400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық ЕМТИХАН тапсырмасының үлгісі. 2-нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық емтихан тапсырмасы. 2-нұсқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмасы 2-нұсқа


1)Оқылым.(1б) Ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері).


Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көреміз. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар – синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор)

2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер) 3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі

(Ф. Вольтер, Д. Белл)

4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты

(Л. Морган).

5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі

(А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.) 6.

Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екендігі. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, гумандылық және тағы басқалары.


Мәтін қай стильде жазылған?


Мәтіндегі терминдік атауларды атаңыз.


Мәтіндегі 2 терминдік атауға түсінік беріңіз.


1.

2.

Мәтіндегі тілдік оралымдарды пайдаланып, ой-тұжырымыңызды 2-3сөйлеммен жазыңыз.








2)Жазылым.(3б) Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу. 140-150 сөз


Кез келген тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстардың бірін өлең, хат немесе әңгіме орындаңыз.Сөз санын сақтаңыз.


3)Әдеби тіл нормалары. (1б) сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу


Орфография дегеніміз не?






Орфографиялық сөздіктің маңыздылығы қандай?





Қоғамдық,әлеуметтік өмірдегі жаңа зат,құбылысқа байланысты туындаған сөздер






Бірнеше сөзбен аталатын белгілі бір құбылысты бір сөзбен атау дан туындаған сөздер








Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Оқылым

Ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану.

1

-Ғылыми-көпшілік стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. (0,5 б)

-Мәтіннен терминдерді, тілдік оралымдарды анықтайды (0,5 б)

1

Жазылым


Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар орындау.

2

- көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады. (1 балл);

-тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жазады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).


3


Әдеби тілдің нормалары

Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

3

-Орфография, орфографиялық нормалар туралы түсінеді. (0,5 б)

-Сөз мағыналарын түсінеді. (0,5 б)

1







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
05.05.2024
762
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі