Материалдар / Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық емтихан тапсырмасы 3-нұсқа
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық емтихан тапсырмасы 3-нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық емтихан тапсырмасы 3-нұсқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2024
579
11 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмасы 3-нұсқа


1)Оқылым.(1б) Көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.

Әлемнің жеті кереметі.

Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке қарай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол – пирамидалар, яғни ежелгі Египет патшалары – перғауындардың (фараондардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары). Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 м, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан 2 метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны «Үрей атасы» деп кеткен.

Әлемнің ендігі бір кереметі – Семирамиданың аспалы бағы, ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы – Вавилонда болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл бақты патшайым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда II Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Ол өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, топырақ төселген әр тепкішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған.


1..Мәтіннің құрылымы (абзацтар, бөлімдер, т.б.) қандай?



2.Мәтіндегі 1 стильдік ерекшелігі мен 2 тілдік ерекшелігін анықтаңыз.

1.

1.

2.

3.Мәтіннің жанры қандай?




2)Жазылым.(3б) Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе) 140-150 сөз


«Тіл-құндылық» қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе) эссе жазыңыз. 140-150 сөз


Қажетті клишелер:біріншіден,меніңше,атап айтсақ,басқа жағынан қарастырсақ,дәлелдейтін болсақ,қорытындылай келе.


3)Әдеби тіл нормалары. (1б) сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу


Лексика туралы не білесіз?


Құндылық,шаңырақ сөзінің мағынасын ашыңыз.





Сөзжасамдық норма дегеніміз не?

Мысалдар келтіріңіз.



Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.


Қазақстанның, ядролық ,балалық.











Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Оқылым

Көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

1

-Ғылыми-көпшілік стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. (0,5 б)

-Мәтіннің құрылымын анықтайды (0,5 б)

1

Жазылым


Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазу.

2

-эссенің құрылымын сақтап жазады,қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады (1 балл);

-көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады

(1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

3

- Лексика туралы түсініктері көрінеді.(0,5 б)

-Морфологиялық талдау жасайды. .(0,5 б)


1





.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!