Материалдар / Қазақ тілі пәні бойынша дидактикалық материалдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі пәні бойынша дидактикалық материалдар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым – қатынастың біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. Материал оқушылардың білім, білік-дағдыларын жетілдіру мақсатында қолданылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
10209
26 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


Бұл дидактикалық материал «Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» және «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламаларында қойылған талаптарға сәйкес жасалды.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым – қатынастың біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.

Міндеттері:

  • Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

  • Әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті біліктілік-дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау түсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру т.б.

Осы мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қазақ тілінен оқушыларға білімді тиянақтап, жүйелі түрде қайталап отыратын осындай дидактикалық материалдардың қажетілігінен туындады.

Дидактикалық материал қазақ тілінің теориялық курсы – фонетика, лексика, орфография салалары бойынша Г.И.Уәйісова, М.Б.Балақбаев, Ә.Е.Жумабаевалардың «Қазақ тілі» оқу құралын басшылыққа ала отырып, тірек

схемалар ретінде жасалды.

Дидактикалық материалдарды жинақтауда төмендегідей міндеттер негізге алынды;

  • ойлау қабылетін дамыту;

  • теориялық білімді тәжірибеде, сабақ барысында оқушының қызығушылығын арттыру;

  • Өз бетімен сабақ үстінде іздену жұмысын атқарып, тірек схемалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеру.

Тіл білімін негізін салушы А. Байтұрсынов «Тіл білімі ереже жаттау түрінде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек» деген екен.

Мұғалімге жаңа тақырыпты оқушыларға саналы түрде меңгертуде дидактикалық материалдар, тірек схемалар арқылы түсіндірудің маңызы зор.

Дидактикалық материалдың оқушыларға қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтарын өз бетімен оқып – үйренуге, қайталауға білмін тиянақтауғы пайдасы болады.







Қазақ тілі

Мәтін

1-тапсырма.

а)Қазақ тілі сабағында нені оқимыз?

ә)Мәтін деген не?

б) «Мәтін» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2-тапсырма.

Күз-жыл мезгілінің бірі.Күзді сары алтынға теңейді.Себебі,

айнала сап-сары болады.Күзде жеміс-жидектер жиналады,егін орылады.Күз береке.Мен күзді ұнатамын.

1.Мәтінге ат қой.

2.Мәтіннің қай түріне жатады?

3.Күз туралы мәтінге қосымша өз пікірлеріңді айтыңдар.

3-шығармашылық тапсырма.

Тірек сөздер:Қараша,жаңбыр,күн,суық,жапырақтар,құстар.


1.Осы тірек сөздерді пайдаланып,мәтін құрастыр.

2.Қарашада ауа райы қандай болады?

4-тапсырма.

«Бұл қай құс?».Жұмбақ ойын

1.Әр топ әр құсты сипаттау арқылы мәтін құр.

2.Осы мәтінде қандай құс туралы айтылғанын тауып,соған жұмбақ жасыр.

3.Құстардың пайдасы туралы айт.

1-топ.Бұл өте сүйкімді,бауыры ақ,пайдалы.Бір жылда бір миллион

құрт жейді.Ұясын адамға жақын жерге салады.Бұл құсты

адамның досы деп те атайды.Ендеше бұл қай құс?

(Қарлығаш)


2-топ.Бұл құстың тұмсығы ұзын,ағаш діңінде отырып,тұмсығын

діңге тоқ-тоқ соғады.Ағаш қабығындағы құрт-көбелектерді

тазалайды.Бұл құсты емші құс деп те атаймыз.Бұл қай құс?

(Тоқылдақ)

5-тапсырма.

1.Берілген сөйлемдерге тақырып қоюға бола ма?

2.Бәрі мәтін бе?

3.Неге олай ойлайсың? Түсіндір.


а) Қымыз шипалы сусын.Ауылда үлкен мұражай бар.Балалар циркке барды.

ә) Саққұлақ жақсы ит.Ол мал күзетеді.Бір күні қораға қасқыр шапты.Саққұлақ оған тап берді.Қасқыр қорқып қаша жөнелді.


Сөз таптары (зат есім)

6-тапсырма.

1.Алдымен мал аттарын,содан соң құс аттарын теріп жаз.

2.Оларға сұрақ қой.

3.Қарамен жазылған зат есімге – шы, - ші жұрнақтарын жалға.

4.Оларға 2-3 сөйлем құра.

Қарлығаш,сиыр,қой,қарға,жылқы,бүркіт,түйе,сауысқан,ешкі.

5.Мына суретке қарап туынды зат есімді айт.














7-тапсырма.(шығармашылық тапсырма)

1.Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

2.Зат есімнің астын сыз.

(Кім?) балаларды оқытады.(Не?) жапалақтап жауады.(Кім?) сурет салды.(Не?) мөңірейді.Үйді (кімдер?) салады.(Кім?) егін егеді.(Кім?) балаларды емдейді.

3.Мына цифрларды орнына қой,ережені айт.


7 3 2 5 1 4 6

м т а с з е і

8-тапсырма.

1Негізгі және туынды зат есімді ажыратып жаз.

2.Негізгі зат есімнің туынды зат есімнен айырмашылығы неде?


Күй,өрмекші,жылқы,күйші,өрмек,жылқышы,егін,балықшы,

ән,егінші,балық.

3.Осы зат есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрастыр.

9-тапсырма.

1.Мына зат есімдерді жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер.

Әке,дәптер,дос.


2.Алдымен не? сұрағына,соңынан кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.


Ұя,айтыс,ғалым,шыбық,сауыншы,сағат,дәрігер,ыдыс,оқушы,

кітап,мұғалім,парта,Болат.

10-тапсырма. «Не артық?» ойын

1.Осы зат есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрастыр.



ҮЙ



ЕСІК


ТЕРЕЗЕ

БАЛА



ТЕЛЕВИЗОР



КІТАП


ҮСТЕЛ


ҚАЛАМ









НАН



СҮТ

ДӘПТЕР



ҚАНТ


БӨЛМЕ



ЖОЛ

БАҒДАРШАМ


МАШИНА









2.Дөңгелектің суреті.

DrawObject1








3.Дөңгелек сөзінен әріптердің орнын ауыстырып,мағыналы,мәнді сөздер шығару.

Дөң-қырат

өң-көрік

ел-халық

еле-ұнды елеу

дөңгеле-айналу,домалау

лек-лек-легімен

ек-егін ек

11-тапсырма.

1.Сөздерге көптік жалғауын жалғап,көшіріп жаз.


Қарындас - Жұлдыз -

Жалау - Қыран –

Батыр - Кірпіш –

2.Ребус.

י




«Отан» тақырыбына шығарма жазу.


12-тапсырма.

Реті

Септіктердің аты

Сұрақтары

Жалғаулары

1




2




3




4




5




6




7




1.Мына кестені толтыр.













2.Айғаным кешкі автобусқа отырды. деген сөйлемдегі зат есімнің қай септікте тұрғанын тап.


13-тапсырма.

1.Тәуелденген зат есімдерді септеп жаз.


Септіктердің аты


І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

Атау

добым

добың

добы





































А



Ы


Ы


І



У


Л


О


Б



Ғ


М



З


Қ


І




14-тапсырма.


«Кім тез табар екен?» ойыны.

1.Мына әріптерді әр сөз ішінде бір-ақ рет қолданып,қанша зат есім құрап жазуға болады?

2.Осы зат есімнен туынды зат есім жасауға бола ма





15-тапсырма.

Мына кестені толтыр.








Зат есімнің мағынасы

Мысалдар


Кісінің фамилиясы мен аттары

Абай Құнанбаев


Заттың,нәрсенің аты.

кітап,ағаш,...


Құбылыстың аты

дауыл,жел,...


Заттың ұғымды білдіретін белгілердің аттары


өжеттілік,ептілік,...

Айуандар мен жәндіктердің аттары


арыстан,қасқыр,...

Заттың ұғымды білдіретін қимылдың аты


атыс,шабыс,...

Мемлекет,облыс,қала,жер,су аттары


Астана,Өзбекстан,...



Етістік

16-тапсырма.

1.Етістіктерді мағыналарына қарай топтап жаз.

Көгерді,әңгімеледі,мұздадаы,көктеді,баяндады,қарады,амандасты,тоңды,сәлемдесті,көрді.

2.Мақалды оқы.Етістіктерді тап.

Жаңбырмен жер көгереді,

Алғыспен ер көгереді.

17-тапсырма.

1.Мәтінді түсініп оқы.Етістіктерді тауып,теріп жаз.

Ертеде Әтеш құстардың ішіндегі ең әдемісі болыпты.Ол аңдар-

мен де дұрыс сөйлеспейді.Тек Тотықұспен сөйлеседі.Тотықұстың

үстінде жақсы киімі де жоқ екен.Бір күні Тотықұс Әтешке келіп:

  • Достым,мен бүгін қонаққа баратын едім.Маған үстіңдегі әдемі

киімдеріңді бере тұршы?-деп жалыныпты.

Әтеш досының сөзіне сенеді.Үстіндегі әдемі киімдерін шешіп береді.Тотықұс қай уақытта келетінін айтады.

  • Егер мен кешіксем,дауыстап шақыр,-дейді.

Бірақ Тотықұс содан қайта оралмайды.Осы күнге дейін Әтеш киімдерін іздеп,үш мезгіл айқайлайды екен.

2.Етістіктерді қатыстырып,бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

3.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

4.Ертегі мазмұнын әңгімеле.

18-тапсырма.

Екі бағандағы етістіктерді салыстыр.

1.Қар жауды.

2.Марат достарымен доп ойнады.

3.Жанар әжесінің әңгімесін тыңдады.

4.Думан күйсандықта ойнады.


Қар жауып тұр.

Марат достарымен доп ойнап жүр.

Жанар әжесінің әңгімесін тыңдап отыр.

Думан күйсандықта ойнап отыр.








19-тапсырма.

1.Жаңылтпаштарды оқы.Дара,күрделі етістіктерді тап.


1.Жатта тақпақ,

Жатта тақ-тақ.

2.Далада Дана да ойнап жүр,

Далада Сана да ойнап жүр.

20-тапсырма.

1.Сөйлемді көшіріп жаз.Туынды етістіктердің астын сыз.

Екеуі ұзақ әңгімелесті.Айнұр шешесімен ақылдасты.Шынар көп ойланды.тазалыққа кішкене кезіңнен әдеттен.

2.Мына сөздерді сөз құрамына талда.

Кітапханашы,ақылдасты,әдептілік,дәрігердің,ұйқышыл

21-тапсырма.

1.Орны ауысып кеткен етістіктерді өз орындарына қой.

Бұлбұл көктеді

Қар ашылды

Терезе отырғызды

Гүл еріді

Ағаш сайрады

2.Берілген сөйлемнен етістікті тап.Сөйлемді әрі қарай жалғастыр.

Сынып есігі ашылды.Қарасам есіктен кірген біздің мұғалім екен.

22-тапсырма.

1.«Адасқан әріптер»-ден сөздер құрыңдар.



А


Е

Х

А

Н

М



А

Д

Х

Ә

Р

І

А

Н


У

А

А

Р

Х

Н

У

А





2.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр.Етістіктің астын сыз.

23-тапсырма.

1.Биледі,оқыды,көйлек сөздерін жекеше,көпше түрде жіктеңдер.

2. «Пантомимо» ойыны.

Мына сөйлемдерді қимылмен көрсетіп беріңдер.

а) Мен ұйқыдан тұрып,жуынып,тамақтандым.

ә) Біздер ән айтып,би билеп,қол шапалақтадық.

б) Біздер жүгірдік,секірдік,доп ойнадық.

24-тапсырма.

1.Жаңылтпашты жатқа айт,тақтаға жазып,етістікті тап.

1.Үміт түбіт түтті, 2.Ала қарға,қарға қонды,

Түбітті түтіп бітті. Қара қарға жарға қонды.



25-тапсырма.

Етістіктің қай жақта тұрғанын айт.жіктік жалғауларын ата.

Қорылдайсың,ұйықтайсың,

Қою сүтке тойып ап.

Айтқанымды ұқпайсың,

Кінәңді бір мойындап.

(Д.Байбеков)

26-тапсырма.

Жақша ішіндегі етістіктердің тиістісін қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Мен малдарды (суғарып жүрсің,суғарып жүрмін).2.Ол бүлдіршін-

дерге қызықты әңгімелер(айтып отырмын,айтып отыр).3Сен осы әдісті(қолданыа жүрміз,қолданып жүрсің).4.Біз ауыл сахналарында өнер(көрсетіп жүр,көрсетіп жүрміз).5.Сіз күйшінің сұлу сазын(тыңдап отырсыңдар,тыңдап отырмыз).

27-тапсырма.

Шығармашылық диктант.

Жіктік жалғауы жалғанған етістіктерді тап.

Бара алмадым,жылжып келеміз,түсіпті,төгілді,қиналып жүрсіздер,таппайсың,бітпеді,маңырап тұр,жаңғырып тұр,құлшынып отыр,төкпе,асығып жүрміз,тақылдама,айналып соғарсыз.

28-тапсырма.

Мақалдардан етістіктерді тауып болымды,болымсыз екенін айт.

1.Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле.

2.Жауға жалынба,досқа тарылма.

29-тапсырма.

Болымсыз етістікті тапқызып,болымды етістікке айналдырып жаз.

Қорқақ

Қорқақ жанның қолынан

Ешнәрсе де келмейді.

Оның бар яғни жоғынан

Өмір өзгермейді. (Б.Ысқақов)

30-тапсырма.

1.Сөйлемдерді оқып,етістіктердің қай жақта тұрғанын айт.Жіктік жалғауының астын сыз.

Мен оқып отырмын.Сен оқып отырсың.Сіз оқып отырсыз.Ол оқып отыр.

Біз оқып отырмыз.Сендер оқып отырсыңдар.Сіздер оқып отырсыздар.Олар оқып отыр.

2.Бұл етістіктер дара ма,күрделі ме?

31-тапсырма.

1.Жаңылтпаштан етістікті тауып,дара,күрделі екенін айт.

Қаңтар қаптарды қаптап артар,

Шанақ арбаны аттар тартар.

2.Берілген сөздерден туынды етістік жаса,олардың қай сөз табынан жасалғанын айт:би,ірі,ұсақ,ой,ақ.

3.Берілген тыйым сөздерден етістіктерді тауып,олардың қандай етістік екенін айт.

Сын есім


32-тапсырма.

1.Математикалық жұмбақ өлеңнің шешуін тап және сын есімді тап.

Алма ағашта бес алма,

Қандай тәтті жесе алма.

Бесеуін де жеп қойсам,

Қалады онда неше алма.

2.Сын есімге қарсы мәндес сын есімді тауып,сөйлем құрастыр.


33-тапсырма.

1.Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімді қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

Үлкен кісі бастар,... кісі қостар.Жақсы бала-қуаныш,... бала

өкініш.Қант тәтті болады,бұрыш ... болады.Жақсы бала ойлағыш,...бала тойлағыш.

34-тапсырма.

1.Сөздерді оқы,қарсы мәндес сын есімдерді жұптап жаз.

2.Сын есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрап жаз.

Ақ,тәтті, салқын,жас,қара,жылы,ащы,кіші,сулы,лай,үлкен,кәрі,

құрғақ,тұнық.

35-тапсырма.

1.Дара сын есімдерден күрделі сын есім жаса.

2.Күрделі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Ақ,қоңыр,боз,торы.

36-тапсырма.

1.Негізгі сын есімдерге дау,-деу,-лау,-леу,-тау,-теу,-шыл,-шіл,-ғылт,-ғыш,-гіш,-сыз,-сіз жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.

Жасыл,боз,үлкен,биік,ескі,ұсақ,көк,ақ,сұр.

2.Жұрнақ жалғанған сын есімнің мағынасы қалай өзгерді?

3.Жұрнақ жалғанған 2-3 сын есімді қатыстырып сөйлем құра.

37-тапсырма.

1.Мына әріптерден құрастырып сөздер шығар.



Қ Л Ы


Ы З




О Ң Қ


Р Ы




А С Ш


Р Ғ Ы







38-тапсырма.

1.Мына ағаштың жапырақтарына оқушы қандай болу керек екенін сын есімдерді пайдаланып жаз.
















Керекті сөздер:

ұғымтал,ізденгіш,білімді,тәртіпті,әдепті,ұқыпты,сүйкімді т.б.


2.Біздің сыныпта осындай оқушы бар ма,ата.


39-тапсырма.

1.Мәтінді алдымен толық,содан соң қарамен жазылған сын есімдерді оқы.

Біздің ауыл жанында тамаша тоғай бар.Қарағайдың,өсімдіктер-

дің жұпар иісі мұрныңды жарады.Аласа бұталардың арасынан

сұр торғай,көк шымшықтар пыр-пыр ұшады.Анадайда ала қанат тоқылтың тоқылы естіледі.Тоғай іші көңілді.

2.Мәтін мазмұнында қандай өзгеріс болды?

3.Сын есімдер не үшін қажет екенін түсіндір.

40-тапсырма.

1.Екі бағандағы сын есімдерді оқы.

2.Сын есімдерді салыстыр.

3.Олардың қандай айырмашылықтары бар?


1.Көршінің сиыры өрістен келмей қалды.2.Бәйгеден боз ат бірінші келді.3.Үйге кіргенде,төрде отырған сақалды кісіні көрдім.

1.Көршінің қызыл ала сиыры өрістен келмей қалды.2.Бәйгеден ақ боз ат бірінші келді.3.Үйге кіргенде төрде отырған шоқша сақал кісіні көрдім.










41-тапсырма.

1.«Ой ашар» жұппен жұмыс.

Әр оқушы өз жұбының есімі бойынша бастапқы әрпінен оның бойындағы жақсы қасиеттерін жазады.

Әсет:Ә-әдепті,с-сүйкімді,е-елгезек,т-тәртіпті.

Ажар :А-адал,ж-жайдары,а-адамгершілігі мол,р-ризашыл.

2.Топпен жұмыс.

1.Әр топ өзіне берілген жануарды қысқаша сипаттайды.


2.Мәтіннен сын есімді тауып,қай сөзбен байланысқанын табады.


1топ

2топ

3топ

Сиыр

Жылқы

Түйе





Үлгі:Қой момын.Еті дәмді,бойы аласа.Жүні қалың болып келеді.Қойдың сүтінен құрт,май жасайды.

42-тапсырма.

1.Суреттерді әртрлі белгілері бойынша салыстырып жаз.


А ра ,түйе,жылан,құрт,қоян,тасбақа,қыздың суреті,анасы.















2.Зат есімге бірнеше сын есім жаз.


. . . . . . . . .

. . . оқушы . . . бөлме . . . мал

. . . . . . . . .


Сан есім

43-тапсырма.

1.Сөйлем ішіндегі есептік және реттік сан есімдерді тап.

2.-ыншы,-ншы,-інші,-нші жұрнақтары қай кезде жалғанады?

Үшінші сыныпта оқиьынНұртай есеп дәптерін жоғалтып алды.

Соны сылтау етіп сабаққа бармады.Анасы дүкеннен бес дәптер әкелді.Бесінші сыныпта оқитын ағасы бес дәптер әкелді.Нұртай әкесіне: «ауырдым»,-деді.Әкесі дәрігер шақыру керектігін айтты.

Мұны естіген Нұртай сабаққа кетті.

44-тапсырма.

1.Көп нүктенің орнына сан есімді қойып,мақалды толықтырып жаз.

1. . . . ала болса ауыздағы кетеді,

. . . түгел болса төбедегі келеді.

2. . . . сомың болғанша,

. . . досың болсын.

3.Білекті . . . жығар,білімді . . . .жығар.

4. . . . ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

45-тапсырма.

1.Мына жұмбақты шешіп,сан есімдердің астын сыз.

1.Тоғыз белбеу,қос жібек,

Екі мұрын,бір шүмек. (домбыра)

2.Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мұң шығар.

Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл қай аспап? (жетіген)

2.Қазақтың ұлттық аспаптары туралы қысқаша түсінік бер.Бұл аспаптарда ойнап көрдіңдер ме?


46-тапсырма.

1.Өсиет сөздердің мағынасын түсіндір.

1.Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрседен қашық бол.

2.Жамбыл атамыздай

Жүзге келсін жасыңыз.

3.Төрт құбылаңыз тез болсын.

4.Үш арсыздан сақ болыңыз.

5.Моншақты қызыңыз болсын,

Оншақты ұлыңыз болсын.

47-тапсырма.

Мына тірексызбаны пайдаланып сан есімдерді топтаңдар.

Бес,бесінші,бесеу,бес-бестен,бестен бір,бестерде,елу бес.


2.Оқушыларды ауызша тыңдау.

1 000 000 теңгең болса,не істер едің?

-----------------------------------------------------------------------------

48-тапсырма.

1.Сиқырлы санды сөйлет.


5

4

3

2

1

7

6

н

і

р

і

б

і

ш




1

6

3

5

4

2

б

қ

й

ы

л

а







3

6

1

4

2

9

8

5

7

н

у

д

с

е

қ

ы

а

л


2.Мына сөз жұмбақты шеш.


ж

ү

з

м

о

с

ы

ң

б

ғ

л

о

а

н

ш

ж

,

а

ү

з

д

ы

с

о

ң

б

о

ы

с

л

н.




49-тапсырма.

1.Көп нүктенің орнына жалғау жалғап жаз.

Майра тоғыз... сыныпта оқиды.Әмір екі... курста оқиды.Нұржан

үш жүз он бір... үйде тұрады.Ғалия бес... қабатта тұрады.Әлішер қырық тоғыз ... бөлмеде отыр.Бекзат Саттарханов екі мың ...

жылы Сидней қаласында өткен олимпиада ойынында алтын медаль алды.

2.Көп нүктенің орнына сан есімді қойып жаз.

1. . . . ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.2.. . . . теңгең болғанша,

. . . досың болсын.3.Білекті . . . жығады,білімді . . . жығады.

4.Жаздың . . .,қыстың . . . күнін асырайды.

50-тапсырма.

1.Сан есімдерді сөзбен,тиісті қосымшаларын қосып жаз.

1998 жыл,29 мамырда,3-кезекте,4-сынып оқушысы,2-айналым,3 мәрте,15 бала,42 жаста,1937 жылдың зобалаңы.

2.Құрамында сан есімі бар 2-3 мақал жаз.Мақалдарды сөйлем мүшесіне талда.

51-тапсырма.

Жаңылтпашты жатқа жаз.

Далада тұр екі ешкі,

Қорада тұр жеті ешкі.

Жеті ешкі мен екі ешкі,

Барлығы сонда неше ешкі. ( «Жыл он екі ай» журналынан.)

52-тапсырма.

Өтірік өлең

50 метр есіктен,

Еңкеюмен шақ кірдім.

100 қасқырды өшіккен,

1 қозыға бақтырдым.

2.Сан есімді қатыстырып өздерің өтірік өлең құрастыр.

Сөйлем мүшелері

53-тапсырма.

1.Мына кестені толтыр.



Сөйлемнің тұрлаулы

DrawObject3 DrawObject2 мүшелері



Баяндауыш


Бастауыш



DrawObject5 DrawObject4


Ереже


Ереже

DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6

Сұрақтары


Сұрақтары




2.Сөйлемнің тұлаулы мүшелерін қатыстырып 3-4 сөйлем құрастыр.

54-тапсырма.

1.Кестені толтыр.


Тұрлаулы мүшелер

Сұрақтары

Мысал келтір








2.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап,астын сыз.

Асқар ертең Астанаға жүреді.Ол күлді.Алматыға қар жауды.Кеше жел соқты.Шет елден туристер келді.Студенттер сессияға дайындалып жатыр.Кітапхана қаланың ортасында орналасқан.Автобус аялдамаға тоқтады.Раушан-мұғалім.Қанат-тіс дәрігері.Мараттың мекемесі үлкен.

3.Сызықша не үшін қойылды?


55-тапсырма.

1.Жұмбақты шешіп,шешуіне байланысты сөйлем құрастырып,

тұрлаулы мүшелерді табыңдар.

1.Қос мүйізді,төрт сирақты,

Сыйлайды балдай ақ бұлақты. (сиыр)

2.Кезікті бір жануар,

Арқасында екі тауы бар. (түйе)

3.Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,

Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ. (жылқы)

4.Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)



56-тапсырма.

1.Сөйлемдерді оқып,тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

Жер Күнді айналып отырады.Оқушылар сенбілікке қатысты.

Айман сабақты үздік оқиды.Арықтан су ақты.Райхан каникулды көңілді өткізді.өнерлінің өрісі кең.

2.Мына сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.

Қар жауды.Сабақ басталды.қонақтар келді.Кеше қалың қар жауды.Еңбек адамды құрметке бөлейді.Раушан досына көмектесті.

3.Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

Дала әдемі гүлдерге толды.
















Қолданылған әдебиеттер.


  1. Оқушы анықтамасы. Алматыкітап 1-4 сыныптар

  2. Дайындауыш немесе қазақ тілінен 55 сабақ.

  3. Сұрақ және жауап. Энциклопедия. Алматыкітап.

  4. Оқушының қысқаша анықтамасы.Алматыкітап.

  5. «Жыл он екі ай» журналы.2012 жыл қараша.

  6. «Балдырған» журналы. 2011-2013 жж










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!