Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық емтихан тапсырмасының үлгісі, 4-нұсқа

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық емтихан тапсырмасының үлгісі, 4-нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық емтихан тапсырмасының үлгісі, 4-нұсқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмасы

4-нұсқа


1)Оқылым.(1б) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға беріп,мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу.

Сәулет өнері

Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа Акрополь салынды. Римнің таңқаларлық құрылыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында 38 салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы – Париждегі Нотр-Дам соборы. Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – ХІІІ ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212–1311) соның дәлелі. Собордың бір де бір бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі XV ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей, айнала кеңістікке етек жайды.


1-тапсырма.Мәтіннен негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)

2-тапсырма.Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)




Мәтіннің негізгі ойы

Көтерілген мәселе

Көтерілген мәселеге баға беріңіз






2)Жазылым.(3б) Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;


«Ғаламдағы адамзатқа қауіпті мәселелер » тақырыбында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазыңыз.140-150 сөз.


3)Әдеби тіл нормалары. (1б) сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу


Синтаксис туралы не білесіз?





Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді ?

Мысалдар келтіріңіз.





Берілген сөздерге синтаксистік талдау жасаңыз.

Ренессанс дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды.

Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады













Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Оқылым

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға береді,мәліметтер мен пікірлерді өңдеу.

1

-Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. (0,5 б)

-Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап бағалайды. (0,5 б)

1

Жазылым


Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;


2

-мақаланың құрылымын сақтап жазады. 1 балл);

- тілдік құралдарды орынды қолданады.(1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

3

- Синтаксис туралы түсініктері көрінеді.(0,5 б)

-Синтаксистік талдау жасайды. .(0,5 б)


1






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2024
739
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі