400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллетуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына игі әсерін тигізеді, сондай-ақ тілді оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділіктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ


ЖАНГАБУЛОВА АНАР АСИЛХАНОВНА


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы, тренер.



Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда. Әр оқушыға терең білім беру, сонымен қатар олардың ойлау қабілеттілігін арттыру мақсатын іске асыру үшін көптеген ғалымдар ұзақ уақыт талмай еңбек етуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі орта, жоғары мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осыған орай оқу үрдісінде педагогикалық технологияны қолданудың белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» - деген анықтама беріледі. В.П. Беспалько: «Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оның құрамды бөлігі ғана», - деп анықтама береді.

Бүгінгі таңда В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі, филология ғылымының докторы Ә. Жүнісбектің, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т. Жұмажанованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуда. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр тілді үйренушіге оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 4-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық, жұптық, жеке жұмыстар пікірталастар) қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады.

Бұл технологияның негізгі шарты – оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалану, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ережелері, құрылысы және жүру барысы алдын-ала таныстырылады. Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны оқушы сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған соң оқушыға өзін-өзі тексеруі үшін жауап үлгілерін беруге немесе мұғалімнің өзіне, не болмаса осы топ оқушыларының біреуіне тексеруге болады. Тек содан кейін ғана оқу модулінің қорытынды бөлімінің тапсырмалары берілуге тиіс, ал ол тапсырмалардың орындалуын мұғалім өз бақылауына алуы қажет.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау, оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған бөлім. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Білімді бақылау формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма, эссе немесе диктант оқытылатын пәннің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.

Сыни ойлау қабілеті дамыған, ұғынғанын тәжірибемен ұштастыра білетін белсенді тұлға қалыптастыру оқыту үрдісінде жүргізілетін барлық жұмыстың негізі болып табылады. Қазақ тілін оқытып үйрету барысында көзделетін басты мақсаттардың бірі – сыни тұрғыда ойлай білуге үйрету, нәтижелі білімге қол жеткізу. Оқушылардың сыни ойлау мүмкіндігінің жетілуімен бірге оқыту ісінде де өзгерістер жүреді. Сыни ойлауды дамытуға негізделген әдістер оқушының өз ойын жеткізуге мүмкіндік жасайтындай дәрежеде болуы керек.

Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда сабақ үрдісін үш кезеңнен құруға болады:

1) ізденіс;

2) жаңа білімді игеру;

3) тәжірибелік дағды қалыптастыру;

4) алған білімін өмірде тиімді қолдану.

Бірінші кезеңде - белсенді оқу әрекеттеріне оқушылардың ынта-ықыласын туғызу, қызығушылығын ояту, өткен материалды қайталау; жаңа тақырып төңірегіндегі бастапқы білім деңгейлерін анықтап, өзара ұштастыру; белсенді ойлау әрекетін ұйымдастырып, жаңа білім жөнінде болжау жасау;

Екінші кезеңде – тілдік тақырыптың өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін талдау арқылы көп деңгейлі ойлауға қол жеткізу; салыстыру, зерттеу, бақылау арқылы гипотезаны дәлелдеу; ой түйін жасап, белгісіз сұрақтарға жауап табу, анықтаманы айқындау;

Үшінші кезеңде жаңа білімді қолдану, өнімді ойлау әрекеттеріне, нәтижеге қол жеткізу; тілдік тапсырмалар, жаттығулар, өзіндік жұмыстар орындау арқылы ой алмасу, ой түйістіру; танылған жаңа түсінік, ой-толғауларының нәтижесін байқау мақсаттары белгіленеді.

Оқыту үрдісінде жоғарыда аталған әдісті қолдана отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллетуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына игі әсерін тигізеді, сондай-ақ тілді оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділіктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылар өз тәжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады.

Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - дегені әр мұғалімнің жадында болуға тиіс.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Беспалько В.П. Слагаемое педагогической технологии. - М.: «Педагогика», 1989.

2. Выготский Л. Образование. – Москва, 2000.

3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.- Алматы, 2002.

4. Мирсеитова С.С. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. – Алматы: Издат Маркет, 2004.

5. Мирсеитова С.С., Бахишева С. Идеи Дьюи и наша практика. – Алматы: Верена, 2005.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі