ой елегінен өткізіп, жадында қалған мәліметерді басқа қырынан
қолдана білуге қалыптастырады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері
дамиды,
лингвистикалық талдауға үйретеді, сөздік қоры молаяды.
Оқу нәтижелері:

өзара пікірталастыруға, өзінің пікірін дәлелді құруға дағдыланады;

топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнатады;

проблеманы анықтап, өз көзқарасын білдіріп үйренеді;

тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға дағдыланады;

тілдік дағдылары қалыптасып, ойларын логикалық түрде жүйелей алу ұстанымдары
дамиды.
Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: осы бағдарламаға енгізілген тапсырмалар
авторлық бағдарламада жаңартылған білім мазмұнына негізделіп типтік-үлгілі бағдарлама
мақсаттарына сүйене отырып құрастырылған.
Бағдарламаның ғылыми табиғаты– жаңа білім беру парадигмасы бойынша практиканың
соңғы жетістіктеріне сәйкес әзірленген.
Бағыттылығы:
-оқушыларда жеке тұлғаны дамыту және тәрбиелеу;
-балалардың психофизиологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтау;
-білім беру процесінің экономикалық, экологиялық, этнопедагогикалық,
бағыттылығын
қамтамасыз ету.
Білім өнімі: оқушылардың сабақ барысындағы танымдық, зерттеушілік іс-әрекетерінің
барысында жұмыс істейтін материалдар.
Оқушының оқу өнімі: конспект, тезистер, нақыл сөздерді дәлелге ала отырып, эссе жаза
білу, ой қорыту, ойтолғау т.б.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша күтілетін нәтиже – топта, сыныпта сыйластық,
бірлескен жұмыс, ашықтық, білімі мықты, қарым-қатынас қабілеті, тәртібі қалыптасқан,
кеңейтілген дағдыларды меңгерген: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану;
сыни
ойлау;
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
қолдану;
әртүрлі
коммуникация түрлерін қолдану, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру; топта және жеке
жұмыс жасау, жұптық жұмыстарды орындай білу.
Тұрақтылау мазмұндық бөлімі
10-сынып
1.
Еңбек нарығы және сұраныс
2.
Отандық өнеркәсіптік сұраныс
3.
Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті
4.
Ұлттық экологиялық мәдениет
5.
Мұхит - тіршілік мекені
6.
Ұлттық таным және мерекелер
7.
Сауда мен көмек: екіжақты келісімді сауда
8.
Бұқаралық ақпарат құралындағы гендірлік бейне
9.
Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар
10.
Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек
11.
Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы
12.
Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік
7

13.
Қоғам және заң
11-сынып
1.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік
2.
Экология. Мұнай және атомдық индустрия
3.
Тіл . Әдебиет. Өнер.
4.
Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі
5.
Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі
6.
Ұлттық театр – өнер ордасы
7.
Туризм: экотуризм
8.
Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі
9.
Жастар мәселесінің түйіткілдері
10.
Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты
11.
Толеранттылық – ел бірлігі
12.
Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік
13.
Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші
Ақпараттық–әдістемелік бөлім
Оқушы білімін бағалау. Аталған авторлық бағдарлама бойынша бағалау оқу мақсатына
қарай әр жиынтық жұмысынан соң дискриптормен берілген.

8

10-сынып
1-БӨЛІМ. «Еңбек нарығы және сұраныс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу
(конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог
құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету
10.5.1.1 тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен
көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазады
(конспектілеу)
 Тақырып бойынша берілген мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрады, сөз әдебі
мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді
 Тілдік дағдыларда жалғауларды дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
Түсіну, Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты
25 минут
Тыңдалым. 2-аудио Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қоғамдағы алатын орнына байланысты адамдар тобы топтарға (кластарға) бөлінеді. Оны
мынадай пирамидадан көруге болады: пирамиданың төменгі жағындағы ең үлкен тап –
жалдамалы жұмысшылар, яғни жұмысшылар мен қызмет көрсетушілер. Олардың жеке
зауыт-фабрикалары немесе жерлері жоқ, кірісі – кәсіпкерлерден немесе мемлекеттен алатын
жалақысы. Орта бөлігін ұсақ меншік иелері алады (кооператорлар, өзіне жұмыс істейтіндер).
Пирамиданың жоғарғы жағында кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) орналасқан. Олар – кіріс
әкелетін өндірісі, қаржысы барлар. Пайда табу үшін төмендегі тап мүшелерін жалға алады.
«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік геграфиясы» кітабынан
1-тапсырма. Мәтін бойынша әлеуметтік топтарды пирамидаға орналастырып сызба
сызыңыз. (4 балл)
2-тапсырма. Тыңдалым мәтінінде кездесетін мамандық атауларын жазыңыз.
(2 балл)
3-тапсырма. Кестеде берілген сөздерге көптік жалғауын қажетіне қарай жалғаңыз. (4 балл)
Сөз
Көптік жалғауы
Сөз
Көптік жалғауы
тұман
5 оқушы
қасірет
қала
айран
алтын
аяқ
жаңбыр
Айтылым. (5 балл)
Б. Қыдырбекұлы. «Теміржолшы» әңгімесі
Бағалау критерийі
Тапсырм
а

 Мәтінді
тыңдай
отырып, 1
негізгі идеяларды (ақпараттарды)
қысқаша
түртіп
жазады
(конспектілеу)
 Тақырып бойынша берілген
мәтіндерге сүйеніп, монолог және 2
9

Дескриптор
Білім алушы
-пирамида сызбасын салады,
-ақпаратты
сызбаға
орналастырады,
орфография
мен
пунктуацияны сақтайды,
-мамандық атауларын жазды,
орфография
мен

Балл
15
2
1
1
1
1

диалог құрады, сөз әдебі мен
сөйлеу
этикеті
формаларын 3
орынды қолданып, тыңдаушыға
әсер етеді
 Тілдік
дағдыларда
жалғауларды дұрыс қолданады.
Айтылым

пунктуацияны сайтайды,
-көптік жалғауын жалғады,
2
орфография
мен 2
пунктуацияны сақтайды,
-тақырып бойынша мәтіндерге 5
сүйеніп, монолог құрайды,
- сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын
орынды
қолданады.

Жалпы балл – 15
Бағалау:
0-5 балл – «2»
6-9 балл – «3»
10-12 балл –«4»
13-15 балл – «5»

2-БӨЛІМ. «Отандық өнеркәсіп өнімі» бөлімі бойынша жинақтық бағалау
Оқу мақсаты
10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен
көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау
10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және
қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация)
10.5.1.1 көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды, факті мен көзқарасты анықтайды,
 Мәтінге жоспар құрып, тезис жазады,
 Көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолданады.
Ойлау дағдыларының
Түсіну, Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты
25 минут
Оқылым.
Жан-жағынан темір арқандармен тартып тастаған түтінсіз темір труба биік дөңнің бетінде
тұр. Оны төңіректей, ертеде салынған бес-алты тас барақ тым аласа. Барақ маңы – жота-жота
көмір күлдері, жел үп етсе, қара боран тұрады.
Қарағандыға көктеммен бірге бір көш еніп келеді. Қазақ көшіне ұқсамайды: атқа жеккен
төрт-бес бричка, легчанка, төбелерін брезентпен жауып шатырлаған, ішінде он бес-жиырма
адам бар. Бәрі - орыс. Тек алдыңғы арбада жалаңбас, бурыл шаш, еңгезердей қара кісінің
қасында жұдырықтай Қанабек отыр.
Әй, кім де болсаң бері келші, - деп қол бұлғады Қанабек.
Төртпақ, қара мұртты жігіт «бұл кім өзі» дегендей шүйіле бір қарады да, барақ алдынан бері
аяңдады. Жай жүріп, аяғын нық басып келеді. Ол жеткенше Қанабек тықыршып тұр.
Салмағынан жер майысады. Ауырын-ай! Мұртты жігіт келе, естілер-естілмес қылып:
Сәлеметсіз бе? – деді де, қол алыспай сұлық тұрды. Қанабек өзі барып оның қолын
ұстады.
Танысалық шырақ. Мен Тельман аудандық атқару комитетінің председетелі
Қанабекпін.
10

Мен осы Қарағандыны күзетіп қалған Ермек деген жұмысшымын.
Бәрекелді! Іздегенім сен едің. Мына кісілер сонау Донбастан, Мәскеуден келеді. Өзі
Қарағандыға адам салмақ, бізбен бірге совет Қарағандысын жасамақ. Танысып қой, Сергей
Петрович Щербаков, - деп, зор денелі, бурыл шашты кісіге нұсқады. – Өзіңдей ескі шахтер,
болашақ трест бастығы. Механик Козлов, слесарь Лапшин, инженер Орлов...
Ермек енді әрқайсысымен қол алысты...
Ғ. Мұстафин. «Қарағанды» романынан
1-тапсырма. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, факті мен көзқарасты анықтаңыз.
(3 балл)
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
А) Қарағандыға келген орыстарды суреттеп беріңіз.
Ә) Мәтіннен Ермектің бейнесін тауып жазыңыз. (3 балл)
Жазылым.
Бүйінің ініндей тіп-тік, аясына екі адам сыярлық қара үңгірдің түбіне апаратын басқышқа
Мейрам алғаш рет қадам басты. Түтіні бұрқыраған бөлешке шамның әлсіз жарығы аяқ астын
анық көрсетпейді.
Сейтқалы тік сатыда жай жердегідей жүгіріп барады. Мейрамның жүрегі қобалжып,
буындары босаңсып, арттан біреу итермелегендей денесі алға, аяғы кейін тартып, сатыны
басуға әзер үлгереді. Шамы өшіп қалған. Маңдай тершіді, жүрек қақты. Берекесі қашқанын
білдірмейін десес де болмады.
Тоқташы, демалайық.
Сейтқалы да, шам да жоқ.
Қайда сүңгіп кетті?
Мейрам алақтап жоғары қарады. Жұлдыздай жылтырап көз ұшында көк сәуле көрінді. Төмен
қарап еді, қоламтаның шоғындай әлденелер сығырайды. Өзгенің бәрі қара түнек, ештеңені
болжап болмайды.
Сонау жоғарыдағы сәуле не?
Даланың сәулесі.
Төменде жылтыраған не?
Шахтерлердің шамы.
Азырақ демалған соң екеуі тағы жүрді. Тоғыз сатыдан өтіп, оныншы сатыға жеткенде
аяқастынан:
А-й-д-а! –деген дауыс саңқ етті.
Бұл – ескі шахтер Ысқақ. Тысқа көмір жөнелтіп тұр. Манағы дауыс осынікі, - деді
Сейтқалы.
Мейрам көмір құдығының түбіне жеткенде, басқа бір дүниеге жеркендей болды. Тоғыз қанат
киіз үйдің көлеміндей ғана қуыс, төбесінде кішкене шаңырақтай тесігі бар. Сол тесіктен
жылтыраған көгілдір сәулені көмір тартқан екі шелек дамыл-дамыл түсіп шығып, бүркей
береді. Күнбатысқа қарай жер астын кеулеп кеткен бір қуыс жатыр. Биіктігі кісі бойы,
ұзындығына көз жетпейді, қабырғалары көмір, бөлешке шамның жарығымен шағылысып,
жылт-жылт етеді. Төбеге қолдың саласындай қылып ағаш қиыпты. Әр ағаштың екі басына
тіреу қойып, қабырғаға жапсыра тіреп тастаған. Осы жолмен келіп-кетіп жатқан тәшкілердің
дабыры, көтерілген көмір тозаңы тосын көзге жер астын алай-түлей, даң-дұң, жат дүние
көрсетіп тұр...
Ғ. Мұстафин. «Қарағанды» романынан
3-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрып, тезис жазыңыз. (2 балл)
4-тапсырма. Мәтіннен көптік мәнді сөздерді жазып, олармен сөйлем құраңыз. (4 балл)
11

5-тапсырам. Менталды картаны толтырыңыз. (3 балл)
Идеясы

Тақырыбы
Мәтін

Кейіпкерл
ері, ісәректтері

Стиль

Бағалау критерийі

Тапсырма


 Мәтіндегі
негізгі 1
және
қосымша
ақпараттарды,
факті
мен
көзқарасты
анықтайды
 Мәтінге
жоспар 2
құрып, тезис жазады,
 Көптік мәнді есімдер
мен
көптік
жалғауларды ажырата 3
танып,
дұрыс
қолданады.
4

5

Дескриптор
Білім алушы
негізгі ақпаратты анықтайды,
1
қосымша ақпаратты анықтайды,
факті
мен
көзқарасты 1
анықтайды,
1
1-сұраққа жауап береді,
1
2-сұраққа жауап береді,
1
орфография мен пунктуацияны 1
сақтайды,
-мәтін бойынша жоспар құрып,
тезис жазады,
1
- орфография мен пунктуацияны 1
сақтайды,
-көптік мәнді сөздерді табады,
1
-әрқайсымен жеке сөйлем құрайды,
2
- орфография мен пунктуацияны 1
сақтайды.
-менталды картаны толтырады,
2
- орфография мен пунктуацияны
сақтайды.
1

Жал
пы
балл
– 15
Баға
лау:
0-5
балл
– «2»
6-9
балл
– «3»
10-12
балл
–«4»
13-15
балл
– «5»

3БӨЛІМ. «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті» бөлімі бойынша жинақтық
бағалау
Оқу мақсаты
10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай
отырып, астарлы ойды анықтау
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог
құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету
10.5.1.2. сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы

Мәтіндегі аргументтерді пайдаланып, астарлы ойды анықтайды

Ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог
құрауда, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді

Сын есімнің жасалу жолдарын негізге ала отырып, мәтін құрауда орынды қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Түсіну, Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
Тыңдалым. (11-аудио)
Тимур кіреді. Асығыс. Қамажай оның алдынан жүгіріп шығады.
Қамажай. Темір, Теміржан. Кешірші мені. Әлгінде Ермек даладан жылап келіп...
12

Тимур. Мамуля, не болып қалды?
Қамажай. Соны жұбатам деп жатқанда ...
Тимур. Түу, айтсаңшы тезірек, менің бір минутта уақытым жоқ. Костюмді үтіктеп қойдың
ба?
Қамажай. Жоқ... иә... жоқ... Бүлдіріп алдым...
Тимур. Бүлдіргені қалай?
Орындық арқалығынан костюмін алып, күйген жерін көреді.
Қамажай. Солай болды. Есімнен шығып...
Тимур. Көшеге киетін жалғыз костюмімді ақыры өртеп тыңдыңдар ма? Енді қайтемін?
Қамажай. ... Алармыз.
Тимур. Алармыз, көрерміз, бір мәнісі табылар ... Немен аламыз, немен көреміз, бір мәнісі
қалай табылады? Бір туфли ала алмай жүргенде...
Қамажай. Қайтемін әдейі істеген жоқпын ғой...
Тимур. Ал бүгін немді киемін? Жиынға майкамен бармақпын ба?
Қамажай. Омардың костюмін кие тұр.
Тимур. Сонда ол Ленинградқа майкамен кетсін бе?
Қамажай. Құдай-ай! Енді не істесем екен? Білдірмей жамап берейін.
Тимур. Жамап? Енді жамау костюм киюім қалған екен ғой. Түу, осы үйден бір береке таппайақ қойдым-ау.
Қамажай. Неге олай дейсің? Береке таптырмай жүрген кім саған? Аузыңа не келсе, соны
айта салатыныңды қайдан шығарғансың?
Тимур. Жалғыз костюмім жанып кетсе, енді не демекпін?
Қамажай. Жанбаса, құрып кетсін. Костюм, костюм деп төбемді оятын түрің бар ғой. Мен бір
әдейі өртегендей... «Осылар ренжімесін», «Осылар қабақ шытпасын» деп жар құлағым
жастыққа тимей жүргенде естір сөзім осы ма? Даладан ашуланып келсеңдер, маған
зіркілдейсіңдер, қуанып келсеңдер маған еркелейсіңдер. Ал мен кімге ұрсам, кімге
еркелеймін? (Жыламсырап.) Мен де адаммын ғой. Көңіл жырту мата жыртудан да оңай ма
сендерге? Ал кет басыңның ауған жағына. Кет.
Тимур. Қит етсе, көзінің жасы дайын тұрады бұлардың.
Костюмін қолына алып, әрі-бері қарайды. Қолын бір сілтеп, қайта орнына қойды.
1-тапсырма. Аргументтерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қамажай деген кім?
Тимур деген кім?
Ермек деген кім?
Әңгімедегі мәселе неге байланысты?
Жауабыңызды дәлел келтіре отырып, өз
көзқарасыңызбен аяқтаңыз.
(3 балл)
2-тапсырма. Берілген сөздермен сын есімді қолдана отырып, сөйлем құраңыз.
Жалғыз костюм, бүлдіру, жанып кету, көзінің жасы, еркелеу, зіркілдеу, ашулану, көңіл
жырту.
(3 балл)
3-тапсырма. Тұрақты сөзтіркесін табыңыз.
... Костюм, костюм деп төбемді оятын түрің бар ғой. Мен бір әдейі өртегендей... «Осылар
ренжімесін», «Осылар қабақ шытпасын» деп жар құлағым жастыққа тимей жүргенде естір
сөзім осы ма? Даладан ашуланып келсеңдер, маған зіркілдейсіңдер, қуанып келсеңдер маған
еркелейсіңдер. Ал мен кімге ұрсам, кімге еркелеймін? (Жыламсырап.) Мен де адаммын ғой.
Көңіл жырту мата жыртудан да оңай ма сендерге? Ал кет басыңның ауған жағына. Кет. (2
балл)
13

4-тапсырма. Тимурға сипаттама беріңіз. Сын есімдерді қолданыңыз. (2 балл)
Айтылым (5 балл)
Кино - өнер саласы
Отандық фильм - «Анаға апарар жол»
Театр өнері
Бағалау
Тапсырма
Дескриптор
критерийі

Білім алушы
-сұрақтарға жауап береді,
1
 Мәтіндегі
Ескерту: 2 жауап 1 балл
аргументтерді
-орфография мен пунктуацияны сайтайды,
пайдаланып,
-сөздермен сөйлем құрайды,
астарлы
ойды 2
Ескерту: екі сөз 1 балл
анықтайды
- орфография
мен
пунктуацияны
сақтайды,
-тұрақты сөзтіркесін табады,
3
Ескерту: 2 тұрақты сөзтіркесі 1 балл
Тимурға сипаттама береді,
4
-орфография мен пунктуацияны сақтайды
Айтылым

Балл
15
2
1
2
1
2
1
1

-бөлімде берілген мәтіндер мазмұнын 5
қамтиды,
-диалог құрайды
(сөйлеу этикеті формаларын қолданады).

Жалпы балл – 15
Бағалау:
0-5 балл – «2»
6-9 балл – «3»
10-12 балл –«4»
13-15 балл – «5»
4-БӨЛІМ. «Ұлттық экологиялық мәдениет» бөлімі бойынша жинақтық бағалау
Оқу мақсаты
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог
құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету
10.5.2.1 мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Бөлім бойынша мәтін үзінділерін еске түсіріп, өз біліміне сүйеніп тақырыпты
жалғастырады
 Өтілген мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі (кешіріңіз, мүмкін
болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін) мен сөйлеу этикеті (жазбаша және
ауызша сөйлеу, диалогтық және монологтық) формаларын орынды қолданып,
тыңдаушыға әсер етеді

Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Қолдану
25 минут
14

Тыңдалым. 15-аудио Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Кейінге қалдыруға болмайтын нақты шаралар – Арал өңірі тұрғындарының хал-ахуалын
жақсарту, жерасты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауызсу жіберу, суқұбырлар
құрылысын жүргізу, «Көкарал» бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру.
Теңіздің тартылуы салдарынан ауаның орташа ылғалдылығы 18 пайызға төмендесе, ауа
райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарды. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден
қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары – Кіші теңізді суға толтырып, оны
бұрынғы қалпына келтіру, «Көкарал» бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер
«Көкарал» бөгеті болмаса, Сырдария суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне барып, айдынға
жайылып, бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері оның
табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін Кіші теңізге
Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін шешу қажет. Табиғат – ата-бабамыздан қалған
қасиетті мұра. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі
қажет. Адамдарды өркениет жолында атсалысуға жігерлендіру керек.
«Экология – ел тағдыры» жинағынан
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыздар (15-аудио). Мәтін үзіндісін тыңдап болжам жасау, өз
біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру. (5-7 сөйлем)
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
7._________________________________________________________________
2-тапсырма. Тыңдалым мәтінінен 3 сан есімді жазып алу.
а) Тыңдалым мәтінінде берілген сан есімдермен сөзтіркесін жасау.
1-сан есім.
2-сан есім.
3-сан есім.
ә) Тыңдалым мәтінінен жазып алған сан есімдермен сөйлем құрау, сөздердің байланысу
тәсілін анықтау.
1-сөйлем.
2-сөйлем.
3-сөйлем.
Айтылым.
3-тапсырма. «Адам мен табиғат – егіз ұғым» деген тақырыпта монолог немесе диалог
құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолдану.
(10 сөйлем)
Бағалау критерийі:



Тапсырма

№1

Бөлім

бойынша

Дескриптор:

Балл
15

Білім алушы
-мәтін үзіндісін тыңдап болжам жасады,
3
-өз
біліміне
сүйеніп
тақырыпты
жалғастырды (5-7 сөйлем),
15

мәтін үзінділерін еске №2
түсіріп, өз біліміне
сүйеніп
тақырыпты
жалғастырады
 Өтілген мәтіндерге
сүйеніп, монолог және
диалог құрау, сөз әдебі
(кешіріңіз,
мүмкін
болса, мақұл көрсеңіз,
рұқсат
етсеңіз,
қалауыңыз білсін) мен
сөйлеу
этикеті №3
(жазбаша
және
ауызша
сөйлеу,
диалогтық
және
монологтық)
формаларын
орынды
қолданып, тыңдаушыға
әсер етеді

Мәтін
құрауда
сөздердің
байланысу
түрлері мен тәсілдерін
орынды қолданады.
Жалпы балл – 15

А) сан есімдермен сөзтіркесін жасау.
1-сан есім
2-сан есім
3-сан есім
Ә) сөйлем құрады,
сөздердің байланысу тәсілін анықтады.
1-сөйлем
2-сөйлем
3-сөйлем
Ескерту: 3 сөйлемге 1 балл

1
1
1

1
1
1
- «Адам мен табиғат – егіз ұғым» деген 2
тақырыпта монолог немесе
диалог
құрады,
-сөз
әдебі
мен
сөйлеу
этикеті 2
формаларын орынды қолданды,
(10 сөйлем)
- сөздердің байланысу түрлері
тәсілдерін орынды қолданады.

мен 2

Бағалау:
0-5 балл – «2»
6-9 балл – «3»
10-12 балл –«4»
13-15 балл – «5»
5-БӨЛІМ. «Мұхит тіршілік мекені» бөлімі бойынша жинақтық бағалау
Оқу мақсаты
10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және
кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
10.4.4.1.тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және
қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну, (тірек-схема, менталды карта, презентация)
10. 5.1.4 есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді
шынайы өмірмен салыстырып бағалайды

Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша
мәліметтерді жинақтап тірек-схема, менталды карта жасайды

Есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
Оқылым. Райдың оралуы
Сәске түс еді. Қаладан қайтқан кірешілерге ілесіп Рай келді. Әбден жүдеген. Үсті-басы ебілсебіл. Қылмысы болмағасын біраз ұстапты да, босатыпты. Қарт әже оны даусынан таныды.
-Қоңыр қозым, ботам, келші! Келші бермен! - деді құшағын ашып.
16

Рай шайдан кейін Ақбалаға барды. Бала туғаннан кейін әлі де өзіне келе алмай жатыр екен.
Ақбала орнынан ақырын тұрды.
Ақбала шай демдегенше Рай пеш түбінде құндақта жатқан баланы қолына алды. Құрақ көрпе
арасынан шарананың біршөкім беті әзер көрінеді.
-Мырзамыздың түрі осы, - деді Ақбала.
Тағы да тамағына тас тіреліп, иығының басы бүлк етті де, Рай бауырына қысқан құндаққа
бетін баса қалды. Есіне Еламан түскен еді. Бұны босатты. Оны Сібірге айдады.
…Мен мұны, ендеше, әнмен оятайын, - деп, Рай күле түсті де, бір қолымен ұйықтап жатқан
баланы бауырына қысып отырып, домбыраға даусын қосып ақыр
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!